"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8094 болып тіркелген);
2) "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 536 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 17007 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 28 шілдедегі № 552 бұйрығына қосымша |
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiндегi тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын (бұдан әрi - мемлекеттің сыйлықақысы) есептеу және төлеу тәртiбiн анықтайды.
2-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша сыйлықақыны есептеу және төлеу тәртібі
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа жетпеген, он сегiз жасқа толмаған азаматтарының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу және төлеу тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде жүзеге асырылады.
Салымшының өтiнiшi бойынша мемлекеттің сыйлықақысы бiр тұрғын үй құрылысы жинақ банкiндегi бiр шотқа ғана есептеледi.
3. Жинақтау мерзімі өткен кезде және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшы жинақ ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтамаған жағдайда, ол тұрғын үй құрылысы жинақ банкі оған сыйақы есептеген салымды, сондай-ақ үш жылдан артық жинаған кезде мемлекеттің сыйлықақысын алуы не мемлекеттің сыйлықақысы есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде жинақтауды жалғастырады.
Мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй қарызын алған кезге дейін есепке жазылады.
4. Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi көтермеленетiн салым сомасының жиырма пайызын құрайды. Мемлекеттің сыйлықақысымен көтермеленетiн салым тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынған салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қамтиды.
5. Мемлекеттің сыйлықақысымен көтермеленетiн жинақталған ақша сомасы бір күнтізбелік жыл үшін екi жүз есе айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиіс.
Егер мемлекет сыйлықақысын көтермеленетiн жинақталған ақша сомасы тиiстi жылға арналған екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асып кетсе, онда көтермеленбей қалған жинақталған ақша сомасын келесi жылы сыйлықақы есептеу кезiнде тұрғын үй құрылысы жинақ банкi ескередi.
Ағымдағы жылы мемлекет сыйлықақысы өткен жылдары көтермеленген жинақталған ақшаның сомасына есептелмейдi.
6. Мемлекет сыйлықақысын төлеу:
1) шарттық соманы төлеген кезде;
2) салымшы салымды тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасқан күннен бастап бұзған күн арасында үш жылдан астам жинақтаған салымы болса, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған кезде жүзеге асырылады.
7. Салымшы тұрғын үй қарызының бір бөлігін мақсатсыз пайдаланған кезде мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй қарызының мақсатсыз пайдаланылған бөлігіне пропорционалды бөлікте бюджетке қайтарылуға жатады.
8. Бұдан бұрын оған жинақтау мерзімі үш жылға жетпейтін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт(тар) қосылған жинақтау мерзімі тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу күніне үш жылдан асқан тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде оған қосылған жинақтау мерзімі үш жылға жетпейтін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт(тар) бойынша біріктірілгенге дейін есептелген мемлекет сыйлықақысы төленбейді және бюджетке қайтарылуға жатады.
Егер қосылған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт(тар) бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу күніне үш жылдан аса уақыт өтсе, онда біріктірілгенге дейін есептелген мемлекеттің сыйлықақысы бюджетке қайтарылуға жатпайды.
9. Бірнеше тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының салымдары бойынша екі және одан артық шоттар бойынша тұрғын үй құрылысы жинақтарының бір салымшысына мемлекеттің сыйлықақысы төленгенін бюджеттік бағдарлама әкімшісі тапқан жағдайда, тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мемлекет сыйлықақысын қайтаруды бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жазбаша өкімі негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, өткен жылдарға есептелген мемлекет сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымдардың біреуі бойынша есептелген сыйлықақыны қоспағанда, бюджетке қайтаруға жатады.
Егер әртүрлi қаржы жылдарында мемлекет сыйлықақысы Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес оның таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшының әртүрлi шоттарына есептелсе, мемлекет сыйлықақысын қайтару жүзеге асырылмайды.
10. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы бiр шарт бойынша шарттық соманы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы бiрнеше шарттарға бөлген кезде мемлекет сыйлықақысы бөлiнген салымдарға пропорционалды бөлiнедi.
11. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда, салымшыдан мемлекет сыйлықақысы сомасын қайтарған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджетке мемлекет сыйлықақысын аударады.
3-тарау. Мемлекеттің сыйлықақысын есептеу, аудару және оларды тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымдарының есебіне жатқызу мерзiмi
12. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi жыл сайын есептi жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың бюджеттiк өтiнiмiн енгiзу үшiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы төлеу жөнінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мемлекет сыйлықақысын есептеудiң болжамды есептерiн ұсынады.
13. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы жылының қорытындысы бойынша келесi жылдың 15 қаңтарына дейiн әрбір салымшыға есептейді де бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне салымдар бойынша тиесiлi мемлекет сыйлықақысы есептелген сомасының түпкiлiктi есебiн ұсынады.
14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнен мемлекет сыйлықақысы сомасының түпкiлiктi есебiн алғаннан кейiн есептiден кейiнгi жылдың 10 ақпанына дейiн тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң корреспонденттiк шотына мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасын аударады.
15. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен жалпы соманы алған күннен бастап, тұрғын үй құрылысы жинақ банкi мен оның салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жасалған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттар бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды осы Қағидаларда көзделген тәртiппен жүргізеді.
16. Егер тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнің осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жіберілген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасының түпкілікті есебін нақтылауына байланысты тиісті жылға бюджетте көзделген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй құрылысы жинақ банкi бюджеттік бағдарламаның әкімшісі алдын ала хабардар еткеннен кейін және бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мақұлдаған жағдайда мемлекет сыйлықақысының жетіспейтін сомасын бюджетке қайтарылуға жататын қаражаттың және (немесе) өз қаражаты есебінен салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтарының шоттарына есепке жатқызуды жүзеге асырады.
Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi мемлекет сыйлықақысының өз қаражаты есебінен төленген сомасын бухгалтерлік есебінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне дебиторлық берешек шоттарының есебіне жазып көрсетеді.
Республикалық бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдау кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi өз қаражаты есебінен төлеген мемлекет сыйлықақысының жетіспейтін сомасына тұрғын үй құрылысы жинақ банкi берген деректердің негізіндегі бюджеттік өтінімді ұсынады.
Тиісті жылға арналған Республикалық бюджетті нақтылау туралы заңды бекіткеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тұрғын үй құрылысы жинақ банкi өз есебінен салымшыларының - Қазақстан Республикасының азаматтарының шоттарының есебіне жатқызған, мемлекет сыйлықақысының жетіспейтін сомасын тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнің шотына аударады.
4-тарау. Мемлекеттің сыйлықақысының есеп айырысу және оны капиталдандыру
17. Мемлекет сыйлықақысы осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген мөлшерде есептiк жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледi.
18. Мемлекет сыйлықақысының жоспарлы сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
Ажс=Т+С-Ш
мұнда
Ажс - мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн есептi жыл салымының сомасы;
Т – есептi жылдағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдарға түсетін түсімдердің жоспарлы сомасы;
С – есепті жылы салымшылардың шоттарына тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін сыйақының жоспарлы сомасы;
Ш - есепті жылы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттардың бұзылу нәтижесінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдарынан шығатын қаражаттың жоспарлы сомасы.
19. Есепті жыл салымының мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн, ол бойынша есептіден кейiнгi жылы мемлекет сыйлықақысы есептелетін және төленетiн сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
Ажс = Ж - Өжс-Ес,
мұнда
Ажс – екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіш шегінде есептi жыл салымының мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн сомасы;
Ж - есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған қаражат сомасы;
Өжс - өткен жылдардағы салымның мемлекет сыйлықақысымен көтермеленген сомасы;
Ес - өткен жылдарда есептелген мемлекет сыйлықақысының сомасы.
20. Мемлекет сыйлықақысының сомасын Бюджеттік бағдарлама әкімшісінен түскеннен кейiн осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымның негiзгi сомасын ұлғайту есебіне жатқызады, яғни жылына бір рет, жинақ шоттарына iс жүзiнде есептеу кезiнде капиталданады.
Салымшы тұрғын үй қарызын ресімдеуге және оны 1 қаңтардан бастап салымшылардың шоттарына мемлекеттің сыйлықақысы іс жүзінде есепке жатқызылуына дейін алуға өтініш берген жағдайда мемлекет 1 салымшының шотына есепке жатқызылады.