"Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 сәуірде № 34260 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін.

      Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 12 сәуірдегі
№ 135 бұйрыққа
қосымша

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 2 қазандағы
№ 750 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 65-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

      1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;

      2) авиажолаушылар туралы мәліметтерді жинау және беру бойынша қызметтер – уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға халықаралық рейстермен орындалған әуе көлігіне ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қызметтері;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласын, азаматтық және эксперименттік авиация қызметіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының орнықты дамуын, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      5) әуежай қызметі – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әуежайларда әуемен тасымалдауды, авиациялық жұмыстарды, ұшу қауіпсіздігі мен авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асыратын қызметі;

      6) әуежайда қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық (Airport Handling Manual) – әуе кемесіне жердегі қызмет көрсету процесінде технологиялық операцияларды орындау кезінде пайдаланылатын стандарттар мен жабдықтар бойынша әуе транспортының халықаралық қауымдастағының (International Air Transport Association) (бұдан әрі – ИАТА) ұсынымы;

      7) әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы – меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуежайды пайдаланатын Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің заңды тұлғасы;

      8) әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының нұсқаулығы – ұшу қауіпсіздігін арттыру, жерде және техникалық қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ әуежайдың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы қабылдайтын құжат;

      9) жерде қызмет көрсету – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтымайтын, әуе кемесі әуежайға (әуеайлаққа) келген немесе әуе кемесі әуежайдан (әуеайлақтан) жөнелтілген кезде қажетті қызмет көрсету;

      10) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші – әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өздігімен қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      11) жерде өздігімен қызмет көрсету (өзіне – өзі қызмет көрсету) – авиакомпанияның үшінші тұлғалармен шарт жасаспай, өз мұқтажы үшін және/немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы оған тиесілі авиакомпаниялардың әуе кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктер мен поштаға жерде қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруы;

      12) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам;

      13) инфрақұрылым объектісі – әуежайдың әуежай қызметін көрсетуге, оның ішінде әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуға арналған мүлкі;

      14) конкурс – әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсету үшін жеткізушілерді айқындау тәсілі;

      15) конкурстық комиссия – осы Қағидаларда көзделген конкурс рәсімін орындау үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы құратын алқалы орган;

      16) конкурстық құжаттама – конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті жеткізушіге ұсынылатын құжаттама, онда конкурсқа қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, конкурсты жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі қамтылады.

      3. Әуежай (әуеайлақ) аумағында "Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17718 болып тіркелген) әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесінде көзделген жерде қызмет көрсету қызметтері көрсетіледі.

      4. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету қызметтерін жеткізуші (бұдан әрі – жеткізуші) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (International Civil Aviation Organization) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтер сапасының бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.

2-тарау. Әуежайларда жерде қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Жерде қызмет көрсету қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібі мен талаптары

      5. Жерде қызмет көрсету әуеайлақ ауданында ұшуды, ұшу-қону жолағындағы қозғалысты қауіпсіз орындауды жоспарлау, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету талаптарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

      6. Егер осы Қағидаларда және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, жеткізушінің жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсету үшін әуежай (әуеайлақ) аумағына кіруі жерде қызмет көрсету қызметтерін жеткізушіні іріктеу жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) арқылы жүзеге асырылады.

      7. Жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге шарт 6 (алты) жылға жасалады.

      8. Жеткізуші шарттық міндеттемелерді орындауға жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге шарт жасалған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей кіріседі.

      9. Әуежай осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыруға өтінімдер тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізеді.

      10. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жарты жылда 1 (бір) рет бос лоттар және әуежай инфрақұрылымының техникалық қуаты болған жағдайда ашық тәсілмен конкурс өткізеді.

      11. Жолаушылар ағыны жылына 2 (екі) миллионнан астам жолаушысы бар әуежайлар үшін лоттар саны кемінде 2 (екі) лотты құрайды. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыдан және әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушылардан тәуелсіз конкурсқа қатысушы бір лоттың жеңімпазы болып танылады.

      12. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы өзінің интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыруды конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей орналастырады.

      13. Конкурсты өткізу үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы қызметкерлерінің қатарынан конкурстық комиссия құрылады, оның құрамын әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және кемінде 5 (бес) адамды құрайды. Конкурстық комиссияның құрамына әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыдан кемінде 3 (үш) өкіл, оның ішінде төраға және әуежайға тұрақты рейстерді жүзеге асыратын авиакомпаниялардың 1 (бір) өкілі енгізіледі. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына дауыс беру құқығысыз әуежайға тұрақты емес рейстерді жүзеге асыратын авиакомпаниялардың өкілдері жіберіледі.

      Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс бере алмайды.

      14. Хабарландыру жарияланғанға дейін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы конкурстық құжаттаманы, конкурстық комиссияның құрамын, төраға және конкурстық комиссияның хатшысын бекітеді. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы конкурстық құжаттаманы қоса бере отырып, конкурсты өткізу туралы хабарландыруды әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының интернет-ресурсында орналастырады.

      15. Конкурстық құжаттама:

      1) конкурсты өткізетін әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының атауы мен орналасқан жерін;

      2) конкурс жүзеге асырылатын қызметтердің қысқаша сипаттамасын;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген техникалық ерекшелікті;

      4) конкурс жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын;

      5) әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға құжаттарды ұсынуды бастау және аяқтау мерзімін;

      6) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін өткізу күні, уақыты және орны.

      16. Конкурс қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген балдардың ең көп санын жинаған жерде қызмет көрсету қызметтерін жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Бұл ретте жеңімпаз үшін ең төменгі шекті мәні 70 (жетпіс) балды құрайды. Конкурсты өткізу кезінде әуежайдың (әуеайлақтың) техникалық мүмкіндігіне қарай біреуден артық конкурс жеңімпазын анықтауға жол беріледі.

      17. Конкурстық өтінімді әлеуетті жеткізуші немесе сенімхат бойынша оның мүдделерін білдіретін тұлға қағаз немесе электрондық нысанда береді.

      18. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға әлеуетті жеткізушілерден өтінімдер ұсынылмаған немесе екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда, конкурс қорытындыларының хаттамасы жасалғаннан кейін келесі күні конкурсты өтпеді деп таниды.

      19. Конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда, әуежай конкурс өтпеді деп танылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қайтадан конкурс өткізеді.

      20. Егер қайта конкурста 2 (екі) өтінімнен кем ұсынылса, онда жалғыз қатысушы жеңімпаз болып табылады, егер ол критерийлер бойынша кемінде 70 (жетпіс) балл жинаған жағдайда.

      21. Конкурс жеңімпазымен әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартқа (бұдан әрі – Жерде қызмет көрсетудің үлгілік шарты) сәйкес жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге шарт жасасады.

      22. Конкурсқа қатысушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жерүсті қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге өтінім береді, сондай-ақ мынандай құжаттардың (ақпарат) көшірмелерін қоса береді:

      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ бар болған кезде жарғысы;

      2) заңды тұлға үшін – сауда тізіліміндегі атауы, тіркеу нөмірі, заңды мекенжайы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы, байланыс жасайтын тұлғаның телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы;

      3) дара кәсіпкер үшін – аты, тегі, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы;

      4) әуежайдың техникалық ерекшелігіне сәйкес құжаттар;

      5) жерде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесі;

      6) жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру кезінде үшінші тұлғалар алдындағы зиян үшін жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі.

      Әлеуетті жеткізушілерден осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      23. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер ашылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы шешім қабылдайды.

      24. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей жүгінеді.

      25. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей, әлеуетті жеткізушіден сұрау салуды алған күннен бастап конкурстық құжаттаманың ережелерін жазбаша түсіндіреді.

      26. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әлеуетті жеткізушінің өтінімін мынадай негіздер бойынша қабылдамайды:

      1) жеткізуші тиісті қызметті көрсету үшін қажетті бөлігінде әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушылардың нұсқаулығында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) жеткізушінің өтінімі және оған қоса берілген құжаттар осы Қағидалардың 22-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

      3) осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталса;

      4) әуежай инфрақұрылымы техникалық мүмкіндігінің шектеулілігі;

      5) өнім берушіге қатысты соттың қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы, не тиісті қызмет көрсетуге байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар.

      27. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушысының әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында жерүсті қызмет көрсету қызметтерін көрсетуден негізсіз бас тартуында заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда әлеуетті жеткізуші, жеткізуші және (немесе) авиакомпания мұндай іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен шағым жасайды.

      28. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісім бойынша жеткізушінің Үлгілік шарттың ережелерін бұзуын жойғанға дейін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, сондай-ақ оның қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:

      1) әуежайдың пайдаланушы нұсқаулығы сақталмаған кезде;

      2) әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жүргізген қызметтер сапасына аудит шеңберінде аудиттің нәтижелері бойынша бекітілген күннен бастап 3 (үш) ай бойы ескертулер жойылмаған кезде.

      29. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының нұсқаулығын Airport Handling Manual, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлейді.

      30. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының нұсқаулығын бекітеді, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісім бойынша өзекті халықаралық стандарттарды ескере отырып, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      31. Жеткізуші және өз әуе кемелеріне өздігімен қызмет көрсететін авиакомпания жерде қызмет көрсету қызметтерін әуежайды пайдаланушының нұсқаулығында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырады. Жеткізуші авиакомпаниялардың жерде қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығын сақтайды.

      32. Әуежайды пайдаланушының нұсқаулығы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес талаптарды қамтиды.

      33. Хабарландыру, осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген талаптардан басқа, мыналарды қамтиды:

      1) жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсету үшін жеткізушілерді іріктеуді жүргізетін әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысының атауы және орналасқан жерін;

      2) жерде қызмет көрсету қызметінің атауын;

      3) жерде қызмет көрсету қызметтерін жүзеге асырудың талап етілетін техникалық, сапалық сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелігін;

      4) әуежайдың өткізу қабілетінің нормативтерін (әрбір маусым бойынша ұшу кестесін бекіту мерзіміне дейін);

      5) әуежай (әуеайлақ) инфрақұрылымы объектілерінің шектеулі техникалық мүмкіндігі жағдайында қызметтер көрсету тәртібін;

      6) әуежайдың (әуеайлақтың) техникалық мүмкіндігі туралы мәліметтерін;

      7) әуежайдың (әуеайлақтың) техникалық мүмкіндігін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар туралы мәліметтерін;

      8) қызметтерге қол жеткізу бойынша уақытша шектеулерді енгізу және оларды аяқтау мерзімдері туралы мәліметтерін;

      9) әуежай өткізетін конкурстар туралы мәліметтерін (өткізу шарттары, тәртібі, күні және уақыты);

      10) әуежай (әуеайлақ) инфрақұрылымы объектілерін ұстауға арналған шығындар құрылымы туралы мәліметтерін.

      34. 6-қосымшада санамаланған жерде қызмет көрсету қызметтері жеткізушілер үшін ашық қолжетімділік көзделетін қызметтер болып табылады.

      35. 7-қосымшада санамаланған жерде қызмет көрсету қызметтері жеткізушілерге, оның ішінде әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушымен тікелей немесе жанама үлестес 1 (бір) жеткізушіден аспайтын жеткізушіге қолжетімділік көзделетін перрондық қызмет көрсету қызметтеріне жатады. Бұл ретте жеткізушілер болмаған жағдайда әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсету үшін өзінің жеке құрылымын бөледі.

      36. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы 8-қосымшада санамаланған жерде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

      37. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі нормаларын сақтай отырып, осы Қағидалардың талаптарын орындау үшін қажетті техникалық мүмкіндік көлемінде жеткізушілерге әуежай инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      38. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежай инфрақұрылымын ашық, объективті және кемсітусіз басқаруды қамтамасыз етеді.

      39. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтері бойынша кірістердің, шығыстардың және қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізеді.

2-параграф. Әуежайда әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу тәртібі

      40. Әуежайларда әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету әуе кемелеріне авиациялық отын құюды қамтамасыз етуді көздейтін жасалатын шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      41. Әуежайда әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуге (бұдан әрі – авиаотынмен қамтамасыз ету) өтінім беру осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      42. Жеткізуші авиакомпаниялардан өтінімдер болған кезде және әуежайдың техникалық мүмкіндігі болған кезде (әуе кемелерін отынмен қамтамасыз ету инфрақұрылымы объектілері бөлігінде) авиаотынмен қамтамасыз ету, сондай-ақ әуежайда әуе кемелерін отынмен қамтамасыз ету инфрақұрылымын пайдалана отырып, әуе кемелеріне отын құю (құюға қабылдау, сақтау, сапаны реттеу, дайындау және берудің, әуе кемелеріне авиациялық отынды құюдың технологиялық процесінде пайдаланылатын технологиялық жабдық пен техникалық құралдар) бойынша қызметтер кешенін немесе жекелеген қызметтер көрсетуге (өтінімге сәйкес) шарт жасасады.

      43. Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы бағдарлардың ұзақтығын, әуежайдағы авиациялық отынның төмендетілмейтін қалдығын сақтау көлемін ескере отырып, авиакомпаниялар растаған слоттарға сәйкес тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемде авиациялық отынның сақталуын қамтамасыз етеді.

      44. Авиакомпания жеткізушінің авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуден бас тартуымен және (немесе) әуежайдың техникалық мүмкіндігінің жоқтығы себебімен осындай қызметтердің нарығына басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді шығарудан бас тартуымен келіспеген жағдайда, ол әуежаймен бастапқы деректерді және әуежайдың техникалық мүмкіндігін есептеу тәртібін ұсыну туралы талапты қамтитын өтініш жібереді. Әуежай осындай өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қажетті деректерді көрсете отырып, жазбаша нысанда жауап береді.

      45. Егер барлық өтінімдерді (қызметтер көрсету көлемі және (немесе) уақыты бойынша) толық көлемде қанағаттандыруға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, әуежай техникалық мүмкіндіктің болмауы негізінде өтінімді қанағаттандырудан бас тарту жіберілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осындай техникалық мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Көрсетілген іс-шаралар жоспары әуежайдың ресми сайтында орналастырылады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жіберіледі.

3-параграф. Авиакомпанияның әуежайда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      46. Авиакомпания өзінің әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктерге және поштаға өздігімен қызмет көрсету үшін және/немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы оған тиесілі авиакомпаниялардың әуе кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктер мен поштаға жерде қызмет көрсету үшін конкурс рәсімін өткізбей-ақ жүзеге асырады.

      47. Жерде қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер болмаған жағдайда, өз әуе кемелеріне өздігімен қызмет көрсететін авиакомпания әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының сұрау салуы бойынша және мүмкіндік болған жағдайда тұтынушыларға жерде қызмет көрсету қызметтерін шарттық негізде көрсетеді.

      48. Авиакомпания өз әуе кемелеріне өздігімен және/немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы өзіне тиесілі авиакомпаниялардың кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктер мен поштаға қызмет көрсету үшін әуежай (әуеайлақ) пайдаланушысына еркін нысанда өтінім жібереді.

      Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн мерзімде қарайды.

4-параграф. Жеткізушінің әуежайда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру тәртібі мен талаптары

      49. Жеткізуші әуежайды пайдаланушының нұсқаулығында және халықаралық стандарттарда көзделген жерде қызмет көрсету қызметтерінің сапа стандарттарын сақтайды.

      50. Авиакомпаниялар мен рұқсат берілген жеткізушілер арасында жерде қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсету ИАТА жерде қызмет көрсету туралы өзекті стандартты келісімнің негізінде жасалған азаматтық құқықтық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

      51. Жерде қызмет көрсету қызметтерін жеткізуші, оның ішінде әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы тиісті сапасын ескере отырып және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, қажет болған кезде өз әуе кемелеріне өздігімен қызмет көрсететін авиакомпанияларды тарта отырып, авиакомпанияларға жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуды қамтамасыз етеді.

5-параграф. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру тәртібі мен талаптары

      52. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру "Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      53. Авиакомпаниялардан авиажолаушылар туралы деректерді жинау және уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға беру жөніндегі қызметтерді жеткізушіні және оған қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамада көзделген тәртіппен айқындайды. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру бойынша қызметтер уәкілетті органға авиакомпаниялардан авиажолаушылар туралы мәліметтерді алуға және оларды құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға беруге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені ұсыну нысанында көрсетіледі.

      54. Авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру бойынша қызметтер үшін төлемді авиакомпаниялар мөлшерлемелер бойынша әуежай алымы құрамында және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартында (бұдан әрі – Мәліметтерді беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт) көзделген формула негізінде төлейді. Әуе жолаушылары, әуежайларды (әуеайлақтарды) пайдаланушылар және (немесе) авиакомпаниялар туралы мәліметтерді жинау және беру қызметтерін көрсететін жеткізушілер арасындағы шарттардың талаптары мәліметтерді беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартқа сәйкес айқындалады және тараптардың келісімі бойынша осы шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптармен толықтырылады. Әуежайларды (әуеайлақтарды) пайдаланушылар авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру бойынша қызметтерді жеткізушіге мәліметтерді ұсыну бойынша қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт нысаны бойынша жасалатын шарт негізінде ақы аударады. Авиакомпаниялар мен авиажолаушылар туралы мәліметті жинау және беру жөніндегі қызметтерді жеткізуші арасында шарт жасалған жағдайда авиажолаушылар туралы мәліметті жинау және беру жөніндегі қызметтер үшін төлем авиакомпаниялар авиажолаушылар туралы деректерді жинау және беру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге тікелей аудару арқылы жүргізіледі.

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыруға өтінімдер тізілімі

Әуежайдың тіркеу нөмірі

Өтінімді тіркеу күні мен уақыты

Өтінімнің нысаны және №

Жеткізушінің атауы

Жерде қызмет көрсету қызметінің түрі







  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

Конкурсқа қатысушыларды бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Балл саны

1

Ұйымдық құрылым, кадр саясаты (жерде қызмет көрсету жөніндегі ұйымның персоналы және оны даярлау)

5-10

2

Материалдық ресурстар (техника, жабдықтар, компанияның инфрақұрылымдық талаптары)

10-20

3

Корпоративтік қауіпсіздік (SMS)

20-30

4

Жерде қызмет көрсету жөніндегі ұйымның қызметін ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету

5-10

5

Қызмет көрсету сапасының жүйесі

10-20

6

Компанияның қаржылық тұрақтылығы

5-10

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша

Жерде қызмет көрсетуге арналған үлгі шарты

      Бұдан әрі "Әуежай" деп аталатын, (әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының атауы) атынан ________________ негізінде әрекет ететін (әуежай басшысының лауазымы, тегі, есімі әкесінің есімі (болған жағдайда), бір тараптан және бұдан әрі "Жеткізуші" немесе "Авиакомпания" деп аталып, (жеткізушінің немесе авиакомпанияның атауы) атынан_______________ негізінде әрекет ететін (лауазымы, тегі, есімі әкесінің есімі (болған жағдайда) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған осы шартты жасады және төмендегілер туралы келісімге келді:

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Жеткізуші әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін (жерде қызмет көрсету түрі көрсетілсін) тарифтер бойынша (жерде қызмет көрсету түрлері бойынша тарифтер көрсетілсін) көрсетуге міндеттенеді, ал Әуежай жерде қызмет көрсетуге қажетті Әуежай инфрақұрылымына (инфрақұрылым атауы көрсетілсін) қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      Ескертпе: Авиакомпаниямен шарт жасаған кезде шарттың мәні авиакомпания өз әуе кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктерге және поштаға және/немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы оған тиесілі авиакомпаниялардың әуе кемелеріне, жолаушыларына, багажға, жүктер мен поштаға жерде көрсетілетін қызметтерді ұсыну болып табылады.

2-тарау. Тараптардың міндеттері

      2. Жеткізуші немесе Авиакомпания:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық қамтамасыз етуге және тиісінше орындауға;

      2) жерде қызмет көрсету ұсынылған кезде азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) қызмет тұтынушылары үшін әуежайда жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсеткен кезде жерде көрсетілетін қызметтерді бірдей жағдайда ұсынуға;

      4) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасының тиісті талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтердің сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      5) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде өтемақы төлемін төлеуге;

      6) жерде қызмет көрсету қызметтерінің құны өзгерген кезде Әуежайды уақтылы хабардар етуге;

      7) Әуежайдың жазбаша талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      8) Жеткізушімен немесе Авиакомпаниямен Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және (немесе) құқықтан тыс әрекеттерінен туындаған, Әуежайға келтірілген шығындарды толық көлемде өтеуге;

      9) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ешкімге бермеуге міндеттенеді.

      Ескертпе: 2.1-тармақтың 3) және 6) тармақшалары Авиакомпанияның міндеттемелеріне кірмейді.

      3. Жеткізуші:

      1) Әуежайдан осы шартта белгіленген шарттық міндеттемелерді орындауын талап етуге;

      2) Әуежайдан Әуежайдың инфрақұрылым объектілері мен құрал-жабдығын жұмыс күйінде ұстауын талап етуге құқылы.

      4. Әуежай:

      1) жерде қызмет көрсету қызметін көрсету үшін қажетті әуежайдың инфрақұрылымына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      2) әуежай (әуеайлақ) аумағында қызмет көрсету қызметтерін көрсету үшін Жеткізуші немесе Авиакомпания мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      3) жерде қызмет көрсету қызметтерінің сәйкессіздіктерін анықтаған кезде Жеткізушіні немесе Авиакомпанияны дереу жазбаша хабардар етуге;

      4) Әуежайдың Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және (немесе) құқықтан тыс әрекеттерінен туындаған, Жеткізушіге немесе Авиакомпанияға келтірілген залалдарды толық көлемде өтеуге міндеттенеді.

      5. Әуежай:

      1) жерде көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) Жеткізуші немесе Авиакомпания әуежай (әуеайлақ) аумағында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзған немесе сақтамаған жағдайда, олардың персоналы мен техникалық құралдарды шеттетуге құқылы.

3-тарау. Шарттың сомасы және төлеу шарттары

      6. Жеткізуші немесе Авиакомпания "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес өтемақы төлемін _____________ мөлшерінде төлейді. Өтемақы төлемі тиісті инфрақұрылым объектісін жұмыс күйінде ұстап тұру шығыстары, оның ішінде қолайлы табыстылық деңгейін есепке ала отырып, ағымдағы және күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтер шығыстары сомасынан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      Жеткізуші немесе Авиакомпания өтемақы төлемін Әуежайдың есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, ақы төлеуге шотты ұсынған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүргізеді.

      7. Өтемақы төлемін төлеу мерзімдерін кешіктірген жағдайда, Жеткізуші немесе Авиакомпания Әуежайға тұрақсыздық айыбының сомасын

      _______________________________________________(шарттың жалпы сомасынан

      %-ды немесе әрбір кешіктірілген күн үшін тіркелген сомасын көрсету) төлейді.

      8. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

4-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және күшін бұзу шарттары

      9. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ____ жылғы "__" ___________ дейін қолданылады.

      10. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

5-тарау. Хабарлама

      11. Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хат арқылы жіберіледі.

      12. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кейін туындауына қарай, күшіне енеді.

6-тарау. Еңсерілмейтін күш

      13. Егер Шарт талаптарының орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайлардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      14. Шарт мақсаттары үшін "еңсерілмейтін күш" төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) білдіреді.

7-тарау. Даулы мәселелерді шешу

      15. Тараптар Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде шешуге барлық күш-жігерлерін жұмсауы тиіс.

      16. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шешуді талап ете алады.

      17. Осы Шарт шеңберінде Тараптар өздерінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

8-тарау. Өзге де талаптар

      18. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір тарап үшін бір данадан жасалады.

      19. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      20. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері мен қолдары.

Әуежай:
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________

Жеткізуші:
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
  ____________________________
(әуежай атауы)
  кімнен ______________________
  ____________________________
  (авиакомпания атауы,
басшысының тегі, есімі, әкесінің
есімі (болған кезде)

Жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған өтінім

      Жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну үшін мынадай жерде қызмет көрсетуге рұқсат беруіңізді сұраймын:

р/с

Жерде қызмет көрсету қызметтерінің атауы

Қызметті жүзеге асырудың жоспарланған кезеңі

Қызметтер көлемі





      қажетті инфрақұрылым объектілерінің тізбесі:

р/с

Инфрақұрылым объектілерінің, арнайы техниканың атауы

Талап етілетін инфрақұрылым көлемі (саны)







      Авиакомпания деректемелері:

      Толық атауы:

      _______________________________________________________

      Заңды мекенжайы:

      _________________________________________________

      БСН

      ________________________________________________________

      Банктік деректемелер:

      ________________________________________________________

      Телефон, факс, e-maіl:

      _______________________________________________

      20____жылғы "____" _______

      _______________ _____________________________________________

      (қойылған қолы) (басшының тегі, есімі, әкесінің есімі (болған кезде)

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша

Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының нұсқаулығында көзделетін талаптардың тізбесі:

      1) қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібі;

      2) әуежайдың орталықтандырылған инфрақұрылымын пайдалану тәртібі;

      3) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптар;

      4) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

      5) еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

      6) жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

      7) өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар;

      8) экологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптар;

      9) өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі талаптар;

      10) көлік құралдарын, арнайы көлік пен жабдықтарды пайдалану жөніндегі талаптар;

      11) әуе кемелеріне қызмет көрсету жөніндегі талаптар;

      12) ұшу тұрақтылығын есепке алу;

      13) төтенше жағдайлардағы жүріс-тұрыс бойынша талаптар;

      14) жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілердің қызметін бақылау тәртібі;

      15) әуежай пайдаланушысының жерде қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілермен, сондай-ақ жерде өздігімен қызмет көрсетуге рұқсат берілген авиакомпаниялармен өзара іс-қимыл жасау технологиясы;

      16) азаматтық жауапкершілікті сақтандыруға қойылатын талаптар;

      17) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар;

      18) рұқсаттамаларды алу және оларды пайдалану жөніндегі талаптар;

      19) клиенттерге қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша талаптар;

      20) электр қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

      21) көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптар;

      22) корпоративтік қауіпсіздікке қойылатын талаптар.

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
  6-қосымша

Әуежайда ашық қолжетімділіктегі жерде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесі

      1) Жердегі әкімшілендіру және бақылау;

      2) Жолаушыларды тіркеу;

      3) Жолаушыларға қызмет көрсету;

      4) Келіп түскен және жөнелтілетін жүкті (поштаны) өңдеу;

      5) Багажды өңдеу;

      6) Жүк терминалында жүкті жиырма төрт сағаттан аса сақтау;

      7) Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын борттық тамақпен қамтамасыз ету;

      8) Халықаралық рейстер бойынша ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ұсыну.

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша

Әуежайда қолжетімділігі шектеулі жерде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесі (перронды қызмет көрсету)

      1) Жолаушыларды жылжымалы траптар арқылы отырғызу-түсіру;

      2) Жолаушыларды жеткізу;

      3) Багажды тасымалдау;

      4) Багажды тиеу және түсіру;

      5) Жүкті (поштаны) тасымалдау;

      6) Жүкті (поштаны) тиеу және түсіру;

      7) Пакеттеу құралдарының айырбастау қорын өңдеу;

      8) Жүктеуді бақылау;

      9) Әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;

      10) Әуе кемесінен авиациялық жанар-жағармай материалын төгу;

      11) Әуе кемесіне транзиттік нысан бойынша техникалық қызмет көрсету;

      12) Әуе кемесін сүйрету;

      13) Алмалы-салмалы жабдықты және борттық ыдысты санитариялық өңдеу;

      14) Әуе кемесінің ішкі тазалау және қоқысын кәдеге жарату;

      15) Әуе кемелерінің санитариялық тораптарына (дәретханаларына) қызмет көрсету;

      16) Әуе кемесін ауыз сумен толтыру;

      17) Әуе кемесін электр энергиясымен қамтамасыз ету;

      18) Әуе кемесін кондиционерлеу;

      19) Әуе кемесін қардан қолмен тазалау;

      20) Әуе кемесін қар мен мұздан механикалық тазарту;

      21) Авиақозғалтқыштарға май құю;

      22) Жүйені оттегімен толтыру;

      23) Әуе кемесіне азот немесе сығылған ауа құю;

      24) Гидрожүйені тексеру және қосымша құю;

      25) Авиақозғалтқыштарды әуеде іске қосу;

      26) Экипажды жеткізу;

      27) Әуе кемесін алып жүру;

      28) Әуе кемесіне желілік техникалық қызмет көрсету;

      29) Әуе кемесінің ангарда тұруы;

      30) Әуе кемесін қарсы алуды және шығаруды қамтамасыз ету;

      31) Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын борттық тамақпен қамтамасыз ету.

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
8-қосымша

Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы көрсететін қызметтердің тізбесі

      1) Әуе кемесінің ұшуын және қонуын қамтамасыз ету;

      2) Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) Әуе кемесіне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошта) болған кезде қонғаннан кейін әуе кемесіне жолаушылар үшін үш сағаттан, жүк және жүк-жолаушылар сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан артық тұрақ орнын беру;

      4) Әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру;

      5) Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаң) беру;

      6) Жолаушыларды телескоптық трап арқылы отырғызу-түсіру;

      7) Жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      8) Авиациялық қауіпсіздік бойынша қосымша қызметтер.

  Әуежайларда жерде қызмет
көрсетуді жүзеге асыру
қағидаларына
9-қосымша

Уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге үлгі шарты

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, ______________________

      (әуежайды пайдаланушы немесе авиакомпанияның атауы)

      ________________ негізінде әрекет ететін _____________ (әуежай басшысының лауазымы, есімі, аты әкесінің есімі (болған жағдайда), бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын____________ ____________ негізінде әрекет ететін ____________

      (лауазымы, тегі, есімі әкесінің есімі (болған жағдайда)

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызмет көрсету ұсынуға осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады және төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Шарттың мәні

      1.1. Уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызметтер көрсетуге өнім берушіні (бұдан әрі – Өнім беруші) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамада көзделген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Өнім беруші төлемақысының мөлшері (бұдан әрі – Төлемақы) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Өнім беруші арасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен, "Әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 750 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19433 болып тіркелген) және осы шарттың талаптарымен айқындалады.

      1.2. Өнім беруші Тапсырыс берушіге "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Респбликасы Заңының 24-2-бабына және "Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мәліметтерді беру тәртібі) сәйкес уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру бойынша жерде қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді.

      1.3. Өнім беруші уәкілетті органға авиажолаушылар туралы деректерді жинау және өңдеудің ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Авиажолаушылар туралы ақпараттық жүйе) ұсыну және Тапсырыс берушіге авиажолаушылар туралы ақпараттық жүйеге авиажолаушылар туралы деректерді ұсынуға техникалық мүмкіндік береді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Өнім беруші:

      1) Шарт талаптарына, Жерде қызмет көрсету қағидаларына және Деректерді беру қағидаларына сәйкес өзіне алған міндеттемелерін толық және тиісінше орындауын қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) барлық қызмет тұтынушылары үшін Қызметтерді бірдей жағдайда ұсынуға;

      4) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Қызметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынылатын практикасының тиісті талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      5) Тапсырыс берушінің талабы бойынша Шарттағы міндеттемелерді орындау барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      6) дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттарға сәйкес белгіленген дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      2.2. Өнім беруші:

      1) осы Шартта белгіленген мерзімде авиакомпаниялар ұсынатын ұшу парақтары және транзиттік және трансферлік жолаушылар негізінде анықталатын халықаралық рейстермен Қазақстан Республикасына келуші немесе Қазақстан Республикасынан кетуші жолаушыларының саны туралы деректерді (бұдан әрі – Статистикалық деректер) алуға құқылы. Бұл ретте осы Шарт бойынша трансферлік жолаушылар Тапсырыс беруші және (немесе) басқа тасымалдаушы Қазақстан Республикасында бір рейстен екінші рейске 12 (он екі) сағатқа дейінгі уақыт аралығында ауыстыра отырып тасымалданатын авиажолаушылар (бұдан әрі – Трансферлік жолаушылар) болып саналады;

      2) осы Шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде Төлем алуға;

      3) белгіленген мөлшерде және белгіленген мерзімде Төлем төлемеген және/немесе Авиажолаушылар туралы ақпараттық жүйенің жұмыс істеуімен байланысты міндеттерін орындау талаптарын бұзған Тапсырыс берушіге қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға;

      4) Тапсырыс берушіден осы Шартта белгіленген шарттық міндеттемелерді орындауын талап етуге;

      5) мынадай негіздердің кез келгені бойынша Тапсырыс беруші ұсынған Статистикалық деректерге ескерту беріп мәлімдеме жасауға құқылы:

      Статистикалық деректер мен авиажолаушылар туралы нақты деректер арасындағы алшақтығы;

      есептердегі Статистикалық деректер мен Авиажолаушылар туралы ақпараттық жүйеге берілген деректер арасындағы алшақтығы;

      Статистикалық деректер мен Тапсырыс беруші төлеген төлем мөлшері арасындағы алшақтығы.

      2.3. Тапсырыс беруші:

      1) осы Шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде Өнім беруші төлемі ретінде жинау;

      2) барлық қызмет көрсетілетін авиакомпанияларға немесе авиажолаушыларға қатысты Статистикалық деректерді жинауды жүзеге асыруға және осындай Статистикалық деректерді Өнім берушіге осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      3) Төлемақының немесе Статистикалық деректердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде, Өнім берушіні дереу жазбаша нысанда хабардар етуге;

      4) бұзушылық Тапсырыс берушіге байланысты емес себептерге байланысты болған жағдайларды қоспағанда, Өнім берушіге Тапсырыс берушінің осы Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан туындаған оған келтірілген құжаттамалық расталған залалдарды толық көлемде өтеуге міндетті;

      5) Өнім беруші статистикалық деректерге ескертулер ұсынған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге және егер анықталған ескертулер енгізілген төлемнің мөлшері төлеуге жататын сомадан аз болуына әкеп соқтырса, Өнім берушіге қосымша ақы аударуға міндетті. Артық төлем Тапсырыс берушінің кейінгі кезеңдердегі төлем міндеттемелерін өтеу есебіне есептеледі.

      Өнім беруші Тапсырыс беруші ұсынған Статистикалық деректермен келіспеген жағдайда, әрбір тарап есептерді растайтын құжаттарды ұсынады. Егер бір ай ішінде Өнім беруші мен Тапсырыс беруші Статистикалық деректерді келіспесе, онда келіспейтін тарап сотқа жүгінуге құқылы;

      6) Дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған шарттар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      2.4. Тапсырыс беруші:

      1) осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруге;

      2) Өнім беруші осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда өзінің міндеттемелерін орындауды тоқтата тұруға құқылы.

3. Шарттың сомасы және төлеу талаптары

      3.1. Өнім беруші қызметтерді көрсетуді осы тарауда көзделген тарифтер бойынша есептелетін төлемақыны аудару түрінде ақылы негізде жүзеге асырады.

      Тапсырыс беруші Өнім берушіге жинауға және төлеуге жататын төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:

      Төлем = (368,56 теңге x N) x R,

      мұндағы:

      төлем – ҚҚС-ты қоспағанда, есептік кезең үшін төлем мөлшері;

      теңге – қазақстандық теңге, Қазақстан Республикасының заңды төлем құралы;

      N – есепті кезеңдегі Қазақстан Республикасына халықаралық рейстермен келетін немесе Қазақстан Республикасынан кететін авиажолаушылардың саны. Транзиттік және трансферлік жолаушылар санынан, сондай-ақ 2 (екі) жасқа дейінгі балалар кірмейді;

      R = X/Y;

      X – әуе билеттерін сатудан түскен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің айырбастау бағамы бойынша 1 АҚШ долларына тең теңгедегі сома;

      Y – 368,56 теңге.

      1 (бір) күнтізбелік ай есепті кезең болып саналады. Есепті кезеңдегі жолаушылар санын Өнім берушіге Тапсырыс беруші береді. Авиажолаушылардың саны авиакомпаниялар ұсынатын ұшу парақтары, транзиттік және трансферлік авиажолаушылар, сондай-ақ 2 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер негізінде айқындалады.

      3.2. Төлем мөлшерін есептеу үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге ай сайын есепті ай ішінде авиакомпания тасымалдаған авиажолаушыларының санын көрсететін Статистикалық деректері бар есепттерді ұсынады. Есеп есепті ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұсынылады.

      Тапсырыс берушіден есеп алғаннан кейін күнтізбелік бес (5) күн ішінде Өнім беруші оған тиісті авиакомпанияларға қатысты есептік кезеңге шот ұсынады.

      Өнім берушінің шоты негізінде Тапсырыс беруші шотты алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Өнім берушіге тиісті Төлемді аударады.

      Әуежай авиакомпаниялар тарапынан Төлем болмаған жағдайда жауапты болмайды.

      3.3. Төлемді Өнім берушіге Шартта көрсетілген мерзімде аудармаған жағдайда төленбеген сомаға төлем мерзімі басталған сәттен бастап және Өнім беруші төлемді алған күнге дейін күн сайын төленбеген сомадан 0,1% мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

      3.4. Жылдық халықаралық жолаушылар ағыны 300 000 (үш жүз мың) адамнан кем Тапсырыс беруші Төлем мөлшерінен 4%-ға дейін ұстап қалуға құқылы.

      Жылдық халықаралық жолаушылар ағыны 300 000-нан (үш жүз мың) 1 миллион адамға дейінгі Тапсырыс беруші Төлем мөлшерінен 3%-ға дейін ұстап қалуға құқылы.

      Жылдық халықаралық жолаушылар ағыны 1 (бір) миллион адамнан астам Тапсырыс беруші Төлем мөлшерінен 2%-ға дейін ұстап қалуға құқылы.

4. Шарттың қолданылу мерзімі және күшін бұзу талаптары

      4.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді __________ дейін жарамды.

      4.2. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.

5. Хабарлама

      5.1. Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама қолға ғана берілетін тапсырыс хат арқылы жіберіледі.

      5.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы күндердің қайсысының кейін келуіне қарай күшіне енеді.

6. Еңсерілмейтін күш

      6.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы еңсерілмейтін күш мәнжайлардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.

      6.2. Шарт мақсаттары үшін "еңсерілмейтін күш" төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайларды (апаттық құбылыстар, соғыс қимылдары, эпидемия, пандемия және т.б.) білдіреді.

7. Даулы мәселелерді шешу және қолданылатын құқық

      7.1. Тараптар Шартпен байланысты өздерінің арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе дауларды тікелей келіссөздер арқылы шешуге барлық күш-жігерлерін жұмсауға тиіс.

      7.2. Осы Шарттан немесе оған байланысты туындаған барлық даулар, келіспеушіліктер, талаптар мен талап-арыздар (шарттық немесе шарттан тыс), оған қоса оның қолданылуы, жарамдылығы, орындалуы, бұзылуы немесе тоқтатылуына қатысты мәселелер ____________ (Тараптардың келісуі бойынша) шешіледі.

      7.3. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі және оған сәйкес түсіндіріледі.

8. Өзге талаптар

      8.1. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.

      8.2. Тараптардың келісімі бойынша Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа қайшылық туғызбайтын басқа талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      8.3. Тараптар Шарттың реттелмеген бөлігін шешкен кезде Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.

      8.4. Осы Шарт оған екі Тарап қол қойған күннен бастап күшіне енеді және кейінгі ___ жылдар ішінде, Шарт бойынша есеп айырысуларға қатысты олар толық аяқталғанға дейін қолданыста болады.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері мен қолдары

Тапсырыс беруші:
________________________________

Өнім беруші:
______________________________