БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20212 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірленген аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аудиторлық қызметін лицензиялау тәртібін көрсетеді.
2. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкімет" веб-порталы" (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай кіші түрлерін қамтиды: аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толтырылсын:
"9-1. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
көрсетілген Қағидалардың 1 және 3 қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық зкономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)
"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу: "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал). |
3 | Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі | лицензия беру – 4 (төрт) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні; заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу - 4 (төрт) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілі | Электрондық (ішінара автоматтандырылған): |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру және қайта ресімдеу осы негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. |
6 | Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуінен алынатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген жағдайлардан ақы алу тәсілдерінің төлем құны. |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.): |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар тізбесі |
1) лицензия алу үшін: лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияға қосымша. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бастартудың негіздері |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |
Өтініш беруші туралы мәліметтер
Кәсіпорынның мөлшерлігі: | шағын | х |
орта | х | |
ірі | х | |
Қызметті растау | Қызмет түрлері "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес келетінін растаймын | х |
(тиісті жолққа х белгісі қойылады)
Басшы мәліметтерінің нысаны
Аудитор ретіндегі аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________
Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ________________
№ | Жұмыс орны | Лауазымы | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні | Алдыңғы жұмыс орнының ұйымның атауы | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
"Аудитор" біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері
№ | Куәліктің берілген күні | Куәлік нөмірі | "Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Аудиторлар мәліметтердің нысаны Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы мәліметтер
№ | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Аудитордың тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда) | Жұмыс орны | Лауазымы | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі | Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні | Алдыңғы жұмыс орнынан ұйымның атауы | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі | Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
"Аудитор" біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері
№ | Куәліктің берілген күні | Куәліктің нөмірі | "Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |