"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32750 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге (бұдан әрі - Портал) жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті көрсету нысанын, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін, Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің тізбесі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер "саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Е-лицензиялауда" көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жұмыс күні жиырма минут ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз "Е-лицензиялау" сақталған көрсетілетін қызметті беруші Порталдың көліктік қолтаңбасымен қол қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталдың көлік қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық негіздемеде көзделген лимиттің болмауына байланысты дәлелді бас тарту нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.";

      "Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
З. Сулейменова

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 184 Бұйрыққа
1-қосымша
  "Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары)

"электронды үкіметтің" www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 минут

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат немесе осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтінім.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  "Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып қоюға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Саны реттелуі тиіс жануарлар түрлерiн алуға арналған № ____ рұқсат

Аңшылық куәлігінің және азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және өзімен алып жүруге, тасымалдауға арналған рұқсаттың нөмірін, берілген күнін және қолданылу мерзімін көрсете отырып, берілді (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген аң аулауға және аң аулау кезінде қаруды пайдалануға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету. Балық санын реттеу жағдайында, балықшы куәлігінің нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі көрсетіледі. Шетелдік үшін шетелдіктің тұрғылықты аумағында берілген балық аулауға құқық беретін құжаттардың нөмірін және берілген күнін көрсету

Жануарлар санын реттеу мақсаты және негізі

Жануарлар санын реттеу учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, аңшылық шаруашылығы субъектісімен келісім бойынша аңшылық шаруашылығы аумағында)

Алу тәсілдері (олжалау, аулау, атып алу, жинау, соғып алу)

Жануарлар түрлері және жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда)

Жануар-ларды алу мерзімі

Аумақтық бөлімшеге рұқсаттың пайдаланылуы туралы есеп ұсыну мерзімі (рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде)

Бақылау (аумақтық бөлімшенің атауы) жүктеледі

































      Берілген күні 20___жылғы "___" ___________.

  Бұйрыққа 4-қосымша
  "Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып қоюға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Уәжді бас тарту
Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою лимиті таусылды.
"Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес биологиялық негіздемеде көзделген лимиттің болмауына байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартамыз.
Берілген күні 20___жылғы "___" ___________.