"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 наурызда № 32077 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың орындалу тәртібін 3-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің" 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулының нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің күшін жою туралы шешімнің нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарламаның нысаны;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден бас тарту туралы хаттаманың нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес құжаттарды не олардың көшірмесін алу актісінің нысаны;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысаны;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес нұсқаманың нысаны;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нұсқамаға қосымша нұсқаманың нысаны;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаның нысаны;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламаның нысаны;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар туралы хабархат нысаны;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны;

      22-1) осы бұйрыққа 22-1-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру актісіне қорытындының нысаны;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының алуы туралы хабарламаның нысаны;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алуға мемлекеттік кірістер органдары шешімінің нысаны;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарламаның нысаны;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларды тапсырмауы туралы хабарламаның нысаны;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің тұрған жерін (жоқтығын) растау туралы хабарламаның нысаны;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салық талабының нысаны;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімнің нысаны;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімге қосымша шешімнің нысаны;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап нысаны;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдануға патенттің нысаны;

      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес салық режимін қолдану туралы хабарламаның нысаны;

      38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарламаның нысаны;

      40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысаны;

      40-1) осы бұйрыққа 40-1 қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзінді насаны;

      40-2) осы бұйрыққа 40-2 қосымшаға сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабарлау нысаны;

      40-3) осы бұйрыққа 40-3 қосымшаға сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестесінің нысаны;

      40-4) осы бұйрыққа 40-4 қосымшаға сәйкес бұзушылықты жою туралы хабарламаның нысаны;

      40-5) осы бұйрыққа 40-5 қосымшаға сәйкес хабарлау нысаны;

      40-6) осы бұйрыққа 40-6 қосымшаға сәйкес бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны;

      40-7) осы бұйрыққа 40-6 қосымшаға сәйкес, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысаны;

      41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес құжаттар мен түсіндірмелерді ұсыну туралы талап нысаны;

      42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен алшақтықтар туралы хабарлама нысаны;

      43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес ірі салық төлеушілердің мониторинг нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша уәжді шешім нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 21 және 22-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 22-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 41, 42 және 43-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының елу екінші, елу үшінші, елу төртінші және елу жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және рести жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
21-қосымша

      нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар туралы хабархат

      20__ жылғы "___" ___________                              № ______________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органның атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      (Салық кодексі) 96-бабына сәйкес Сізді

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      немесе салық төлеушінің (салық агенттінің) толық атауы,

      __________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))

      20____жылғы "____" ________ ___________________________________

      ________________________________________________________ салық есептілігі

      (салық кезеңі мен салық есептілігінің атауы)

      бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Осы хабархат мәлімет үшін жіберіледі.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары бар қосымша ___ парақта.

Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)
__________________________________ _______
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)
Мөр орны


Хабархатты алдым
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні)
Мөр орны (оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Хабархат салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды адамының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні)
Хабархат салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілді
_____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын қжат)

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы
________________________
Мекенжайы: ________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
22-қосымша

      нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары
анықтаған тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" _______________ № ______________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 96-бабына сәйкес Сізді

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе салық төлеушінің (салық агентінің) толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))

      20___ жылғы "____" _________________________________________ салық есептілігі

      (салық кезеңі мен салық есептілігінің атауы)

      бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағына сәйкес Сіз осы хабарламаны ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауыңыз қажет.

      Салық төлеушінің (салық агентінің):

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен кезде:

      салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін хабарлама бойынша салық есептілігін табыс ету;

      салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ, салық төлеушіге осындай соманы аударған күннен бастап әрбір күн үшін Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру арқылы жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген кезде – Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттардан үзінді көшірмелерді, салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсіндірмені қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындады деп танылады.

      Осы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған кезде, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 288-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.

      Салық кодексінің 96-бабының 5-тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:

      1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;

      2) сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)

      _____________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым

      _____________________________________________ _____________

      (салық төлеушінің (салық агентіне) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      (қолы, күні)

      Мөр орны

      (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне)
табыс етілді _____________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды
адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
қолы, күні)

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы
Мекенжайы:
___________________________
___________________________

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілді
________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
22-1 - қосымша

      нысан

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары
анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" ________ № _______________

      _________________________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 96-бабына және 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Сізді

      _________________________________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе салық төлеушінің (салық агентінің) толық атауы)

      _________________________________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))

      20___ жылғы "____" _________________________________________ салық есептілігі

      (салық кезеңі мен салық есептілігінің атауы)

      бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағына сәйкес Сіз осы хабарламаны ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауыңыз қажет.

      Салық төлеушінің (салық агентінің):

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен кезде:

      салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін хабарлама бойынша салық есептілігін табыс ету;

      салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ, салық төлеушіге осындай соманы аударған күннен бастап әрбір күн үшін Салық кодексінің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды жоюы;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру;

      2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген кезде – салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

      Осы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Салық кодексінің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеуге әкеп соғады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған кезде, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 288-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылады.

      Салық кодексінің 96-бабының 5-тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:

      1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;

      2) сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)

      ___________________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым

      ____________________________________________________ _____________

      (салық төлеушінің (салық агентіне) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы, күні)

      Мөр орны

      (жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне)
табыс етілді _____________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды
тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні)

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде) немесе атауы

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне)
жіберілді
_______________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

Мекенжайы:
___________________________ ___________________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
41-қосымша

      нысан

Құжаттар мен түсіндірмелер беру туралы талап

      20_____жылғы "___" № __________

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 132-бабының 1-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Cізді

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекен жайы)

      еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігін қоса алғанда, салықтарды есептеудің дұрыстығын және салықтар мен бюджетке төлемдердің уақтылы төленуін (ұстап қалу мен аударудың), сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін растайтын мынадай құжаттар мен жазбаша түсіндірмелерді:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (сұратылған құжаттар мен түсіндірмелер; сұратылған құжаттар мен түсіндірмелер сұратылатын кезең)

      ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Салық кодексінің 132-бабының 1-тармағына сәйкес Сізге жоғарыда көрсетілген құжаттар мен түсіндірмелерді осы талап табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсыну қажет.

      Мемлекеттік кірістер органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 288-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатын болады.

      Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)

      ____________________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)

      Мөр орны

      Талапты алдым

      _________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні)

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Талап салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді
____________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні)


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
42-қосымша

      нысан

Ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен алшақтықтар туралы хабарлама

      20_____жылғы "___" № __________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 132-бабына сәйкес

      Сізді

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      анықталған бұзушылықтар мен алшақтықтар туралы хабардар етеді.

      Салық кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Сіздің осы хабарлама табыс етілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жазбаша түсіндірме беруіңіз қажет.

      Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)

      ______________________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))             (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым

      __________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (қолы, күні)

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді
______________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні)


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 277 Бұйрыққа
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 8 ақпандағы
№ 146 бұйрығына
43-қосымша

      нысан

Ірі салық төлеушілердің мониторинг нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша үәжді шешім

      20_____жылғы "___" № __________

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің

      (әрі қарай - Салық кодексі) 132-бабының 2-тармағына сәйкес

      Сіздің

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе толық атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекен жайы)

      20______ жылғы "___" _________№_______ жазбаша түсіндірмеңізді қарап

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

      Салық кодексінің 132-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Сіз осы шешіммен келісуіңіз туралы хабарламаны ол табыс етілген (алған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

      Шешіммен келісу туралы хабарлама ұсынылмаған кезде Сізге қатысты Салық кодексінің 144-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру тағайындалатын болады.

      Мемлекеттік органның басшысы (басшының орынбасары)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))                  (қолы)

      Мөр орны

      Шешімді алдым

      ____________________________________________________________________

      (салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), (қолы, күні)

      Мөр орны (жеке кәсіпкерлер субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

Шешім салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілді

______________________________________________________________________

(мемлекеттік органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні)