Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 256 және Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 11-1/487 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 440 және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 306 бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 қыркүйекте № 7155 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 160, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 973, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 328 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 7 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.09.2023 № 160, ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.09.2023 № 973, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.09.2023 № 328 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.09.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысымен бекітілген Салалық органдардың кәсіпорының Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызудың қоса беріліп отырған өлшемдері бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы және экономикалық даму және сауда министрліктерінің ресми интернет-ресурстарында жариялануы қамтамасыз етілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілгінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың бақылау орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә.Құсайыновқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа


технологиялар министрлігінің


Бірінші Вице-министрі


__________________


Рау А.П.


Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі


_______________________


Мамытбеков А.С.


Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі


_______________________


Жәмішев Б.Б.


Қазақстан Республикасы


Экономикалық даму және сауда министрі


_______________________


Келімбетов Қ.Н.


Қазақстан Республикасы


Индустрия және жаңа


технологиялар


министрінің міндетін атқарушы


___________________________


Сауранбаев Н.Е.



  Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрлігінің міндетін атқарушы
2011 жылғы 31 тамыздағы № 306
және Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 26 тамыздағы
№ 11-1/487 және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 26 тамыздағы № 440
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 256 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері

      1. Осы кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысымен бекітілген Салалық органдардың кәсіпорының Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламанасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасының 3-тармағының 4) тармақшасын орындау үшін әзірленген.

      2. Кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері міндетті және ұсынымдық сипаттағы болып бөлінеді:

      1) міндетті өлшемдері:

      кәсіпорын Қазақстан Республикасының "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңына сәйкес орта немесе ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы тиіс;

      кәсіпорынның есепті жылдың алдындағы үш жылдық кезеңнің біріндегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өнеркәсіп өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы, өңірдің ерекшелігі ескеріле отырып – кем дегенде 0,1%;

      кәсіпорын өндірісінің облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өнеркәсіп өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстардың жалпы көлеміндегі жоспарланған үлес салмағы, өңірдің ерекшелігі ескеріле отырып - кем дегенде 0,1%;

      2) ұсынымдық өлшемдері:

      өндірістік тізбенің сақталуы мен дамуы үшін кәсіпорынның маңыздылығы, өнімдерді өндіруге, барынша жоғары қайта бөлінетін жұмыстарды орындауға көшу үшін әлеуетінің болуы;

      ішкі және сыртқы нарықтарға ұзақ мерзімді өткізу перспективасы бар шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, атқарылатын жұмыстардың өзектілігі;

      әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықтың әлеуметтік осал топтарын бірінші кезектегі қажет таурлармен қамтамасыз ету, бағалардың өзгеру мүмкіндігінің және өнімнің тапшылығының кері салдарларын барынша азайту бөлігінде кәсіпорынның өңір үшін маңыздылығы;

      мультипликативті әсердің болуы, ілеспе өндірістерді, шағын және орта бизнесті дамыту.

      3. Кәсіпорынды жүйе құрушыға жатқызуды өңірдің ерекшілігін ескере отырып, осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерінің сәйкестігі туралы облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органы әкімдігінің қорытындысы түрінде жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

  Кәсыпорындарды жүйе құрушыға
жатқызу өлшемдеріне
қосымша
Нысаны

      Қазақстан Республикасы Облыстың (республикалық маңызы

      Экономикалық даму және сауда бар қала, астана) жергілікті

      министрлігімен келісілген атқарушы органының әкімдігі

      бекіткен

      _____________________________ ___________________________

      (А.Т.Ә.), қолы (А.Т.Ә.), лауазымы, қолы

      20 __ жыл______ № ____

Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органы әкімдігінің кәсіпорындарды жүйе құрушыға жатқызу өлшемдерінің сәйкестігі туралы
ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      1) Кәсіпорындарды міндетті сипаттағы жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана

      № 1 Кесте

№ р/с

Қатысушының атауы

Өлшем бірлігі

Кезең (жыл)

Мәні

1

"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпорынның түрі

орта, ірі



2

Өнеркәсіп өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстар көлемінің, сондай-ақ оның есепті жылдың алдындағы үш жылдық кезеңнің біріндегі өнеркәсіп өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы

миллион теңге



%



3

Салынып жатқан кәсіпорын өнімі өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстары жоспарланған, сондай-ақ оның жалпы көлеміндегі өнімі өндірісінің және/немесе көрсетілетін қызметтер мен атқарылатын жұмыстары жоспарланған үлес салмағы

миллион теңге



%




      2) Кәсіпорындарды ұсынымдық сипаттар жүйе құрушыға жатқызу өлшемдері

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана

      № 2 Кесте

№ р/с

Қатысушының атауы

Өлшемдері

(Кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-экономикалық индикаторларының болжамы)*

1

Өндірістік тізбенің сақталуы мен дамуы үшін кәсіпорынның маңыздылығы, өнімдерді өндіруге, барынша жоғары қайта бөлінетін жұмыстарды орындауға көшу үшін әлеуетінің болуы


2

Ішкі және сыртқы нарықтарға ұзақ мерзімді өткізу перспективасы бар шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, атқарылатын жұмыстардың өзектілігі


3

Әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықтың әлеуметтік осал топтарын бірінші кезектегі қажет таурлармен қамтамасыз ету, бағалардың өзгеру мүмкіндігінің және өнімнің тапшылығының кері салдарларын барынша азайта бөлігінде кәсіпорынның өңір үшін маңыздылығы


4

Мультипликативті әсердің болуы, ілеспе өндірістерді, шағын және орта бизнесті дамыту



      Ескерту: Ақпарат мазмұнды сипатта болуы және болжамды көрсеткіштерді қамту тиіс

      3) Облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктері) жергілікті атқарушы органы әкімдігінің кәсіпорындарды, жүйе құрушыға жатқызу қорытындысы