Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 19 мамырдағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 мамырда № 32557 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т.қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушы
2023 жылғы 19 мамырдағы
№ 372 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-тармақшамен толықтырылсын:

      "биометриялық сәйкестендіру – адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және оның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын биометриялық деректер";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және мемлекеттік қызмет көрсетушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      11, 12 және 13 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі-негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттары бар өтінішті жібереді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәліметтері және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.

      13. Сарапшы аттестатын алған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкестігін қарайды 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.

      Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығымен көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ресімделген мынадай шешімдер бекітіледі:

      1) тестілеуге жіберілген;

      2) тестілеуге жіберілмеген.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тапсырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тестілеуге жіберу туралы хабарлама жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама осы тармақта көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тестілеуге жіберу туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді;

      3) 7 (жеті) жұмыс күн ішінде тестілеу өткізіледі. Көрсетілетін қызмет беруші тестілеу күні өтініш берушіні тесттің нәтижесімен таныстырады;

      4) көрсетілетін қызметті беруші негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында сәйкес 2 (екі) жұмыс күн ішінде сарапшының аттестатын немесе дәлелді бас тартуды рәсімдейді, қол қояды және "жеке кабинетке" жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1.Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең аз техникалық талаптар:

      1) тестілеуді өткізу кезінде емтихан тапсырушы тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша сәйкестендіруден өтеді;

      2) тестілеу кезінде қолмен немесе жақтау түріндегі металл детекторлар қолданылады. Тестілеуге іске қосу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде емтихан алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото -, аудио - және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып келуіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады;

      3) тестілеуді бастау үшін емтихан тапсырушы биометриялық сәйкестендіру арқылы жеке басын растауы тиіс;

      4) тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (кемінде Intel Core i3 процессоры, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайларды кондиционерлеу жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталады;

      5) әрбір жұмыс станциясында тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталады;

      6) тестілеу залы заманауи цифрлық бейне және аудио бақылау жүйесімен жабдықталады. Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін аудитория өткізу пункттерінде жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі;

      7) тестілеу залы басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылады;

      8) тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталады және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.";

      1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9994 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің:

      реттік нөмірі 23 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

23

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, егер ол жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы келмесе, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы

өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

      ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28

меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте, егер ол жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы келмесе, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы.

өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

меншік құқығындағы өндірістік база болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады

      ".

      3. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларда және рұқсат беру талаптарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аттестаттау – аттестаттау орталығының жобалау және құрылыс салу процесіне қатысатын инженер-техник жұмыскерлердің өкілеттіктерін ресми тану рәсімі;

      2) аттестаттау орталығы – уәкілетті органда белгіленген тәртіппен аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;

      3) біліктілік аттестаты – осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженер-техник жұмыскерлердің мәртебесін куәландыратын аттестат;

      4) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал (бұдан әрі - Портал) – құрылыс саласын, құрылыс қызметі субъектілерін реттеуге және салынып жатқан объектілердің атқарушылық-техникалық құжаттамасын электрондық форматта жүргізуге арналған ақпараттық портал.";

      5) инженер-техник жұмыскер – кәсіптік орта немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

      6) өтініш беруші – біліктілік аттестатын алуға үміткер жеке тұлға;

      7) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тестілеу өтініш берушіні хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі және мынадай талаптар мен рәсімдерді көздейді:

      1) өтініш берушінің таңдауы бойынша тестілеу автоматтандырылған тәсілмен Порталда мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді;

      2) өтініш берушілерді тестілеуге жіберу жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат көрсету арқылы жүзеге асырылады;

      3) аттестаттау орталығының қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімімен таныстырады;

      4) өтініш берушіге тестілеу кезінде сөйлесуге және үй-жайдан шығуға, дербес электрондық құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды) және тестілеу кезінде қағаз тасымалдағыштарды пайдалануға жол берілмейді;

      5) аттестаттау орталығының қызметкерлері осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 13-тармағында көрсетілген тестілеу талаптары мен рәсімдерін бұзған өтініш берушілерді тиісті акт жасай отырып (еркін нысанда) тестілеуден шығарады;

      6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламамен автоматты түрде жүргізіледі;

      7) тестілеу нәтижелерімен танысу тест аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі.";

      2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12752 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидаларында және рұқсат беру талаптарында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада (бұдан әрі-негізгі талаптардың тізбесі) баяндалған.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Куәлікті алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттармен және рұқсат беру талаптарымен бірге олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттармен бірге өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкестігін қарайды – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 6-тармағында және рұқсат беру талаптарында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және "жеке кабинетке" жолдайды.

      3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды – (2 екі) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және мемлекеттік қызмет көрсетушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласындағы
сараптама жұмыстарын және
инжинирингтік көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын
сарапшыларды аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі:
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде, қағаз аттестатты электрондық аттестатқа ауыстырған кезде қолданылу мерзімі көрсетілмей аттестатты қайта ресімдеу;
Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларға сараптама;
Техникалық қадағалау;
Авторлық қадағалау;
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) аттестатты беру – 15 жұмыс күні
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген кезде, қағаз аттестатын электрондық аттестатқа қолдану мерзімі көрсетілмей ауыстырған кезде – 3 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларға аттестат беру немесе қайта рәсімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) қызметті алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат – өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін (тестілеуге жіберу кезінде ұсынылады);
техникалық және авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру сарапшы ретінде аттестаттау үшін, жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларға сараптама бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін, қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі) немесе шетел азаматтары үшін білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.
Еңбек кітапшасы негізді себептер бойынша болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін растайтын келесі құжаттардың бірін ұсынады:
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі. Шетел азаматтары үшін еңбек қызметін растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген электрондық көшірмесі және құжаттың, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгеруіне байланысты қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) қағаз және электрондық аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
аттестаттың электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
6) өтініш беруші тестілеуден өту кезінде шекті деңгейде төмен баға алған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.mііd.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау қағидалары мен
рұқсат беру талаптарына
2-қосымша

Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша рұқсат беру талаптары

Р/с №

Аттестаттау мамандығы

Біліктілік талаптары

Білімі

Жұмыс тәжірибесі

1-тарау. Жобалау қызметі

1.

Жобаның бас инженері

Жоғары, құрылыс саласында

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

2.

Жобаның бас сәулетшісі

Жоғары, сәулет саласында

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

3.

Бас конструктор:
1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша:
гидротехник;
құрылыс.
2. Көлік құрылысы бойынша:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері; темір жол инженері.
Бас маман:
1. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша:
желдету және жылу газбен жабдықтау;
сумен жабдықтау және кәріз/сумен жабдықтау және су бұру;
байланыс инженері;
инженер - электрик;
мұнай және газ инженері.
2. Технологиялық жабдық бойынша.

Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

4.

Жетекші инженер жобалаушы:
1. Сәулет бойынша.
2. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник;
құрылыс.
3. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері;
инженер-электрик;
мұнай және газ инженері.
4. Көлік құрылысы бойынша:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол инженері. 5. Технологиялық жабдық бойынша.

Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында
Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа

Тиісті сала маманы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл
Тиісті сала маманы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстары

5.

Бас инженер

Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша кемінде бес жыл және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшы лауазымдарда, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл

6.

Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы

Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында

Құрылыс ұйымдарында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл

7.

Учаске бастығы:
1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник;
құрылыс.
2. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру;
байланыс инженері;
инженер-электрик;
мұнай және газ инженері.
3. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол инженері. 4. Технологиялық жабдық бойынша.

Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында
Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа

Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес.
Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл болуы тиіс. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда жеті жылдан кем емес

8.

Жұмыс өндіруші:
1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник;
құрылыс.
2. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері;
инженер-электрик;
мұнай және газ инженері.
3. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері; көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол инженері. 4. Технологиялық жабдық бойынша.

Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында
Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа

Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес.
Құрылыс учаскесінің/объектісінің мастері не жұмыс жүргізушісі, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл болуы тиіс. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда жеті жылдан кем емес

9.

Мастер: 1. Тіреу және қоршау конструкциялары бойынша: гидротехник;
құрылыс.
2. Инженерлік желілер және құрылыстар бойынша: жылумен, газбен жабдықтау және желдету; сумен жабдықтау және кәріз / сумен жабдықтау және су бұру; байланыс инженері;
инженер-электрик;
мұнай және газ инженері.
3. Көлік құрылысы бойынша: автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол инженері. 4. Технологиялық жабдық бойынша

Жоғары, жұмыс бағытына байланысты, мамандығы бойынша құрылыс саласында
Жұмыс бағытына байланысты мамандығы бойынша құрылыс саласындағы орташа

Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында бір жылдан кем емес. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес.
Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа лауазымдарда бес жылдан кем емес

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Жобалау және құрылыс
салу процесіне қатысушы
инженер-техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
жөніндегі қағидалар мен
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша

"Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) куәлікті беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) куәлікті беру кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша өтініш;
заңды тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның куәлігін қайта ресімдеуге келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің және
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Жобалау және құрылыс салу
процесіне қатысушы инженер-
техник жұмыскерлерді
аттестаттау жөніндегі
мемлекеттік емес аттестаттау
орталықтарын аккредиттеу
қағидалары мен рұқсат беру
талаптарына
4-қосымша

Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптары

Р/с№

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

біліктілікті арттыруға жауапты, кемінде бір оқытушы болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, дипломдардың көшірмелері, жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері


2

аттестаттау жүргізуге жауапты кемінде бір техникалық қызметкер болуы

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны, өтініш берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжаттардың көшірмелері


3

оқыту және аттестаттау жүргізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде, санитариялық талаптарды қанағаттандыратын, алаңы кемінде 100 (жүз) шаршы метр әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы, бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар кемінде 45 (қырық бес) шаршы метр болуы қажет.
Бұл ретте тестілеу және оқыту өткізуге арналған үй-жайлар біріктірілуі мүмкін

осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар болған кезде: жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі. Өзге де заңды негіздер кезінде: жалдау шартының көшірмесі, жалға берушінің жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, техникалық паспорттың көшірмесі