БҰЙЫРАМЫН:
"Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағына, 167-бабының 5) және 6) тармақшаларына, 431-бабы 1) және 2-тармақтарына, 494-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 500-бабының 3) тармақшасына, 507-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 514-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 528-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 541-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағына, 167-бабының 5) және 6) тармақшаларына, 494-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 500-бабының 3) тармақшасына, 507-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 514-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 521-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 528-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 541-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептілікті, оның ішінде мемлекеттік кірістер органына кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар мен шетелдік тауарларды, сондай-ақ еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалар ұсынатын жағдайларда сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну тәсілін, электронды құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар, шетелдік тауарларды, сондай-ақ еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалар есептерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы ұсынады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Кедендік операциялар туралы есеп мынадай түрде толтырылады:
1-кестеде "Ұйымның штатында тұрған кедендік операцияларды жүзеге асырумен байланысты, жұмыскерлер туралы мәліметтер":
1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;
2-бағанда кеден өкілінің штатында тұрған жұмыскердің Т.А.Ә. (ол болған кезде) көрсетіледі;
3-бағанда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда ішкі бұйрыққа сәйкес жұмыскердің лауазымы көрсетіледі;
5-бағанда заңды тұлғаның басшысы лауазымына тағайындалуы туралы растайтын құжаттың және жұмысқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтың нөмірі және күні көрсетіледі;
6-бағанда заңды тұлғаның басшысы лауазымынан босату туралы растайтын құжаттың және жұмыстан шығару туралы ішкі бұйрықтың нөмірі және күні көрсетіледі;
"Ескертпе" деген 7-бағанда қосымша мәліметтер көрсетіледі.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар жартыжылдықта бір рет, 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының ең төмен мөлшерлемесі қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті ұсынады.
21. Шетелдік тауарларды, оның ішінде ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының ең төмен мөлшерлемесі қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда шетелдік тауарға иелік ететін және (немесе) оны пайдаланатын тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) не толық атауы көрсетіледі;
3-бағанда шетелдік тауарға иелік ететін және (немесе) оны пайдаланатын тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе ЖСН көрсетіледі;
4-бағанда әр жол бойынша ТД нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда тауардың толық атауы көрсетіледі;
6-бағанда ТД 32-бағанына сәйкес декларацияланған шетелдік тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
7-бағанда ТД 33-бағанына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 мәнді коды көрсетіледі;
8-бағанда ТД 37-бағанына сәйкес рәсімнің құрамдық коды көрсетіледі;
9-бағанда ТД 38-бағанына сәйкес килограммен тауардың нетто салмағы көрсетіледі;
10-бағанда тауар саны өлшем бірлікпен (мысалы, саны данада, метрде, литрде, килограмда) көрсетіледі;
11-бағанда ТД 46-бағанына сәйкес АҚШ долларымен тауардың статистикалық құны көрсетіледі;
12-бағанда бухгалтерлік есепте бастапқы есепке алу құжаттарының қозғаласына сәйкес шетелдік тауарға ие және (немесе) оны пайдаланатын тұлға берген шетелдік тауардың түгендеу нөмірі (болған кезде) көрсетіледі;
13-бағанда бухгалтерлік есеп карточкасы бойынша шетелдік тауарға ие және (немесе) оны пайдаланатын тұлға берген бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес шот нөмірі көрсетіледі (болған кезде);
14-бағанда тауармен жасалатын іс-әрекет көрсетіледі. Толтыру кезінде мынадай кодтауды басшылыққа алу керек:
1) шетелдік тауарды өткізген жағдайда "1" деген цифр қойылады;
2) шетелдік тауарды үшінші тұлғаға берген жағдайда (мысалы, қоғамдық қор тауарды өтеусіз негізде үшінші тұлғаға берген кезде) "2" деген цифр қойылады;
3) шетелдік тауарды есептен шығарған жағдайда "3" деген цифр қойылады;
4) шетелдік тауарды жеке қажеттілігіне пайдаланған жағдайда "4" деген цифр қойылады;
15-бағанда ол бойынша тауар пайдаланылған құжат (мысалы, шот-фактура, есептен шығаруға арналған акті және өзге) көрсетіледі;
16-бағанда ол бойынша тауар пайдаланылған құжат нөмірі мен күні мынадай форматта көрсетіледі "КК.АА.ЖЖЖЖ";
17-бағанда пайдаланылған шетелдік тауардың нетто салмағы килограммен көрсетіледі;
18-бағанда пайдаланылған шетелдік тауар саны өлшем бірлікпен (мысалы, саны данада, метрде, литрде, килограмда және өзгемен) көрсетіледі;
19-бағанда шетелдік тауар өткізілген немесе берілген тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) толық атауы көрсетіледі;
20-бағанда шетелдік тауар өткізілген немесе берілген тұлғаның БСН немесе ЖСН көрсетіледі;
21-бағанда өлшем бірлікпен (мысалы, данада, метрде, литрде, және өзгемен саны) тауарлардың қалдығы көрсетіледі;
22-бағанда есептілікті беру сәтіне шетелдік тауардың іс жүзінде орналасқан орны (мысалы, мекенжайы, ұңғыма нөмірі, кен орнының нөмірі және өзге) көрсетіледі;
23-бағанда қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Көрсетілген есептің бағандарын толтырған кезде ұяшықтарды толтырусыз қалдыруға жол берілмейді, тиісті бағандарда қандай да бір мәліметтер болмаған жағдайда "0" (нөл) деген цифр қойылады, есептің ұяшықтарын біріктіруге жол берілмейді.
Есеп өсу қорытындысымен қалыптастырылады және қандай да бір мәндер өзгерген жағдайда деректер жартыжылдықта бір рет жаңартылады.
Шетелдік тауарды өткізген кезде есептің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-бағандары толтырылмайды. Бұл ретте тауарды өткізу туралы мәліметтер электрондық шот-фактураны жазып беру кезінде көрсетіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалау агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
нысан
Мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну туралы талап
20_ жылғы "__" __________ №___
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы
Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабына сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді ___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (ол болған кезде), немесе есептілік
ұсынған заңды,
___________________________________________________________________
тұлғаның толық атауы)
___________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________
(тұлғаның заңды мекенжайы мен орналасқан орны)
20__ жылғы "__"______ бастап 20____жылғы "__"___________ дейінгі
кезеңде ресімделген сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлар мен көлік құралдары туралы есептілікті ұсыну
қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Кодекстің 38-бабына сәйкес Сізге осы Бұйрыққа __ қосымша(лар)ға сәйкес
нысан(дар)да _______________________________ есепті (бұдан әрі – есеп) ұсыну
қажет.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
_______________________________ 20__ жылғы "__" ______
(қолы, Т. А.Ә. (ол болған кезде))
Әкімшілік деректер нысаны www.minfin.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не дұрыс емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларды есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамау – "Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 539-бабында көрсетілген жауапкершілікке әкеледі.
Кедендік операциялар туралы есеп
есепті кезең 20__ жылғы ____ ай
Индекс: ТОТП-1
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынады: кеден өкілі
Қайда ұсынылады: кедендік тазартуды жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органына
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей
Кеден өкілінің атауы_____________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________
Заңды мекенжайы _______________________________________________
Нақты мекенжайы _______________________________________________
Кеден өкілін тізілімге енгізу туралы бұйрықтың күні мен нөмірі 20___ жылғы "___" ______№ __________
Ұйымның штатында тұрған кедендік операцияларды жүзеге асыратын жұмыскерлер туралы мәліметтер | ||||||
№ | Т.А.Ә. (ол болған кезде) | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Лауазымы | Заңды тұлғаның басшысы болып тағайындалған туралы растайтын құжаттың және жұмысқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтың күні және нөмірі | Заңды тұлғаның басшысы лауазымынан басату туралы растайтын құжаттың және жұмыстан шығару туралы ішкі бұйрықтың күні және нөмірі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Аббревиатураларды ашып жазу:
1) ТОТП-1 – кедендік операциялар туралы есеп, кеден өкілдері есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады (тоқсан);
2) Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты.
Әкімшілік деректер нысаны www.minfin.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не дұрыс емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларды есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамау – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 539-бабында көрсетілген жауапкершілікке әкеледі. Шетелдік тауарларды, оның ішінде оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының ең төмен мөлшерлемелері қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есеп
есепті кезең 20__ жылғы ____ ай
Индекс: ИТЕТТ-1
Мерзімділігі: жартыжылдықта бір рет
Ұсынады: шетелдік тауарларға, иелік ететін және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар
Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың оны күнінен кешіктірме
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:______________________________________
Заңды мекенжайы: ______________________________________________
Іс жүзіндегі мекенжайы: _________________________________________
№ | Тұлғаның атауы | Тұлғаның БСН/ЖСН нөмірі | ТД № | Тауардың атауы | Тауар нөмірі | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | Рәсім коды | Тауардың нетто салмағы | Тауардың өлшем бірліктегі мөлшері | Тауардың статистикалық құны, АҚШ доллары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Кестенің жалғасы:
Бухгалтерлік есептің деректер базасынан ақпарат | Өлшем бірліктегі тауардың қалдығы | Тауарды сақтау/пайдалану орны | Ескертпе | ||||||||
Тауардың түгендеу нөмірі | Тауар есепте тұрған бухгалтерлік есеп бойынша шот № | Тауарды пайдалану туралы ақпарат |
Тауар өткізілген/ | ||||||||
Тауармен жасалатын іс-әрекет | Құжаттың атауы | Құжаттың № мен күні | Нетто салмағы килограммен | Өлшем бірліктегі тауардың саны | Тұлғаның атауы | Тұлғаның БСН/ЖСН нөмірі | |||||
12* | 13* | 14* | 15* | 16* | 17* | 18* | 19* | 20* | 21 | 22 | 23 |
*тауарды сату кезінде толтырмайды. Бұл ретте тауарды өткізу туралы мәліметтер электрондық шот-фактураны жазып беру кезінде көрсетіледі
Ұйымның басшысы не уәкілетті тұлғасы _______________
Қолы ______________
Есептілікті жасаған күн __________
Ескертпе: "Шетелдік тауарларды, оның ішінде оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының ең төмен мөлшерлемелері қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндіру осы бұйрыққа 1-қосымшаның 21-тармағына сәйкес Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібінде келтірілген.
Аббревиатураларды ашып жазу:
1) АҚШ – Америка құрама штаттары;
2) БСН/ЖСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
4) ИТЕТТ-1 – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгеннен гөрі шетелдік тауарларды, оның ішінде оларға қатысты кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп;
5) ТД – тауарларға арналған декларация.