БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18.МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарауды және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды дайындауын білдіреді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.";
26-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26-5. БИЖ ТЭН-ін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінімге БИЖ ТЭН-ін әзірлеудің немесе түзетудің мәлімделген құнын растайтын есептемелер қоса беріледі ("Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 223-НҚ бұйрығына және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарына сәйкес).";
50-қосымша алып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару сапасының рейтингін қалыптастыруды есептеу
1. Өңірлердегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын басқару сапасының көрсеткішін есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:
Ri – i-ші өңір үшін МЖӘ даму деңгейінің көрсеткіші, (баллмен);
PIi – жекеше әріптестің тартылған инвестицияларының мемлекеттік міндеттемелер есебінен өтелу индексі үшін балл, i-ші өңір;
Mi. – і-ші өңірдің мониторингін уақтылы ұсынғаны үшін балл;
Di – і-ші өңірдің жобалары бойынша құжаттар топтамасын ұсынғаны үшін балл;
ni – i-ші өңірдегі жобалардың жалпы саны.
1) Жекеше әріптестің тартылған инвестицияларының мемлекеттік міндеттемелер есебінен өтелу индексі үшін балл мынадай формула бойынша айқындалады:
І – жоба бойынша жекеше әріптестің инвестиция сомасы;
GO – жоба бойынша мемлекеттік міндеттеме сомасы;
BpI – инвестицияның өтелу индексі үшін базалық балл;
n – МЖӘ жобаларының саны.
2) і-ші өңірдің мониторингтерін уақтылы ұсынғаны үшін балл мынадай формула бойынша айқындалады:
M₁ – Қағидаларға сәйкес белгіленген мерзімде берілген мониторинг саны (есепті жылдан кейінгі 20 ақпанға дейін);
Bpm₁ – M₁ үшін базалық балл;
M₂ – белгіленген мерзімнен кейін берілген мониторинг саны (есепті жылдан кейінгі 20 ақпаннан кейін);
Bpm₂ – M₂ үшін базалық балл;
M₃ – ұсынылмаған мониторинг саны;
Bpm₃ – M₃ үшін базалық балл;
n – МЖӘ жобаларының саны.
3) і-ші өңірдің жобалары бойынша ұсынылған құжаттар топтамасы үшін балл мынадай формула бойынша айқындалады:
D1 – жобалар бойынша сұратылған құжаттардың толық топтамасының ұсынылған саны;
Bpd1 - D1 үшін базалық балл;
D₂ – жобалар бойынша сұралатын құжаттардың толық емес топтамасының ұсынылған саны;
Bpd₂ - D2 үшін базалық балл;
D3 – жобалар бойынша толық ұсынылмаған құжаттар топтамасының саны;
Bpdз – D3 үшін базалық балл;
n – МЖӘ жобаларының саны.
2. Өлшемшарттардың мәндерін бағалау мынадай мәліметтер негізінде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік міндеттемелер есебінен жекеше әріптес инвестицияларының өтелу индексі: жекеше әріптес инвестициясының және мемлекеттік міндеттеменің сомасы МЖӘ жобалары бойынша жасалған Шарттар негізінде айқындалады;
2) жобаларды іске асыру мониторингінің нәтижелерін ұсынудың уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың ресми ілеспе хаттары негізінде МЖӘ дамыту орталығының атына жобалардың мониторингін ұсына отырып айқындалады;
3) МЖӘ жобалары бойынша құжаттар топтамасын ұсыну: жергілікті атқарушы органдардың ресми ілеспе хаттары негізінде МЖӘ дамыту орталығының атына сұратылған құжаттар топтамасы ұсыныла отырып айқындалады. Ұсынылатын құжаттың саны мен атауын МЖӘ дамыту орталығы айқындайды.
3. МЖӘ даму деңгейінің көрсеткіштерін бағалаудың әрбір өлшемшарты үшін базалық балл 1-кестеге сәйкес айқындалады.
1-кесте
Бағалау өлшемшарттары бойынша базалық балл
Р/с | Өлшемшарт атауы | Әрбір өлшемшарт бірлігі үшін базалық балл |
1 | Жекеше әріптестің тартылған инвестицияларының мемлекеттік міндеттемелер есебінен өтелу индексі (PIi) | 50 |
2 | Мониторингті уақтылы ұсыну: | |
2.1 | белгіленген мерзімде ұсынылған (M1) | 20 |
2.2 | белгіленген мерзімнен кейін ұсынылған (M2) | 10 |
2.3 | ұсынылмаған (M3) | -20 |
3 | Ұсынылған құжаттар топтамасы | |
3.1 | құжаттардың толық топтамасы ұсынылды (D1) | 30 |
3.2 | ұсынылған құжаттар топтамасы толық емес (D2) | 20 |
3.3 | ұсынылмаған (D3) | -30 |