"Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгерін, кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Респуб

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 32363 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көліктік бақылау органдарының, оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілерін, кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, сондай-ақ оны киiп жүру тәртiбiн бекіту";

      кіріспе және 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 28) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына, "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің нысанды киімі (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлерінің нысанды киім (погонсыз) киіп жүру және айырым белгілерін тағып жүру қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге және айырым белгілерін тағып жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлердің нысанды киiмнің (погонсыз) және айырым белгiлерiнің үлгiлерi бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерінің (погондары жоқ) және айыру белгілерінің үлгілері";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің нысанды киімдерімен (погондары жоқ) және айыру белгілерімен (бұдан әрі - нысанды киім) қамтамасыз ету "Теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 359 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11078 болып тіркелген), "Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 377 бұйрығымен бекітілген автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11399 болып тіркелген), "Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 356 бұйрығымен бекітілген нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11059 болып тіркелген), "Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 360 бұйрығымен бекітілген теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11060 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.";

      2-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) сипаттамасы";

      1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Автомобиль, ішкі су және теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) сипаттамасы";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) сипаттамасы";

      3-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) үлгілері";

      1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Автомобиль, ішкі су және теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) үлгілері";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің ерлерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) үлгілері";

      4-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) сипаттамасы";

      1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Автомобиль, ішкі су және теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) сипаттамасы";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) сипаттамасы";

      5-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) үлгілері";

      1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Автомобиль, ішкі су және теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) үлгілері";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің әйелдерге арналған нысанды киімдерінің (погондары жоқ) үлгілері";

      6-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің айырым белгілерінің сипаттамасы";

      1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Автомобиль, ішкі су және теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының қызметкерлерінің айырым белгілерінің сипаттамасы";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің айырым белгілерінің сипаттамасы";

      7-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының оны кию құқығы бар қызметкерлерінің айырым белгілерінің үлгілері";

      1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Автомобиль, ішкі су және теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының қызметкерлерінің айырым белгілерінің үлгілері";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлерінің айырым белгілерінің үлгілері";

      көрсетілген бұйрыққа 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 276 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 50 бұйрығына
2-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлерінің нысанды киім (погонсыз) киіп жүру және айырым белгілерін тағып жүру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлердің және ішкі су көлігі саласында нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің нысанды киім (погонсыз) кию мен айырым белгілерін тағып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) барлық мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау органдарының жұмыскерлер және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер үшін нысанды киім (погонсыз) кию мен айырым белгілерін (бұдан әрі – нысанды киім) тағып жүру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) төс жетоны – мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау жұмыскерлеріне жеке қолы бойынша берілетін сериялық және реттік нөмірі бар белгіленген нысандағы эмблема;

      2) уәкілетті көліктік бақылау мен қадағалау органының аумақтық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары;

      3) уәкілетті көліктік бақылау мен қадағалау органы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;

      4) нысанды киім – мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлерінің қызметтік униформасы.

2-тарау. Нысанды киім (погонсыз) кию мен айырым белгілерін тағып жүру тәртібі

      3. Нысанды киімді осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, нысанды киім (погонсыз) кию мен айырым белгілерін тағып жүруге құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының тізбесінде көрсетілген, мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау жұмыскерлері мен ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер киюді жүзеге асырады.

      4. Нысанды киім қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіледі.

      5. Нысанды киім белгіленген үлгілерге сәйкес келуі тиіс.

      6. Нысанды киім түрлері ерлер және әйелдер киетін киімдерге бөлінеді.

      7. Жыл мезгіліне қарай мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау органдарының жұмыскерлері үшін нысанды киім киюдің әртүрлі жиынтығы айқындалды.

      Мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің жазғы нысанды киім жиынтығы мыналардан тұрады:

      1) ерлерге арналған: китель, шалбар, қысқа жеңді ақ жейде, фуражка, күрте, плащ-пальто;

      2) әйелдерге арналған: китель, шалбар, юбка, ұзын жеңді ақ жейде, берет, күрте.

      Мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің қысқы нысанды киім жиынтығы мыналардан тұрады:

      1) ерлерге арналған: китель, шалбар, ұзын жеңді крем түстес жейде, галстук, қыстық күрте, комбинезон-шалбар, құлақшын, унты, басшылық құрамға арналған қыстық пальто;

      2) әйелдерге арналған: китель, шалбар, юбка, ұзын жеңді крем түстес жейде, галстук, қыстық күрте, басшылық құрамға арналған қыстық пальто.

      8. Мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің қыстық киім жиынтығынан жазғы киімге және жазғы киім жиынтығынан қыстық киімге ауысуы көліктік бақылаудың уәкілетті органы басшысының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлердің нысанды киімі мыналардан тұрады:

      1) ерлер киімінің жиынтығы: фуражка, екі қаусырма өңірлі пиджак, қара-көк түсті шалбар, ақ түсті жейде, қара түсті галстук, қара түсті туфли (бәтеңке);

      2) әйелдер киімінің жиынтығы: қара-көк түсті пилотка, қара-көк түсті бір қаусырмалы жакет, қара-көк түсті юбка немесе шалбар, ақ түсті жейде, қара түсті галстук-бант, қара түсті туфли (қысқа бәтеңке).

      10. Жазғы уақытта ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлерге:

      пиджаксыз, галстукпен ақ түсті ұзын жеңді жейде;

      күндізгі температура +20 градус Цельсий және одан жоғары болған кезде галстуксіз, жоғарғы түймесі түймеленбеген, қысқа жеңді ақ түсті жейде.

      11. Маусымаралық кезеңде (көктем-күз) ішкі су көлігі кемелері экипажының мүшелеріне тиісті айырымдық белгілері бар свитер мен дауыл күртешесін киіп жүруге рұқсат етіледі.

      12. Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген. Пальто, пиджак, жоғарғы жейде қалталарының клапандары сыртқа шығарылады.

      13. Аяқ киім ұқыпты күтілген, таза күйде болады, бәтеңке мен қысқа бәтеңке баумен ұқыпты байланады. Аяқ киім мен шұлық түсі нысанды киімнің түсіне сәйкес келуі тиіс.

      14. Берет қастан жоғары, үш саусақтық арақашықтықта, оң жаққа қарай қиғаштай киіледі.

      15. Ауа температурасы минус 10 Со және одан төмен болған кезде бас киімнің құлақшынын түсіріп киюге рұқсат беріледі.

      16. Құрметті атақ белгілері кеуденің оң жағына тағылады. Жоғары немесе орта оқу орнын бітіргені туралы белгілер кеуденің сол жағына тағылады.

      17. Мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің нысанды киімінде төс жетоны күртенің (кительдің, жейденің) алдыңғы сол жақ қалтасына орналасады.

      18. Мемлекеттік көліктік бақылау мен қадағалау органдары жұмыскерлерінің нысанды киімінің жеңіндегі шеврон кительдің сол жақ жеңінде орналасады.

      19. Иық жапсырмалары нысанды киімнің иық тігістерінде орналасады.

      20. Жеңдегі жапсырмалар нысанды киім жеңдерінің сыртқы жағында, олардың төменгі жиектеріне параллель орналасады.

      21. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары жұмыскерлерінің лауазымдары (кәсіптері) үшін мынадай айырым белгілері айқындалды:

      1) Комитеттің басшылық құрамы:

      төраға – 2 жалпақ және 1 жіңішке платина түстес оқа;

      төрағаның орынбасары – 2 жалпақ платина түстес оқа;

      басқарма басшысы – 1 жалпақ және 1 жіңішке платина түстес оқа;

      2) Комитет жұмыскерлері:

      бас сарапшы - 2 жіңішке платина түстес оқа;

      сарапшы – 1 жіңішке платина түстес оқа;

      3) Комитеттің аумақтық органдарының басшылық құрамы:

      басшы – 1 жалпақ және 1 жіңішке алтын түстес оқа;

      басшының орынбасары – 1 жалпақ алтын түстес оқа;

      бөлім басшысы – 3 жіңішке алтын түстес оқа;

      4) Комитеттің аумақтық органдарының жұмыскерлері:

      бас маман – 2 жіңішке алтын түстес оқа;

      жетекші маман – 1 жіңішке алтын түстес оқа.

      Жіңішке оқалар жалпақ оқалардың үстіңгі жағында орналасады.

      22. Ішкі су көлігі жұмыскерлерінің лауазымдары (кәсіптері) бойынша мынадай айырым белгілері айқындалды:

      1) ішкі су көлігі ұйымының басшылық құрамы:

      басшы – 1 жалпақ және 2 орташа оқа;

      басшының орынбасары – 1 жалпақ және 1 орташа оқа;

      флотты пайдалануды, кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тікелей жүзеге асыратын ішкі су көлігі ұйымдары филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің басшылары –1 жалпақ және 1 орташа оқа;

      флотты пайдалануды, кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тікелей жүзеге асыратын ішкі су көлігі ұйымдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктер) басшыларының орынбасарлары – 4 орташа оқа;

      функционалдық міндеттеріне флотты пайдалану және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін ішкі су көлігін ұйымдастыру орталық аппаратының оқшауланған бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, бас және жетекші мамандары – 4 орташа оқа;

      функционалдық міндеттеріне флотты пайдалану және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін ішкі су көлігі ұйымдары бөлімшелерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің бас және жетекші мамандары – 3 орташа оқа;

      2) ішкі су көлігін ұйымдастыру, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) жұмыскерлері:

      функционалдық міндеттеріне кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мәселелері кіретін бөлімшелердің бастықтары – 3 орташа оқа;

      бас диспетчер – 3 орташа оқа;

      кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды тікелей жүзеге асыратын бас мамандар - 3 орташа оқа;

      вахта бастығы – 3 орташа оқа;

      диспетчер – 2 орташа оқа;

      аға кеме өткізуші – 2 жіңішке оқа;

      кеме өткізуші – 1 жіңішке оқа;

      3) кемелердің жіктелуін және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі су көлігі ұйымдарының жұмыскерлері (Кеме қатынасы тіркелімі):

      функционалдық міндеттеріне кемелерді сыныптау және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін бөлімшелердің бастықтары – 3 орташа оқа;

      кемелер мен ұйымдарды жіктеуді және техникалық куәландыруды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер – 2 орташа оқа;

      4) ішкі суда жүзетін кеменің экипажы:

      капитан – 4 орташа оқа;

      түбін тереңдету немесе түбін тазарту снарядының командирі – 1 жіңішке оқа, 2 орташа оқа;

      капитанның аға көмекшісі – 3 орташа оқа;

      капитанның бірінші, екінші, үшінші көмекшілері – 2 орташа және 1 жіңішке оқа;

      аға механик – 3 орташа оқа;

      механик – 1 жіңішке оқа, 2 орташа оқа;

      механиктің бірінші, екінші, үшінші көмекшілері – 2 орташа және 1 жіңішке оқа;

      түбін тереңдету немесе түбін тазалау снаряды командирінің бірінші, екінші, үшінші көмекшілері – 2 жіңішке оқа;

      электрмеханик – 2 орташа және 1 жіңішке оқа;

      радио маманы – 2 орташа және 1 жіңішке оқа;

      аға электрик – 2 орташа оқа;

      боцман – 1 орташа оқа;

      шкипер – 1 орташа оқа;

      штурман – 1 жіңішке оқа, 1 орташа оқа;

      электрик-кокарда;

      матрос-кокарда;

      моторшы-руль басқарушы – 2 жіңішке оқа;

      жүк шығыршы-моторшы – 2 жіңішке оқа;

      моторшы-матрос – 2 жіңішке оқа.

      23. Мыналарға:

      белгіленбеген үлгідегі нысанды киім заттарын киюге;

      нысанды киімде белгіленбеген үлгідегі төс жетондарын тағып жүруге; нысанды киімді азаматтық киіммен араластыруға;

      нысанды киімді және төс жетондарын бөгде адамдарға киюге беруге жол берілмейді.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 276 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 50 бұйрығына
3-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге және айырым белгілерін тағып жүруге құқығы бар мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жұмыскерлері және ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінен:

      1) төраға;

      2) төрағаның орынбасары;

      3) басқарма басшысы;

      4) бас сарапшы;

      5) сарапшы.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары:

      1) басшы;

      2) басшының орынбасары;

      3) бөлім басшысы;

      4) бас маман;

      5) жетекші маман.

      3. Уәкілетті орган кәсіпорнының басшылық құрамы:

      1) уәкілетті орган кәсіпорнының басшысы;

      2) уәкілетті органның кәсіпорын басшысының орынбасарлары;

      3) функционалдық міндеттеріне флотты пайдалану және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін уәкілетті орган кәсіпорнының филиалдары, өкілдіктері және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің басшылары;

      4) функционалдық міндеттеріне флотты пайдалану және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін уәкілетті орган кәсіпорнының филиалдары, өкілдіктері және басқа да оқшауланған бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;

      5) функционалдық міндеттеріне флотты пайдалану және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін уәкілетті орган кәсіпорнының орталық аппараты оқшауланған бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары, бас және жетекші мамандары;

      6) функционалдық міндеттеріне флотты пайдалану және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін уәкілетті орган кәсіпорны бөлімшелерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, филиалдарының, өкілдіктерінің және басқа да оқшауланған бөлімшелерінің бас және жетекші мамандары.

      4. Уәкілетті орган кәсіпорнының кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарының (шлюздердің) жұмыскерлері:

      1) функционалдық міндеттеріне кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мәселелері кіретін бөлімшелердің бастықтары;

      2) бас диспетчер (3 орташа оқа);

      3) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалануды тікелей жүзеге асыратын бас мамандар;

      4) вахта бастығы;

      5) диспетчерлер;

      6) аға кеме өткізуші;

      7) кеме өткізуші кіреді.

      5. Кемелердің жіктелуін және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган кәсіпорнының жұмыскерлері (кеме қатынасы тіркелімі):

      1) функционалдық міндеттеріне кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кіретін бөлімшелердің бастықтары;

      2) кемелер мен ұйымдарды жіктеуді және техникалық куәландыруды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер.

      6. Ішкі су көлігі кемесінің экипажы:

      1) капитан;

      2) түбін тереңдету немесе түбін тазарту снарядының командирі;

      3) капитанның аға, бірінші, екінші, үшінші көмекшілері;

      4) аға механик;

      5) механик;

      6) механиктің бірінші, екінші, үшінші көмекшілері;

      7) түбін тереңдету немесе түбін тазарту снаряды командирінің бірінші, екінші, үшінші көмекшілері;

      8) электрмеханик;

      9) радио маманы;

      10) аға электрик;

      11) боцман;

      12) шкипер;

      13) штурман;

      14) электрик;

      15) матрос;

      16) моторшы-руль басқарушы;

      17) жүк шығыршы-моторшы;

      18) моторшы-матрос.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 276 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 50 бұйрығына
4-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киюге құқығы бар ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлердің нысанды киім (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілері

1-тарау. Ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлердің нысанды киім (погонсыз) үлгілері

      1. Бас киімдер және оларға тағылатын эмблемалар:

      1) нысанды фуражка қара-көк түсті, жүн және жартылай жүн матадан жасалады, фуражканың астары 1-суретке сәйкес, негізгі матаның түсіне 100 пайыз полиэстерден тұратын матадан жасалады.

      Фуражка металл қаңқасы бар сопақша нысандағы түптен, төрт қабырғадан, тік жиектен, маңдайшадан, күнқағардан және төңірегінде екі нысанды түймемен бекітілген екі ұстағышы бар жылжымалы иек бауынан тұрады.

      Фуражканың үш жиегі бар: біреуі түбін қабырғалармен жалғау тігісіне, екіншісі айналасы бар қабырғалардың тігісіне қондырылған, үшіншісі - негізгі материалдан тігілген жиек айналасының төменгі жиегінен 0,5 сантиметр қашықтықта орналасқан және фуражканың жиегіне киілген репс жібек лентасын ұстау үшін қызмет етеді.

      Осы бұйрыққа 3-қосымшаның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында және 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлер үшін фуражканың күнқағары емен жапырақтарынан ою-өрнекпен жасалған 5 пайыздық алтындатылған жіппен кестеленген қара лакталған былғарыдан тігіледі, фуражкаға филиграньды алтын түсті бау 1-суретке сәйкес бекітіледі.

      1-суретке сәйкес фуражка күнқағарының ортасында қалқанға 4-суретке сәйкес белгіленген нысандағы 7,5 сантиметр 5,3 сантиметр өлшеміндегі эмблема бекітіледі. Эмблема зәкір мен штурвал аясында 16 лавр жапырағынан тұратын гүл шоғын білдіреді.

      Осы бұйрыққа 3-қосымшаның 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында, 4 және 5-тармақтарында, 6-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көрсетілген ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлердің фуражкасына қара түсті лакталған иек бауы бекітіледі. 2-суретке сәйкес күнқағардың ортасынан қалқанға 4-суретке сәйкес, белгіленген нысандағы 4,2 сантиметр 4,1 сантиметр өлшеміндегі эмблема бекітіледі. Эмблема зәкір мен штурвал аясында 10 лавр жапырағынан тұратын гүл шоғын білдіреді.

      1-сурет



      2-сурет



      2) Пилотка әскери үлгі бойынша қара-көк түсті матадан жасалады, сол жағында қабаттасатын көк жиегі болады, пилотканың алдыңғы бөлігінде 3-суретке сәйкес эмблема (кокарда) алдынан бекітіледі.

      3-сурет



      4-сурет



      2. Ерлер жиынтығына арналған нысанды киім заттары (5-сурет):

      1) екі қаусырма өңірлі пиджак пен шалбар қара-көк түсті матадан тігіледі. Жартылай қынамалы пішінді, екі қаусырма өңірлі, ығыстырылған борттық ілгегі бар пиджактың екі қатарда орналасқан алты нысанды түймесі бар, жағасы мен лацкандары қайырмалы болады.

      Жеңдердің төменгі шетінен 0,8 сантиметр қашықтықта ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерінің лауазымына сәйкес келетін жеңдегі айырым белгілері тігіледі.

      Жеңдер төменгі жағында екі кішкене нысанды түймелері бар шлицамен аяқталады.

      Классикалық пішілген тік шалбар қара-көк түсті матадан жасалады;

      5-сурет



      2) белі бар немесе белі жоқ жейде ақ түсті матадан жасалады, еркін пішілген, жағасы тік-қайырмалы, клапаны бар жапсырма төс қалталары болады. Көйлектің алдыңғы бөлігінде төменге дейін тілігі бар, ал арқасында иініші болады. Жейденің алдында қақпақшалары бар қалталар, жеңіндегі белбеу мен манжеттер түймемен түймеленеді. Иықтарында айырым белгілерін тағуға арналған ілмектер орналасады.

      Жеңдері кесілген немесе ұзын және манжеттермен тігілген.

      Жейденің белдігі екі түймеге түймеленеді, бүйірлерінде тіліктері бар (6-сурет);

      6-сурет



      3) свитер қою көк түсті жүн немесе жартылай жүн матадан жасалады. Свитердың бастан киетін жағы үш бұрышты қиынқы. Иықтары мен шынтақтарында қара-көк түсті болонь матасынан жасалған нығайтушы жапсырмалар орналасады. Иығында ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерлерінің лауазымына сәйкес келетін иықтық айырым белгілерін бекітуге арналған ілмектер орналасады (7-сурет);



      4) дауылды күрте қою көк түсті, су өткізбейтін сіңдірмелі астары бар, тік пішінді, бір қаусырма өңірлі, ағытатын капюшоны бар, диаметрі 0,22 сантиметр төрт нысанды түймеге түймеленетін пластронмен жабық "сыдырма" ілгегі бар плащтық матадан жасалады. Артқы жағында және бүйірінде жапсырмалы иініштер орналасқан. Сол және оң жақ бүйірінде "кенгуру" пішінді қосымша жапсырма қалталары бар. Бел сызығында белдік бар. Жеңі екі тігісті, шынтақшасы күшейтілген, манжеттері бар, диаметрі 0,15 сантиметр бір нысанды түймеге түймеленеді. Барлық рельефті сызықтар мен бөлшектерде шетінен 0,2-0,7 сантиметр әрлеу тігісі салынған. Иығында ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерінің лауазымына сәйкес келетін иықтық айырым белгілерін бекітуге арналған ұстағыштар орналасады (8-сурет);

      8-сурет



      5) аяқ киім: қара түсті туфли немесе бәтеңке;

      6) галстук немесе жартылай жүн матадан жасалған қара түсті галстук.

      3. Әйелдер жиынтығына арналған нысанды киім заттары (9-сурет):

      1) бір қаусырмалы жакет, юбка қою көк түсті матадан жасалады. Жартылай қынамалы пішінді бір қаусырма өңірлі жакет, үш нысанды түймеге түймеленеді, жағасы мен қайырмасы қайырылған.

      Жеңдердің төменгі шетінен 0,8 сантиметр қашықтықта, ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерінің лауазымына сәйкес келетін, жеңдегі айырым белгілері тігіледі.

      Юбка тік, қара-көк түсті матадан тігіледі. Юбканың ұзындығы тізенің ортасына дейін. Юбка орнына қара-көк түсті классикалық пішілген шалбар киюге рұқсат етіледі;

      9-сурет



      2) сырып тігілген планкадағы орталық ілгегі бар жартылай қынамалы пішінді жейде жоғарғы жағына қарай диаметрі 0,12 - 0, 13 сантиметр алты түймемен түймеленеді. Ақ түсті мақта-матадан тігіледі.

      Жағасы қайырмалы, тұтас пішілген тіреумен, қатты төсеммен тігілген. Иініштің бүйірінде кеуде және бел сызықтары бойынша бүрмелі тігістері болады. Арқасы ортаңғы тігіспен, екі тігіспен: иық тігістерінен және бел сызығы бойынша.

      Жеңдері қондырмалы, қысқа, бір тігісті, манжеттері бар. Айырым белгілерін тағуға арналған ілмектің иығында.

      Жағасы, иініші, клапандары, планкасы, шағын погондары мен манжеттері бойынша шетінен 0,5 сантиметр қашықтықта әрлеу тігісі салынған (10-сурет);

      10-сурет



      3) свитер қою көк түсті жүн немесе жартылай жүн матадан жасалады. Свитердің алды үш бұрышты қиыңқы. Иықтары мен шынтақтарында қара-көк түсті болонь матадан жасалған күшейтілген жапсырмалар орнатылады. Иықтарында, ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерінің лауазымына сәйкес келетін, иықтық айырым белгілерін бекітуге арналған ілмектер орнатылады (11-сурет);

      11-сурет



      4) дауылды күрте қою көк түсті, су өткізбейтін сіңдірмелі астары бар, тік пішінді, бір қаусырма өңірлі, ағытатын капюшоны бар, диаметрі 0,22 сантиметр төрт нысанды түймеге түймеленетін пластронмен жабық "сыдырма" ілгегі бар плащтық матадан жасалады. Артқы жағында және бүйірінде жапсырмалы иініштер орналасқан. Сол және оң жақ бүйірінде "кенгуру" пішіндес пішілген қосымша жапсырма қалталары бар жапсырма қалталар орналасады. Бел сызығында белдік бар. Жеңі екі тігісті, шынтақшасы күшейтілген, манжеттері бір нысанды түймеге түймеленеді, диаметрі 0,15 сантиметр. Барлық рельефті сызықтар мен бөлшектерде шетінен 0,2 - 0,7 сантиметр әрлеу тігісі салынған. Иығында, ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерінің лауазымына сәйкес келетін, иықтық айырым белгілерін бекітуге арналған ілмекер орналасады (12-сурет);

      12-сурет



      5) галстук-қара түсті бант. Ерлерге арналған қара түсті нысанды галстук тағуға рұқсат етіледі;

      6) аяқ киім: қара түсті қысқа қонышты бәтеңке (туфли).

2-тарау. Ішкі су көлігі саласындағы жұмыскерлердің киіміне тағылатын айырым белгілердің үлгілері

      4. Ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерінің жеңдегі айырым белгілері көлемі 0,3 сантиметр жалпақ оқадан, орташа оқадан - 0,13 сантиметр және жіңішке оқадан – 0,6 сантиметр оқалар арасындағы аралық (саңылау) 0,3 сантиметр етіп дайындалады. Жоғарғы оқа жоғарыға қарай бұрышталған. Оқаның түсі - алтын түстес.

      5. Ішкі су көлігі ұйымы жұмыскерінің иықтық белгісі-параллель жақтары мен үшбұрышты жоғарғы жиегі бар ұзартылған төртбұрыш. Иықтық айырым белгінің өлшемдері ені бойынша 5 сантиметр, ұзындығы бойынша ерлер үшін 14-16 сантиметр, әйелдер үшін 12-14 сантиметрді құрайды. Иық белгілері тегіс өрісті. Өріс түсі - қара (13-сурет).

      6. Иықтық айырым белгілердің алаңында жеңдегі айырым белгілеріне ұқсас оқалы жапсырмалар орналасады.

      7. Иықтық айырым белгілердің төменгі жағынан басқа барлық жақтары бойынша қара түсті жиектемесі болады. Иықтық айырым белгінің жоғарғы бөлігінде шағын нысанды түйме орналастырылады.

      13-сурет

      Ішкі су көлігі жұмыскерлерінің иықтық айырым белгілерінің үлгісі



      Ішкі су көлігі жұмыскерлерінің жеңдегі айырым белгілерінің үлгісі



      8. Кокарда, нысанды түймелер.

      Кокарда: ені 0,5 сантиметр контур бойынша көк жиегі және оған алтын зәкірі бар, қара түсті фоны бар, сопақша, алтын бүркіт бейнеленген емен жапырақтарының гүл шоқтарымен қоршалған. Кокарданың мөлшері 5 сантиметрден 4 сантиметрге дейін.

      Нысанды түймелер жиегінде жиегі бар, дөңес пішінді шеңберді білдіреді, ортасында зәкірдің бейнесі орналасқан. Түймелердің диаметрі: үлкендер үшін 0,22 сантиметр және кішкентайлар үшін 0,14 сантиметр (14-сурет).

      14-сурет

      22 миллиметр



      14 миллиметр