"Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32109 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификаттау және үлгі сертификатын беру және "Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланатын терминдер мен анықтамалар:

      1) әзірлеуші – үлгі конструкцияға жауапты жеке немесе заңды тұлға;

      2) зауыттық сынақтар – әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттау базисінің талаптарына сәйкестігіне дейін жеткізу;

      3) мемлекеттік сынақтар – азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін көрсету;

      4) модификация – әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгілік конструкциясын өзгеруі;

      5) орындаушы (дайындаушы) – әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін түпкілікті құрастыруға жауапты ұйым;

      6) өтінім – өтініш берушінің уәкілетті ұйымға азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін өтініші;

      7) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      8) пайдалану құжаттамасы – әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің техникалық қызмет көрсетуді қоса алғанда, ұшу және техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерінен, рәсімдері мен ұсынымдарынан тұратын құжаттама;

      9) пайдалану сынақтары – жерде және әртүрлі климатикалық (физикалық) жағдайларда әуеде пайдалану процесінде кезіндегі әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сынақ үлгісі;

      10) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      11) ұсақ жөндеу – ірі болып табылмайтын кез келген жөндеу;

      12) ұсақ модификация – ірі болып табылмайтын кез келген модификация;

      13) үлгідегі конструкция – ұшуға жарамдылығын белгілеу мақсатында әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің түрін айқындау үшін қажетті деректер мен ақпарат жиынтығы;

      14) үлгідегі сертификат – конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын және азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгідегі конструкциясын айқындайтын шет мемлекеттің немесе әуе кемелерінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйыммен, уәкілетті ұйыммен берілген құжат;

      15) үлгі сертификатын ұстаушы – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісіне үлгі сертификатын алған әзірлеуші;

      16) ірі жөндеу – қоршаған ортаға байланысты сипаттамаларға немесе пайдалану сипаттамаларына және ұшу жарамдылығының басқа қасиеттеріне, қозғалтқыштың жұмысына, ұшу сипаттамаларына, конструкцияның беріктігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін жөндеуі;

      17) ірі модификация – бұл қоршаған ортаға байланысты сипаттамаларға немесе ұшу жарамдылығына, басқа өнімнің сапасына немесе пайдалану сипаттамаларына, сенімділікке, ұшу сипаттамаларына, күш қондырғысының жұмысына, констукция беріктігіне, масса мен орталықтандыру шектеулеріне елеулі немесе басқаша, үлгідегі сертификат берілген әуе кемесіне, қозғалтқышқа және әуе винтіне әсер ететін өзгерістер.

      3. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Үлгіні сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін зауыттық сынауды жургізу басталғанға дейін әзірлеуші мен жасап шығарушы аталған дананың жұмыс бабындағы конструкторлық куәландыратын формуляр, паспорт немесе оларға балама құжатты ресімдейді. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің мемлекеттік сынақтары көрсетілген құжаттар болған жағдайда ғана басталады.

      6. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін зауыттық сынақтар әуе кемесі данасының, оның компоненттері мен жүйелерінің сынақ жүргізуге дайындығы бойынша жүргізіледі.

      7. Әзірлеуші уәкілетті ұйымға әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің зауыттық сынақтар жүргізуге дайындығы туралы ақпаратты, метрологиялық қамтамасыз ету туралы есептерді және техникалық құжаттаманы жібереді.

      8. Зауыттық сынақтар:

      1) азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын күтілетін пайдалану жағдайындағы ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестікке жеткізу;

      2) азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін айрықша жауапты функционалдық жүйелерінің (планер, шасси, басқару жүйесі, аэродинамикалық сипаттамалар, тежегіш, гидравликалық және басқа да жүйелер) үлгі конструкциясын белгілеу;

      3) мемлекеттік сынақтарды жүргізу үшін азаматтық әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін әкелу мүмкіндігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Егер азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің анықталған сәйкессіздіктері мен кемшіліктері кезінде зауыттық сынақтарды одан әрі жүргізу тәуекелмен байланысты екендігі белгіленсе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сынақтарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Зауыттық сынақтар әзірлеуші анықталған сәйкессіздіктерді жойып, растау құжаттарын ұсынғаннан кейін қайта жаңартылады.

      11. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін мемлекеттік сынау уәкілетті ұйымның қатысуымен әзірлеуші бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік сынақтар жүргізілетін мерзімдер туралы әзірлеуші сынақтар басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын уәкілетті ұйымды хабардар етеді. Мемлекеттік сынақтардың нәтижесі бойынша уәкілетті ұйым мен әзірлеуші еркін нысанда бірлескен қорытынды дайындайды.

      Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін пайдаланып сынақтарды әзірлеуші әзірлеген және бекіткен кестеге сәйкес әзірлеуші әртүрлі климаттық (физикалық) жағдайларда өткізеді.

      12. Зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтары аяқталғаннан кейін әзірлеуші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды:

      1) азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің әзірлеуші бекіткен ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігінің зауыттық және пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша түзетілген кестесін;

      2) зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының нәтижелерi бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жиынтығын;

      3) әуе кемесі, қозғалтқыш және әуе винтінің үлгiсiнiң жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттамасының бақылау және ағымдағы жиынтықтары (жиынтықтардың нөмiрлерi көрсетiледi) зауыттық және пайдалану сынақтары жұмыстарының нәтижелерi бойынша түзетiлгенi, әуе кемесi, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгiсiнiң үлгiдегі конструкциясын көрсететiнi, осы үлгiдегi әуе кемесiнің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгiсiн сериялық шығару үшiн жарамды екенi, бекiтiлгенi және өтiнiш берушi мен әзірлеушіде сақталатыны туралы хабарламаны жібереді.";

      14, 15, 16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Азаматтық әуе кемелеріне, қозғалтқыштарға және әуе винттеріне Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) (бұдан әрі – Конвенция) 16-қосымшасында белгіленген қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар қолданылады.

      15. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар азаматтық әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін сертификаттау нормаларына дербес бөлімдер ретінде енгізіледі.

      16. Азаматтық әуе кемесі, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкестігі Жергілікті жердегі шуыл бойынша әуе кемесінің үлгі сертификатымен куәландырылады. Әзірлеуші мемлекетпен берілген Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, қозғалтқыш эмиссиялары жөніндегі сондай-ақ басқа мемлекеттің уәкілетті сертификаттайтын ұйымы берген эмиссиялары жөніндегі сертификатты оған сәйкес сертификация жүргізілген талаптар Конвенцияға 16-қосымшаның 2-томында жазылған ережеге қарағанда қатаң емес болып табылатын жағдайда сертификаттарды таниды.

      17. Сериялы шығаруға арналған жаңа конструкциядағы (жаңа үлгiдегi) азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн уәкілетті ұйым сертификаттауға тиіс және ол зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейiн оның уәкілетті ұйым берген үлгiдегі сертификаты болуға тиіс.

      18. Сертификаттау жұмыстары және үлгі сертификатын беру (Doc. 9760) "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      Портал арқылы жүгінген кезде, әзірлеушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуларды орындау құқығына куәлікті, азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификаттау үшін бюджетке алымның төленгенің растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы әзірлеуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды әзірлеушіден талап етуге жол берілмейді.";

      18-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-3. Әзірлеуші порталға Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтинің үлгі сертификаты беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынбаған жағдайларда уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Әзірлеуші Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтинің үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым әзірлеушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкестігін тексереді және осы Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфына сәйкес сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйыммен, шет мемлекет берген үлгі сертификаты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, оған сәйкес үлгі сертификаты берілген талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасында белгіленген ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкес болған жағдайда танылады.";

      3-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің сертификаттық тексеру және үлгі сертификатын беру (беруден бас тарту)";

      21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгілік конструкциясы";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы актіге (бұдан әрі – акт) әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің нақты жай-күйін, тұжырымдарды, ұсынымдарды және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада қол қойылады, актінің бір данасы әзірлеушіге уәкілетті ұйымның кеңсесі немесе әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Уәкілетті ұйым әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің үлгі конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін белгілейтін зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының оң нәтижелері және үлгі сертификатын беру мүмкіндігі туралы қорытынды негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер картасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі сертификатын ресімдейді немесе үлгі сертификатын беру мүмкін еместігі туралы қорытынды негізінде үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтинің негізгі талаптардың тізбесінде 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Үлгі сертификаты шектеусіз мерзімге беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның кеңсесі арқылы не әзірлеушінің порталдағы "жеке кабинетіне" уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін пайдаланудан алған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым шешімімен осы үлгіге Үлгі сертификатының күші жойылады.

      29. Азаматтық әуе кемесі, қозғалтқыш және әуе винті үлгісінің бекітілген конструкциясы (үлгілік конструкциясы) немесе пайдалану-техникалық құжаттамасы өзгеріп, ол ұшуға жарамдылығына әсер еткен кезде әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің бұл түрін үлгі сертификатын қосымша алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қосымша сертификаттауға жатады.

      30. Бастапқы әзірлеуші болып табылмайтын ӘК модификациясын әзірлеушілер үшін әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгілік конструкциясындағы басты өзгерістерге қосымша үлгі сертификатын (ҚҮС) беру үшін ҚҮС берудің (немесе танудың) қажетті шарты әуе кемесін, қозғалтқышты және әуе винтін әзірлеуші мен өтінім беруші арасында ҚҮС-на авторлық сүйемелдеу үшін жауапкершілікті бөлу туралы келісімнің болуы қажет.";

      мынадай мазмұндағы 30-1, 30-2, 30-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "30-1. Сервистік бюллетень немесе үлгі сертификатты ұстаушы шығарған баламалы құжат шығарумен қамтылатын үлгідегі конструкцияның өзгерістері уәкілетті ұйым таныған деп есептеледі:

      1) үлгінің конструкциясын өзгертуді әзірлеуші мемлекет әуе кемесіне, қозғалтқышына және әуе винтіне арналған үлгі сертификатты тану туралы шешімде көрсетілген үлгідегі қолданыстағы сертификаттау стандарттарына сәйкес бекітеді;

      2) қолданыстағы үлгідегі конструкциямен және әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің жөндеу жай-күйімен үйлесімділіктің техникалық дәлелдемелері бар;

      3) үлгідегі конструкцияны өзгерту және жөндеу үшін ұшуға жарамдылығын сақтау жөніндегі нұсқаулық қол жетімді және тиісті техникалық қызмет көрсету бағдарламасына енгізілген.

      30-2. Әуе кемесі Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген кезде әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі конструкциясының бұрын орындалған барлық өзгерістері осы әуе кемесі үшін:

      1) үлгідегі конструкцияның өзгеруі әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдау жөніндегі есепке алу жүйесінде ұшуға жарамдылық сертификатын бастапқы беру сәтінде тіркелген;

      2) үлгідегі конструкцияның өзгеруі ұшуға жарамдылықтың қолданылатын нормаларына сәйкес келетіндігін растау бар;

      3) ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификаты әуе кемесінде, қозғалтқышта және әуе винтінде белгіленген үлгідегі конструкцияның барлық осындай өзгерістерін қамтыған шаттрада, "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) ұшуға жарамдылық сертификатын беру жолымен танылған болып есептеледі.

      30-3. Уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы шетелдік ұйым әзірлеген ірі модификацияны немесе ірі жөндеуді модификациялау немесе жөндеу шартымен таниды:

      1) үлгі сертификатын берген және оның негізінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты берілген үлгі сертификатты тану туралы шешімде көрсетілген әзірлеуші мемлекет бекіткен;

      2) негізінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты берілген үлгі сертификатын тану туралы шешімде көрсетілген үлгідегі сертификатты беретін мемлекет болып табылмайтын әзірлеуші мемлекет бекіткен және ол әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын тиісті деп тану туралы шешімде көрсетілген, қолданыстағы үлгі сертификатының стандарттарына сәйкес келетіні жарияланған ұйым немесе жеке тұлға сертификаттаған;

      3) екі жақты келісімге сәйкес әзірлеуші мемлекет бекіткен, оның негізінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты берілген үлгідегі Сертификатты тану туралы шешімде көрсетілген үлгі сертификаты берілген.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Уәкілетті ұйым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бұйрығының талаптарына сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Үлгі сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қабылданған шешім туралы әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің осы үлгісін пайдаланатын әзірлеуші мен пайдаланушы, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат қызметіне дереу хабарлайды.

      35. Әзiрлеушi анықталған кемшiлiктердi жойып, әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінiң ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестiгiн растайтын зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынақтар өткiзілгеннен кейiн ғана Үлгi сертификатының қолданысын қалпына келтiрудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым жүзеге асырады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      1-2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 169 Бұйрыққа
1-қосымша
  Сертификаттау және үлгі
сертификатын беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Өтініш

      Сертификаттауды жүргізуді және үлгі сертификат беруді сұраймын

      Түрі ________________________________________________________________

      Мақсаты ____________________________________________________________

      Шығарылған күні _____________________________________________________

      Дайындаушының атауы _______________________________________________

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер (заңды тұлға/ жеке тұлға):

      БСН/ЖСН____________________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________________

      Телефон ___________________________ Факс: ____________________________

      Электрондық пошта мекенжайы (бар болса) ______________________________

      Егер әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтін әзірлеуші жеке тұлға болса:

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) _______________________________________

      Егер Әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтін әзірлеуші заңды тұлға болса:

      Ұйымның толық атауы _________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________

      Өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), телефоны___________________________________________________

      3. ӘК, қозғалтқыштың және әуе винтінің данасының орналасқан жері__________

      4. Салмағы, кг _____________. Туралау, % CAX______________________________

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Сертификаттау және үлгі
сертификатын беру
қағидаларына
1-1-қосымша

"Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 ( он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Үлгі сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санатына байланысты:
1) ұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 10 000 айлық есептік көрсеткішті;
2) тікұшақ үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 5 000 айлық есептік көрсеткішті;
3) қозғалтқыш, әуе винті және басқа ұшу аппараттары үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 1 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Төменде көрсетілген құжаттардың тізбесіне сәйкес өтінім және құжаттардың электрондық көшірмелері:
портал:
1) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
2) формулярлар;
3) материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);
4) отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;
5) үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан) жоғарыдан;
6) әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынақтар нәтижелері;
7) схемалар, жүйелер, негiзгi сипаттамалар, пайдаланудың межеленген шарттары мен диапозонында үлгi сертификатталатын шектеулер қысқаша баяндалған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларының осы үлгiге қолданылатын тарауларының, бөлiмдерi мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тiзбесi

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың мемлекеттік қызметті алу үшін және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларымен айқындалған талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайларда

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік – www. miid. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі.
Қызмет алушы:
мемлекеттік қызметті электрондық түрде портал арқылы ЭЦҚ-сы болған жағдайда ала алады;
мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан порталдың "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Сертификаттау және үлгі
сертификатын беру
қағидаларына
1-2-қосымша

      Нысан

Әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе винтінің ұшу жарамдылығы нормаларына үлгінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы акт

      Бұйрыққа сәйкес _____________________________________________________

                              (уәкілетті ұйымның атауы)

      "___" ________ 20 __ құрамындағы комиссия:

      Төраға:_______________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісінің пайдалану құжаттамасын

      сараптау және ұшуға жарамдылығын бағалау нәтижелері бойынша құжаттамасын

      сараптау және ұшу құжаттамасын бағалау нәтижелері бойынша

      _____________________________________________________________________

      Қорытынды мәтіні:

      _____________________________________________________________________

      Төраға: ______________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы ________________________________________________________

