БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
3-тармақтың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"79) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;";
3-тармақтың 145) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"145) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (офис, дүкен, дәмхана, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік;";
645 және 646-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"645. Магистральдық темiржол желiлерінiң көрсетілетін қызметтерiне белгiлi бiр бағыттар, жүктердің түрлерi, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай тарифтерге ең жоғары индекс түрiнде айқындалған тарифтiң ең жоғары деңгейiн уәкiлеттi органның ведомствосы мына формула бойынша айқындайды:
Imax = (Шt+ПЖДt-Кмақсатқа сай емесt -НБішкt)/Кt ,мұндағы:
Imax – магистральдық темiржол желiлерiнiң көрсетілетін қызметтерiне белгiлi бiр бағыттар, жүктердің түрлерi, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай тарифтерге ең жоғары индекс түрiнде айқындалған тарифтiң ең жоғары деңгейi;
Шt – t жылға бекітілген тарифте ескерілген, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты белгiлi бiр бағыттар, жүктердің түрлерi, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай субъект шығыстарының сомасы, теңге;
ПЖДt – осы Қағидалардың 11-тарауына сәйкес Cубъект пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалған магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынуға пайданың жол берілетін деңгейі;
Кt – t жылға бекітілген тарифте ескерілген, магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынудан белгiлi бiр бағыттар, жүктердің түрлерi, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай кірістің болжанатын сомасы, теңге;
НБішкt – тарифті бекітудің жоспарланған кезеңіне магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынудан белгiлi бiр бағыттар, жүктердің түрлерi, жылжымалы құрамның типтері бойынша және тасудың арақашықтығына қарай негізгі борыш, теңге;
Кмақсатқа сай емесt – осы Қағидалардың 651-2-тармағына сәйкес айқындалған, магистральдық теміржол желіcінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түсетін және мақсатқа сай пайдаланбауға бағытталған нақты кірістер сомасы".
646. Магистральдық темiржол желiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектерiн қолданудың мақсаты:
1) теміржол көлігімен жүктерді тасуды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) бұрын теміржол көлігімен жүзеге асырылмаған жаңа жүк ағындарын тарту;
3) теміржол көлігімен тасу көлемінің өсуін ынталандыру;
4) қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құруға, энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыру мен тариф құрамында ескерілмеген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі берешекті өтеу үшін кірістер алу болып табылады.";
Мынадай мазмұндағы 648-1-тармақпен толықтырылсын:
"648-1. Магистральдық теміржол желіcінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектерін өзгерту үшін субъект магистральдық теміржол желіcінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін өзгерту туралы өтінішпен уәкілетті органның ведомствосына күнтізбелік жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде жүгінеді.";
651-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"651. Уәкілетті органның ведомствосы магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері жобаларын қараудың қорытындылары бойынша магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекіту туралы немесе магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекітуден (түзетуден) бас тарту туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 651-1 және 651-2-тармақтармен толықтырылсын:
"651-1. Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде тарифтерге индексті өзгертуді уәкілетті органның ведомствосы субъектінің бастамасы бойынша магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтің қолданылу кезеңінде бір реттен асырмай немесе уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына бір реттен асырмай, осы Қағидалардың 134-1-қосымшасына сәйкес 1 және 2-нысан бойынша, негіздеуші материалдар мен есептемелерді (шарттардың және төлем тапсырмаларының көшірмелері, теңгерімдік және қалдық құны, қызмет ету мерзімі, жылдық амортизациясы көрсетілген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілік тізбесін, түгендеу карточкасын, сондай-ақ өзге де құжаттарды) қоса бере отырып жүргізеді.
Уәкiлеттi орган ведомствосының бастамасы бойынша магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде тарифтерге индекстерді өзгерту қажет болған жағдайда субъект тиiстi талапты алған күнінен бастап бiр ай мерзімде магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтерге индекстер шамасын өзгерту туралы өтiнiш бередi.
Субъектiнiң бастамасы бойынша магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге индекстерді өзгерту қажет болған жағдайда, субъект уәкiлеттi органның ведомствосына магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтерге индекстер шамасын өзгерту туралы өтiнiш бередi.
Уәкілетті органның ведомствосы магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге индекстер шамасын өзгерту туралы субъектінің өтiнiшін қараудың қорытындысы бойынша магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге индекстерді бекіту туралы немесе магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтерге индекстер шамасын бекітуден бас тарту туралы шешімді оны ұсынған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімде қабылдайды. Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге индекстерді бекіту туралы шешім уәкілетті орган белгілеген мерзімде күшіне енеді.
Уәкілетті орган ведомствосының магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге индекстерді бекіту туралы шешімі уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті органның ведомствосы субъектіге оны бекіту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жібереді.
651-2. Субъект осы Қағидалардың 42-тармағына сәйкес, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылғы 1 мамырдан кешіктірмей, уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 134-1-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түскен кірістердің нақты деңгейінің мақсатқа сай пайдаланылуы туралы есепті нақты шығындарды растайтын негіздемелік материалдарды және есептемелерді қоса бере отырып ұсынады.
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түсетiн кiрiстердiң нақты деңгейiн мақсатқа сай пайдаланбаған жағдайда, уәкiлеттi органның ведомствосы магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифке ең жоғары индексті магистральдық темiржол желiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде қолданудан түсетін кірістің нақты деңгейін мақсатқа сай пайдаланбау сомасына төмендету туралы шешім қабылдайды.
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифке ең жоғары индексті төмендету магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне ең жоғары индексті баға шектері шеңберінде тарифтерге қолданудан түскен нақты кірісті мақсатқа сай пайдалану туралы субъектінің есебін қарау аяқталған айдан кейінгі екінші айдың бірінші күні жүзеге асырылады.
Субъект магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті төмендету туралы ақпаратты ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей тұтынушының назарына жеткізді.
Уәкiлеттi орган ведомствосының магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті төмендету туралы шешімі уәкiлеттi орган ведомствосының бұйрығы түрінде ресiмделедi. Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде орналастырылады.";
652-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"652 Уәкiлеттi органның ведомствосы егер:
баға шектерін белгілеу осы Қағидалардың 655-тармағының негізінде магистральдық темiржол желiлерiнiң көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтерге бекітілген ең жоғары индекстің шеңберінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф деңгейін өзгерту жағдайларын қоспағанда, субъектінің көлемдері мен кірістерінің төмендеуіне апарып соқса;
тұтынушылар үшін кемсітушілік жағдайлар жасаса;
субъект осы Қағидалардың 651-1-тармағында көзделген растайтын материалдар мен есептемелерді ұсынбаса, магистральдық темiржол желiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге баға шектерін бекітуден бас тартады.";
655, 656, 657, 658 және 659-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"655. Субъект осы Қағидалардың 646-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында және мынадай:
тұтынушы тауарларын өткізудің сыртқы немесе ішкі нарықтарындағы конъюнктураны жақсарту;
қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құруға, энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға және тариф құрамында ескерілмеген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі берешекті өтеу үшін кірістер алу өлшемшарттарының бірі орындалған жағдайда, магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде тарифке ең жоғары индексті қолдану туралы шешім қабылдайды.
Конъюнктураны жақсарту құны тауардың тауар биржаларының, жетекші халықаралық тәуелсіз баға агенттіктерінің биржалық баға белгіленімдерінің деректері немесе тарифтің қолданылу кезеңінің ағымдағы жылының алдындағы бес жылы ішінде ұқсас кезеңдерге айқындалған тауардың орташа бағасына қатысты тарифтің қолданыстағы кезеңінің ағымдағы жылының кем дегенде алты айындағы кезеңіне мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның статистикалық анықтамалықтарында жарияланатын деректер бойынша айқындалатын тасымалданатын тауар бағасының артуын білдіреді.
656. Магистральдық темiржол желiлерiнің реттеліп көрсетілетін қызметтерiне тарифтiң ең төменгі деңгейi шеңберінде магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер деңгейiн төмендету жөніндегі шешiмдi тұтынушының өтiнімі бойынша субъект қабылдайды.
Тұтынушының магистральдық темiржол желiлерінің көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтің ең төменгі деңгейi шеңберінде магистральдық темiржол желiсiнің реттелiп көрсетілетін қызметтерiне тарифтердің деңгейін төмендетуге өтінімі субъектіге осы Қағидаларға 132-қосымшаның 1-тармағына сәйкес құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып беріледi.
Тұтынушының өтінімін қарау нәтижелері бойынша субъект өтінім берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:
1) теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін төмендету туралы шешім;
2) теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін төмендетуден бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығарады.
657. Субъект "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - комиссия) ұсынымы бойынша магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге бекітілген индекс шеңберінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің ең төменгі немесе (және) ең жоғары деңгейін қолданады.
Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге бекітілген индекс шеңберінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің ең төменгі немесе (және) ең жоғары деңгейін қолдану туралы мәселені комиссияның қарауына шығару үшін субъект салалық бағалауды, сондай-ақ тиісті саланың дамуына экономикалық әсерді қамтитын тиісті салалық уәкілетті органның оң қорытындысын алуы қамтамасыз етеді.
658. Магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін баға шектері шеңберінде өзгерту туралы шешім осы Қағидалардың 133-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субъект басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде қабылданады.
Магистральдық темiржол желiлерінiң көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтің ең төменгі деңгейі шеңберінде магистральдық темiржол желiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне тарифтер деңгейін төмендетуден бас тартылған кезде өтініш берушіге еркін нысанда темiржол желісінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер деңгейiн төмендетуден бас тарту туралы дәлелді қорытынды жіберіледі.
659. Субъектiнiң магистральдық темiржол желiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер деңгейiн баға шектері шеңберінде өзгерту туралы бұйрығы ол шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде субъектiнiң интернет-ресурсында жарияланады.";
661-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"661. Субъект магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер деңгейiн баға шектері шеңберінде өзгерту туралы шешiм қабылдаған кезде, осындай шешiм күшiне енгенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей:
уәкілетті органның ведомствосын қабылданған шешім және магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер деңгейін өзгерту шарттары туралы хабардар етеді;
тұтынушыға тарифтің ең төменгі деңгейі шеңберінде магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер деңгейiн төмендетуге өтінімді қараудың нәтижелерін жібереді.";
665-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"665. Субъект қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің технологиялық циклінде тікелей пайдаланылатын жаңа активтерді құруға, энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыру мен тариф құрамында ескерілмеген реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі берешекті қайтарған жағдайда, осы шешімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтер деңгейiн арттыру туралы шешiмнiң күшiн жояды (қайта қарайды).";
668-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"668. Магистральдық темiржол желiсiнiң көрсетілетін қызметтерiне тарифтiң ең төменгі деңгейi шеңберінде магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер деңгейiн төмендету бойынша шешiмнiң қолданылуын ұзарту үшін тұтынушы немесе субъектiнiң тиiстi бөлiмшесi шешiмнiң қолданылуы аяқталғанға дейiн осы Қағидаларда көзделеген магистральдық темiржол желiciнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне тарифтердiң деңгейін төмендету бойынша өлшемшарттардың сақталуын растайтын құжаттар мен ақпаратты қоса бере отырып субъектіге өтiнiм бередi.";
671-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"671. Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер деңгейiн баға шектері шеңберінде өзгерту белгiлi бiр бағыттар, жүктердің түрлерi, жылжымалы құрамның типтері (контейнерлер, контрейлерлер және өзге көлiк бiрлiктерi (құралдары)) бойынша және тасудың арақашықтығына қарай жүзеге асырылады.";
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 134-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2023 жылғы 27 қарашадағы № 179 Бұйрыққа қосымша |
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 134-1-қосымша |
1-нысан
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті өзгерту (түзету) бойынша мәлiметтер
Есептік кезең: 20 ___ жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1 – ең жоғары тариф (МТЖ)
Кезеңділігі: субъектінің бастамасы бойынша магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтің қолданылу кезеңінде бір реттен артық емес немесе уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына бір реттен артық емес
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: субъектінің бастамасы бойынша күнтізбелік жылғы 1 қазанға дейін және уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша субъект тиісті талап алған күннен бастап бір ай мерзімінде
________________________________________________
Субъектінің атауы
Р/с № | Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Кезең | |||
1-жыл | … | |||||
Қолданыстағы тарифте бір жылға есептеліп қабылданған, барлығы | Табиғи монополия субъектісінің жобасы | Қолданыстағы тарифте бір жылға есептеліп қабылданған, барлығы | Табиғи монополия субъектісінің жобасы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Жүктерді тасу көлемдері | мың тонна | ||||
2 | Жүктерді тасудың жүк айналымы | млн т-км | ||||
3 | Субъектінің жекелеген бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай шығыстар сомасы (Рt) | мың теңге | ||||
4 | Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынуға пайданың жол берілетін деңгейі (ПЖДt) | мың теңге | ||||
5 | Жекелеген бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай кірістер сомасы (Кt) | мың теңге | ||||
6 | Жекелеген бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай негізгі борыш (НБішкіt) | мың теңге | ||||
7 | Магистральдық теміржол желіcінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан және осы Қағидалардың 651-2-тармағына сәйкес айқындалған мақсатқа сай пайдаланбауға бағытталған нақты кірістер сомасы (К мақсатқа сай емесt) | мың теңге | ||||
8 | Белгілі бір бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және тасудың арақашықтығына қарай магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең жоғары индекс түрінде айқындалған тарифтің ең жоғары деңгейі (Imax) | Индекс |
Табиғи монополия субъектісінің басшысы:
________________________________________
Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Күні: 20 жылғы " ___ " ______________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған 1-нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шегiнде тарифтерге ең жоғары индексті өзгерту (түзету) бойынша мәлiметтер (индекс – 1 – ең жоғары тариф (МТЖ), кезеңділігі: субъектінің бастамасы бойынша магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтің қолданылу кезеңінде бір реттен асырмай немесе уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына бір реттен асырмай)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсіндірме магистральдық теміржол желісіне қызмет ұсынатын табиғи монополия субъектісінің магистральдық теміржол желісінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне бағалар шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті өзгерту (түзету) бойынша мәліметтерді дайындауына арналған.
2. Құндылық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
3. Нысанға басшы қол қояды. Нысан уәкілетті органның ведомствосына электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанды толтыру кезінде субъект сол жақ жоғары бұрышта кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғары бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге тиіс. Мәліметті субъект магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтің қолданылуы кезеңіне толтырады.
5. Осы нысан уәкілетті органның ведомствосына магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бағалар шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті өзгерту (түзету) бойынша мәліметтерді ұсыну үшін толтырылады.
6. 4 және 6-бағандарда бекітілген тарифте ескерілген 2-баған бойынша көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі.
7. 5 және 7-бағандарда табиғи монополия субъектісі ұсынатын 2-баған бойынша көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі.
8. "Жүктерді тасу көлемдері" және "Жүктерді тасудың жүк айналымы" жолдарында табиғи монополия субъектісі магистральдық теміржол желісінің жүктерді жеткізу жөніндегі тасу жұмысы реттеліп көрсетілетін қызметтерінің көлемдері көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
9. "Субъектінің белгілі бір бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай шығыстар сомасы (Рt)" жолында табиғи монополия субъектісі белгілі бір бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және бекітілген тарифте ескерілген тасудың арақашықтығына қарай шығыстар сомасы көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
10. "Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынуға пайданың жол берілетін деңгейі (ПЖДt)" жолында табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 11-тарауына сәйкес Субъект пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес есептелген көрсеткіштердің мәндерін көрсетеді.
11. "Белгілі бір бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай кірістер сомасы (Кt)" жолында табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифте ескерілген белгілі бір бағыттар бағыттар, жүктердің түрi, жылжымалы құрам типі бойынша және тасудың арақашықтығына қарай кірістер сомасы көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
12. "Белгілі бір бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай негізгі борыш (НБішкіt)" жолында табиғи монополия субъектісі белгілі бір бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін ұсынумен байланысты тасудың арақашықтығына қарай субъектінің бухгалтерлік теңгеріміндегі негізгі борыш көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
13. "Магистральдық теміржол желіcінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан және осы Қағидалардың 651-2-тармағына сәйкес айқындалған мақсатқа сай пайдаланбауға бағытталған нақты кірістер сомасы (Кмақсатқа сай емесt)" жолында табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 651-2-тармағына сәйкес айқындалған мақсатқа сай пайдаланбауға бағытталған кірістер сомалары көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
14. "Белгілі бір бағыттар, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі бойынша және тасудың арақашықтығына қарай магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең жоғары индекс түрінде айқындалған тарифтің ең жоғары деңгейі (Imax)" жолында табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 645-тармағына сәйкес есептелген көрсеткіштердің мәндерін көрсетеді.
2-нысан
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең төмен индексті өзгерту (түзету) бойынша мәлiметтер
Есептік кезең 20 ___ жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2 – ең төмен тариф (МТЖ)
Кезеңділігі: субъектінің бастамасы бойынша магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтің қолданылу кезеңінде бір реттен артық емес немесе уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына бір реттен артық емес
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: субъектінің бастамасы бойынша күнтізбелік жылғы 1 қазанға дейін және уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша субъект тиісті талап алған күннен бастап бір ай мерзімінде
________________________________________________
Субъектінің атауы
Р/с № | Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Кезең | |||
1-жыл | … | |||||
Қолданыстағы тарифте бір жылға есептеліп қабылданған, барлығы | Табиғи монополия субъектісінің жобасы | Қолданыстағы тарифте бір жылға есептеліп қабылданған, барлығы | Табиғи монополия субъектісінің жобасы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | Жүктерді тасу көлемдері | мың тонна | ||||
2 | Жүктерді тасудың жүк айналымы | млн т-км | ||||
3 | Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты шығыстар сомасы (Рt) | мың теңге | ||||
4 | Амортизациялық аударымдар (At) | мың теңге | ||||
5 | Субъектінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша, қаржыландыру көзі субъектінің пайдасы болып табылатын шығындары () | мың теңге | ||||
6 | Субъектінің қарыз қаражаттын тартумен іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталған, қаржыландыру көзі субъектінің пайдасы болып табылатын шығындары () | мың теңге | ||||
7 | Магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін ұсынудан түсетін кірістің болжанатын сомасы (Кt) | мың теңге | ||||
8 | Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең төмен индекс түріндегі тарифтің ең төмен деңгейі (Imin) | Индекс |
Табиғи монополия субъектісінің басшысы:
________________________________________
Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Күні: 20 жылғы " ___ " ______________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған 2-нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шегiнде тарифтерге ең төмен индексті өзгерту (түзету) бойынша мәлiметтер (индекс – 2 – ең төмен тариф (МТЖ), кезеңділігі: субъектінің бастамасы бойынша магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтің қолданылу кезеңінде бір реттен асырмай немесе уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына бір реттен асырмай)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсіндірме магистральдық теміржол желісіне қызмет ұсынатын табиғи монополия субъектісінің магистральдық теміржол желісінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне бағалар шектері шеңберінде тарифтерге ең төмен индексті өзгерту (түзету) бойынша мәліметтерді дайындауына арналған.
2. Құндылық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
3. Нысанға басшы қол қояды. Нысан уәкілетті органның ведомствосына электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанды толтыру кезінде субъект сол жақ жоғары бұрышта кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғары бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге тиіс. Мәліметті субъект магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтің қолданылуы кезеңіне толтырады.
5. Осы нысан уәкілетті органның ведомствосына магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бағалар шектері шеңберінде тарифтерге ең төмен индексті өзгерту (түзету) бойынша мәліметтерді ұсыну үшін толтырылады.
6. 4 және 6-бағандарда бекітілген тарифте ескерілген 2-баған бойынша көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі.
7. 5 және 7-бағандарда табиғи монополия субъектісі ұсынатын 2-баған бойынша көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі.
8. "Жүктерді тасу көлемдері" және "Жүктерді тасудың жүк айналымы" жолдарында табиғи монополия субъектісі магистральдық теміржол желісінің жүктерді жеткізу жөніндегі тасу жұмысы реттеліп көрсетілетін қызметтерінің көлемдері көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
9. "Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты шығыстар сомасы (Рt)" жолында табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифте ескерілген магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынумен байланысты шығыстар сомасы көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
10. "Амортизациялық аударымдар (At)" жолында табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифте ескерілген негізгі қаражат пен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
11. "Субъектінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша, қаржыландыру көзі субъектінің пайдасы болып табылатын шығындары ()" жолында табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифте ескерілген, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және пайда есебінен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарлама іс шараларының іске асырылуы бойынша шығындар сомалары көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
12. "Субъектінің қарыз қаражаттын тартумен іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталған, қаржыландыру көзі субъектінің пайдасы болып табылатын шығындары ()" жолында табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифте ескерілген, қарыз қаражаты есебінен және пайда есебінен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шығындары сомалары көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
13. "Магистральдық теміржол желілерінің қызметтерін ұсынудан түсетін кірістің болжанатын сомасы (Кt)" жолында табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифте ескерілген, магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жоспарланған тарифке ең төмен индексті өзгерту (түзету) кезеңіне магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну сомалары көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
14. "Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең төмен индекс түріндегі тарифтің ең төмен деңгейі (Imin)" жолында табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 644-тармағына сәйкес есептелген көрсеткіштердің мәндерін көрсетеді.
3-нысан
Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосына немесе оның аумақтық органына ұсынылады
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Әкімшілік деректер нысаны www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түсетін кірістің нақты деңгейін мақсатқа сай пайдалану туралы есеп
Есептік кезең 20 ___ жыл
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 3 – тариф (МТЖ)
Кезеңділігі: жылдық
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі 1 мамырға дейін
________________________________________________
Субъектінің атауы
Р/н № | Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Кезең | |
1-жыл | ||||
Қолданыстағы тарифте бір жылға есептеліп қабылданған, барлығы | Нақты қалыптасқан көрсеткіштер | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жүктерді тасу көлемдері | мың тонна | ||
2 | Жүктерді тасудың жүк айналымы | млн т-км | ||
3 | Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолдануға дейін магистральдық темiржол желiсiнің қызметтерін көрсетуден түсетін кірістер сомасы | мың теңге | ||
4 | Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолданудан кейін магистральдық темiржол желiсiнің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті көтеруден түсетін кірістер сомасы | мың теңге | Х | |
4.1 | мынадай мақсаттарға бағытталған… | мың теңге | Х | |
5 | Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолданудан магистральдық темiржол желiсiнің қызметтерiн көрсетуден түсетін кірістер өсімінің сомасы | мың теңге | Х | |
6 | Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан алынған нақты кірісті мақсатқа сай пайдаланбау сомасы | мың теңге | Х | |
7 | Магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең жоғары индекс, оның ішінде: | индекс | ||
7.1 | жүктерді тасу бағыттары, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі, жүктерді тасу арақашықтығы бойынша | индекс | ||
7.2 | … | индекс |
Табиғи монополия субъектісінің басшысы:
________________________________________
Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі қолы
Күні: 20 жылғы " ___ " ______________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған 3-нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Магистральдық темiржол желiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне баға шектері шегiнде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түсетін кірістің нақты деңгейін мақсатқа сай пайдалану туралы есеп (индекс – 3 – тариф – (МТЖ), кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсіндірме магистральдық теміржол желісіне қызмет ұсынатын табиғи монополия субъектісінің магистральдық теміржол желісінің реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне бағалар шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түсетін кірістердің нақты деңгейін мақсатқа сай пайдалану туралы есепті дайындауына арналған.
2. Құндылық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.
3. Есепке басшы қол қояды. Есеп уәкілетті органның ведомствосына электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанды толтыру кезінде субъект сол жақ жоғары бұрышта кәсіпорынның атауын, ал оң жақ жоғары бұрышта уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетуге тиіс. Мәліметті субъект алдыңғы күнтізбелік жылға толтырады.
5. Осы нысан уәкілетті органның ведомствосына магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бағалар шектері шеңберінде тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түскен кірістердің нақты деңгейін мақсатқа сай пайдалану туралы есеп беру үшін толтырылады.
6. 4-бағанда уәкілетті органның ведомствосы бекіткен 2-баған бойынша көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі.
7. 5-бағанда есептік жылға субъект қызметінің қорытындылары бойынша қалыптасқан 2-баған бойынша көрсеткіштердің мәндері көрсетіледі.
8. "Жүктерді тасымалдау көлемдері" және "Жүктерді тасымалдау жүк айналымы" жолдарында табиғи монополия субъектісі магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жүктерді жеткізу жөніндегі тасу жұмысының көлемдері көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.
9. "Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолдануға дейін магистральдық темiржол желiсiнің қызметтерін көрсетуден түсетін кірістер сомасы" жолында табиғи монополия субъектісі тарифке ең жоғары индексті қолданусыз магистральдық темiржол желiлерiнің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден түскен кірістер сомасы көрсеткіштерінің мәнін көрсетеді.
10. "Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолданудан кейін магистральдық темiржол желiсiнің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті көтеруден түсетін кірістер сомасы" жолында табиғи монополия субъектісі тарифке ең жоғары индексті қолдануды ескеріп, магистральдық темiржол желiлерiнің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден түскен кірістер сомасы көрсеткіштерінің мәнін көрсетеді.
11. "мынадай мақсаттарға бағытталған…" жолында табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 646-тармағына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолданудан түскен кірістердің нақты деңгейінің мақсатқа сай пайдаланылуы туралы көрсеткіштердің мәндерін көрсетеді.
12. "Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолданудан магистральдық темiржол желiсiнің қызметтерiн көрсетуден түсетін кірістер өсімінің сомасы" жолында табиғи монополия субъектісі "Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолданудан кейін магистральдық темiржол желiсiнің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифті көтеруден түсетін кірістер сомасы" және "Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифке ең жоғары индексті қолдануға дейін магистральдық темiржол желiсiнің қызметтерін көрсетуден түсетін кірістер сомасы" жолдары арасындағы айырмашылық ретінде көрсеткіштердің мәнін көрсетеді.
13. "Магистральдық темiржол желiлерiнің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан алынған нақты кірісті мақсатқа сай пайдаланбау сомасы" жолында табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 646-тармағына сәйкес айқындалған магистральдық теміржол желілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге ең жоғары индексті қолданудан түскен кірістің нақты деңгейін мақсатқа сай пайдаланбау туралы көрсеткіштердің мәндерін көрсетеді.
14. "жүктерді тасу бағыттары, жүктердің түрі, жылжымалы құрамның типі, жүктерді тасу арақашықтығы бойынша" жолында табиғи монополия субъектісі жекелеген бағыттар, жүктер түрлері, жылжымалы құрам типтері (контейнерлер, контрейлерлер және өзге де көлік бірліктері (құралдары) бойынша қолданылатын тарифтерге ең жоғары индекс шамаларына, сондай-ақ тасымалдар арақашықтығына байланысты көрсеткіштерінің мәндерін көрсетеді.