"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қазанда № 33499 болып тіркелді

      БҰЙЫРЫМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мыналарды:

      1) тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;

      2) тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;

      3) тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.";

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1-қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.";

      36-тармақтың 2) тармақшасында орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-4 сыныптарда - 34 оқу аптасы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Оқу жылының ұзақтығы– 34 оқу аптасы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. 10-11 (12) сыныптарда оқу жылының ұзақтығы – 34 оқу аптасы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

      Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына, "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ОБКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

      Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ОБКБ ұйымдар), ОБКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев