Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11399 тіркелді

      «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-3) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 18 мамыр

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы  
№ 377 бұйрығымен        
бекітілген            

Автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары

р/с №

Заттардың атауы

1 адамға заттар саны (дана)

1 киімді киіп жүру мерзімі (жыл)

1

2

3

4

Ерлер нысанды киімі

1.

Қара түсті қысқы китель

1

3

2.

Қара түсті жазғы китель

1

3

3.

Қара түсті жартылай жүн матадан шалбар

1

3

4.

Қара галстук

2

1

5.

Күнделікті қара түсті фуражка

1

3

6.

ұзын жеңді крем түсті жейде

2

1

7.

Қысқа жеңді ақ түсті жейде

2

1

8.

Қара түсті су сіңірмейтін матадан тігілген күрте

1

3

9.

Алынатын жылытқышы бар қара түсті плащ матасынан тігілген плащ — пальто

1

4

10.

Қара түсті цигейкадан жасалған, жағасы
жүннен және қайырмасы бар қара түсті
жүн драптан тігілген басшылық құрамға
арналған қысқы пальто

1

3

11.

Қара түсті цигейкадан тігілген құлақшын

1

4

12.

Жинақ: қысқы күрте мен комбинезон шалбар

1

3

13.

Унты етігі

1

3

14.

Кокарда

1

4

15.

Шеврон

4

3

16.

Жетон

1

3

17.

Жеңдегі жапсырмалар

2

3

18

Иықтың жапсырмалары

2

3

Әйелдер нысанды киімі

1.

Қара түсті қысқы китель

1

3

2.

Қара түсті жазғы китель

1

3

3.

Қара түсті кысқы юбка

1

2

4.

Қара түсті жазғы юбка

1

2

5.

Қара түсті қысқы шалбар

1

2

6.

Қара түсті жазғы шалбар

1

2

7.

Ұзын жеңді крем түсті жейде

2

1

8.

Қысқа жеңді ақ түсті жейде

2

1

9.

Қара түсті галстук

2

1

10.

Қара түсті мақта қағазды матадан тігілген берет

1

3

11.

Қара түсті жүн матадан тігілген берет

1

3

12.

Қара түсті су сіңірмейтін матадан тігілген күрте

1

4

13.

Қара түсті цигейкадан жүнмен өңделген
жағасы бар қара түсті жүн драптан
тігілген басшылық құрамға арналған
қысқы пальто

1

3

14.

Қара түсті цигейкадан жасалған, жағасы
жүннен және қайырмасы бар қара түсті
плащ матасынан тігілген қысқы күрте

1

3

15.

Кокарда

1

4

1.

Қара түсті қысқы китель

4

4

2.

Қара түсті жазғы китель

2

3

3.

Қара түсті кысқы юбка

2

3