"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгеріс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 мамырда № 32485 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18562 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері:

      сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісті эстетикалық, санитариялық және техникалық күйінде ұстайды;

      адамдардың өмірі мен денсаулығы, меншіктің барлық нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінде сыртқы (көрнекі) жарнама болмаған кезде өтеусіз негізде әлеуметтік жарнаманы сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне орналастырады не орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде (сыртқы) көрнекі жарнама объектісін бөлшектейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі