Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 758 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қазанда № 33574 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 758 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:

      26-тармақ алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17724 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларында:

      27-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы.".

      3. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20138 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер және оның ведомстволары бойынша:

      1) мекеме бастығы;

      2) мекеме бастығының орынбасары;

      3) бөлім, бөлімше бастығы;

      4) кезекші бөлімнің бастығы;

      5) бөлім бастығының орынбасары;

      6) бөлімше бастығы.".