Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 34309 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 25 сәуірдегі
№ 86 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі (бұдан әрі - Көтермелеу жүйесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35) тармақшасына сәйкес қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, еңбек қызметіндегі елеулі жетістіктері үшін педагогтер мен білім беру саласының қызметкерлерін (меншік нысанына қарамастан), сондай-ақ білім беру саласын дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан тұлғалардың еңбегін көтермелеу және ынталандыру мақсатында әзірленді.

      2. Көтермелеу жүйесі мынадай көтермелеу түрлерінен тұрады:

      1) осы Көтермелеу жүйесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысы";

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;

      3) осы Көтермелеу жүйесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Орта білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;

      4) осы Көтермелеу жүйесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Арнайы білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломы;

      5) осы Көтермелеу жүйесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қосымша білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломы;

      6) осы Көтермелеу жүйесіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы;

      7) осы Көтермелеу жүйесіне 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломы;

      8) осы Көтермелеу жүйесіне 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы".

      3. Көтермелеудің мынадай реттілігі белгіленеді:

      1) "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысы";

      2) мынадай көтермелеулердің бірі:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы, "Орта білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы, "Арнайы білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломы, "Қосымша білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломы, "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломы, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломы, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы".

      4. Көтермелеу жүйесінің 3-тармағында көрсетілген көтермелеу түрлерінің реттілігіне сәйкес тұлғалар көтермелеудің алдыңғы түрі болмаса, көтермелеудің келесі түріне ұсынылмайды (Көтермелеу жүйесінің 24-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда).

      5. Тұлғаларды марапаттауға ұсыну алдыңғы мараппаттаудан кейін үш жыл өткен соң жүргізіледі (Көтермелеу жүйесінің 24-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда).

      6. Көтермелеу жүйесінде көзделген негіздемелер бойынша бір тұлғаға көтермелеу үшін бір ұсыныс енгізіледі.

      7. Көтермелеу туралы ұсыныстар "Республика күні" ұлттық мерекесінің, "Мұғалім күні" кәсіби мерекесінің, "Білім күні" мереке күндерінің, мерейтойлық күндердің тойлануына орай және білім беру саласындағы еңбегі үшін қаралады.

      8. Әрбір көтермелеудің сәйкестендіру нөмірі болады, ол үш бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлік төрт цифрдан тұрады және марапаттау жылын білдіреді;

      2) екінші бөлік бір цифрдан тұрады және соған байланысты тұлға марапатталған мерекені білдіреді.

      Мерекелердің мынадай мәндері белгіленеді:

      Білім күні – 1;

      Мұғалім күні – 2;

      Республика күні – 3;

      мерейтой күні – 4;

      еңбегі үшін – 5;

      3) үшінші бөлік реттік нөмірді қамтиды.

      9. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына" Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі (бұдан әрі – Министр) немесе жетекшілік ететін вице-министрлер, құрмет дипломдарына Министр (мемлекеттік қызметшілер үшін) немесе ҚР Оқу-ағарту министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (бұдан әрі – Министрлік), "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысына" Министр немесе Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қол қояды және елтаңба бейнеленген мөр қойылады.

      10. Бiр көтермелеумен қайта марапаттауға жол берілмейді.

      11. Көтермелеулер жоғалған жағдайда олардың телнұсқалары берілмейді.

2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды қарауға енгізу

      12. Министрліктің кадр қызметі "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің "Марапат" модулі (бұдан әрі – ҰБДБ АЖ) арқылы білім беруді басқару органдары мен білім беру ұйымдарын тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 70 күннен кешіктірмей ұсыныстардың қабылдау мерзімдері, көтермелеулерге квота (бұдан әрі – квота) туралы хабардар етеді.

      13. Білім беру саласының ұйымдары (меншік нысанына қарамастан) педагогтерді, білім беру саласының қызметкерлерін, сондай-ақ білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу үшін тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 50 күннен кешіктірмей "Марапат" модулі арқылы (ҰБДБ ақпараттық жүйесіне қол жетімді болған жағдайда) қалалардың/аудандардың білім беруді басқару органдарына:

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын жолдайды.

      14. Қалалардың/аудандардың білім беруді басқару органдары осы Көтермелеу жүйесіне 10-қосымшада көзделген көрсеткіштерге сәйкес білім беру деңгейлері бойынша (меншік нысанына қарамастан) ең жоғары балл жинаған педагогтердің тізімдерін, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің, білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарына тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 40 күннен кешіктірмей "Марапат" модулі арқылы (ҰБДБ АЖ қол жетімді болған жағдайда):

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын жолдайды.

      15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдары осы көтермелеу жүйесіне 10-қосымшада көзделген көрсеткіштерге сәйкес білім беру деңгейлері бойынша (меншік нысанына қарамастан) ең жоғары балл жинаған педагогтердің тізімдерін, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің, білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады квотаға сәйкес "Марапат" модулі арқылы (ҰБДБ АЖ қол жетімді болған жағдайда) тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Министрлікке:

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын енгізеді.

      16. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министрліктің қарамағындағы ұйымдар мен мекемелердің, Министрліктің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумақтық органдардың басшылары өзінің жетекшілік ететін жұмыс бағыты бойынша және білім беру саласының дамуына үлес қосқан педагогтердің, білім беру саласындағы қызметкерлердің, тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және "Марапат" модулі (ҰБДБ АЖ қол жетімділік болған кезде) арқылы тиісті мерекеге, күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей кадр қызметіне:

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын енгізеді.

      17. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды көтермелеуге ұсынуға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бастамашылық жасайды және көтермелеу жөніндегі Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығарылады.

      18. ҰБДБ АЖ техникалық іркілісі немесе ҰБДБ АЖ қол жетімсіз болған жағдайда білім беру саласындағы ұйымдар мен органдар осы Көтермелеу жүйесінің 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттарды электрондық құжатайналым арқылы жолдайды.

      19. Көтермелеуге объективтi көзқарасты қамтамасыз ету үшiн Министрліктің аппарат басшысының бұйрығымен мүшелері тақ саннан тұратын Комиссия құрылады.

      20. Комиссия хатшысы қажетті құжаттарды дайындайды және көтермелеу туралы мәселені Комиссияның қарауына енгізеді.

      21. Комиссия ұсынылған материалдарды қарап, ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде көтермелеу туралы хаттамалық шешімді тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей қабылдайды.

      Комиссия шешімдері отырыста осы отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.

      22. Балдар тең болған кезде көтермелеу келесі кезектілікте жүзеге асырылады:

      1) жоғары біліктілік санаты бар педагог ("педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер");

      2) халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алған және/немесе жүлделі орындарға ие болған оқушылар саны көп педагог, басшы;

      3) республикалық олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда жеңіске жеткен және/немесе жүлделі орындарға ие болған оқушылар саны көп педагог, басшы;

      4) облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың олимпиадаларында, конкурстарында, жарыстарында жеңіске жеткен және/немесе жүлделі орындарға ие болған оқушылар саны көп педагог, басшы;

      5) оқушылардың академиялық үлгерімін жақсартуға ықпал еткен педагог, ұйым басшысы;

      6) басшы – көшбасшы;

      7) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алу үшін арнайы жағдайларды іске асыратын педагог, басшы;

      8) білім беру ұйымының басшысы, оның басшылығы кезінде білім беру ұйымында (ұйымдарында) соңғы екі жыл ішінде балалар арасында құқық бұзушылық фактілері болмаған жағдайда;

      9) білім беру ұйымының басшысы білім алу үшін арнайы жағдайлар жасаған, онсыз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес;

      10) ағымдағы жылы балаларды үйірмелермен және секциялармен 100% қамтыған ұйым басшысы;

      11) ең көп педагогикалық өтілі бар педагог.

      23. Министрлік аппаратының басшысы көтермелеу туралы бұйрық қабылдайды:

      1) Комиссия шешімінің негізінде;

      2) марапаттау туралы мәселе Комиссияның қарауына шығарылмай – Президенттің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Министрдің тапсырмалары немесе актілері болған кезде жүзеге асырылады.

3-тарау. Көтермелеулермен марапаттау үшін негіздер

      24. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен":

      білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында екі және одан да көп жыл еңбек өтілі бар, "екінші", "бірінші" немесе "жоғары" немесе "педагог-модератор" немесе "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаты бар тұлғалар (педагогтер үшін), қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған тұлғалар, сондай-ақ білім саласының дамуына үлес қосқан тұлғалар марапатталады.

      25. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту iсiнiң үздiгi", "Орта білім беру iсiнiң үздiгi", "Арнайы білім беру ісінің үздігі", "Қосымша білім беру ісінің үздігі", "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломдарымен:

      білім беруді басқару органдарында және (немесе) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарында бес және одан да көп жыл жұмыс өтілі, "екінші", "бірінші" немесе "жоғары" немесе "педагог-модератор" немесе "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаты бар тұлғалар (педагогтер үшін), білім берудің тиісті деңгейіндегі елеулі жетістіктері, оның ішінде білім беру және тәрбие процестерін, түзету-дамыту процестерін ұйымдастыру мен жетілдіруде, оқыту мен тәрбиелеудің, диагностиканың, түзетудің және дамытудың бірлігін қамтамасыз етуде, білім беру және тәрбие, жеке-дамыту бағдарламаларын іске асыруда, оқушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық, спорттық белсенділігін дамытуда, олардың аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардағы, конкурстардағы, жарыстардағы жетістіктері үшін тұлғалар марапатталады.

      26. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломымен:

      Министрліктің қызметшілері және оның қарамағындағы ұйымдар мен мекемелердің (білім беру ұйымдарын қоспағанда) Министрлікте және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінде қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бес және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер марапатталады.

      27. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен":

      білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында бес және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметшілер, "бірінші" немесе "жоғары" немесе "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" (педагогтер үшін) біліктілік санаты бар тұлғалар, сондай-ақ білім саласының дамуына үлес қосқан тұлғалар марапатталады.

4-тарау. Көтермелеулерді тапсыру

      28. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен" марапаттау Министрмен немесе жетекшілік ететін вице-министрлермен, құрмет дипломы – Министрмен (мемлекеттік қызметшілер үшін) немесе Министрліктің құрылымдық бөлімше басшысымен, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен" марапаттау Министрмен немесе Министрліктің құрылымдық бөлімше басшысымен салтанатты жағдайда жүргiзіледi.

      Көтермелеуді Министр, жетекшілік ететін вице-министрлер, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары немесе олардың тапсырмасы бойынша басқа да лауазымды тұлғалар тапсырады.

      29. Көтермелеу тапсырылғаннан кейін наградталған адам оны марапаттау жүйесіне 11-қосымшаға сәйкес № 1 нысан бойынша наградталған адамдар тізімінде алғаны туралы жеке қол қояды.

      Тізім көтермелеуді тапсырған адамның қойған қолымен және оны тапсырған органның мөрімен бекітіледі.

      Көтермелеуді тапсыру туралы көтермелеу жүйесіне 11-қосымшаға сәйкес № 2 нысан бойынша тапсыру хаттамасы жасалады, ол көтермелеуді тапсырған адамның қолымен және тапсыруды жүргізген органның мөрімен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
салалық көтермелеу жүйесіне
1-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҒЫСЫ БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
салалық көтермелеу жүйесіне
2-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту iсiнiң үздiгi" ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламарын іске асырудағы елеулі табыстары үшін __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
салалық көтермелеу жүйесіне
3-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ "Орта білім беру iсiнiң үздiгi" ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламарын іске асырудағы елеулі табыстары үшін __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
салалық көтермелеу жүйесіне
4-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ "Арнайы білім беру ісінің үздігі" ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламарын іске асырудағы елеулі табыстары үшін __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
салалық көтермелеу жүйесіне
5-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ "Қосымша білім беру ісінің үздігі" ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламарын іске асырудағы елеулі табыстары үшін __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
салалық көтермелеу жүйесіне
6-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламарын іске асырудағы елеулі табыстары үшін __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
салалық көтермелеу жүйесіне
7-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламарын іске асырудағы елеулі табыстары үшін __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
cалалық көтермелеу жүйесіне
8-қосымша

      Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГҮЛДЕНУІНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСІ ҮШІН __________________________________________________________________ (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) МАРАПАТТАЛАДЫ

____________
(лауазымы)

________
(қолы)

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________

      (сәйкестендіру нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
cалалық көтермелеу жүйесіне
9-қосымша

      Нысан

НАГРАДА ПАРАҒЫ

  ФОТОСУРЕТ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________

      (жеке куәлік бойынша)

      2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны ______________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның бөлімшесінің нақты атауын көрсету қажет)

      3. Жынысы __________________________________________________________

      4. Туған жылы және туған жері, жеке сәйкестендіру нөмірі __________________

      5. Ұлты ________________________

      6. Білімі _______________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, біліктілік санаты ______________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік және басқа да наградалармен

      марапатталған және марапатталған күні __________________

      9. Үйінің мекенжайы __________________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі ________________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі ______________________________________________

      12. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ______________________________

