Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 наурызда № 34184 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 33-қосымшада:

      Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның2 26-бабына сәйкес соманы енгізгеннен кейін, Шартқа 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт сомасының 30 % мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.

      Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді3.";

      3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Өнім беруші мыналарға:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және теңгеге4 тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, теңгеге> тең Заңның 26-бабына сәйкес соманы>5 мынадай түрде енгізуге міндеттенеді:

      әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      не:

      Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 38-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      не:

      шарттың орындалуын қамтамасыз ету (авансты қамтамасыз ету) мақсаттары үшін, "Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26971 болып тіркелген) бекітілген, өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартқа сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.

      Сақтандыру шарты электрондық құжат нысанында не қағаз тасығышта ұсынылады.

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) веб-порталда оның электрондық көшірмесін орналастыра отырып, қағаз тасығышта ұсынған кезде түпнұсқа Тапсырыс берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін беріледі.

      Тапсырыс беруші сақтандыру шартын қағаз тасығышта алу фактісін өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттарын тіркеу журналында тіркейді.

      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.

      Осы тармақшаның талаптары тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа 2-қосымшада (техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) Тауарларды түпкілікті межелі пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орамын қамтамасыз етуді. Орам қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет.

      Буып-түйілген жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде, Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген қандай да бір құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;

      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарларды қабылдап алу-беру актісін, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамту туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;

      10) Тапсырыс беруші тауарды (тауарларды) қабылдап алу-беру актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға міндеттенеді.

      <№) жаңа тармақша>.";

      7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 % аспауға тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 34-қосымшада:

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы (құрылыс-монтаждау жұмыстары) үлгілік шартта:

      3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мердігер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.

      Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 30 % мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.

      Аралық төлемдерді Тапсырыс беруші ақшалай қаражатты Мердігердің есеп шотына аудару жолымен төлейді <төлем шарты> Тараптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып төлейді бұрын төленген авансты, сондай-ақ кепілдік жарнаны шарт сомасының 5 (бес) пайызы мөлшерінде, <сома>мөлшерінде ұстап қалуды көздейді.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге аралық төлемдерді Мердігер бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, Тапсырыс берушіден Мердігердің есеп айырысу шотына аралық төлемдер түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.

      Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші мердігердің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді <төлем шарты> тараптар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей.

      Мердігер орындалған жұмыстар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Бір қаржы жылы шеңберінде жұмыстар орындалған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.

      Егер жұмыстарды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асқан жағдайда, Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан кейін және құрылысы аяқталған соңғы жылы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде <сома> мөлшерінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын төлейді.";

      4.3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақшасымен толықтырылсын:

      "10) Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталға Мердігердің байланыс деректері бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада көзделген негізгі құрылыс материалдары, жабдықтар, бұйымдар мен конструкциялар қажеттілігінің жиынтық ведомосын (тізілімін) жүктеуге міндеттенеді.".

      2. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

      Әлеуетті өнім берушінің осы тармақта қойылатын талаптарға сәйкестігін веб-портал Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының деректері негізінде автоматты түрде айқындайды.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Егер әлеуетті өнім берушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтінімнің бағасы "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығымен бекітілген құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.";

      287-тармақ мынадай мазмұндағы 39) тармақшасымен толықтырылсын:

      "39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын офтейк-келісімшарттардың нысанасы болып табылатын тауарларды сатып алу.";

      мынадай мазмұндағы 359-1-тармақпен толықтырылсын:

      "359-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша тендер тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";

      460-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "460. Егер әлеуетті өнім берушінің техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша қатысуға өтінімнің бағасы "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығымен бекітілген құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 22-қосымша:

      Тауарларды сатып алу туралы үлгілік шартта:

      2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді. Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді2.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт сомасының 30 % мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.

      Жеткізілген Тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдап алу-беру актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.";

      3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (<қамтамасыз ету сомасы жазумен>) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 (үш) пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:

      сатып алу веб-порталына (бұдан әрі – веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> <кепілдікті жарнаға арналған шот> №, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін.

      Осы тармақшаның талаптары тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа 2-қосымшада (техникалық ерекшелік) көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) Тауарларды түпкілікті арналған пунктіне тасымалдау кезінде олардың бұзылудан немесе бүлінуден сақтай алатын орауын қамтамасыз етуге. Орауы қандай да бір шектеусіз қарқынды жүктеу-тасымалдау өңдеуі мен экстремалды температуралардың әсерлерге, тасымалдау кезінде тұздар мен жауын-шашынға, сондай-ақ ашық түрде сақтауға төзе алатын болуы қажет. Оралған жәшіктер габариттері мен олардың салмақтарын айқындау кезінде Тауарлар тасымалының барлық пункттерінде жеткізудің соңғы пунктінің алыстылығын және қуатты жүккөтергіш құралдарының бар болуын ескеру қажет;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      8) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;

      9) веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген тауарларды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуге және Тапсырыс берушіге жіберуге;

      10) Тапсырыс беруші тауар(лар)ды қабылдап алу-беру актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазып беруге міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>.";

      7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 % аспауға тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 23-қосымша:

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартта:

      3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді және (немесе) Қағидалардың 151-тармағына сәйкес соманы енгізгеннен кейін № 1 қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші Мердігердің/Орындаушының <ақы төлеу шарты> есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, бұдан бұрын төленген авансты тепе-тең ұстап қалумен Тараптар Орындалған жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап, күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төлейді.

      Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 30 % мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.

      Орындалған жұмыс үшін төлемді <төлем шарты> Тапсырыс беруші Тараптар орындаған жұмыстардың актісіне қол қойған күнінен бастап, 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Мердігердің/Орындаушының есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.

      Мердігер орындалған жұмыстар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды бір қаржы жылының шеңберінде орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіні тапсырғаннан кейін <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 %-ын төлейді.

      Егер құрылысқа байланысты жұмыстарды орындаған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстарды аяқтағаннан және Тапсырыс беруші объектіні құрылысты аяқтаудың соңғы жылында пайдалануға қабылдау туралы актіні <сомасы> мөлшерінде осы шарт сомасының қалған 5 %-ын төлейді.";

      4.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Мердігер/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге тең антидемпинг шараларына сәйкес соманы> енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда:

      сатып алу веб-порталында растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауына> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Мердігер/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін ол Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың талаптарын орындау үшін Мердігер/Орындаушы тартқан персоналды қосқанда, оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жоғарыда тізбеленген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      8) Мердігердің/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауымен және/немесе өзге заңсыз іс-әрекеттермен келтірген шығындарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге;

      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін ресімдеуге және жіберуге;

      10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазып беруге;

      11) объектілер құрылысымен байланысты инвестициялық жобаны іске асыру кезінде сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша қаражатты жұмсауды сатып алу шоттары арқылы жүзеге асыруға;

      12) объектілер құрылысымен байланысты сатып алу туралы шарт бойынша қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартуға. Мұндай талап тиісті қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушылық) шарттарында көрсетіледі;

      13) қосалқы мердігерлермен жасалатын шарттар бойынша ол қосалқы мердігерлік шарттарында ашылатын сатып алу шоттарына ақшалай қаражат аудару туралы талаптың болуын және Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес шот-фактуралардың үзінді-көшірмесін жазып беру шартының болуын қамтамасыз етуге;

      14) тәуекелдердің жоқтығы тұрғысынан талдау жүргізілген қосалқы мердігерлердің тізбесін ұсынуға;

      15) шартта ашылатын сатып алу шоттарының деректемелерін көрсетуге;

      16) төлем сертификатын ұсынуға, сондай-ақ Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес қосалқы мердігердің төлем сертификатын ұсынуын қамтамасыз етуге;

      17) объектілер құрылысымен байланысты шартты Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар арқылы орындауға міндеттенеді.";

      4.3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7) Шартқа қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталға Мердігердің байланыс деректері бар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада көзделген негізгі құрылыс материалдары, жабдықтар, бұйымдар мен конструкциялар қажеттілігінің жиынтық ведомосын (тізілімін) жүктеуге міндеттенеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 24-қосымша:

      Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартта:

      4.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Жобалаушы/Орындаушы:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде <сома> теңгеге тең Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге тең Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Шарт мәндері бойынша көзделген аванс мөлшерлерін, <сондай-ақ <сома> теңгеге тең антидемпинг шараларына сәйкес соманы> енгізуге міндеттенеді, бұл жалпы алғанда:

      сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) растау құжатының көшірмелерін орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің № <кепілдік жарнасына арналған шот> банктік шотына <қала> қаласы бойынша <банктің атауы> кепілді ақшалай жарна;

      не:

      Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік;

      Бұл ретте Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Жобалаушы/Орындаушы Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталғанға дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде орындалатын жұмыстардың Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен құрастырмаларды пайдалануды көрсетуге;

      5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың талаптарын орындау үшін Жобалаушы/Орындаушы тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуі тиіс;

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шартты іске асыру мақсаттарынан басқа, жоғарыда аталған құжаттар мен ақпаратты пайдаланбауға;

      7) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;

      8) Тапсырыс берушіге Жобалаушының/Орындаушының Шарт талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз әрекеттерден туындаған өзіне келтірілген залалды толық көлемде өтеуге;

      9) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін ресімдеуге және жіберуге;

      10) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жазып беру қағидалрына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жазып беруге міндеттенеді.".

      3. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32868 болып тіркелген) келесі толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1178 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша конкурсы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар не көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер өкілдерінің (дистрибьюторлардың немесе дилерлердің) арасында жүзеге асырылады.

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 18-қосымша:

      Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдайды:

      1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      2) банк кепілдігі;

      3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.

      Осы тармақтың талаптары тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерге қолданылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      10. Төлеу мерзімі_______________________________________________

      (мысал: тауар межелі пунктте қабылданғаннан кейін % немесе алдын ала төлеу).

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, Тапсырыс беруші шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде шарт сомасының 30 % мөлшерінде аванстық төлем жүргізеді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Өнім беруші шартта көзделген мерзімде Тауарды жеткізе алмаса, Тапсырыс беруші шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына залалсыз, өнім беруші міндеттемені орындамағанда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеменің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынан 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.

      Егер Өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде болса, онда тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы шарттың жалпы сомасының 3 (үш) пайызынан аспауға тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 19-қосымша:

      Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Төлемдердің түрлері мен мерзімі

      ________________________________________________________________

      (төлемдердің қалай жүргізілетінін және төлеу мерзімін көрсету керек: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы)

      Бұл ретте, жұмыс көлемі қосалқы мердігерлікке берілген жағдайда, Мердігер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге бөлінген соманың 30 % мөлшерінде аванстық төлем төлеуге міндеттенеді.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі Қосалқы мердігерге аралық төлемдерді мердігер бұрын төленген авансты пропорционалды ұстауды ескере отырып, Тапсырыс берушіден мердігердің есеп айырысу шотына аралық төлемдер түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.

      Мердігер орындалған жұмыстар үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі қосалқы мердігерге ақы төлеуді Мердігердің есеп шотына Тапсырыс берушіден төлем түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.".