"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 256 және Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 11-1/487 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 440 және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 306 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7155 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
Министрдің м.а. | А. Бердалин |
Министрдің м.а. | Е. Биржанов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |