"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 188/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 сәуірде № 34215 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 1 сәуірдегі
№ 188/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 98 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленген және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін қосқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) жасырын мемлкеттік қызмет – мемлекеттік қызмет өлшемшарттарына жауап беретін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.

      3. Уәкілетті органның тізілімді жүргізудің және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтаудың негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, жасырын мемлекеттік қызметтерді есепке алу және тізілімге енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тиісті жағдайды нақтылау үшін электрондық үкімет веб-порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметтің кіші түрлері туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      5. Тізілімнің сыныпталуы мыналардан тұрады:

      1) қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын бөлімдер;

      2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын кіші бөлімдер;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгі түріндегі сегіз таңбалы жеке жіктелген код беріледі.

      Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:

      1) бірінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласының бөлімін білдіреді;

      2) екінші бөлім – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;

      3) үшінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және кіші бөлім ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сыныпталған кодын уәкілетті орган береді.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      9. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;

      2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;

      3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізу немесе тізілімінен алып тастау;

      4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;

      5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" веб-порталында өзектендіру (жаңарту).

      Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:

      1) жыл сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде өзгерістерді және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға (бұдан әрі – 4-қосымша) сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға ұсынады.

      10. Уәкілетті орган "электрондық үкімет" веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарының немесе ақпараттандыру объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.

      11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

3-тарау. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу

      12. Жасырын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде құжат түрінде және (немесе) іс-әрекет түрінде нақты, үлгілік нысаны болады.

      13. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі:

      1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар әр жартыжылдық сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді;

      Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;

      2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ұсынады, ол бойынша жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізіп, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі келісу үшін тізілім жобасын әзірлейді;

      3) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті тізілімге енгізу бойынша келіспеушілектер болған жағдайда, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізу мәселесі оны тізілімге енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы бойынша ұсыныстар шығару үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.

  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Мемлекеттік қызметті және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы

1

2

3

4

5

6



















  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы

Бөлім


Ішкі бөлім



Атауы

001


Құжаттау


00101

Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу


00102

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу

002


Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу


00201

Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және басқа деректерін ауыстыру


00202

Шетелде болу


00203

Қазақстан Республикасына келу

003


Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу


00301

Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

004


Отбасы және балалар


00401

Отбасын құру


00402

Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу


00403

Балаға білім беру және бос уақыт


00404

Баланы бағу және қамтамасыз ету

005


Мүлік және зияткерлік меншік құқығы


00501

Жылжымалы мүлік


00502

Жылжымайтын мүлік


00503

Зияткерлік меншік


00504

Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

006


Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау


00601

Медициналық көмек


00602

Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00603

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы


00604

Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

007


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау


00701

Халықты жұмыспен қамту


00702

Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру


00703

Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру


00704

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау


00705

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер


00706

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

008


Білім және ғылым


00801

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім


00802

Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00803

Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

009


Бизнес және кәсіпкерлік


00901

Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы


00902

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқтауы


00903

Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00904

Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


00905

Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) рұқсат ету құжаттарын беру


00906

Кәсіпкерлік қызметті қолдау

010


Туризм


01001

Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

011


Көлік және коммуникация


01101

Автомобиль көлігі


01102

Әуе көлігі


01103

Теміржол және су көлігі


01104

Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

012


Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау


01201

Қоршаған ортаны қорғау


01202

Су ресурстарын пайдалану


01203

Орман ресурстарын пайдалану


01204

Жануарлар дүниесін пайдалану


01205

Жер қойнауын пайдалану

013


Ауыл шаруашылығы


01301

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер


01302

Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)

014


Өнеркәсіп, индустрия және технология


01401

Отын және энергетика


01402

Технологиялар


01403

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01404

Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

015


Мұнай-газ саласы


01501

Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01502

Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

016


Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет


01601

Салықтық әкімшілендіру


01602

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік


01603

Аудиторлық қызмет

017


Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау


01701

Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01702

Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01703

Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01704

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

018


Кеден ісі


01801

Кеден ісі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

019


Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі


01901

Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


01902

Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

020


Бәсекелестікті қорғау


02001

Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

021


Дін


02101

Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

022


Жер қатынастары, геодезия және картография


02201

Жер қатынастары


02202

Геодезия және картография

023


Мәдениет, ақпарат және байланыс


02301

Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


02302

Ақпарат


02303

Мәдениет

024


Төтенше жағдайлар


02401

Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

025


Дене шынықтыру және спорт


02501

Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

026


Сәулет-қала құрылысы қызметі


02601

Сәулет және қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда)


02602

Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

027


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық


02701

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

028


Сыртқы саясат және шетел істері


02801

Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

029


Табиғи монополияларды реттеу


02901

Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

030


Мемлекеттік қызмет


03001

Мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

031


Басқа


03101

Ғарыш кеңістігін пайдалану


03102

Апостиль қою


03103

Статистикалық ақпаратты ұсыну


03104

Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік

  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)

1

2

3

4

5
















  Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер тізілімін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар (мемлекеттік қызметтің әрбір кіші түріне)

Ақылы болуы (мемлекеттік көрсетілетінқызметтің әрбір кіші түріне)

1

2

3

4

5

6

7

8


























оның ішінде:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерінің нысаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (болжанатын мерзімдер, құжаттар тізілімі және тағыда басқа)

Тізілімге толықтырулар енгізу негіздемесі (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда)

Құқықтық негіздеме

төлем мөлшері

9

10

11

12

13