Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту тура

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 33370 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалға берушінің:

      1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалдаушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жазбаша рұқсат беруге;

      2) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;

      3) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;

      4) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;

      5) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1. Форс-мажор

      24-1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күш мән-жайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындау үшін өздеріне байланысты барлық шараларды қабылдаған жағдайда, Тараптар міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      24-2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары болған, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге ауыстырылады.

      24-3. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде басқа Тарапты осындай мән-жайлардың басталғаны туралы күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етеді.

      24-4. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты міндеттеменің орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға сілтеме жасау мүмкіндігінен айырады.".

      2. "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

      1,2,3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) баланс ұстаушы – объек жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      2) екінші қатысушы – тендерде объект үшін жалдау ақысының мөлшері бойынша екінші соманы ұсынған қатысушы;

      3) жалға беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, сондай-ақ аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі;

      4) жалдаушы (жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      5) кепілдік жарна – тендерге қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

      6) қатысушы – тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      7) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген , жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      8) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – объект) – су шаруашылығы құрылыстарын, жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар).

      Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүліктік жалдау (жалға беру) шартының объектісі (нысанасы) болып табылмайды;

      9) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;

      10) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны, онда жалға беруші өзі қабылдаған бастапқы шарттар негізінде жалғыз қатысушымен немесе объектінің жалдау ақысының ең көп сомасын ұсынған тендерге қатысушымен шарт жасасуға міндеттенеді;

      11) тізілімнің веб-порталы – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, тізілімге бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      12) Ұлттық пошта операторы – "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;

      13) шарт – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартына сәйкес жалға беруші мен жалдушы (жалға алушы) арасында жасалған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты;

      14) шарт сәйкестендіргіші – шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні тізілім веб-порталы беретін шарттың бірегей нөмірі;

      15) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Заңның 74-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.

      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Баланс ұстаушы артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін жалға берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында объект туралы ақпарат береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шарт оның талаптарын тиісінше орындаған кезде шарттың қолданылу мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен және одан әрі ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      Егер шарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын баланс ұстаушы жалға берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, негізгі шартқа қосымша келісім жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініші негізінде жасалады.

      Жалға алушының шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтініші объектінің, оны баланста ұстаушының атауы көрсетіле отырып, шарт аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей тізілімнің веб-порталында электрондық нысанда ресімделеді.

      Шартқа қосымша келісім тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жалға беруші мен жалға алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.

      Заңның 74-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартында, Заңның 105, 106, 120 және 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, жалдаушыға (жалға алушыға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талап көзделуі мүмкін.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тендерлік комиссияның құрамына жалға берушінің, баланс ұстаушының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкілдері қосылады.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Тендер тізілім веб-порталында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде басталады және тендер өткізілетін күні аяқталады.

      32. Егер тендер басталған сәтте қатысушылардың тіркелген өтінімдері болмаса, тендер тізілімнің веб-порталымен өткізілмеген деп танылады және жалға беруші осы Қағидалардың 3-параграфында көзделген тәртіппен объектіні тендерге қайта қою туралы шешім қабылдайды.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Жеңімпаз белгіленген мерзімдерде шартқа қол қоймаған жағдайда, жалға беруші шақыруды веб-портал арқылы тендердің қалған қатысушылары арасынан Қағидалардың 35-тармағының талаптарына сәйкес келетін жалдау ақысының келесі ең көп сомасын ұсынған тендерге қатысушыға жібереді, екінші қатысушы қол қоймаған жағдайда жалға беруші тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендердің нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қояды.";

      мынадай редакциядағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Жалға беруші тендер қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған жағдайда, баланс ұстаушы ұсынған ақпарат негізінде осы Қағидалардың 3-параграфында көзделген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қайта тендер жариялайды.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікке арналған мүліктік жалдау (жалға алу) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелуге жатады.

      Шарттарды құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеу жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Баланс ұстаушы шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында баланс ұстаушы, жалдаушы қол қойып және жалға беруші бекіткен қабылдау-тапсыру актісі бойынша объектіні жалдаушыға береді.

      Шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған кезде жалға алушы объектіні қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға қайтарады.

      Мүліктік жалдауға (жалға) тапсырғаны үшін жалдау ақысын есептеу объектіні баланс ұстаушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша қайтару сәтіне дейін жүргізіледі.";

      44 және 45-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай редакциядағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:

      "46-1. Жалдаушы (қосалқы жалға алушы) – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға ) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес базалық мөлшерлемелер мен объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттер мөлшері негізінде айқындалады және мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Жа = Бме х S х Кфм х Ктеүт х Кжд х Ко х Кқт х Кұқн,

      мұнда:

      Жа – мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      Бме – 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, бір жылға теңгемен;

      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;

      Кфм – объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері ескерілетін коэффициент;

      Ктеүт – тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;

      Кжд – жайлылық деңгейі ескерілетін коэффициент;

      Ко – аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент;

      Кқт – жалдаушы қызметінің түрі ескерілетін коэффициент;

      Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент.

      Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Жа = Қ х Nam/100 х Кт,

      мұнда:

      Жа – жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      Қ – бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жабдықтың қалдық құны.

      Тозуы 100 пайыз есептелген жабдықты, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;

      Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 271-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;

      Кт – төмендету коэффициенті (жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар алпыс пайыздан аса тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметін қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін беру кезінде – 0,5 мөлшерінде қолданылады).

      Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағатына есептеп мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Жс=Жа/12 /К/24,

      мұнда:

      Жс – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір сағатқа жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      Жа –мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;

      К – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны.

      Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігінің жалдау ақысын есептеу кезінде жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға) берілетін алаңның 25% мөлшерінде осы алаңдардың жалпы пайдаланымдағыорындарға қол жеткізуі ескерілуі қажет.

      Мемлекеттік заңды тұлғалардың түскі ас залдары бар қоғамдық тамақтандыру пункттерін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау есептемесіне ас блогының алаңы және қосалқы үй-жайлар қосылады, себебі түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалдауға берілмейді.

      Жалдаушы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыруды (асхана, буфет) ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсеткен кезде мүліктік жалдауға (жалға) берілетін үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу бір оқу жылы үшін жүргізіледі.

      Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан өнім беруші жазбаша өтініш берген кезде, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мемлекеттік орта білім беру заңды тұлғаларындағы үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу оқу жылы үшін жүргізіледі.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде объектіні мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалдау ақысының мөлшері жалға берушінің талабы бойынша мынадай жағдайда қайта қаралады:

      1) жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері өзгергенде, тендер өткізілмей мүліктік жалдауға (жалға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша;

      2) егер жалдаушы тендерде ұсынған жалдау ақысының мөлшері осы Қағидалардың 49-тармағына сәйкес есептелген жалдау ақысының мөлшерінен аз болса, тендер өткізу арқылы мүліктік жалдауға (жалға) берілген жылжымайтын мүлік бойынша;

      3) жалдау ақысының мөлшері өзгерген кезде жалға беруші www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жалға алушыны жалдау ақысын енгізудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей хабардар етеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 3 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
1-қосымша

      ________________________________________

      (мемлекеттік заңды тұлғаның атауы)

      объектісі туралы ақпарат

      артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалдауға (жалдауға) беру мақсатында жалға берушіге _________________ объект туралы мынадай ақпаратты береді:

      1. мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (лері)туралы мәліметтер:

Р/с №

Мәліметтер

1

атауы

2

қысқаша сипаттамасы (саны, өлшем бірлігі), сондай-ақ объект бойынша әр қырынан түсірілген кемінде үш фотосуреттің электрондық көшірмелерін жеке файлдармен, сондай-ақ техникалық паспорт бойынша орналасу схемасын береді.

3

орналасқан жері

4

нысаналы мақсаты

5

мүліктік жалдауға (жалға)беру мерзімі

6

жылжымайтын мүлік бойынша:


құрылыс типі (кеңсе, өндірістік, қойма, гараж, қазандық, спорт құрылысжайлары (стадиондар, спорт залдары, спорт алаңдары) және басқа құрылыстар (құрылысжайлар);


тұрғын емес үй-жайдың түрі (жеке тұрған құрылыс, жапсарлас жанаса салынған бөлік, цокольдық (жартылай жертөле) бөлік, жертөле бөлігі, өзгелері (шатыр, шатырдың ішкі бөлігі, тамбур, мансард, лоджия, ашық спорт құрылысжайлары және басқалары);


инженерлік-техникалық құрылғылардың (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу)болуы немесе болмауы туралы;

7

көлік құралдары, жабдықтар және жылжымайтын мүлікке жатпайтын басқа да объектілер бойынша:


бастапқы құны (теңгемен)


қалдық құны (теңгемен)


есептелген тозу (теңгемен)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі тендерге қатысуға ӨТІНІМ

      1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы жарияланған хабарламаны қарап, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларымен танысқаннан кейін

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 20 __жылғы "___"_______ мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz. веб-порталында өтетін тендерге қатысуға тілек білдіреді.

      2. Мен (біз) тендерге қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына жалпы сомасы_______(_______________________) теңге _ _ _ _ _ кепілдік жарна (лар) енгіздім (к).

      (сомасы жазбаша) (саны)

      Кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері туралы мәліметтер:

Р/с

Мүлікті жалдау (жалға алу) объектісінің атауы, сондай-ақ жалдау ақысы төлемдерінің кезеңділігі

Аударуға жататын кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с



Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1







2










Жиыны




      3. Менің (біздің) тендерге қатысушыға (жалдаушыға) қойылатын талаптарға сәйкес емес екенім (із) анықталған жағдайда, мен (біз) тендерге қатысу құқығынан айырылатыныма (ызға) , мен (біз) қол қойған тендер нәтижелері туралы хаттама мен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (міз).

      4. Егер Мен (біз) тендердің жеңімпазы (дары) болып айқындалсам (қ), тендер өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіме мүліктік жалдау (жалға алу) шартына қол қою міндеттемелерін қабылдаймын.

      5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартына белгіленген мерзімде қол қойылмаған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және жалға берушіде қалатынына келісемін (міз).

      6. Осы өтінім тендер нәтижелері туралы хаттамамен бірге мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім (з) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (з):

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________________

      БСН __________________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________

      мекенжайы:____________________________________________________________

      телефон нөмірі (факс):___________________________________________________

      кепілдік жарнаны қайтару үшін банк реквизиттері

      ЖСК _________________________________________________________________

      БИК __________________________________________________________________

      банктің атауы __________________________________________________________

      Кбе ___________________________________________________________________

      кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН/БСН:

      өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ____________________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________________

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)___________________________________

      ЖСН _________________________________________________________________

      паспорт деректері ______________________________________________________

      мекенжайы:____________________________________________________________

      телефон нөмірі (факс):___________________________________________________

      кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер

      ЖСК _________________________________________________________________

      БИК__________________________________________________________________

      банктің атауы _________________________________________________________

      Кбе __________________________________________________________________

      кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның ЖСН /БСН:

      өтінімге мыналар қоса беріледі:

      1) ___________________________________________________________________

      2) ___________________________________________________________________

      3) ___________________________________________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды

      тұлғаның атауы және (заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет

      ететін өкілдің тегі, аты, әкесінің аты ( болған жағдайда)

      20 __ жылғы "___" ____________ .

      Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы "__" ____ сағат ____ минутта қабылданды.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік сәйкестендіру коды;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      Kбе – бенефициардың коды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 156 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
5-қосымша

Базалық мөлшерлеме мен тұрғын емес үй-жайдың құрылыс типі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттердің мөлшері

Базалық мөлшерлеме


Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлеменің мөлшері

1

Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін

Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш

2

ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс

Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері ескерілетін коэффициент (Кфм):



1.1 әкімшілік-офистік үй-жайлар

1


1.2 өндірістік үй-жай

0,8


1.3 қойма үй-жайлары (гараж, қазандық)

0,6


1.4 спорт құрылысжайлары (стадиондар, спорт залдары, спорт алаңдары)

0,7


1.5 жылжымайтын мүліктің өзге типтері (сауда үй-жайлары, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру пункттері, тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пункттері, қонақүйлер, демалыс үйлері, паркингтер және т.б.)

0,9

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент (Кк)



2.1 жеке тұрған ғимарат

1


2.2 жапсарлас жанаса салынған үй-жайлар

0,9


2.3 цокольдық бөлік

0,7


2.4 жертөле бөлігі

0,6


2.5 өзгелері (шатыр, шатырдың іші, тамбур, мансард, лоджия, ашық спорттық құрылысжайлар және басқасы)

0,7

3

Жайлылық дәрежесі ескерілетін коэффициент (Кжд)



3.1 электрмен жабдықталған және коммуникациялары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері болмаса, әрбір түрі үшін 0,1-ге азаяды)

1

4

Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Ко):



4.1 Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін

республикалық мүлік үшін – 3;
коммуналдық мүлік үшін – 2


4.2 облыс пен Байқоңыр қаласының әкімшілік орталығы үшін

2


4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін

1,5


4.4 аудан орталығы үшін

1


4.5 кент, ауыл

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрі ескерілетін коэффициент (Кқт):



5.1 банктердің, Ұлттық пошта операторының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, төлем терминалдары (мультикассалар) үшін (заңды тұлғалардың кіруге шектеуі бар ғимараттарында 0,5төмендету коэффициенті қолданылады)

2,5


5.2 брокерлік қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариат кеңселері, адвокаттық кеңселер үшін

3


5.3. сауданы, қонақүй қызметтерін ұйымдастыру, сауда автоматтары үшін

2,5


5.4 қылмыстық-атқарушылық жүйе ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауданыұйымдастыру үшін

1,9


5.5 қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін (асхана, буфет), оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінде

1,5


5.6 мынадай: ғылым және жоғары білім беру, орта білім және қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,1
0,9
0,8


5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін

1


5.8 ұялы байланыс, интернет желісі саласында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа)

5


5.9 мемлекеттік заңды тұлғалардың (кіруге шектеуі бар) өткізу жүйесі бар ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету үшін

0,5


5.10 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорт мектептерінде) қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін

0,5


5.11. 5.1-5.10-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент (Кұқн):



6.1 сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыруға және халыққа қызмет көрсету саласын дамытуға шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9


6.2 мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8


6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5


6.4 қалғандары үшін

1