      13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі көрсетілген мінездеме

      (өлшемшарттарды ескере отырып балдары): ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      (көрсеткіштерге сәйкес жалпы жинақталған балл) _________________________

      ____________________________

      ___________________________________________________ марапаттауға ұсынылады.

                  (көтермелеудің түрі)

      Кәсіпорын, мекеме, ұйым басшысы:

      ____________________________________ ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)             (қолы)

      МО

      "____" __________________ _____________жыл

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
Салалық көтермелеу жүйесіне
10 қосымша

Көтермелеумен марапаттау кезінде ескерілетін жұмыс көрсеткіштері

1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысы"

Критериилер

Көрсеткіштер (балдар)

1

Білім беруді басқару органдарындағы және (немесе) білім беру ұйымдарындағы және (немесе) әдістемелік орталықтардағы (кабинеттердегі) жұмыс өтілі

2-3 жыл – 1 балл,
4-5 жыл – 2 балл,
6-7 жыл – 3 балл,
8-9 жыл – 4 балл,
10 жылдан астам – 5 балл

2

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқару

міндеттерді тиімді және жедел орындау – 1-ден 5 балға дейін (жұмыс беруші бағалайды);
соңғы 2 жылда тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы – 2 балл

3

Біліктілік санаты (педагогтер үшін)

Екінші санат ("педагог – модератор") – 2 балл;
Бірінші санат ("педагог – сарапшы") – 5 балл;
Жоғары санат ("педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер") – 10 балл

2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу iсiнiң үздiгi", "Орта білім беру iсiнiң үздiгi", "Қосымша білім беру ісінің үздігі", "Арнайы білім беру iсiнiң үздiгi", "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi"

Критериилер

Көрсеткіштер (балдар)

ауыл

қала/облысы

1

Білім беруді басқару органдарындағы және (немесе) білім беру ұйымдарындағы және (немесе) әдістемелік орталықтардағы (кабинеттердегі) жұмыс өтілі

5-6 жыл – 2 балл;
7-8 жыл – 3 балл;
9-10 жыл– 4 балл;
10 жылдан астам– 5 балл

2

Білім беруді басқару органдары, Министрлік ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың көмегімен өткізілген педагогтер үшін аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен өзге де жарыстардың жүлдегері (балл барлық жұмыс кезеңі үшін әрбір жүлделі орын үшін беріледі)

аудандық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл,
2 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4 балл, 3 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл, 5 балл, 4 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 7 балл, 6 балл, 5 балл

қалалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 3 балл, 2 балл,
1 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл,
4 балл, 3 балл; халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл,
5 балл, 4 балл

3

"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелді) (бұдан әрі-бұйрық) білім басқармаларының органдары, Министрлік ұйымдастырған (ұсынылған) аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда немесе олардың көмегімен өткізілген республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың, ғылыми жалпы білім беретін пәндер бойынша жобалар (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстары, кәсіби шеберлік конкурстары және спорттық жарыстар тізбесіне жататын, басқа да жарыстарда жүлделі орындарға ие болған білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) негізгі жаттықтырушы (ментор) және (немесе) негізгі тәрбиеші ретінде дайындау, білім алушыларға сабақтар өткізу (балл барлық жұмыс кезеңі үшін әрбір жүлделі орын үшін беріледі)

аудандық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4 балл, 3 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл, 5 балл, 4 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 7 балл, 6 балл, 5 балл
олардың көмегімен Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың, ғылыми
жалпы білім беретін пәндер бойынша жобалар (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстары, кәсіби шеберлік конкурстары және спорттық жарыстар,

қалалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 3 балл, 2 балл, 1 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4 балл, 3 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл, 5 балл, 4 балл

4

Біліктілік санаты (педагогтер үшін)

Екінші санат (педагог – модератор) – 3 балл;
Бірінші санат (педагог – сарапшы) – 5 балл;
Жоғары санат (педагог-зерттеуші" және (немесе) педагог-шебер) – 10 балл

5

Оқушылардың академиялық үлгерімін жақсартуға ықпал еткен педагог

оқу үлгерімі жақсартылған оқушылардың үлесі:
5-10 % – 1 балл;
11-20 % – 2 балл;
21-30 % – 3 балл;
31-40 % – 4 балл;
49-50 % – 5 балл;
51-80 % – 6 балл;
81-100% – 7 балл

6

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқару

міндеттерді тиімді және жедел орындау – 1-ден 5 балға дейін (жұмыс беруші бағалайды);
соңғы 2 жылда тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы – 2 балл

3."Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы"

Критериилер

Көрсеткіш (балдар)

ауыл

қала/облысы

1

Білім беруді басқару органдарындағы және (немесе) білім беру ұйымдарындағы және (немесе) әдістемелік орталықтардағы (кабинеттердегі) жұмыс өтілі

5-6 жыл – 2 балл;
7-8 жыл – 3 балл;
9-10 жыл – 4 балл;
10 жылдан астам – 5 балл

2

Біліктілік санаты (педагогтер үшін)

Бірінші санат ("педагог – сарапшы") – 5 балл;
Жоғары санат ("педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер") – 10 балл

3

Білім беруді басқару органдары, Министрлік ұйымдастырған (ұсынған) немесе олардың көмегімен өткізілген педагогтер үшін аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен өзге де жарыстардың жүлдегері (балл барлық жұмыс кезеңі үшін әрбір жүлделі орын үшін беріледі)

аудандық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4 балл, 3 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл, 5 балл, 4 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 7 балл, 6 балл, 5 балл

қалалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 3 балл, 2 балл, 1 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4 балл, 3 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл, 5 балл, 4 балл

4

Бұйрықпен бекітілген білім басқармаларының органдары, Министрлік ұйымдастырған (ұсынылған) аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда немесе олардың көмегімен өткізілген республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың, ғылыми жалпы білім беретін пәндер бойынша жобалар (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстары, кәсіби шеберлік конкурстары және спорттық жарыстар тізбесіне жататын, басқа да жарыстарда жүлделі орындарға ие болған білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) негізгі жаттықтырушы (ментор) және (немесе) негізгі тәрбиеші ретінде дайындау, білім алушыларға сабақтар өткізу (балл барлық жұмыс кезеңі үшін әрбір жүлделі орын үшін беріледі)

аудандық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4 балл, 3 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл, 5 балл, 4 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 7 балл, 6 балл, 5 балл

қалалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 3 балл,2 балл, 1 балл;
облыстық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 4 балл, 3 балл, 2 балл;
республикалық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 5 балл, 4 балл, 3 балл;
халықаралық деңгей: I, II, III жүлделі орындар – тиісінше 6 балл, 5 балл, 4 балл

5

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқару

міндеттерді тиімді және жедел орындау – 1-ден 5 баллға дейін (жұмыс беруші бағалайды);
соңғы 2 жылда тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілерінің болмауы-2 балл

6

Ағымдағы жылы үйірмелерде, секцияларда оқушылардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету (басшылар үшін)

барлық оқушылардың:
81-ден 100% - ға дейін– 5 балл;
61-ден 80% - ға дейін– 4 балл;
41-ден 60% - ға дейін– 3 балл;
21-ден 40% - ға дейін– 2 балл;
10-нан 20% - ға дейін– 1 балл

7

Соңғы екі жылда балалар арасында, білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтардың болмауы (басшылар үшін)

5 балл

8

Соңғы екі жылда мемлекеттік аттестаттаудан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бақылау іс-шараларынан табысты өту (қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар және (немесе) ұсынымдар енгізілмеген, тұлғалар жауапқа тартылмаған)
(басшылар үшін)

5 балл

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
cалалық көтермелеу жүйесіне
11-қосымша

      № 1 нысан

______________________________
(көтермелеуді тапсырылған орны)



_______________________________
(көтермелеудің тапсырылған уақыт)

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 200 __ жылғы ___________ № ____ бұйрығы бойынша НАГРАДТАЛҒАНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Көтермелеудің
түрі

Көтермелеудің
нөмірі

Наградталушының
қолы

1

2

3

4

5

      Мәліметтердің дұрыстығын және наградталушының қойған қолын растаймын

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      __________________________________________________

      (қолы)

      М.О.

      "___" _______________ ______жыл

      № 2 нысан

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің көтермелеулерін тапсырудың хаттамасы

___________________
(тапсырылған орны)



_____________________
(тапсырылған уақыты)

      Мен, ___________________________________________________ тапсырушының

                  қызметі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ______________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 20 ___ жылғы _________ № ____ бұйрығына сәйкес наградталғандарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің атынан көтермелеулерді қоса тіркелген тізім бойынша тапсырдым.

      М.О. ___________________________ (тапсырушының қолы)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 25 сәуірдегі
№ 86 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676 болып тіркелген).

      2. "Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі ұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11249 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 391 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19324 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 204 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20639 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 496 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21675 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22272 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 шiлдедегі № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23763 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 206 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33122 болып тіркелген).