1. "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. ТК қызметін қамтамасыз ету, хат-хабар жүргізу, ТК отырысына құжаттарды дайындау және ресімдеу мақсатында төраға, оның орынбасары (қажет жағдайда), жауапты хатшысынан және шет тілін білетін сарапшыдан тұратын хатшылық жұмыс істейді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. ТК жұмыс жоспары жоспарланған жұмыстарды орындайтын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін СҰО жіберіледі.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. ТК мынадай жағдайларда:
1) осы Қағидаларда және негізге алынатын ұлттық стандартта көрсетілген функцияларды орындамаған кезде;
2) ТК бастамасы бойынша (негіздемесімен);
3) қанағаттанарлықсыз рейтингтік бағалау кезінде, сондай-ақ екі жыл ішінде жыл қорытындысы бойынша ТК қызметі туралы есеп ұсынылмаған кезде таратылады.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |