Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 63 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32968 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 63 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу тәртібін, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету тәртібін белгілейді.";

      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Орталық депозитарий уәкілетті органнан немесе эмитенттен сұратуды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мәліметтері жария етілмеген тұлғаларға немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға жеке шоттар ашылған депоненттерге сұрау жолдайды.

      Егер қаржы құралдары тізімді жасау сәтінде клиринг ұйымының (орталық контрагенттің) бөлімінде тіркелген болса және осы ұстаушы бір мезгілде осы қаржы құралдарының эмитенті болып табылса, онда орталық депозитарий клиринг ұйымына орталық контрагенттің қатысуымен автоматты "репо" мәмілесі бойынша контрагент туралы ақпаратты ашуға сұрау жолдайды.

      Номиналды ұстаудағы және меншік иелеріне тиесілі бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы) туралы ақпарат сұратқан адамға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәліметтер, сондай-ақ орталық депозитарий номиналды ұстаушылардан алған мәліметтер негізінде беріледі.

      53. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке шотында бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепте тұратын, меншік иесіне жататын номиналды ұстаушы уәкілетті органнан, орталық депозитарийден немесе эмитенттен сұратуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұратқан адамға тиісті мәліметтерді ұсынады.

      Бағалы қағаздарды есепке алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын номиналды ұстаушыларға жеке шоттар ашқан депоненттер орталық депозитарийдің сұратуын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге қатысушы акционерлердің тізімін жасауға қажетті ақпарат ұсынады.".

      2. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Жеке шоттар бойынша операцияларға мыналар жатады:

      1) жеке шот ашу;

      2) тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту;

      3) бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);

      4) акцияларды бөлшектеу;

      5) бағалы қағаздарға ауыртпалық салу (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) және ауыртпалық салуды алып тастау;

      6) бағалы қағаздарды оқшаулау (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және оқшаулауды алып тастау;

      7) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау;

      8) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);

      9) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

      10) эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;

      11) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жою;

      12) бағалы қағаздарды өтеу;

      13) жеке шотты жабу.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Акцияларды бөлшектеу операциясын тіркеу бұйрығында орталық депозитарийдің қағидалары жинағында көзделген мәліметтер қамтылады.

      Акцияларды бөлшектеу операциясын тіркеу бұйрығына эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды.".

      3. "Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17822 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның ішкі құжаттарына және клирингтік ұйым мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған келісімге сәйкес төлем карточкаларының банкаралық жүйесінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліктілігін қабылдауды, есепті және бақылауды жүзеге асырады.".

      4. "Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленген және орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мынадай заңды тұлғаларға жеке шоттар ашады:

      1) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      2) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;

      4) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясына ие;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дилерлік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын;

      6) шетелдік депозитарийлер, кастодиандар және клирингтік ұйымдар;

      7) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие шетелдік ұйымдар;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;

      9) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым;

      10) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына (лицензиясына) ие ұйымдар;

      11) клирингтік ұйымдар.

      Орталық депозитарий номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаларға номиналды ұстаушының бір ғана жеке шотын ашады.

      Номиналды ұстаушының жеке шотын ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

      17. Қағидалардың 16-тармағының 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның жеке шотында осы заңды тұлғаға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған бір қосалқы шот қана ашылады.

      18. Депоненттердің және олардың клиенттерінің қаржы құралдарын бөлек есепке алуды қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мынадай қосалқы шот ашылады:

      1) депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      2) депонент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің сатып алған меншікті бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      3) осы депоненттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      4) депоненттің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған қосалқы шоты.

      Депоненттің сұратуы бойынша оған өз клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған депоненттің бірнеше қосалқы шоты ашылады.

      Депоненттің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын біріктірілген есепке алуға арналған қосалқы шоттарын пайдалану тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен айқындалады;

      5) Қағидалардың 37-1 және 37-2-тармақтарына сәйкес орталық депозитарий берген депонент клиентінің бірегей коды бойынша ашылатын және депоненттің осы клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депонент клиентінің қосалқы шоты;

      6) номиналды ұстаушы болып табылатын клиенттің номиналды ұстауға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған қосалқы шоты.

      Номиналды ұстаушы болып табылатын клиенттің қосалқы шоты:

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие шетелдік депозитарийге, шетелдік кастодианға немесе шетелдік ұйымға олардың клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарын есепке алу үшін олардың жеке шотында;

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына ие, депоненттің клиенті болып табылатын шетелдік ұйымға;

      номиналды ұстаушыға – шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентіне;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының листингіндегі қаржы құралдарын есепке алу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға;

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларға ұқсас функцияларды жүзеге асыру құқығына (лицензияға) ие ұйымға ашылады.

      7) эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің сатып алған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      8) осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты.

      Банкаралық төлем карталары жүйесінің қатысушылары болып табылатын депоненттер немесе депоненттердің клиенттері үшін банкаралық төлем карталары жүйесі бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын қаржы құралдарын жеке есепке алу мақсатында депоненттің дербес шотында осы тармақтың 1) және 5) тармақшаларында көрсетілген жеке қосалқы шоттар ашылады;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің бірнеше қосалқы шоты ашылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Орталық депозитарий клиенттерінің, депоненттер клиенттерінің ақшасын есепке алу, сондай-ақ талап етілмеген ақшаны баланстан тыс шоттарда орталық депозитарийде жүзеге асырылады.

      Депоненттің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алуды орталық депозитарий бөлек жүргізеді.";

      37-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-2. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен депоненттің мыналар:

      Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлға депоненті клиентінің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаның немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаның депоненті клиентінің бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      жеке тұлғаның депоненті клиентінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - жеке тұлғаның депоненті клиентінің жеке басын куәландыратын құжаты;

      заңды тұлғаның депоненті клиентінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті – заңды тұлғаның депоненті клиентінің тіркелуін растайтын құжат туралы ұсынған мәліметтер негізінде депонент клиентіне бірегей код беруді жүзеге асырады.";

      37-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-4. Орталық депозитарийдің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде оның бірегей коды бойынша қосалқы шот ашылған және (немесе) қаржы құралдарын біріктірілген есепке алу үшін депоненттің қосалқы шоты шеңберінде қызмет көрсетілетін депоненттің клиенті бойынша эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімінде (акционерлер тізімінде) депоненттің осы клиентіне бірегей код берілген мәліметтерді көрсете отырып, белгілі бір номиналды ұстаушының клиенті ретінде көрсетіледі.";

      Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акционерлердің тізімін жасау үшін қажетті көлемде және уақтылы оның номиналды ұстаушысы туралы белгісі бар ол туралы мәліметтер ашылса, эмитент акционерлерінің тізімінде акционер – депоненттің клиенті көрсетіледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Орталық депозитарий банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізуді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау бойынша аударым операцияларын "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14335 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату, сондай-ақ банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.";

      40-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-10. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотында жинақталған ақша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған орталық депозитарийдің корреспонденттік шотында сақталады.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны, ақша тиесілі болатын адамдарға шетел валютасындағы ақшаны есепке алу үшін шоттан төлемдерді жүзеге асыру үшін мұндай ақша сомалары Орталық депозитарийдің қызмет көрсететін банкінде ашылған орталық депозитарийдің шотына аударылады.".

      5. "Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттарын, Сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18169 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.";

      1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 319 қаулысына
1-қосымша";

      Осы қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің немесе өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған әрекеттерін анықтау тұрғысынан мынадай талаптарға сәйкес келетін әрекеттер мониторингтеуге және талдауға жатпайды:

      үлестік құралдар бағасының өзгеруі акциялар бойынша бөлшектеуді (сплитті) жүргізу және (немесе) бір депозитарлық қолхаттың базалық активі болып табылатын акциялар санын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан жағдайда;

      бағалы қағаздармен осы бағалы қағаздар эмитентінің директорлар кеңесінің оларды жаңа бағамен орналастыру туралы қабылдаған шешімінің ықпалымен қалыптасқан және (немесе) осы бағалы қағаздардың бағасына және (немесе) кірістілігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін оларды шығару талаптарына (проспектісіне) түзетулер енгізілген (енгізілген) баға бойынша мәмілелер жасасу;

      жинақталған кірісті және (немесе) борыштық бағалы қағаздардың кірістілігін ескере отырып, бағаның өзгеруі бағалы қағаздарды купондық төлеу немесе өтеу күнінің жақындауымен байланысты. Мұндай өзгерістің шамасы және оны есептеу тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануды бағалы қағаздар субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарауды жүзеге асыратын сараптама комитетінің қорытындысын қарау нәтижелері бойынша жүзеге асыратын уәкілетті орган іске асырады.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      2-қосымшаның үстіңгі оң жағындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 319 қаулысына
2-қосымша".

      қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 319 қаулысына
3-қосымша";

      6. "Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №104 қаулысына мынадай өзгеріс енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30797 болып тіркелген):

      Аталған қаулымен бекітілген Сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тізімге енгізілген адамдарға бөлуге жататын инвестициялық кіріс сомасын анықтау мақсатында, орталық депозитарий Ұлттық Банкпен салыстырылған инвестициялық кіріс сомасынан Ұлттық Банктің сенімгерлік басқару үшін комиссиясының сомасын, талап етілмеген ақшаны сенімгерлік басқаруға байланысты Ұлттық Банк іс жүзінде жұмсаған шығыстардың сомасын, сондай-ақ талап етілмеген ақшаны инвестициялау үшін орталық депозитарийдің комиссиясын шегереді.".