                        (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

  Бұйрыққа
4-қосымша
  Сертификаттау және үлгі
сертификатын беру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Деректер картасы Жалпы мәліметтер

      1. Әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісі______________

      2. Әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің моделі______________

      3. Дайындаушы__________________________________________________

      4. Дайындау орны_______________________________________________

      5. Дайындаудың ерекшеліктері___________________________________

      6. Экипаждың ең аз құрамы______________________________________

      7. Жолаушылардың ең көп саны___________________________________

      8. Багаждың ең көп саны________________________________________

      9. Жүктің ең көп саны__________________________________________

      Геометриялық деректер

      1. Қанаттың құлашы, м _________________________________________

      2. Қанаттың алаңы, шаршы м ____________________________________

      3. ОАХ, м _____________________________________________________

      4. Қанаттың тарылуы____________________________________________

      5. Қанат қондырғысының бұрышы, градус__________________________

      6. Көлденең V қанатының бұрышы, градус ________________________

      7. Қатаң бейінінің үлгісі және салыстырмалы қалыңдығы, % ____________

      8. Элерондардың алаңы, шаршы м ________элерондардың құлашы, м_____

      9. Жалғасқанатшалардың алаңы, шаршы м _________________________

      Жалғасқанатшалардың құлашы, ___________________________________

      10. Келденең қанаттанудың құлашы, м ___________________________

      11. Көлденең қанаттанудың алаңы, шаршы м ______________________

      12. Көлденең қанаттанудың иығы, м _____________________________

      13. Тұрақтандырғыш орнату бұрышы, градус ______________________

      14. Жоғары руль алаңы, шаршы м ________________________________

      15. Жоғары рульдің ауытқу бұрышы, градус: жоғары ________ төмен_______

      16. Тігінен қанаттану алаңы, шаршы м __________________________

      17. Тігінен қанаттану иығы, м _________________________________

      18. Бағыттау рулінің алаңы, шаршы м ___________________________

      19. Бағыттау рулінің ауытқу бұрышы, градус: солға ________ оңға_______

      20. Фюзеляждың ұзындығы, м ____________________________________

      21. Фюзеляждың ұшқыш кабинеті бойынша ені/биіктігі, м__________

      22. Шассидің колеясы/базасы, м ________________________________

      23. Дөңгелектердің мөлшері, мм: негізгі ________ басындағы (ұшындағы)______

      Салмақ деректері

      1. Бос әуе кемесінің салмағы, кг ______________________________

      2. Бос тепе-теңдікте, % ОАХ ___________________________________

      3. Ең көп ұшу салмағы, кг _____________________________________

      4. Қону салмағы, кг ___________________________________________

      5. Ұшу тепе-теңдіктеларының диапазоны, % ОАХ __________________

      6. Отын құю, кг _______________________________________________

      7. Май құю ____________________________________________________

      8. Пайдалы жүктеме, кг ________________________________________

      Күш қондырғысы

      1. Қозғалтқыштың үлгісі мен моделі _______________________________

      2. Ең жоғары қуаты, а.к. _________________________________________

      3. Қозғалтқыштың айналымы, айн./мин.___________________________

      4. Әуе бұрандасының диаметрі, м ________________________________

      5. Қалақ қондырғысының бұрышы, градус _________________________

      6. Бұранданың статикалық тартуы, кг _____________________________

      7. Күш қондырғысының ерекшеліктері (редуктордың, қозғалтқышты

      пысықтаудың және т.б. болуы)___________________________________

      Ұшу сипаттамалары

      1. Штильдің екпіннің ұзындығы, м ______________________________

      2. Көлденең ұшудың ең жоғары жылдамдығы, км/сағ._______________

      3. Крейсер жылдамдығы, км/сағ._________________________________

      4. Жерден көтерілу жеделдігі, м/с _____________________________

      5. Құлау жылдамдығы, км/сағ.___________________________________

      6. Ұшу кезінде жерден алшақтау жылдамдығы, км/сағ._____________

      7. Қону жылдамдығы, км/сағ._____________