БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16603 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңыздылығы бар қалалары мен астана бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.";
3-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.";
екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде – курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі;
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 1-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4 (төрт) сағат ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері курьерлік және (немесе) пошталық байланыс, және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы ұсынған құжаттарды қабылдайды, ЭҚАБЖ-да тіркейді және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға береді, ол көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.";
он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және Мемлекеттік корпорацияға курьерлік және (немесе) пошталық байланыс, және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында айқындалады.
Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер (және) немесе толықтырулар туралы ақпаратты электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";
көрсетілген қағидаларына 1-қосымшасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-қосымшасымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жолдасын.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңыздылығы бар қалалары мен астана бойынша аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күн |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді туралы шешім немесе кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз ұсынылады |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік корпорация арқылы: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) осы тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған, немесе мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағиданың 1-қосымшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)….
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
Аты-жөні (болған кезде) (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)
Орындаушы: аты-жөні (болған кезде) _____________
Телефон __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы
20__ жыл "___" _________