"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң оры

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 тамызда № 33274 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14 және 16-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес әзірленді және барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалау (экономикалық сараптама жүргізу барысында) – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде не бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде ұсынылған ақпаратты сипаттайтын тұжырымдар;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – ББӘ) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      3) бюджеттік инвестициялар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

      4) бюджеттік инвестициялар бойынша қаржыландыру көздері – республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталған қарыз қаражаты;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік – бюджеттік инвестицияларды іске асырудан күтілетін, экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептемесінде көрсетілген тікелей және жанама экономикалық тиімділік көрсеткіштері;

      6) бюджеттік инвестициялардың нәтижелілігі – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың экономикалық және қаржылық тиімділігінің, сондай-ақ нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігінің есептемелерімен расталған дәлелдемелердің, тиімділік пен сапа көрсеткіштерінің болуы.

      Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын және негізгі кіріс көзі республикалық және (немесе) жергілікті бюджет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық және қаржылық тиімділік дәлелдемелерінің болуы талап етілмейді;

      7) бюджеттік инвестициялардың орындылығы – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық орындылығының, олардың ел экономикасына ықпалының негіздемесі және жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес келуі;

      8) Бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді іске асыруға арналған ақпараттандыру объектілерін қоспағанда, Жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын және аяқталған сипаты бар арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция;

      9) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша экономикалық қорытынды – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, оның ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;

      10) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер құру (салу), бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау – объектіні пайдалануға берген кезден бастап жобаның мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;

      12) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның әлеуетті әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;

      13) бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығы – жоба нәтижелері көрсеткіштеріне қолжетімділік;

      14) бюджеттік инвестициялық жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі – жобаның ресурстық және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу қажеттілігінің жоспарланған және қол жеткізілген деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;

      15) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырыла алатындығы мен тиімділігін айқындау тұрғысынан техникалық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;

      16) бюджеттік инвестициялық жобаның тиімділігі – бюджет қаражатының сұралатын көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып, жобаның мақсаттарына қол жеткізу немесе жобаны іске асырудан оң экономикалық нәтиже алу;

      17) бюджеттік кредиттеу – бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рәсімдерін қамтитын процесс;

      18) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы – бюджеттік кредит қайтарымдылығы мен жобаның қаржылық тиімділігінің есептемелерімен расталған дәлелдемелердің болуы;

      19) кешенді ведомстводан тыс сараптама – Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша "бір терезе" қағидатымен жүргізілетін, объектілер құрылысы жобаларының (салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын) сараптамасы;

      20) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі – бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланатын жобадан әлеуметтік және экономикалық пайдалардың болуының есептемелермен расталған дәлелдемелерінің болуы;

      21) Гант диаграммасы – жобаның жоспары мен уақыт бойынша жұмыс графигінің дәйектілігі мен ұзақтығын графикалық көрсетуді бейнелеу үшін бюджеттік инвестициялардың электрондық порталында пайдаланылатын диаграмма;

      22) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды мониторингілеу – көрсетілген іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезге дейін заңды тұлғалардың бастапқы жарғылық капиталын қалыптастыру, акциялар пакетін (қатысу үлестерін) сатып алу арқылы республикалық немесе жергілікті бюджеттен тартылған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына тұрақты және жүйелі түрде ақпарат жинау, есепке алу мен талдау бойынша іс-шаралар жиынтығы;

      23) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды бағалау – іс-шаралар түпкілікті іске асырылған кезден бастап мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі мен іс жүзінде алынған нәтижелердің жоспарланған нәтижелерге сәйкестігін айқындау жөніндегі шаралар жиынтығы;

      24) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың қорытындылары негізінде жүргізілетін, іс-шаралардың негізділік пен нәтижелілік өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде берілген ақпаратты кешенді бағалау;

      25) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытынды – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысы негізінде дайындалған мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел экономикасына әсері және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан қорытындысы;

      26) заңды тұлғалардың қызметін жоспарлау құжаттары – ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарларын әзірлеу және бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың 10 жылға арналған даму стратегиялары мен 5 жылға арналған даму жоспарлары, сондай-ақ мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары;

      27) заңды тұлғаның даму мақсаты – шаруашылық қызметінің ағымдағы шығындарын жабуды және ағымдағы шығыстарды қаржыландыруды көздемейтін, саланы дамытуға, саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

      28) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – Инвестициялар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын республикалық немесе жергілікті бюджеттен қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

      29) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алушы (бұдан әрі – Алушы) – жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін қаражаттың түпкілікті алушысы болып табылатын, іс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыратын заңды тұлға;

      30) заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестициялардың негізділігі – іс-шараларды іске асыруға арналған қаржыландыру көлемінің, сондай-ақ іс-шараларды меншікті және қарыз қаражаты есебінен қаржыландырудың мүмкін болмауының құжаттармен және есептемелермен расталған дәлелдемелерінің болуы;

      31) инвестициялық ұсыныс – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, инвестициялау мақсатын, оған қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс;

      32) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің институционалдық жобасы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланып отырған жоба;

      33) инвестициялық ұсыныстың ақпараттық парағы – мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асырудың орындылығын ашып көрсететін құжат;

      34) инвестициялық ұсыныстың экономикалық қорытындысы – салалық сараптама қорытындысының және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалар қорытындыларының негізінде жүргізілетін, пайдалар мен шығындардың талдауын пайдалана отырып, инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;

      35) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғамдармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

      36) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      37) кредитор – Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарапы;

      38) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға – "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі №693 қаулысына сәйкес "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлға;

      39) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасы – іс-шаралардың "іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі" және "бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы" өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты кешенді бағалау;

      40) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және оның нәтижесін бағалауды қамтитын құжат;

      41) қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген және осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банк немесе мемлекет жүз пайыз қатысатын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      42) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуын бюджеттік кредиттеудің қаржылық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі – бюджеттік кредиттің ҚЭН-і) – маркетингтік, әлеуметтік-экономикалық талдаудың, сондай-ақ іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың өзін-өзі ақтауы мен экономикалық және әлеуметтік тиімділігін негіздейтін қаржылық есептемелердің нәтижелерін қамтитын құжаттама;

      43) қаржылық схемаға қатысушылар – квазимемлекеттік сектордың субъектілері болып табылмайтын түпкілікті қарыз алушыларды қоспағанда, бюджеттік кредитті алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;

      44) түзету – іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға алып келетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржы-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;

      45) қарыз алушы – негізгі борышты өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттеме жүктелген, бюджеттік кредитті алатын, кредиттік шарттың тарапы;

      46) қатысушылар (бұдан әрі – Қатысушылар) – заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;

      47) құрамдауыш – іс-шараның аяқталған сипаты бар құрамдас бөлігі;

      48) маркетингтік орта – нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастық қатынас орнату және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін белсенді субъектілер мен іс-шараларды бюджеттік инвестициялар есебінен іске асыратын, жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін қаражаттың түпкілікті алушысы болып табылатын заңды тұлғаның қызметі жүзеге асырылатын жағдайлар жиынтығы;

      49) мемлекеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – МИЖ) – Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру және МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;

      50) мультипликативтік әсер – тиісті салаға бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде экономиканың дамуына ықпал ету;

      51) нәтижелердің көрсеткіштері – мемлекеттік органның даму жоспарын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органның қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;

      52) өнім – материалдық-заттай (материалдық өнім) немесе материалдық емес (зияткерлік өнім) нысанда не жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтер түрінде берілген шаруашылық қызметінің нәтижесі;

      53) пилоттық жоба – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген Астана қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған инвестициялық жоба;

      54) салалық сараптаманың қорытындысы – мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын немесе бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін немесе бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін саланы дамыту басымдықтарына сәйкес келуі тұрғысынан бағалау;

      55) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдардың және сметалық-нормативтік базаның негізінде айқындалатын объект құрылысын жүзеге асыруға қажетті ақша;

      56) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайдалар мен шығындарды экономикалық талдаудың негізінде жүргізілетін, бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырыла алатындығын және тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;

      57) техникалық-экономикалық негіздемені түзету – техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі;

      58) техникалық-экономикалық параметрлер – техникалық-экономикалық негіздемеде не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ-дің инвестициялық ұсынысында көзделген негізгі көрсеткіштер;

      59) түпкілікті қарыз алушы-кредитор немесе Қаржы агенттігі айқындаған шарттарда оған мамандандырылған ұйым немесе жергілікті атқарушы орган тұлғасында қарыз алушы беретін бюджеттік кредиттің түпкілікті алушысы;

      60) түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген, мемлекеттік органның даму жоспарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;

      61) тікелей нәтиже – қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне толықтай тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;

      62) іс-шара – бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру шеңберінде орындалатын міндеттерді орындауға бағытталған өзара байланысты құрамдауыш(тар) кешені.";

      6-тармағының 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) егер ББӘ МИЖ-ді заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы іске асыруды ұсынған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық жеткізгіште ұсынылатын бес жылдық кезеңге арналған іске асырылған, іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің инвестициялық картасы қосымша ұсынылады;";

      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. МИЖ инвестициялық ұсынысы, оның ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар Ресми құжаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.";

      36-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, БИЖ-дің құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және қазақша және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.";

      78-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Осы Қағиданың 74-1 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, түзетілген БИЖ ТЭН-ін қарау үшін ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) мемлекеттік органның бірінші басшысы-ББӘ не оның орнындағы адам не әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берілген тұлға – ББӘ – нің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, техникалық шешімдерді өзгерту болжанып отырған және қосымша шығыстарды көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ не оның тұлғасы қол қойған тиісті салыстырмалы кестені қоса бере отырып, хабарлама-хат мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ әрбір БИЖ бойынша жеке-жеке уәкілеттік берген алмастырушы не тұлға;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстар көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысы;

      3) ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған ресми хат нысанында ұсынылатын және техникалық шешімдерді өзгертудің болжанған параметрлерінің және қосымша шығыстарды көздеудің талап ететін негізділігі мен дұрыстығын растайтын жобаның ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қосымша салалық сараптама қорытындысы;

      4) түзетілген БИЖ ТЭН-і;

      5) осы Қағидалардың 52 және 53-тармақтарына сәйкес БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты түзетілген БИЖ ТЭН-ге сараптамалардың қорытындылары мен талап етілетін құжаттар;

      6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде (бекітілген бастапқы БИЖ ТЭН-і бойынша) бұрын қаралған БИЖ ТЭН бойынша сараптамалардың қорытындылары мен құжаттар;

      7) бюджет комиссиясының БИЖ ТЭН-ін түзету орындылығы бойынша тиісті ұсынысының көшірмесі;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне, сондай-ақ егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      9) егер БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, БИЖ-дің құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар аталған заңнаманың мәтінін қоса бере отырып және қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз ете отырып ұсынылады.";

      86-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. БИЖ ТЭН-і әзірленгеннен кейін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалар жүргізілгеннен кейін ББӘ 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, БИЖ ТЭН-інің электрондық нұсқасын, БИЖ бойынша қаржылық-экономикалық модельді ұсына отырып, олардың түпнұсқалары мен көшірмелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.";

      114, 115, 115-1, 116 және 117-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. БИЖ ТЭН-ін түзету немесе ТЭН түзетуді талап ететін БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару екі кезеңде жүзеге асырылады.

      Бірінші кезең бойынша:

      1) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, ББӘ-нің БИЖ ТЭН-ді түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

      2) тиісті бюджет комиссиясының ББӘ ұсынатын құжаттардың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының негізінде БИЖ ТЭН-ін түзетудің және БИЖ ТЭН-ді түзетуді қаржыландырудың (қажет болған жағдайда) орындылығын айқындау бойынша шешімі. Егер осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайда, БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды талап етілмейді.

      Бірінші кезеңде БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      БИЖ ТЭН-ін түзетудің орындылығы мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 16 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені қоса бере отырып, техникалық шешімдерді және қосымша шығыстарды өзгертуге болжамды көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысының – ББӘ не оны алмастыратын адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысы-ББӘ әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хабарлама-хат;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысы;

      3) БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындылары;

      4) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, БИЖ ТЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы;

      5) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң қорытындысын алған кезде бұрын қаралған БИЖ ТЭН-інің сараптама қорытындысы мен құжаттары (бекітілген бастапқы БИЖ-дің ТЭН-і);

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне, сондай-ақ егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      7) бекітілген БИЖ-дің ТЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған түсіндірме жазба.

      Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дер бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті БИЖ-дердің ТЭН-ін түзету мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттармен қоса, БИЖ-ді республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.

      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, БИЖ ТЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.

      Екінші кезең бойынша

      1) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ББӘ-нің түзетілген БИЖ ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

      2) БИЖ-ді түзетілген ТЭН бойынша қаржыландырудың орындылығын айқындау жөніндегі тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

      Екінші кезеңде БИЖ-дің түзетілген ТЭН-ін қарауы осы Қағидалардың 3-тарауынның 4-параграфында айқындалған тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органмен жүзеге асырылады

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган БИЖ түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығы мәселесін бюджет комиссиясының қарауына ББӘ ұсынатын мына құжаттардың негізінде шығарады:

      1) БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындылары;

      2) осы Қағидалардың 74-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, БИЖ-дің түзетілген ТЭН-іне экономикалық сараптаманың оң қорытындысы және экономикалық қорытындысы;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының салалық сараптамасының қорытындысы;

      4) БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне, сондай-ақ егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      6) БИЖ-дің түзетілген ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;

      7) БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесімен ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығындарының түзетілген құнға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы (бар болған жағдайда).

      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, ірі бірыңғай энергетикалық жүйе объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуі туралы растауы бар уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептерге сәйкес іске қосу жұмыстарының шығындары жүзеге асырылады.

      Екінші кезеңде түзетілген ТЭН бойынша қаржыландырудың орындылығы:

      сметалық құнның ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын республикалық бюджет комиссиясы қарайды;

      сметалық құнның ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ-дің түзетілген ТЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығын тиісті жергілікті бюджет комиссиясы қарайды.

      Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған сметалық құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.

      115. ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дің құнын өзгеру мәселелерін шығару екі кезеңмен жүзеге асырылады.

      Бірінші кезең - ББӘ ұсынатын құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы негізінде ЖСҚ-ны түзетудің не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныстың орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

      Екінші кезең - ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді талап етпейтін БИЖ-дердің түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс бойынша ұлғайтылған құнды қаржыландыру туралы тиісті бюджет комиссиясының шешімі.

      Бірінші кезеңде ББӘ БИЖ-дің ерекшелігіне қарай бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мыналарды ұсынады:

      1) бағаның болжамды сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысының – ББӘ не оны алмастыратын адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысының әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген адамның – ББӘ электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хабарлама-хат;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы – ББӘ не оны алмастыратын адам не әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берілген тұлға – ББӘ қол қойған түсіндірме жазба, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      БИЖ-ді іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша бюджеттік шығыстардың негіздемесі;

      мемлекеттік сатып алу жүргізу нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, БИЖ-ді іске асыру шеңберінде (ЖСҚ әзірлеу және басқалар) жасалған шарттар туралы ақпарат;

      Жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру (құрылыс үшін ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап). Игерілмеген жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;

      қымбаттауға алып келетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) ұлғайту қажеттігі туралы уақтылы ескертудің орындылығын растайтын мердігерлер хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып);

      оның кінәсінен қымбаттау орын алған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      техникалық зерттеп-қарау және техникалық қадағалау актісімен расталған аяқталмаған құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер;

      бекітілген ЖСҚ-да немесе ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныста көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не жеткізбеу туралы ақпарат, қол жеткізбеудің себептері көрсетіле отырып, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген кезде;

      3) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір БИЖ бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған, мөрмен расталған, ресми хат нысанында ұсынылатын және ББӘ түсіндірмесін қоса бере отырып, жобаның сметалық құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын, БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасының қорытындысы;

      4) Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған ЖСҚ-ның бастапқы құнына ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысы немесе БИЖ бойынша ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың қорытындылары;;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда бастапқы құнға бұйрық;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне ішкі бақылау жөніндегі органның, сондай-ақ құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін БИЖ іске асыру шеңберінде (ЖСҚ әзірлеуден бастап құрылыс үшін) бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      7) осы Қағидаларға 16 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға электрондық нысанда мемлекеттік органның бірінші басшысының-ББӘ не оны алмастыратын адамның не уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құнды ұлғайтуды болжайтын жобалар бойынша салыстырмалы кестені және құжаттаманың тізбесін ұсынады әрбір БИЖ бойынша жеке мемлекеттік органның бірінші басшысы-ББӘ;

      8) құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) ай бұрын түсірілген, объектінің іс жүзіндегі жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары;

      9) БИЖ бұрын бекітілген ЖСҚ-ның жобалық шешімдеріне енгізу болжанатын өзгерістердің орындылығы туралы ведомстводан тыс кешенді сараптама хаты.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша сметалық құнының ұлғаюын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген жергілікті БИЖ бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және БИЖ-ді республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып енгізеді.

      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған кезде, ЖСҚ-ға немесе не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсынысқа тиісті түзетулерді енгізеді.

      Екінші кезеңде ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс, сонымен қатар БИЖ-дің ерекшелігіне қарай:

      ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын;

      мемлекеттік салалық уәкілетті органның сараптама қорытындысын;

      ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша ақпаратттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қорытындыларды;

      БИЖ сметалық құнының ұлғаюы себептерінің негіздемесі мен түзетілген құнға ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға енгізу шығыстары (бар болған жағдайда) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын енгізеді.

      Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қауіп төнуіне байланысты, кідіртпей пайдалануға беруді талап ететін, бірыңғай энергетикалық жүйенің ірі объектілері мен техникалық күрделі атомдық және жылу энергетикалық кешендері үшін іске қосу жұмыстары бойынша шығындар елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына қауіп төнуін растауды қамтитын уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптама қорытындысында көрсетілген есептеулерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган БИЖ-дің ерекшелігіне қарай тиісті бюджеттік комиссияның қарауына осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көрсетілген ББӘ ұсынған құжаттардың, сондай-ақ БИЖ-дің түзетілген ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы, ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша түзетілген инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік салаларында қорытынды, БИЖ-ге түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс негізінде түзетілген ЖСҚ не ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған БИЖ бойынша инвестициялық ұсыныс бойынша БИЖ құнының ұлғаюын енгізеді.

      Екінші кезеңде құнның ұлғаюын қаржыландырудың орындылығы:

      құнының ұлғаюын республикалық бюджет есебінен қаржыландыру болжанатын осы Қағидалардың 112-тармағында көзделген республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ құнының ұлғаюын қаржыландырудың орындылығын РБК қарайды;

      құнының ұлғаюын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті БИЖ құнының ұлғаюын қаржыландырудың орындылығын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

      Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған құнының ұлғаюы болжанатын БИЖ бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке енгізіледі.

      115-1. Осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарының ережелері осы Қағидалардың 110-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген БИЖ-ге қолданылмайды.

      Осы Қағидалардың 110-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген БИЖ бойынша ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:

      1) бағаның болжамды сомасын көрсете отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хабарлама-хат;

      келесі ақпарат қамтылуы тиіс мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған түсініктеме жазбаны:

      болжанатын қосымша бюджет шығыстарының негіздемесін;

      ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл үшін қаржыландыру туралы ақпаратты ұсынады. Игерілмеу не қаражат үнемдеу болған жағдайда, себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жылдағы жоспармен және фактімен сүйемелденеді;

      қымбаттауға әкеліп соғатын себептердің нақты көрсетілуін қамтуы тиіс түсіндірме жазбаны;

      3) тиісті уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қойған салалық қорытындыны;

      4) бірінші басшы қол қойған, мөрмен расталған осы Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені;

      5) бірінші басшы қол қойған жалғастырылатын және аяқталған жобалар бойынша жеке-жеке төлеуға арналған фискалдық сертификатты (құндық деректерімен жұмыстардың көлемі бойынша ведомостарды және эскалация бойынша есептеулерді қоса бере отырып);

      6) бірінші басшы қол қойған сертификаттар тізілімін;

      7) жобаның қымбаттауы бойынша шығыстар сметаларын және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құны қымбаттаған жағдайдағы бағалар бойынша статистикалық деректерді;

      8) құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген уәкілетті ішкі бақылау органының актісін ұсынады.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын қарайды және ол бойынша қорытындыны РБК-ның қарауына енгізеді.

      РБК-ның оң шешімін алған кезде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасалған қарыз шартының шеңберінде іске асырылатын МИЖ бойынша азаматтық-құқықтық шарттың талаптарына сәйкес жолдар учаскелерінің сметалық құнының ұлғаюын қаржыландыруға рұқсат етіледі.

      116. Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, жаңа объектiлердi құруға (салуға) не бар объектiлердi реконструкциялауға бағытталған БИЖ-дің сметалық құны ұлғайған жағдайда, кейіннен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу арқылы ЖСҚ-ны түзету жүргізіледі.

      БИЖ-дің сметалық құны ұлғайтылған жағдайда ұлттық валютаның шетел валютасына бағамының елеулі өзгеруі себебінен ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған, бірақ техникалық шешімдердің өзгеруіне әкеп соқпайтын БИЖ құнына инвестициялық ұсынысты және/немесе БИЖ ТЭН түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

      Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын ақпараттандыру объектілері бойынша БИЖ-дің сметалық құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ді түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

      Ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының елеулі өзгеруі себебінен, бірақ техникалық шешімдерді өзгертуге алып келмейтін, ЖСҚ әзірлеуді қажет етпейтін БИЖ-дің құны ұлғайған жағдайда, ТЭН-ді түзету жүргізіледі, бұл ретте экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аталған мәселені осы Қағидалардың 114 және 115-тармақтарында айқындалған тәртіппен тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      117. Егер БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, аумағында аталған заңнама мәтінін қоса бере отырып және оның қазақ және/немесе орыс тілдеріне аударылуын қамтамасыз ете отырып, осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылысы саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген БИЖ-нің бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын тиісті құжаттар ұсынылады.";

      129-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. "Инвестициялар көлемi" тарауында әрбiр құрамдауыш бөлiнiсiнде Инвестициялар көлемiнiң құжатпен және есептеулермен расталған негiздемесi келтiрiледi.

      "Инвестициялар көлемi" тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:

      1) "Өнiмдер" параграфы, онда осы Қағидалардың 124-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ақпаратты ескере отырып, сатып алынатын өнiмдер тізбесінің, саны мен сапасының негiздемесi келтiрiледi;

      2) "Бағалар негiздемесi" параграфы, онда Инвестициялар есебiнен сатып алынатын өнiмдер бағаларына талдау келтiрiледi. Инвестициялар есебiнен сатып алынатын өнiмдердiң бағалары осы Қағидалардың 138-тармағының 3) тармақшасында санамаланған құжаттармен бекiтiледi.

      Осы Қағидалардың 138-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген құжаттарды ұсыну мүмкiн болмаған жағдайда, ББӘ ақпарат көзiн көрсете отырып, сатып алу жоспарланатын өнiмдердiң қолданыстағы нарықтық бағалары туралы ақпаратты қоса бередi.

      Бағаларды талдау:

      соңғы екі жылдағы бағалардың серпіні туралы ақпаратты және ағымдағы бағалардың ықтимал өзгеруі мен осындай өзгеріске әкелуі мүмкін оқиғаларды;

      бағалардың ықтимал жеңілдіктерін, жеңілдіктер беру шарттарын (сатып алу көлемі, төлеу шарттары) қамтиды;

      3) "Айналым қаражатын толықтыру" параграфы, онда ақшаға қажеттігі ашып көрсетіледі, бірақ төменде келтірілген тізбемен шектелмейді:

      қаржылық өнiмдер бөлiнiсiнде клиенттердiң болжамды саны, қаржылық қызметтiң орташа сомасы көрсетiлген қаржылық қызметтер көрсету;

      пруденциялық нормативтердi сақтау;

      Инвестициялар алушының ағымдағы шығыстарын қаржыландыру;

      4) "Инвестициялар көлемi" параграфы, онда жоспарланатын Инвестициялардың мөлшерiн растайтын есептеулер келтiрiледi.

      Есептеулер әрбiр іс-шара бөлiнiсiнде келтiрiледi. Қажет болған жағдайда, объектіні іске қосу шығыстары (іске қосу-баптау жұмыстары) келтіріледі

      Егер Инвестициялар мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылса, әзірлеуге қаражаттың болмауы бойынша негіздеме берілген жағдайда жоспарланатын Инвестициялардың мөлшеріне осы Қағидалардың 138, 139-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ЖСҚ әзірлеуге арналған шығыстар енгізіледі.

      Объектіні салудың түпкілікті құны ЖСҚ әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қорытындылары бойынша айқындалады. Бұл ретте Инвестициялардың ҚЭН-ін ББӘ қайта бекітуге тиіс.

      Егер Инвестициялар қаржылық қызметтер көрсету үшін болжанатын болса, "Инвестициялар көлемі" тарауының құрылымдық элементтері мыналар болып табылады:

      "Айналым қаражатын толықтыру" параграфы;

      "Инвестициялар көлемі" параграфы.

      Егер Инвестициялар шет мемлекеттердің аумағында іске асырылатын жағдайда, аумағында аталған заңнама мәтінін қоса бере отырып және оның қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылуын қамтамасыз ете отырып, осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылысы саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялардың құнын растайтын тиісті құжаттар ұсынылады.

      Егер Инвестициялар институционалдық МЖӘ жобалары бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға бағытталған жағдайда "Өнімдер", "Бағаларды негіздеу", "Айналым қаражатын толықтыру" параграфтары ұсынылмайды. Инвестициялар көлемі мемлекеттік және жеке әріптестер арасындағы тиісті құжаттармен (келісімдер, шарттар, меморандумдар) расталады.";

      131-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "131-1. "Квазимемлекеттік сектор субъектісінің салалық картасы" тарауында "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іске асырылған, іске асырылатын және іске асыруға жоспарланатын инвестициялық жобалары бойынша" квазимемлекеттік сектор субъектісінің салалық картасы" нысаны бойынша ақпарат қамтылады, ол осы Қағидаларға 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда ұсынылады.";

      144-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. Инвестициялар ҚЭН-інің түпнұсқасын, сондай-ақ осы Қағидалардың 138, 162 және 163-тармақтарында айтылған қосымша материалдарды, ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестиция бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хатпен ББӘ бередi.

      Бір ББӘ-нің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша ҚЭН-нің түпнұсқасы, сондай-ақ ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестициялар бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын салалық сараптама қорытындысын қоспағанда, осы Қағидалардың 138, 162 және 163-тармақтарында көрсетілген құжаттар осы ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдинг және ұйымның бірінші басшыларының не оларды алмастыратын тұлғалардың қолы қойылып ұсынылады.

      Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін құжаттар редакцияланбайтын графикалық форматта ұсынылады.

      Iлеспе хатта Инвестициялар ҚЭН-інің атауы, мәлiмделетiн сома және Инвестицияларды жүзеге асыру жылы, қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.

      Инвестициялардың ҚЭН-ін, сондай-ақ қосымша материалдарды, оның ішінде теріске шығаруларды, қосымша дәлелдемелерді немесе инвестициялардың ҚЭН-не өзгерістер енгізу туралы ақпаратты электрондық нысанда және инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеуге жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.

      Бюджеттік кредиттеу бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялық бағдарламаларды, сондай-ақ олардың түзетулерін жоспарлау және іске асыру кезінде "Самұрық – Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) еншілес және тәуелді ұйымдары әзірлеген ҚЭН мен тэн мақұлдауды Қор басқармасы жанындағы тиісті Комитет жүзеге асырады.";

      151-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету мәселелерін, оның ішінде бекітілген іс-шаралардың құнын ұлғайтуды көздейтін мәселелерді тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару тәртібі екі кезеңмен жүзеге асырылады.

      Бірінші кезең:

      1) осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайдан басқа, ББӘ-нің Инвестициялар ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;

      2) ББӘ ұсынатын құжаттар мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның Инвестициялар ҚЭН-ін түзету жөніндегі инвестициялық ұсынысқа берілген оң экономикалық қорытындысының негізінде Инвестициялар ҚЭН-ін түзетудің орындылығын айқындау бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі. Осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайларда, Инвестициялар ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындының болуы талап етілмейді.

      Бірінші кезеңде Инвестициялар ҚЭН-ін түзету жөніндегі инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу процесі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалған тәртіппен өтеді.

      Бірінші кезеңде осы Қағидалардың 146-тармағында көзделген, сметалық құнын ұлғайтуды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру болжанатын жергілікті Инвестициялар бойынша жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және жергілікті Инвестициялардың ТЭН-ін түзету мәселесін РБК-ның қарауына шығару үшін кейіннен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Инвестицияларды республикалық бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісіне енгізеді.

      Құжаттаманың толық топтамасы ұсынылмаған не қымбаттаудың орын алуының айқын және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі адамдар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген Инвестициялардың ҚЭН-ін түзету жөніндегі инвестициялық ұсыныстар бойынша олар сметалық құнын ұлғайту тұрғысынан қаралмайды.

      Инвестициялардың ҚЭН-ін түзетудің орындылығы мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін ББӘ 30 жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға, не ББӘ - мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестиция бойынша жеке уәкілеттік берген тұлға қол қойған мына құжаттарды ұсынады:

      осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені қоса бере отырып, Бірінші басшының іс-шараларға болжамды толықтырулар және (немесе) өзгерістер, инвестициялардың ҚЭН-в техникалық-технологиялық шешімдер, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюы көрсетілген электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған хабарлама-хат;

      ҚЭН-інің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған Инвестициялар ҚЭН-ін (бар болса) бекiту туралы ББӘ (ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын жобалардың экономиканың әртүрлі салаларында іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер) бұйрығының көшірмесі;

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдерді сақтаусыз тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған Инвестициялар ҚЭН-іне мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      сараптамалар қорытындысы және бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы алынған Инвестициялардың ҚЭН-і;

      осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайларда қоспағанда, ҚЭН-ді түзету жөніндегі инвестициялық ұсынысқа берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысы;

      мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген сома (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсетіле отырып, Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын, оның ішінде ЖСҚ-ны әзірлеуден бастап, құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;

      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын қаржыландыру. Бұл ақпаратқа, игерілмеу жағдайлары болған жағдайда оның себептері көрсетіле отырып, әрбір жылдың жоспары мен фактісі қоса беріледі;

      қымбаттауға алып келетін себептерді (мердігерлердің ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) егжей-тегжейлі көрсету;

      қымбаттау олардың кінәсінен болған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ББӘ түсіндірмелерін қоса бере отырып, жоба құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптамасының қорытындысы, сала болмаған жағдайда ББӘ ұсынады;

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ жоба бойынша құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей белгіленген қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      бекітілген Инвестициялардың ҚЭН-інде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба, оның ішінде бөлінген бюджет қаражаты толық игерілген қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган құжаттар топтамасын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      ББӘ бюджет комиссиясының оң шешімін алған жағдайда, кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, Инвестициялар ҚЭН-іне тиісті түзетулерді енгізеді.

      Екінші кезең:

      1) осы Қағидалардың 145-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ББӘ-нің мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-ін ұсынуы;

      2) тиісті бюджет комиссиясының түзетілген ҚЭН бойынша Инвестицияларды қаржыландыру туралы шешімі.

      Екінші кезеңде түзетілген Инвестициялар ҚЭН-ін қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестиция бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын мына құжаттардың негізінде жүзеге асырады:

      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені қоса бере отырып, Бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, іс-шаралардың болжамды толықтыруларын және (немесе) өзгерістерін, инвестициялардың ҚЭН техникалық-технологиялық шешімдерін, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар мен себептерді көрсете отырып, хабарлама-хат;

      Инвестициялар ҚЭН-інің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған Инвестициялар ҚЭН-ін (бар болса) бекiту туралы ББӘ (бір ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын жобалардың экономиканың әртүрлі салаларында іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер) бұйрығының көшірмесі;

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдер сақталмай, тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған Инвестициялардың ҚЭН-іне берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      сараптамалар қорытындылары және құжаттар, оның ішінде бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы алынған Инвестициялар ҚЭН-і;

      түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-і;

      Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын іске асыру шеңберінде, оның ішінде ЖСҚ-ны әзірлеуден бастап, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша жасалған шарттар туралы ақпарат;

      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын қаржыландыру. Бұл ақпарат әрбір жылдың жоспары және фактісі, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі;

      қымбаттауға алып келетін себептерді (мердігерлердің ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) егжей-тегжейлі көрсету;

      қымбаттау олардың кінәсінен болған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ББӘ түсіндірмелерін қоса бере отырып, жоба құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптама қорытындысы, сала болмаған жағдайда ББӘ ұсынады;

      Инвестициялардың түзетілген ТЭН-іне және (немесе) ЖСҚ-ына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;

      Инвестициялардың ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын аяқтау үшін талап етілетін болжанған қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ ескіру мерзімі құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын Инвестицияларды іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджеттен тыс қаражатты қамтитын бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      Инвестициялардың ҚЭН-ін қайта түзету кезінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне, сондай-ақ егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, құжаттар ұсынылған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмей бұзушылықтардың болмауы туралы актісі ұсынылады;

      Инвестициялар ҚЭН-ін түзетудің орындылығы туралы тиісті бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі;

      бекітілген ҚЭН-де көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткiзуге немесе жеткіліксіздігінің себептері туралы ақпарат, оның ішінде келмей қалу себептерiн көрсете отырып, бөлінген бюджет қаражатты толық игеруі;

      құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) айдан аспайтын мерзім бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық түсінік беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестиция бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын мына құжаттардың негізінде тиісті бюджет комиссияларының қарауына түзетілген Инвестициялар ҚЭН-і бойынша қаржыландырудың орындылығы мәселесін шығарады:

      осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырмалы кестені қоса бере отырып, Бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған, іс-шаралардың болжамды толықтыруларын және (немесе) өзгерістерін, инвестициялардың ҚЭН-в техникалық-технологиялық шешімдерін, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар мен себептерді көрсете отырып, хабарлама-хат;

      Инвестициялар ҚЭН-інің бастапқы параметрлері қоса берілген, оң экономикалық қорытынды алған Инвестициялар ҚЭН-ін (бар болса) бекiту туралы ББӘ (бір ББӘ құзыретіне жатқызуға болмайтын жобаларды экономиканың түрлі салаларында іске асырылуын көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтер) бұйрығының көшірмесі;

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 154-бабында белгіленген рәсімдерді сақтаусыз тиісті бюджетте бекітілген жобаларды қоспағанда, бұрын ұсынылған Инвестициялар ҚЭН-іне берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның оң экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      сараптамалар қорытындылары және құжаттар, оның ішінде бұрын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы алынған Инвестициялардың ҚЭН-і;

      түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-і;

      осы Қағидалардың 145-1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, түзетiлген Инвестициялар ҚЭН-іне оң экономикалық қорытынды;

      ҚЭН-ді іске асыру шеңберінде, оның ішінде ЖСҚ-ны әзірлеуден бастап, мемлекеттік сатып алуды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша жасалған шарттар туралы ақпарат;

      іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен Инвестициялар ҚЭН-інің іс-шараларын қаржыландыру. Бұл ақпарат әрбір жылдың жоспары және фактісі, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі;

      қымбаттауға алып келетін себептерді (мердігерлердің ББӘ шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы уақтылы ескерткендігін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) егжей-тегжейлі көрсету;

      қымбаттау олардың кінәсінен болған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;

      тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ББӘ түсіндірмелерін қоса бере отырып, жоба құнын ұлғайтудың негізділігі мен дұрыстығын растайтын салалық сараптамасының қорытындысы, сала болмаған жағдайда ББӘ ұсынады;

      Инвестициялардың түзетілген ТЭН-іне және (немесе) ЖСҚ-ына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы;

      Инвестициялардың ҚЭН-інде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын аяқтау үшін талап етілетін болжанған қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ ескіру мерзімі құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын Инвестицияларды іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджеттен тыс қаражатты қамтитын бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) айдан аспайтын мерзім бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейне түсірілімдер материалдары.

      Бір ББӘ-нің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін, ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша түзетілген ҚЭН-нің түпнұсқасы, сондай-ақ мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның, не мемлекеттік органның бірінші басшысы әрбір Инвестициялар бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылып ұсынылатын салалық сараптама қорытындысын қоспағанда, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттар осы ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдинг және ұйымның бірінші басшыларының не оларды алмастыратын тұлғалардың қолы қойылып ұсынылады.";

      182-15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-15. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі мынадай реттілікпен айқындалады: түпкілікті қарыз алушылар үшін – қарыз алушылар үшін. ББӘ жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік мөлшерлемесі және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлердің шамалары бойынша есептеулер мен негіздемелерді ұсынады.

      Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне байланысты есептеу жолымен белгіленеді және ішкі кірістілік нормасының мәніне тең болады.

      Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, түпкілікті қарыз алушы үшін мамандандырылған ұйым белгілейтін сыйақы мөлшерлемесінің көлемі айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өткен тоқсанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша қалыптасқан кірістің орташа өлшенген мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленетін екі еселенген сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.

      Мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит беру кезінде салымшыларға тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге аралық тұрғын үй қарыздарын және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттіктерін қоспағанда, Қарыз алушының маржасы инвестициялық жобаларды іске асыруға агроөнеркәсіптік кешен саласында кредит беру салынатын операциялық шығыстардың шамасынан, және жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 0% - дан 1,5% - на дейін құрайды.

      Тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржы агенттіктерінің түпкілікті қарыз алушысы үшін сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері маржаны ескере отырып жылдық 9,5% - дан аспайды, инвестициялық жобаларды іске асыруға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кредит беру маржаны ескере отырып жылдық 6% - дан аспайды.";

      182-36-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-36. Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і:

      жоба паспортының;

      институционалдық бөлімнің;

      маркетингтік бөлімнің;

      қаржылық бөлімнің;

      әлеуметтік-экономикалық бөлімнің;

      тәуекелдерді бағалау және бөлу;

      жоба бойынша тұжырымдардың;

      қосымшалар.

      Егер бюджеттік кредит шетел мемлекеттердің аумағында берілген жағдайда, жобалардың бастапқы және түзетуге ұсынылатын құнын растайтын, оның аумағында осы жоба іске асырылатын мемлекеттің құрылысы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар, көрсетілген заңнаманың мәтіні қоса беріле отырып және қазақ және/немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етіле отырып, ұсынылады.

      Жобаның ерекшелігіне байланысты бюджеттік кредиттің ҚЭН шеңберінде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі ашуға және негіздеуге мүмкіндік беретін қосымша бөлімдер қосылады.

      Жобаның ерекшелігіне байланысты бюджеттік кредиттің ҚЭН шеңберінде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі ашуға және негіздеуге мүмкіндік беретін қосымша бөлімдер енгізіледі.

      Бұл ретте қосымшалар мынадай құжаттармен жинақталады:

      қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерінің есептеулері, олар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынылатын қаржылық-экономикалық модельдің базалық параметрлері мен экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есептеулері;

      осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын қатысушылар туралы ақпарат;

      осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес жасалған қаржы моделінің қағаз және электрондық нұсқасы;

      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша жасалған бюджеттік кредитті есепке алмай, бюджеттік кредиттің қаржылық схемасына қатысушылардың қаржылық көрсеткіштерінің болжамы:

      "Бухгалтерлік баланс";

      "Пайдалар мен шығындар туралы есеп";

      "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (тікелей немесе жанама әдіс)";

      "Капиталдағы өзгерістер туралы есеп";

      осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын бюджеттік кредит есебінен іске асыру жоспарланатын инвестициялық жобаның тиімділігін талдау;

      осы Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын қарыз алушыны талдау;

      болжанып отырған кепілдік қамтамасыз етуге меншік құқығын және кепілзат мүлігіне өзге ауыртпалықтар жоқ екендігін растайтын құжат;

      салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы (болуы) туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;

      бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы туралы бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы (хаты);

      Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жасалған бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есеп;

      бюджеттік кредит беру кезінде түпкілікті қарыз алушыдан алынатын маржаны негіздейтін құжат;

      жаңа объектілердің құрылысын не қазіргі объектілерді реконструкциялауды болжайтын жобалар бойынша жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін тиісті құжаттардың көшірмелері;

      қаржылық схема қатысушыларының құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      қаржылық схема қатысушыларының кредит саясаты туралы құжаттары;

      мамандандырылған ұйымның атқарушы органының:

      1) бюджеттік кредиттің сұрау салынған қаражат мөлшері мен шарттары;

      2) қаржылық-экономикалық модельге сәйкес жылдар бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер;

      3) экономикалық эффект;

      4) әлеуметтік-экономикалық тиімділік расталған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру шеңберінде жоспарланған жоба(лар)ға бюджеттік кредитті тартуды бекіту туралы оң шешімі;

      қаржы схемасына қатысушылардың қаржылық есептілігінің электрондық нұсқасы (Жеке және шоғырландырылған) электрондық нысанда ұсынылған және мемлекеттік органның бірінші басшысының – ББӘ не оның орнындағы адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысы Әрбір бюджеттік кредит бойынша жеке уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған – бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы үш жылдағы ББӘ және бас бухгалтер, сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;

      Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын қаржы схемасына қатысушылар үшін соңғы үш жылда жасалған аудиттелген қаржылық есептілік және аудиторлық есептер ұсынылады. Бұл ретте қаржы схемасына қатысушының қолданыстағы заңнамаға сәйкес объективті себептер болған кезде соңғы есепті кезең үшін аудиттелмеген қаржылық есептілікті ұсынуға құқығы бар;

      инвестициялық ұсыныстың және осы инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;

      ведомстводан тыс кешенді сараптаманың тиісті қорытындысы;

      тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысы;

      бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы соңғы тоқсанда жасалған қаржы схемасына қатысушылардың электрондық қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар.

      Қаржылық есептілік қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарға қаржылық қатысу туралы ақпаратты қоса бере отырып, баланс валютасында 10% және одан да көп алатын баланс баптарының егжей-тегжейлі транскрипциясын қоса бере отырып ұсынылады.

      Тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысы оң бағаны қамтиды:

      1) мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру шеңберінде жобаға сұрау салынған бюджеттік кредит мөлшері бойынша жоспарланған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге сұранысты мөлшерлік түрде негіздеумен саладағы қазіргі жағдайдың талдауын бағалауды;

      2) қаржылық-экономикалық модельге сәйкес жылдар бойынша сандық және сапалық нәтиже көрсеткіштерін келтіре отырып және жобаның сала экономикасының құрылымындағы рөлі мен орнын көрсете отырып, саланың дамуына жобаның іске асырылуының ықпалын, экономикалық эффект және әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалауды;

      3) бюджеттік кредиттің мөлшеріне, оның іс-шаралар мен құрауыштар бойынша мақсатты қолданылуына баға бере отырып, жобаның іс-шаралары бойынша (құрылысты және/немесе жабдықтарды сатып алуды болжайтын жобалар бойынша) техникалық шешімдердің жеткілікті болуын және олардың тиімділігін;

      4) тиісті сараптама, оның ішінде кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындылары болмаған жағдайда, объектілерді салуды және (немесе) қайта құруды көздейтін объектілердің немесе олардың бөліктерінің техникалық шешімдері мен құнын айқындауды;

      5) бюджеттік кредит қаражатын алушыларды қаржыландыру бойынша операцияларды, сондай-ақ олардың маржасын оң бағалауды қамтиды.";

      182-46-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-46. Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаның бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілгенінің экономикалық сараптамасы бюджеттік кредиттің ҚЭН-і бойынша, оның ішінде түзетілгені бойынша құжаттар топтамасы ұсынылған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бюджеттік кредит ҚЭН-нің экономикалық сараптамасы ұсынылған бюджеттік кредит ҚЭН-нің, уәкілетті органдардың оң салалық қорытындыларының, мамандандырылған ұйымның атқарушы органының оң шешімінің және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындыларының негізінде жүргізіледі.

      Экономикалық сараптама ҚЭН-нің, уәкілетті органдардың оң салалық қорытындыларының, мамандандырылған ұйымның атқарушы органының оң шешімінің негізінде мамандандырылған ұйымның жоба бойынша бюджеттік кредиттің сұрау салған сомасына ғана жүргізіледі.

      Жүргізілген сараптамаларда және/немесе тәуелсіз сараптамада, сондай-ақ берілген құжаттамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат ұсыну және (немесе) қосымша сараптама жүргізу қажет болған жағдайда, бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілген ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын, жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған тиісті заңды тұлғалар тиісті

      Қосымша ақпаратқа қатысушылардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілгенін ҚЭН-ін енгізуі алдындағы айдың соңғы күніне жасалған қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар жатады.

      Қосымша сараптамаларға:

      1) кешенді ведомстводан тыс сараптама;

      2) уәкілетті мемлекеттік органның салалық сараптамасы жатады.

      Қажетті ақпаратты ұсыну және/немесе жүргізілген сараптамаларда қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптамалар жүргізу бойынша сұрау салулар тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, сұрау салудың көшірмесі - осы Қағидалардың 182-36-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жіберіледі.

      ББӘ ресми хат түрінде сұрау салу түскен сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілген ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға ұсынады.

      Экономикалық сараптама жүргізу мерзімі ұзартылған жағдайда, бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілгенін ҚЭН-нің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі не жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға ББӘ хатын қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға экономикалық сараптама жүргізудің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Қосымша материалдарды ұсынған кезде олардың тізбесі көрсетіледі, бюджеттік кредиттің ҚЭН-і жаңа редакцияда енгізілген жағдайда, бұрын ұсынылған бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін кері қайтарып алу туралы көрсетіледі.

      Белгіленген мерзімде қосымша материалдарды ұсынбау бюджеттік кредиттің ҚЭН-ін және оған құжаттарды Қорытынды жасамай қайтаруға негіз болып табылады.

      Бюджеттік кредиттің ҚЭН-і мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сұрау салуды қоса бере отырып, сұрау салынған материалдарды ұсынудың белгіленген мерзімдері өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

      Бюджеттік кредит ҚЭН-нің, оның ішінде түзетілген ҚЭН-нің экономикалық сараптамасының нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды немесе пысықтауға жіберілген қорытынды болып табылады.";

      182-52 және 182-53-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "182-52. Бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзетудің орындылығы мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мына құжаттарды:

      1) мемлекеттік органның бірінші басшысының – ББӘ не оны алмастыратын адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлғаның – ББӘ электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы техникалық шешімдердің өзгеруі болжанып отырған және қосымша шығыстар көрсетіле отырып куәландырылған хабарлама-хат;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны ауыстыратын тұлға, не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен ресімделген, техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын, тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындысын;

      3) жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындыларын;

      4) бюджеттік кредиттеудің ТЭН-ін не ҚЭН-ін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысын;

      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ құжаттар берілген күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей тіркелген, жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтар жоқ екені туралы актіні;

      6) бюджеттік кредиттеудің бекітілген ТЭН-ін не ҚЭН-ін көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны ұсынады;

      ББӘ тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған кезде, бюджеттік кредиттеудің техникалық-экономикалық негіздемесін немесе қаржы-экономикалық негіздемесіне тиісті түзетулер енгізеді.

      182-53. Екінші кезең бойынша:

      1) ББӘ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға түзетiлген бюджеттік кредиттеудің техникалық-экономикалық негіздемесін не қаржы-экономикалық негіздемесін ұсынуы;

      2) тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік кредиттеудің түзетілген ТЭН-ні не ҚЭН-ні бойынша қаржыландыру туралы шешімі.

      Екінші кезеңде бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік кредиттеудің түзетілген ТЭН-ін не ҚЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган түзетілген ТЭН не бюджеттік кредиттеудің ҚЭН бойынша қаржыландырудың орындылығы мәселесін ұсынылатын мынадай құжаттар негізінде тиісті бюджеттік комиссиялардың қарауына шығарады:

      1) мемлекеттік органның бірінші басшысының – ББӘ не оны алмастыратын адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген тұлғаның – ББӘ электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы техникалық шешімдердің өзгеруі болжанып отырған және қосымша шығыстар көрсетіле отырып куәландырылған хабарлама-хат;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның не мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген адамның қолы қойылған және ресми құжаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген техникалық шешімдерді өзгертудің және қосымша шығыстарды көздеудің орындылығын растайтын тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптамасының қорытындылары;

      3) жобаның ерекшелігіне байланысты қажетті сараптамалардың қорытындылары;

      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның ТЭН не бюджеттік кредиттеудің ҚЭН ні түзету жөніндегі инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындысын;

      5) түзетілген ТЭН не бюджеттік кредиттеудің ҚЭН;

      6) түзетілген ТЭН не бюджеттік кредиттеудің ҚЭН не оң экономикалық қорытынды;

      7) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органның бюджет қаражатын нысаналы пайдалану мәніне, сондай-ақ егер жоба бойынша қаржыландыру басталған болса, құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін бұзушылықтардың болмауы туралы актісі;

      8) бекітілген ТЭН-де немесе бюджеттік кредиттеудің ҚЭН-де көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба.";

      184 және 185-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. БИЖ-ді іске асыру мониторингі БИЖ-ны тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін экономикалық қорытындыға/инвестициялық ұсынысқа/БИЖ ТЭН/Инвестициялардың ҚЭН/ есепті күнге жоспарланған нәтижелермен нақты алынған нәтижелерді салыстыру жолымен жүргізіледі.

      185. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг мыналарды көздейді:

      1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;

      2) нақты қол жеткізілген сандық нәтижелерді экономикалық қорытындыда/инвестициялық ұсыныста /БИЖ ТЭН/ЖСҚ/ көрсетілген көрсеткіштермен салыстыру жолымен әрбір уақыт аралығындағы қол жеткізілген нәтижелер мен шығындарды талдау;

      3) БИЖ-ді мониторингілеу нәтижелері туралы есепті (бұдан әрі – мониторинг бойынша есеп) дайындау.

      Нақты көрсеткіштердің бұрын жоспарланғандардан (жоспар-кесте бойынша) ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді іске асыру жөнінде ұсынымдар мен шаралар қалыптастырылады.";

      187-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. БИЖ-ді дайындау мен іске асырудың жоспар-кестесі әрбір жоба бойынша есептік көрсеткіштерді айқындайтын құжат болып табылады және оны республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды.";

      189-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын БИЖ-ді іске асыру мониторингі жөніндегі есепте орындалған жұмыстардың нақты және жоспарлы көлемі және БИЖ бойынша қаржы қаражатын игеру сомалары туралы ақпарат қамтылады және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тоқсан сайынғы негізде 28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі 10 (оныншы) күнге дейін дайындайды осы Қағидаларға

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1 (бір) күніне дейін БИЖ-дің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      Бұл ретте мониторинг бойынша есептің жоспарланған көрсеткіштері жоспар-кестенің көрсеткіштеріне сәйкес келеді.";

      191-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "191. Қажетті ақпаратты республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (он) күніне дейін қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде тоқсан сайын дайындайды және мыналарды қамтиды:

      1) жоспар-кесте;

      2) мониторинг бойынша есеп пен мониторинг бойынша жиынтық анықтама;

      3) ішкі бақылау қызметі анықтаған бұзушылықтарды жою фактілері бойынша қолданылған шаралар туралы ақпарат;

      4) БИЖ-ді іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ағымдағы жағдай ақпараты;

      5) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;

      6) осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаның паспорты;

      7) осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гант диаграммасын құру үшін ақпарат.";

      194-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "194. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.";

      199, 200, 201 және 202-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "199. БИЖ-дің және Инвестициялардың іске асырылуын бағалау объекті пайдалануға енгізілген және тиісінше ҚЭН-де көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін жыл сайын жүргізіледі.

      Егер БИЖ белгіленген мерзімдерде пайдалануға енгізілмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша ақпаратты объекті пайдалануға енгізілгеннен кейінгі жылдары ұсынады.

      Егер ҚЭН-де көзделген іс-шаралар белгіленген мерзімде аяқталмаған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ҚЭН-дегі экономикалық қорытындыда көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін кейінгі жылдары инвестициялардың іске асырылуын бағалау жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 36-қосымшада объектіні уақтылы пайдалануға бермеудің және би ҚЭН-де көзделген іс-шаралардың уақтылы аяқталмауының себептері туралы ақпарат көрсетіледі.

      200. БИЖ-дің және Инвестициялардың іске асырылуын бағалау мыналарды:

      1) ББӘ-ден осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес БИЖ және инвестицияларды іске асыру барысы туралы есепті қамтитын ақпарат жинау;

      2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің және/немесе БИЖ ТЭН мен инвестициялардың ҚЭН құжаттарында көзделген көрсеткіштермен салыстыру арқылы БИЖ мен инвестициялардың қол жеткізілген тікелей нәтижелерін талдау;

      3) БИЖ және инвестицияларды іске асыруды бағалау бойынша жиынтық есепті дайындау.

      Нақты көрсеткіштердің мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында және/немесе БИЖ ТЭН-інде және Инвестициялардың ҚЭН-інде бұрын жоспарланған көрсеткіштерден ауытқулары анықталған БИЖ және Инвестициялар бойынша БИЖ мен Инвестицияларды тиімді басқару мақсатында жүйелі және жедел шаралар бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.

      201. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу үшін ақпарат қазақ және орыс тілдерінде мынадай есептілік құрамында ұсынылады:

      1) осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес БИЖ-дің және Инвестициялардың іске асырылу барысы туралы есеп;

      2) осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар мен жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша есептер;

      3) осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараларды іске асыру мониторингі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің есептері;

      4) осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараларды іске асыру мониторингі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есептері.

      202. БИЖ және инвестицияларды іске асыру барысы туралы есеп тоқсан сайынғы мониторинг негізінде әзірленеді және БИЖ іске асырудан және инвестицияларды жүзеге асырудан есепті кезеңде ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізуді ескере отырып, өнімнің (көрсетілетін қызметтердің) нақты және жоспарлы көлемі туралы ақпаратты қамтиды және орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың әрекет етуші әкімшілері электрондық жеткізгіште мыналарға сәйкес нысан бойынша ұсынады осы Қағидаларға 36-қосымшаға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға.

      БИЖ және инвестицияларды іске асырудан түсетін экономикалық және әлеуметтік табыстың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі ақпарат Инвестициялық ұсыныста және/немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдары тиімділігінің түйінді көрсеткіштеріне байланыстырылған көрсеткіштер негізінде дайындалады.";

      Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      4. Экономикалық сараптама мынадай екі деңгейден тұрады:

      экономикалық сараптаманың бірінші деңгейі МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ жобаны іске асыру жеделдігін бағалаудан тұратын "МИЖ-дің басымдығы" деген көрсеткішті бағалау тұрғысынан жүргізілетін болады. Жобаны іске асырудың жеделдігі болған жағдайда жобаны бюджеттік инвестициялар арқылы іске асыру қаралады.

      Ойын-сауық қызметтерін көрсетуге, ойын бизнесіне, шаштараз бен косметикалық көрсетілетін қызметтер салондарына, монша-сауықтыру кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына бағытталған жобалар мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы іске асырылмайды, қаржы агенттіктеріне бюджеттік кредит беру шеңберінде астананың және республикалық маңызы бар қалалардың аумағында іске асырылатын туристік ауданға немесе кешенге кіретін сауда-ойын-сауық орталықтарын салу жөніндегі жобаларды қоспағанда.

      Егер құжаттаманы әзірлеуге және оларға сараптама жасауға жұмсалатын шығындар жобаны іске асыру құнынан жоғары болса, онда МИЖ МЖӘ тетігі арқылы қаралмайды.

      екінші деңгей, шығындар мен пайданы талдау әдісімен мынадай формула бойынша бюджет тиімділігінің коэффициентін айқындайды:



      Кбэ – бюджет тиімділігінің коэффициенті;

      ДБбиj – j кезеңінде бюджеттік инвестициялық жоба не мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуы арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сондай-ақ жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;

      РБбиj – j кезеңінде жобаны іске асыруға жұмсалатын қаражат (инвестициялау барысында, сондай-ақ пайдалану барысында);

      ДБгчпj – j кезеңінде МЖӘ арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сондай-ақ жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;

      РБгчпj – j кезеңінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер;

      Ст – дисконттау мөлшерлемесі.

      Дисконттау мөлшерлемесінің мәнін инвестициялық ұсынысты әзірлеу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің мәніне не Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес болжамды инфляцияның орташа мәніне тең таңдау ұсынылады.

      Егер Кбэ > 0 болса, онда МИЖ-ді бюджеттік инвестициялар ретінде іске асыру қаралады;

      Егер Кбэ ≤ 0 болса, онда МИЖ-ді ең алдымен МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралады.

      Егер МИЖ-дің бюджет тиімділігі коэффициентінің теріс мәні болса және МЖӘ жобасы арқылы қарау қажеттілігі туындаса, жобаның өтімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі:

      PP = min n, бұл ретте



      CFi > IC, мұнда:

      ІC (Іnvest Capіtal) – жобадағы бастапқы инвестициялық шығындар;

      CFі (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасын білдіретін уақыттың і-кезеңінде жобадан түсетін ақша ағыны.

      Ақша ағынын есептеу үшін мына формулаларды қолдану қажет:

      CFi = NP + A,

      немесе

      CFі = Кіріс – Операциялық шығасылар – Салықтық төлемдер және қарыз капиталы бойынша төлемдер, мұнда:

      А (Amortіzatіon) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі;

      NP (Net Profіt) – инвестициялық жобаның таза пайдасы.

      Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.

      34, 35 және 37-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақсан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі