"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебінен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 558 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 шiлдеде № 33074 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:

      қағида атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, бюджет қаражаты есебiнен оқу ақысын төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ІІМ-нің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдармен келісімшарт қабылдау комиссиясы шет мемлекеттің білім беру ұйымдарына оқуға жіберу туралы шешім шығарғаннан кейін және жеке ісін ІІМ кадр қызметінде қалдыра отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққаннан кейін жасалады.

      Келісімшартты осы Ереженің 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары мен курсант/қызметкер қол қояды. Келісімшарт қазақ немесе орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның біреуі жеке іске тігіледі, ал екіншісі курсантқа/ қызметкерге беріледі. Келісімшарттардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Келісімшарт:

      1) әскери-дәрігерлік комиссия курсантты, магистрантты және докторантты денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз немесе шекті түрде жарамды деп танылған; курсант/қызметкер қайтыс болған жағдайда;

      2) өз еркі бойынша;

      3) қызметкер ІІМ білім беру ұйымын және оқу ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей отырып, ІІМ жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аяқтаған соң 5 жыл ішінде құқық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартқан;

      4) қызметкер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ІІМ-нің білім беру ұйымдарын аяқтаған соң 3 жыл ішінде құқық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартқан;

      5) оқу үлгерімі нашар болған жағдайда;

      6) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда;

      7) ІІМ білім беру ұйымның докторантурасын бітірген тұлғалар диссертацияны қорғауға шықпаған жағдайда мерзімінен бұрын бұзылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      10. Өзіне тәуелді емес мән-жайларды қоспағанда, келісімшартты мерзімінен бұрын бұзған қызметкерлер мен курсанттар, егер ол міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдағанын дәлелдесе, мемлекетке оқыту кезеңiнде оқытуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына және кері жол жүру шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтарады. Ұстауға жататын сома ІІМ білім беру ұйымдарында болған әрбір толық айға барабар есептеледі.

      Докторлық диссертацияны аяқтағаннан кейін 3 жыл өткен соң қорғамаған қызметкер, егер ол өзіне тәуелді барлық жағдайларды қабылдағанын дәлелдесе, өзіне тәуелді емес мән-жайларды қоспағанда оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.

      Қызметтен босатылған қызметкерлерден бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеуді аумақтық ІІО жүзеге асырады.

      ІІМ білім беру ұйымдарынан оқудан шығарылған курсанттардан, магистранттардан және докторанттардан бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеуді ІІМ білім беру ұйымы жүзеге асырады."

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, оқуақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi туралы қағидаларының 1-қосымшасында:

      5-тармақтың 11-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) оқу орнын бітіргеннен кейін құқық қорғау органдарында қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда, сондай-ақ "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда бес жыл өткенге не келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғанға дейін стипендия төлеуді, оның оқу кезеңінде тамақтануына, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері жолақы шығыстарын қоса алғанда, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтаруға міндетті. Ұстауға жататын сома білім беру ұйымында болған әрбір толық айға барабар есептеледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Келісімшарт тараптардың келісімі немесе тараптардың бірінің бастамасы бойынша, сондай-ақ келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда бұзылады. Келісімшартты бұзу туралы куәландыратын құжат ІІМ білім беру ұйымының бұйрығы болып табылады.

      Келісімшарт "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12), 12-1), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларын қоспағанда, тараптардың бірінің бастамасы бойынша екінші тараптың оны бұзғаны туралы жазбаша хабарлаған күнінен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін бұзылады.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, оқу ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшартжасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi туралы қағидаларының 2-қосымшасында:

      5-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) магистрант – кешенді емтихан тапсырып, магистрлік диссертацияны (жоба) көпшілік алдында қорғау";

      5- тармақ 6-1 тармақшасымен толықтырылсын:

      "докторант – оқу орнын бітіргеннен кейін 3 жылдан кешіктірмей докторлық диссертация қорғау. Докторлық диссертацияны қорғамаған Докторант оқу бітіргеннен кейін 3 жыл өткен соң, егер ол міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне тәуелді барлық шараларды қабылдағанын дәлелдесе, өзіне тәуелді емес мән-жайларды қоспағанда, оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан магистрант/PhD докторанты үшін оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істеуі міндетті шарт болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Келісімшарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін өзінің күшін жояды.";

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, оқу ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi туралы қағидаларының 3-қосымшасында:

      5-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып келуге және құқық қорғау органдарында оқуын аяқтаған сәттен бастап кемінде бес жыл қызмет етуге міндеттенеді. Осы міндеттемені орындамаған жағдайда Қызметкер "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қайта еспетеуді ескере отырып, оқуға жұмсалған қаржылай қаражатты толық көлемде ІІМ-ге қайтарады.";

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына, оқу ақысын бюджет қаражаты есебiнен төлей отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетiн адамдармен келiсiмшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi туралы қағидалары 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (О. Ж. Жолдасов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 558 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің білім
беру ұйымдарына, оқу ақысын
бюджет қаражаты есебiнен
төлей отырып, Қазақстан
Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
жолдамасы бойынша шет
мемлекеттердiң құқық
қорғау органдарының жоғары
және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің кәсіптік
оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына түсетiн
адамдармен келiсiмшарт
жасасу,ұзарту, өзгерту, бұзу
және тоқтату тәртiбi
туралы қағидаларға
4-қосымша

      нысан

КЕЛІСІМШАРТ

________қаласы

20__жылғы "___" _______



      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, атынан _______________ _____________________, Қазақстан
      Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы негізінде әрекет ететін №__________, "__" _______20__ жылдан бастап бұдан
      әрі "ІІМ" деп аталатын, бір жағынан және тұлға ___________________________________________________________________________,(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы арнаулы атағы) шет мемлекетке оқуға жіберілетін, бұдан әрі " қызметкер "деп аталатын,
      ал бірге" Тараптар " деп аталатындар төмендегілер туралы осы Келісімшартты жасасты:

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. ІІМ қызметкерді
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      (ел, қала, оқу орны)
      жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі/сырттай оқу
      нысаны бойынша
      __________________________________________________________________
      (білім беру бағдарламасының коды және атауы) оқуға жібереді
      20___ жылғы ____________ бастап 20___ жылғы ___________ дейінгі кезеңге дейін.
      Оқу мерзімі: _______________________________________________________
      (білім беру ұйымында оқу мерзімі көрсетіледі)

2-тарау. Тараптардың құқықтары

      2. ІІМ құқығы бар:

      1) қызметкер осы Келісімшарт талаптарының бірін бұзуға жол берген жағдайда, сондай-ақ қызметтік қажеттілік туындаған барлық жағдайларда қызметкерді мерзімінен бұрын кері қайтарып алуға;

      2) "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес, қызметкердің шет елде оқуын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру шартымен оны шет елде оқытуға және жол жүруіне байланысты ІІМ шеккен барлық шығындарды қызметкерден мынадай жағдайларда өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауға:

      оқуды жалғастырудан бас тарту;

      шетел мемлекетінің заңнамасында қарастырылған оқу орнының ішкі тәртібі мен болу ережелерін бұзу;

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу;

      ішкі істер органдарынан шығару.

      3. Қызметкердің құқығы бар:

      1) оқу мерзімі аяқталғанға дейін мына негіздер бойынша осы Келісімшартты уақытша үзуге не бұзуға:

      қызметкер оқытылып жатқан елдің тиісті құжаттарымен расталған қызметкердің өзінің ауруына байланысты;

      растайтын құжаттары болған кезде қызметкердің жақын туыстарының не оның асырауындағы адамдардың науқастануына немесе қайтыс болуына байланысты;

      2) ІІМ алдында осы келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ қаржы қаражатын мемлекет кірісіне өтеу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш жасауға.

3-тарау. Тараптардың міндеттері

      4. ІІМ міндеттенеді:

      1) оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда қызметкерді жоғарыда көрсетілген оқу орнында 20___жылғы "____" ______ мен 20___жылғы "____" ______аралығында оқытуды ұйымдастыруға не оқыту Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы қаржыландырылған жағдайда оқуға жіберуді ұйымдастыруға;

      2) жоғарыда көрсетілген оқу орнында қызметкердің оқу, тұру, тамақтану құнын, ай сайынғы стипендиясын толық төлеуді ұйымдастыруға (қызметкерді жеңілдікті және өтеусіз негізде оқыту жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ автомобиль, темір жол және олар болмаған жағдайда немесе экономикалық тиімділік кезінде жол жүру құнын төлеу – әуе көлігімен, экономикалық сынып тарифі бойынша оқу орындарына (оқу орнына дейін), жазғы каникулдық демалысты өткізу орнына және кері оқу орнына жіберген кезде ұсынылған жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) негізінде құны төлеуге;

      3) қызметкерді шет елдегі оқуын аяқтағаннан кейін оқуға жіберілгенге дейін атқаратын лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындауға;

      5. Қызметкер міндеттенеді:

      1) білім алушы шет елдің оқу орны ұсынатын талаптарды орындауға;

      2) оқу орнының бағдарламасында көзделген білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруге:

      3) магистрлік/кандидаттық/докторлық диссертация дайындау;

      4) қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, магистрлік/кандидаттық/докторлық диссертацияны көпшілік алдында қорғау;

      5) демалыс орнына келгеннен және кері қайтқаннан кейін бір ай ішінде ІІМ-ге жол жүру құжаттарын ұсынуға;

      6) оқуды тоқтату қажеттілігі туралы ІІМ-ге уақтылы хабарлауға;

      7) оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтып оралуға және оқуды аяқтаған кезден бастап құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл жұмысты өтеуге. Осы міндеттеме орындалмаған жағдайда қызметкер "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қайта есептеуді ескере отырып, ІІМ-ге оқуға жұмсалған қаржы қаражатын толық көлемде өтеуге;

      8) Қызметкер осы Келісімшарттың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде оның шет елде оқуына жұмсалған қаржылай қаражатты (оқу орнына бару және кері қайту билеттерінің құнын, оқуына, тамақтануына, тұруына, заттай үлесіне, демалыс кезеңіндегі жолақысын, медициналық сақтандыруға, стипендияға, оқу әдебиеттері мен Қызметкерді шет елде ұстауды растайтын басқа да шығыстарды) және қабылдаушы Тарап белгілеген квоталар бойынша жеңілдікті немесе өтеусіз негізде оны шетелде оқытуға жұмсалған қаржы қаражаты (оқу орнына дейінгі және кері қайту билеттерінің құны, демалыс кезеңіндегі жол жүру, медициналық сақтандыру, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақы төлеу және басқа да шығыстар) қайтаруға.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапты болады.

5-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі

      7. Келісімшарт Қызметкердің оқу кезеңіне жасалады және Тараптар осы Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.

      8. Келісімшарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша, келісімшарт талаптарын екінші Тарап бұзған жағдайда, тараптардың жазбаша келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылады немесе өзгереді.

      9. Осы Келісімшартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт ұзартылуға жатпайды.

6-тарау. Келісімшарт бойынша тараптардың жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар

      10. Осы келісімшарт бойынша кез келген міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер орындалмауы еңсерілмейтін күш әрекетінің (форс-мажорлық мән-жайлар) салдарынан, яғни: Қызметкердің қайтыс болуы, су басу, өрт, жер сілкінісі, басқа да дүлдей зілзалалар, сондай-ақ соғыс, әскери іс-қимыл, бүлік, блокада, заңнамада немесе атқарушы билік органдары белгілеген актілер немесе шектеулер, жарияланған немесе жарияланбаған ереуілдер немесе Тараптардың бақылауынан тыс Келісімшарт жасалғаннан кейін туындаған басқа да кез келген мән-жайларда тараптардың ешқайсысы жауапкершілікте болмайды.

      Міндеттемелерін орындауға еңсерілмейтін күштің мән-жайлары кедергі жасаған Тарап олар аяқталған сәттен бастап 24 сағат ішінде бұл туралы екінші тарапқа жазбаша түрде (факсимильдік байланыспен, телеграммамен) хабарлауға міндетті. Форс-мажорлық мән-жайлардың аяқталғаннан кейін тараптар үш күн ішінде бір-біріне хабарлайды, әйтпесе Тараптар залалдың орнын толтырудан босатылмайды.

      11. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі 10-тармақта көрсетілген форс-мажорлық жағдайлардың қолданылу мерзіміне және оның салдарына шамалас ұзартылады.

7-тарау. Дауларды қарау

      12. Осы келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындау барысында туындайтын кез келген даулар келісу келіссөздерін жүргізу арқылы шешіледі. Жойылмайтын қайшылықтар туындаған жағдайда түпкілікті шешімді Қазақстан Республикасының соты қабылдайды.

8-тарау. Өзге де шарттар

      13. Қызметкердің кінәсінен осы келісімшарт бұзылған жағдайда келтірілген материалдық залалды өтеу осы келісімшарттың міндетті шарты болып табылады.

      14. Келісімшарт екі данада, әр тарап үшін бір данадан жасалған, екі данасы да ұқсас және бірдей заңды күші бар, екі тарап қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

9-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Келісімшарттың ережелері Тараптармен жасалатын өзге де келісімшарттар бойынша тараптардың міндеттерін қозғамайды.

10-тарау. Тараптардың деректемелері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мекен-жайы _________,
Тел. __________
БИК __________
ИИК __________
БИН __________
Банк: _________ ______________________ М.О.

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_______________
мекенжайы __________________________________
лауазымы __________________________________
телефон __________________________________
кызметтік куәлігі __________________________________
жеке куәлігі __________________________________
кім және қашан берілді __________________________________
ЖСН __________________________________
(қолы)