"Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 20

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 тамызда № 33294 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) бағана түріндегі аппараттар – технологиялық процестің (ректификациялау, сіңіру, экстрактивті ректификациялау, экстракциялау (сұйықтық-сұйықтық өзара әрекеттескенде), бу (газ) мен сұйықтық арасындағы тікелей жылу алмасу) жүргізілуін қамтамасыз ететін қосалқы тораптармен (сұйықтық пен буды енгізу, сұйықтық пен буды таратқыштармен, сұйықтық жинауға арналған аккумуляторлық құрылғылармен, саптама элементтерін орналастыруға арналған құрылғылармен), сондай-ақ ішкі жылу және масса алмасу құрылғыларымен (пластиналармен немесе саптамалармен) жабдықталған тұрақты немесе ауыспалы қимадағы цилиндрлік тік ыдыстар.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Резервуарларға техникалық қызмет көрсету техникалық басшы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырылады.";

      208-тармақ алып тасталсын;

      305-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "305. Сорғы бөлмелеріндегі сорғы жабдығы, едендер және науалар таза ұсталуы қажет. Ағын сулар құрамында қышқылдар, сілтілер, селективтік еріткіштер және басқа да улы және зиянды заттары бар еденді және науаларды жуғаннан кейін арнайы ыдыстарға жиналуға және кәрізге түсіру алдында технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте зарарсыздандыруға тиіс.";

      351 және 352-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "351. Мұнай базасының аумағы жанбайтын материалдан жасалған, биіктігі кем дегенде 2 метр үрленетін (кереге көз металл немесе темірбетон) шарбақпен қоршалады. Шарбақ ғимараттар мен құрылыстардан (әкімшіліктен басқа) кем дегенде 5 м қашықтықта орнатылады.

      352. Мұнай базасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар және жабдықтар "Мұнай және мұнай өнімдері қоймалары. Өртке қарсы нормалар" ҚР ҚН 2.02-03-2012 және ҚР ЕЖ 2.02-103-2012, "Электротехникалық құрылғылар" ҚР ҚН 4.04-07-2013 және ҚР ЕЖ 4.04-107-2013, "Табиғи және жасанды жарықтандыру" ҚР ҚН 2.04-01-2011 және ҚР ЕЖ 2.04-104-2012, ҚР ҚН 5.03-07-2013 және ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 "Тіреу және қоршау конструкциялары", ҚР ҚН 2.02.-11-2002 "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты өрт дабылы жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау және адамдарды өрт туралы хабардар ету нормалары" талаптарына сәйкес орналастырылады.";

      432-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "432. Жабық сорғы стансаларының қабырғалары әктеледі.";

      466, 467, 468,469 және 519-тармақтар алып тасталсын;

      520-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "520. Теміржол цистернасынан сынама алуға оны толтырудан кейін кемінде 10 минут өткен соң рұқсат етіледі.

      Сынама алушы мұнай өнімінің сынамасын қадағалаушының қатысуымен алады.";

      534-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "534. Мұнай өнімдерін құю және беру құрылғылары жеке жайларда немесе жеке алаңдарда орналастырылады.";

      544 және 594-тармақтар алып тасталсын;

      630-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "630. Отынды тауарасты суы бар резервуарда қабылдауға және сақтауға жол берілмейді.";

      631-тармақ алып тасталсын;

      637-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "637. Мұнай өнімдерін шыны ыдысқа құйып беруге жол берілмейді. Мұнай өнімдерін полимерлі материалдардан жасалған ыдысқа жіберуге ыдыста немесе оның паспортында оны мұнай өнімдерін сақтау үшін пайдалану мүмкіндігі туралы дайындаушы кәсіпорынның таңбасы болған кезде ғана жол беріледі.";

      642, 699, 700 және 701-тармақтар алып тасталсын;

      724-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "724. Рұқсат-жүктелімінің берілуі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 тіркелген) Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      830-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "830. БӨА және автоматика құралдарын жөндеу және тексеруі білікті мамандармен жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі