"Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32289 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13364 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын қоса берілген бағалау өлшемшарттары бекітілсін.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокурастурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қаупсіздік Комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  "Білім беру ұйымдарын
бағалау өлшемшарттарын
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 124 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы"
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің бұйрығына
қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес әскери, арнаулы оқу орындарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ӘАОО), сондай-ақ Заңының 59-бабында айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргізу кезінде.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ӘАОО бағалау өлшемшарттары – білім беру ұйымдарын бағалауды айқындау үшін пайдаланылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптар жиынтығы;

      2) бағалау өлшемшарттары – олардың негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілетін белгілер мен нақты өлшеуіштер;

      3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;

      4) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

      5) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын игеру бойынша алған, көрсеткен білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастар;

      6) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысымен бекіткен, міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің және оқу қызметінің әрбір түрінің (практика, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын жазу және қорғау) еңбек сыйымдылығын кредиттерде айқындайтын құжат;

      7) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – ӘАОО басшысымен бекітілетін және ҮОЖ негізінде оқытудың барлық кезеңіне әзірленетін құжат.

2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалауға қойылатын талаптар

      3. Бағалау кезеңіне қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ алдын ала профилактикалық бақылау болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бармай профилактикалық бақылау) ӘАОО-да оқу нәтижелерін бағалау рәсімінсіз жүргізіледі, бұл ретте бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ескере отырып;

      2) профилактикалық бақылаудың алдындағы білім беру ұйымдарын бағалау ӘАОО-да оқу нәтижелерін бағалау рәсімін қолдана отырып жүргізіледі, бұл ретте бағаланатын кезең осы бақылау басталғанға дейін бір ай бұрын алдыңғы төрт оқу жылы және ағымдағы оқу жылы болып табылады.

      4. Оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттары мынадай нақты өлшеуіштер бойынша жүзеге асырылады:

      1) білім беру қызметі жөніндегі құжаттарды және ӘАОО мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған басқа да мәліметтерді талдау, зерделеу жолымен өзін-өзі бағалау материалдары бойынша;

      2) кешенді тестілеу нәтижелері (оқыту нәтижелерін бағалау қорытындылары);

      3) білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның және жұмыс берушілердің сауалнамасының қорытындылары.

      5. ӘАОО өзін-өзі бағалау материалдары мыналарды қамтиды:

      1) өзін-өзі бағалауды жүргізу туралы шешіммен Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

      2) ӘАОО басшысы бекіткен өзін-өзі бағалау жөніндегі комиссия құру туралы бұйрық;

      3) оқыту нысандары мен тілдері бойынша бітіруші курстардың (барлық деңгейлердің) білім алушылар контингенті туралы мәліметтер;

      4) құрылымы мен мазмұнына сәйкес өзін-өзі бағалау қорытындысы;

      5) өзін-өзі бағалау қорытындыларын қарау туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

      6) осы Өлшемшарттарға қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтер.

      ӘАОО басшысы өзін-өзі бағалау материалдарын толтырудың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жыл сайын өзін-өзі бағалау материалдары білім беру саласындағы уәкілетті органға ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен кешіктірілмей (өзін-өзі бағалау жүргізілген жылы) ұсынылады.

      Өзін-өзі бағалау материалдарын талдау және зерделеу кезінде мәліметтер көрсетілген деректермен салыстырылады:

      1) Е-лицензиялау мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі;

      2) ӘАОО интернет-ресурстарында және олардың басқару органдарында орналастырылған ақпараттық платформалар, оның ішінде интернет-ресурстарда қамтылған оқу-тәрбие жұмысы туралы ақпарат, "құпия" және "қызметтік пайдалану үшін" білім беру бағдарламаларын қоспағанда;

      3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы бұрын уәкілетті орган жүргізген тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша іс-шаралар кешені;

      4) алдыңғы тексерулердің және барумен профилактикалық бақылаудың нәтижелерін;

      5) ӘАОО әлеуметтік желілерінің және олардың басқару органдарының ресми беттерінде;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

      7) зерттелетін кезең үшін ӘАОО-ға қатысты жеке және заңды тұлғалардың расталған шағымдары мен өтініштері;

      8) құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдар, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған басқа да ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, хабарламалар мен ақпараттар.

      6. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 2 бұйрық) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының (бұдан әрі – МЖМС) талаптарында көзделген білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін кешенді тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) арқылы, докторантураны қоспағанда, бітіруші курстардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелерін бағалау жүргізіледі.

      ӘАОО-да бітіру курстары болмаған жағдайда, тестілеу бітіру курстар алдындағы курстар білім алушыларымен өткізіледі.

      Оқу жылына арналған оқыту тілдері бойынша білім алушылар контингенті туралы мәліметтерді ӘАОО осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес толтырады.

      7. Тестілеу жүргізу үшін ӘАОО білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымға ӘАОО-ның өзін өзі бағалау басталғанға дейін бір ай бұрын бейіндік пәндер бойынша тест сұрақтарын ұсынады.

      8. Тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік немесе қағаз форматта жүргізіледі.

      Тест сұрақтарында қолжетімділігі шектеулі ақпарат болған жағдайда (қызметтік пайдалану үшін, құпия) білім алушылардың оқу нәтижелерін бағалау қағаз форматта жүргізіледі.

      Компьютерлік немесе қағаз тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен өткізіледі, олар компьютерлік тестілеудің барлық барысының аудио-, бейнежазбасын жүргізеді.

      Тестілеу білім берудің белгілі бір деңгейі контингентінің тізімдік құрамынан және оқыту нәтижелерін бағалау рәсіміне жататын кадрларды даярлау бағытынан білім алушылардың кемінде 90 % - ы қатысқан кезде жүргізіледі.

      Бұл ретте мынадай себептер бойынша кадрлар даярлау бағыты бойынша тестіленушілердің жалпы санының 10 % - дан аспауға жол беріледі:

      1) растайтын құжаттары болған кезде денсаулық жағдайы бойынша;

      2) жақын туыстарының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған кезде);

      3) техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар;

      4) қарауында ӘАОО бар ведомстводан хатқа немесе кестеге сәйкес қызмет атқару кезінде.

      9. ӘАОО-дағы тестілік бақылау кезіндегі бағалау шкаласы (пайыздық қатынаста) мынадай түрде айқындалады:

      Тест тапсырмаларының мазмұны Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін ғылыми талдауды, Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін қолдана білуді, одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті сауатты оқыту дағдыларын қалыптастыру үшін мемлекеттік тілді және (немесе) оқыту тілін білуді, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау, сондай-ақ жаңа ақпаратты іздеу, оны талдау және жүйелеу.

      Тестілеу нәтижелері білім алушының тестілеуі аяқталғаннан кейін беріледі.

      Тест 60 тест тапсырмасын қамтитын төрт бөлімнен тұрады, соның ішінде:

      1) Қазақстан тарихы бойынша-15;

      2) мемлекеттік тіл және (немесе) оқыту тілі бойынша-15;

      3) бірінші бейіндік пән - 15;

      4) екінші бейіндік пән - 15.

      Тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Әрбір дұрыс жауап бір ұпайға тең. Ең төменгі шекті балл 30 құрайды, оның ішінде әрбір пән бойынша шекті балл кемінде 7 құрайды.

      Білім алушының тестілеу кезінде академиялық адалдық принциптерін бұзу фактісі анықталған жағдайда, білім алушыны аудиториядан шығара отырып, еркін нысанда Акт жасалады және оның нәтижесі 0 балға теңестіріледі, ол ең төменгі шекті балды еңсермеген тестіленушілердің үлесін есептеу кезінде есептеледі.

      Жалпы алғанда, сондай-ақ әрбір пән бойынша ең төменгі шекті баллды даярлаудың әрбір бағыты бойынша тестіленушілер қатарынан 30 % және одан да көп еңсеру МЖМС нормаларын бұзу деп танылады.

      Білім алушылар ең төменгі шекті деңгейден өтпеген кадрларды даярлау бағыты қайта тестілеу рәсіміне жатады.

      10. Тестілеуге келген білім алушылардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

      Тестіленушілер аудиторияға бір-бірден жіберіледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Тестіленушінің жеке басын сәйкестендіргеннен кейін кез келген электрондық құрылғылар (оның ішінде байланыс құрылғылары), баспа және қолжазба материалдары кіретін өткізу аудиториясына кіргізуге тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексеру жүргізіледі.

      Аудиторияға өткізуге тыйым салынған заттардың не академиялық адалдықты бұзатын іс-әрекеттер жасау белгілерінің болуы анықталған жағдайда, сондай-ақ тестілеуге жіберу барысында бөгде адам анықталған жағдайда еркін нысанда акт жасалады.

      11. Білім алушыларға өз білімінің, іскерлігі мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында тестілеу кезінде білім алушыларға: дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын жауапты адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан шығуға; келіссөздер жүргізуге; орнынан орнына ауыстыруға; тестілеу материалдарымен алмасуға; тестілеу материалдары мен парақтың көшірмесін шығаруға рұқсат етілмейді аудиториядан жауаптар; аудиторияға енгізу, оқу - әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, ақпаратты тасымалдау функциялары бар кез келген мобильді байланыс құралдарын (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), SmartPhone (Смартфон), Ноутбуктер, ойнатқыштар, модемдер (мобильді маршрутизаторлар) пайдалану, пайдалану радио-электрондық байланыстың кез келген түрі (Wi-Fi (Wi-Fi), Bluetooth (Bluetooth), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және т.б.), алдау парақтары; тестілеу материалдарын (жауап парақтары мен кітапшаларды) оларды мыжу, түзету сұйықтығын пайдалану, беттерді жырту жолымен бүлдіруді жүзеге асыру; тестілеу алдында немесе кезінде шу шығаруға тыйым салынады.

      12. Оқу нәтижелерін бағалауға жататын контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 70% тестілеу қорытындылары бойынша дұрыс жауап бергендер анықталған кезде білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау нәтижелері МЖМС талаптарына сәйкес деп есептеледі.

      13. Тестілеу нәтижелері білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады және бақылау субъектісіне бармай-ақ профилактикалық бақылау материалдарына қоса тіркеледі.

      Бітіруші курс білім алушыларын тестілеу нәтижелері осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.

3-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттары

      14. Оқу нәтижелеріне бағдарланған жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын мазмұнына қойылатын талаптар:

      1) білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – ББ) № 2 бұйрықпен бекітілген МЖМС сәйкестігі (ББ мен оқу жоспарларының көшірмелерін тіркеумен расталады);

      "Құқық" кадрларын даярлау бағыты бойынша – "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын ББ тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ ББ тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық № 106) сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның ББ-ның тізіліміне енгізілген кемінде үш білім беру бағдарламасының болуы;

      2) Білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы, оқытушылардың білімінің оқытылатын пәндер бейініне және/ немесе олардың ғылым кандидаты/ғылым докторы және/немесе философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор, және/немесе академиялық дәрежесінің/философия докторы (PhD) дәрежесінің/ бейіні бойынша доктор, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе оқытылатын пәндер бейініне "профессор" (бар болса) ғылыми атағының сәйкестігі;

      негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыттарының ББ бойынша оқытушылардың жалпы санына шаққанда: "Ұлттық қауіпсіздік", "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар" бойынша – кемінде 40 %; "Құқық" – кемінде 70 %; кадрларды даярлаудың өзге де бағыттарының – кемінде 60 %;

      "Құқық" кадрларды даярлау бағыттарының ББ бойынша оқытылатын пәндер бейіні бойынша құқықтану саласында кемінде 5 жыл тәжірибелік жұмыс тәжірибесі бар бейіндік пәндер оқытушыларының үлесі бейіндік пәндер оқытушыларының жалпы санынан – кемінде 60 %.

      Мәліметтер оқытушы кадрлармен жасақталғандығы туралы құжаттардың көшірмесін, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған кестені қоса тіркеумен расталады;

      3) оқытылатын пәндер бейіні бойынша негізгі жұмыс орны бойынша практикалық кәсіптік қызметпен айналысатын, кадрлар даярлау бағыты бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар оқытушылардың (жалпы білім беретін пәндер циклінің оқытушыларын қоспағанда) қоса атқаратын үлесі соңғы 10 жылда кадрлар даярлау бағыты бойынша базалық және бейінді циклды пәндері оқытушыларының жалпы санына шаққанда кемінде 20 % (оқытушы кадрлармен жасақталғандығы туралы құжаттардың, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған кестенің көшірмесімен расталады);

      4) негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын, ғылым кандидаты/ғылым докторы және(немесе) философия докторы ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі (PhD) /бейіні бойынша доктор) және(немесе) академиялық дәрежесі/ философия докторы (PhD) дәрежесі/бейіні бойынша доктор, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағымен және/немесе педагогикалық өтілі кемінде 3 жыл подполковниктен төмен емес әскери (арнаулы) атағы бар оқытушылардың үлесі оқытушылардың жалпы санына шаққанда – кемінде 40 %, "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар" кадрларды даярлау бағыты бойынша – кемінде 30 %, "Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша – кемінде 50 %;

      Мәліметтер оқытушы кадрлармен жасақталғандығы туралы құжаттардың көшірмесін, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған кестені қоса тіркеумен расталады.

      5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы құжаттардың көшірмелерімен, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 4-қосымшаға сәйкес толтырылған кестемен расталады);

      6) білім алушылары үшін тамақтандыру объектісінің болуы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес тамақтандыру объектісінің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысы болуы туралы құжаттардың, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 5-қосымшаға сәйкес толтырылған кестенің көшірмесімен расталады);

      7) білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, ғимараттардың (оқу корпустарының): Санитариялық қағидаларға және "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 қпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55 бұйрық) сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларымен, мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың кемінде 5 % қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі ғимараттар (оқу үй-жайлары); ӘАОО оқу үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстінің 24-бабына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес ӘАОО орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органы берген эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның болуы.

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша – дайындық бейініне және атыс тиріне (виртуалды тир) сәйкес келетін полигонның болуы;

      "Құқық" бағыты бойынша – сот полигоны мен сот отырыстары залының болуы;

      Кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, "Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 595 бұйрық) келетін компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы, кадрларды даярлау бағытының ББ сәйкес ББ іске асыру үшін қажетті оқу-зертханалық және материалдық-техникалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы;

      "Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 570 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті деректер базалары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда, нақты деректердің білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің жекелеген нысандары бойынша мәліметтеріне сәйкестігі; edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атаудың болуы.

      Мәліметтер ғимараттарға (оқу корпустарына) құқық белгілейтін құжаттардың, қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламаның және өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес толтырылған кестелердің көшірмелерін тіркеумен расталады;

      8) кадрларды даярлау бағытындағы ББ пәндерінің 100 % қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілдері бойынша шығарылған баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттердің кітапханалық қорының болуы;

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" бағыты бойынша оқу және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қоры бейіндеуші компонент пәндерін қоспағанда, соңғы 10 жылдағы білім беру бағдарламасының 100% пәндерін қамтамасыз ететін оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында болуы.

      Мәліметтер оқу және ғылыми әдебиет қорының бар екендігі туралы құжаттардың, оның ішінде цифрлық жеткізгіштердегі құжаттардың, сондай-ақ осы Өлшемшарттарға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес толтырылған кестелердің көшірмелерін тіркеумен расталады;

      9) оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша оқыту курсы кемінде 36 академиялық сағаттан кем емес көлемімен оқытушылардың біліктілігін арттыруды негізггі қызметтен қол үзіп үш жылда кемiнде бiр рет қамтамасыз ету; ӘАОО басшылары үшін - менеджмент саласында кемінде үш жылда бір рет біліктілікті арттыру.

      Мәліметтер біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмесін, сондай-ақ осы Өлшемшарттарға 10-қосымшаға сәйкес толтырылған кестені тіркеумен расталады;

      10) кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын тиісті бейіндегі оқытушылардың және (немесе) мамандардың білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік атқаруы (осы Өлшемшарттарға 11-қосымшаға сәйкес толтырылған кесте қоса беріледі).

      15. Оқыту нәтижелеріне бағдарланған магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар:

      1) ББ-ның МЖМС-қа сәйкестігі (ББ мен оқу жоспарларының көшірмелерін тіркеумен расталады), құпия және қызметтік пайдалану үшін деген белгімен ББ-ды іске асыратын ӘАОО қоспағанда;

      2) негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын, кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылым кандидаты/ғылым докторы және(немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар, және(немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі/дәрежесі бар кемінде төрт оқытушының болуы;

      "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми дәрежесі ғылым кандидаты/ғылым докторы және(немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар және(немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі/дәрежесі бар кемінде екі оқытушының болуы.

      Мәліметтер оқытушы кадрлармен жасақталғандығы туралы құжаттардың көшірмесін, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған кестені қоса тіркеумен расталады;

      3) оқытушылардың білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндердің бейініне және олардың ғылыми дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағына сәйкестігі (оқытушы кадрлармен жасақталғандығы туралы құжаттардың көшірмелерімен қоса расталады, оның ішінде осы 3-қосымшаға сәйкес толтырылған кесте Өлшемшарттар бойынша);

      4) негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын, ғылым кандидаты/ғылым докторы және/(немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі және/(немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы және/немесе подполковниктен төмен әскери (арнайы) атағы мен кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар оқытушылардың үлесі оқытушылардың жалпы санына шаққанда – кемінде 40 % (оқытушы кадрлармен жасақталғандығы туралы құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған кестені қоса бере отырып расталады);

      5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы құжаттардың көшірмелерімен, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 4-қосымшаға сәйкес толтырылған кестемен расталады);

      6) Білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы (Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы туралы құжаттардың көшірмесімен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне берген қорытындысымен расталады, сонымен бірге осы Өлшемшарттарға 5-қосымшаға сәйкес толтырылған кесте);

      7) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер: № 55 бұйрыққа және Санитариялық кағидарларға сәйкес мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың кемінде 5 % қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі ғимараттар (оқу үй-жайлары); ӘАОО-ның жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету;

      Кодекстің 24-бабына сәйкес ӘАОО орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның болуы;

      № 595 бұйрыққа сәйкес келетін кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, кітапханамен және компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы кадрлар даярлау бағытының ББ-сына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтармен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен жарақтандырылуы;

      № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті деректер базалары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда, нақты деректердің білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің жекелеген нысандары бойынша мәліметтеріне сәйкестігі; edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атаудың болуы.

      Мәліметтер ғимараттарға (оқу корпустарына) құқық белгілейтін құжаттардың, қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламаның және өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес толтырылған кестелердің көшірмелерін тіркеумен расталады;

      8) кандидаты/ғылым докторы және(немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми/академиялық дәрежесі бар немесе кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар подполковниктен төмен емес әскери (арнаулы атағы, сыныптық шені) атағы бар оқытушының немесе судьяның не отставкадағы судьяның немесе негізгі жұмыс орны ӘАОО болып табылатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, дайындау бейіні бойынша халықаралық конференциялардың еңбектерінде, отандық басылымдарда ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылатын тиісті ғылым саласының білікті маманының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы;

      "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар" кадрларды даярлау бағыты үшін - тиісті бейіндегі оқытушылардың және (немесе) соңғы 10 (он) жылдағы еңбек өтілінің кемінде 5 (бес) жыл практикалық жұмыс өтілі бар маманның ғылыми жетекшілік етуін қамтамасыз ету.

      Мәліметтер кадрларды, ғылыми жарияланымдарды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы құжаттардың, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 11-қосымшаға сәйкес толтырылған кестенің көшірмесін қоса берумен расталады;

      9) ББ-ға сәйкес кадрларды даярлаудың іске асырылатын бағыттары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, эксперименттік базамен қамтамасыз етілуі (осы Өлшемшарттарға 12-қосымшаға сәйкес толтырылған кестемен расталады).

      16. Оқыту нәтижелеріне бағдарланған докторантураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар:

      1) ББ-ның МЖМС-қа сәйкестігі (білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының көшірмелерін тіркеумен расталады);

      2) ғылым кандидаты/ғылым докторы және(немесе) философия докторы (PhD )/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар және(немесе) философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі/ дәрежесі/бейіні бойынша доктор және/немесе " қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес кемінде 3 жыл педагогикалық өтілі бар немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес, немесе судья немесе отставкадағы судья оқытушылардың үлесі 100 % - дан кем емес.

      Мәліметтер оқытушы кадрлармен жасақталғандығы туралы құжаттардың көшірмесін, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған кестені қоса тіркеумен расталады);

      3) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы құжаттардың көшірмелерімен, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 4-қосымшаға сәйкес толтырылған кестемен расталады);

      4) білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау (Санитариялық қағидаларға сәйкес тамақтану объектісінің бар екендігі туралы құжаттардың, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 5-қосымшаға сәйкес толтырылған кестенің көшірмесімен расталады);

      5) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер: № 55 бұйрыққа және Санитариялық кағидарларға сәйкес мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың кемінде 5 % қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі ғимараттар (оқу үй-жайлары); білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету.

      Мәліметтер ғимараттарға (оқу корпустарына) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесін және өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актіні/хатты, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 6-қосымшаға сәйкес толтырылған кестені тіркеумен расталады);

      6) оқу жоспарына сәйкес ББ іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы (жабдыққа жүкқұжаттардың көшірмелерімен және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесімен, оның ішінде 7-қосымшаға сәйкес толтырылған кестелермен расталады осы Өлшемшарттарға);

      7) ӘАОО негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдардың және оқу құралының авторы болып табылатын кадрларды даярлаудың әрбір ғылыми бағыты бойынша кемінде бір ғылым докторының немесе кемінде екі ғылым кандидатының, не философия докторларының (PhD) не бейіні бойынша докторлардың болуы (кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы құжаттардың көшірмелері қоса беріліп расталады, ғылыми жарияланымдар, дайындалған оқулықтар мен оқу құралдары, оның ішінде осы Өлшемшарттарға 11-қосымшаға сәйкес толтырылған кесте);

      8) кадрларды даярлаудың іске асырылатын бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, эксперименттік базаның болуы (осы Өлшемшарттарға 12-қосымшаға сәйкес толтырылған кестемен расталады).

      17. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:

      1) МЖМС-да белгіленген білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардың сәйкестігі және сақталуы;

      2) МЖМС талаптарына сәйкес академиялық кезеңді сақтау;

      3) МЖМС талаптарына сәйкес академиялық кредиттерді игеру;

      4) жеке жұмыс жоспарының МЖМС талаптарына сәйкестігі және болуы.

      18. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

      1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті деңгейлерінің Дублиндік дескрипторлары негізінде айқындалған және оқытудың қол жеткізілген нәтижелерінде көрсетілген игерілген құзыреттерді көрсететін білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтау;

      2) докторантураны қоспағанда, білім алушылардың МЖМС талаптарында көзделген оқытудың және құзыреттерді игерудің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау бойынша оқыту нәтижелерін бағалау (білім алушылардың білім, білік және дағды сапасын бағалау ведомостарының көшірмелері қоса беріледі).

      19. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар: МЖМС талаптарына сәйкес академиялық кредиттердің негізгі көлемін игеру мерзімдерін сақтау.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Оқу жылына арналған білім алушылар контингенті туралы мәліметтер (бөлгішінде білім алушыларды мемлекеттік тілде көрсету)

№ р/с

Шифр, мамандықтың атауы (біліктілігі)

Білім алушылар контингенті

 
Барлығы

бакалавриат

магистратура

докторантура

1

2

3

4

5

6

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________ ______

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Бітіруші курс білім алушыларының тестілеу нәтижелері

Р/с №

Курс, кәсіп, мамандық

Тізім бойынша журналдағы оқушылар саны

Нақты қатысқан оқушылар саны

Бағаларсаны "5" (А, А +)

Бағаларсаны "4" (В+, В, В-, С+)

Бағаларсаны "3" (С, С-, D+. D)

Бағаларсаны "2" (F)

Орташа балл

Оң бағалар %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

Оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер __________________________________________________ (Білім беру ұйымының атауы) (______ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі туралы, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы; біліктілікті арттыру туралы (ұйымның атауы, оқу, тағылымдама кезеңі, сертификат нөмері)

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәлімет, жұмыс өтілі

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      кестенің жалғасы

Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми/ академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені туралы мәліметтер

Тану туралы куәліктің болуы туралы мәлімет

Оқытатын пәні

10

11

12

13

14

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________ ______

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
4-қосымша

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер __________________________ (Білім беру ұйымының атауы) (_________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекен жайы

Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Ескертпе

1

2

3

      * Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________ ______

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
5-қосымша

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер _________________________ (Білім беру ұйымының атауы) (________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________ ______

                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
6-қосымша

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер ___________________________ (Білім беру ұйымының атауы) (_______ жағдай бойынша)

Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет

Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы

Жалпы алаңы (ш,м)

1

2

3

4

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
7-қосымша

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (ш.м.) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер

Атауы мен ауданы көрсетілген аудиториялар, пән кабинет тері

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары

Атауы көрсетілген оқу зертханалары (ш.м.), виртуалды зертханалары, интерактивті тренажерлары

Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (ш.м.), кітапхана

Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, бейнекамералар

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________ ______

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
8-қосымша

Баспа тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер ____________________ (Білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының пәндері

Оқу әдебиеті

Ғылыми әдебиеті

Атауы, басылып шыққан жылы, басылы тілі

Автор(лары)

Атауы, басылып шыққан жылы, басылы тілі

Автор(лары)

1

2

3

4

5

6







Барлығы:

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________ ______

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
9-қосымша

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер ____________________ (Білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының пәндері

Оқу әдебиеті

Ғылыми әдебиеті

Атауы, басылып шыққан жылы, басылы тілі

Автор(лары)

Атауы, басылып шыққан жылы, басылы тілі

Автор(лары)

1

2

3

4

5

6







Барлығы:

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
10-қосымша

Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны және жұмыс өтілі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7

      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
11-қосымша

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер

Р/с №

Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Білімі туралы мәліметтер (диплом бойынша біліктілігі, бітірген жылы)

Кадрларды даярлау бағыты бейіні бойынша жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық), сондай-ақ практикалықжұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, өтілі

Білімі туралы ақпарат (ғылым кандидаты және/немесе ғылым докторы, ғылыми дәрежесінің және/немесе бейіні бойынша доктор және/немесе философия докторы (РhD) дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер)

Жарияланымдар тізбесі

Оқулықтың не оқу құралының атауы

отандық мерзімді басылымдарда

шетелдік мерзімді басылымдарда

халықаралық конференция еңбектерінде


1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________ ______

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын әскери, арнаулы оқу
орындарын бағалау
өлшемшарттарына
12-қосымша

Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер

Ғылыми-зерттеу институтының, ғылыми-практикалық базаның, зерттеу ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау)

Орналасқан мекенжайы

Меншік құқығында немесе шарт негізінде

Ескертпе
(базаның қызметі туралы
қысқаша ақпарат)

1

2

3

4

      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________________

                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)