"Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақта

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 маусымда № 34470 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Этил спирті өндірісінің паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) алады.

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Қойма үй-жайлары – этил спиртін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған арнаулы стационарлық үй-жайлар мен алаңшалар (этил спиртін сақтау үшін)

Қойма үй-жайларының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Этил спиртін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған қойма үй-жайлары Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген, жауап беретін талаптарға сәйкес болуы.
Қойма үй-жайларының болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарын және аумақтарынан тысқары орналасқан алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК АЖ-дан алады. Стационарлық үй-жайдың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау жолымен белгілейді.

      ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Алкоголь өнімін өндіруге ғана пайдаланылатын меншік құқығындағы технологиялық жабдық (алкогольсіз сусындарды өндіру үшін пайдаланылатын, өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімдерін өндіруге арналған меншік құқығындағы технологиялық жабдықты қоспағанда)

Ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері

Көрсетілген жабдықтың болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу жолымен белгілейді.

      ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14.

Қойма үй-жайлары – денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан және аумақтарынан тысқары орналасқан алкоголь өнімін өндіруге пайдаланылатын этил спиртін сақтауға, қабылдауға және босатуға және өндірілген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған арнаулы стационарлық үй-жайлар


Спиртті сақтауға арналған қойма үй-жайлары және өндірілген алкоголь өнімдерін сақтауға қойма үй-жайлары Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген жауап беретін талаптарға сәйкес болуы.
Қойма үй-жайларының болуын лицензиар Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 51-бабына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу жолымен белгілейді.

      ";

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, сондай-ақ басқа лицензиатқа берілмеген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған қойма үй-жайлар

Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК АЖ-дан алады

Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі

      ";

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар

Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМБМК АЖ-дан алады.

Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі