"Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 32380 болып тіркелді

      1. "Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында вокзалдардың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты жолаушылар мен халыққа қызмет көрсетуге байланысты қызметтердің қосымша түрлері ұсынылуы мүмкін: қол жүгін сақтау камералары, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалу бөлмелері, тамақтану пункттері, шаштараздар, дүкендер, сауда дүңгіршектері, пошта бөлімшесі, айырбастау пункті, дәріханалар, банкоматтар, төлем терминалдары, интернет (WI-FI).

      Сервистің барлық пункттері тәулік бойы жұмыс істеуі және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін оңай қолжетімді болуы тиіс";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында:

      1) жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын тұраққа қою үшін арнайы жол белгілерін орната отырып, орындар бөлуі;

      2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластыруы;

      3) есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;

      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;

      5) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;

      6) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы көзделеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Теміржол вокзалында класқа байланысты ақылы негізде қосымша мынадай қызметтер көрсетіледі:

      1) жолаушылардың, күтіп алушылардың немесе шығарып салушылардың өтініші бойынша дауыс зорайтқышпен хабарландыру;

      2) теміржол вокзалындағы тасымалдаушылардың, өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы жарнама;

      3) қағаз жеткізгіштегі анықтамалық ақпарат;

      4) жолаушыларға арналған демалу бөлмелері, оның ішінде ана мен бала бөлмесі;

      5) тегін дәретханаға балама болған кезде қоғамдық дәретханалар;

      6) сақтау камералары;

      7) жүк тасушылардың қызметтері";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Теміржол вокзалдарында вокзалдардың технологиялық және техникалық мүмкіндіктеріне байланысты жолаушылар мен халыққа қызмет көрсетуге байланысты қосымша қызмет түрлері көрсетілуі мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков