Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 905 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33351 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды:

      3-тармақтың 3)-тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын:

      2-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бақылаушы – сыртқы сапа бақылауын жүргізу үшін аудиторлар арасынан кәсіби ұйымның жұмыс органы және (немесе) кәсіби ұйымның сапасын бақылау комитеті және (немесе) атқарушы басқару органы тағайындайтын, міндетті аудит жүргізу саласында кәсіби тәжірибесі бар тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Жоспарлы сыртқы сапа бақылауына жататын кезең алдыңғы сыртқы сапа бақылауының нәтижелері туралы қорытынды күнінен бастап есептеледі және 3 (үш) жылдан аспауға тиіс. Сыртқы сапа бақылауынан өту нәтижелері туралы қорытындының ресімдеу күні – бағалауды айқындау сыртқы сапа бақылау қорытындысының күні болып саналады.";

      7-тармақта:

      2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аудиторлық ұйымның жұмыс сапасына сыртқы тексеру жүргізу мерзімі, бақылаушылардың кандидатуралары бойынша сапаны бақылау комитетіне және (немесе) кәсіби ұйымға уәжделген қарсылықтарын ұсынуды;";

      6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) аудиторлық ұйымның сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіптік ұйымның қорытындысына апелляциялық тәртіппен шағымдануы, оның ішінде шағым/апелляция беру мерзімдері сыртқы сапа бақылау қорытындысын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сапаға жүргізілген сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдардың "3" бағасын бірнеше рет (екі рет) алуы, сондай-ақ осы үлгілік қағиданың 7-тармағының 10)-тармақшасына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есепті ұсынбауы, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби ұйымның аудиторлық ұйымды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен кәсіби кеңестің немесе кәсіби ұйымның тиісті комитетіне жүгінуі үшін негіз болып табылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі