"Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұ

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 10 наурыздағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 наурызда № 32060 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрық тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Индустрия

      және инфрақұрылымдық даму министрі

  Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 2 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 689 бұйрығымен
бекітілген

Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптары негізінде және тәртібінде ұсталған, қылмыстың жасалуына сезікті, сондай-ақ ҚР ҚПК 147-бабының негізінде сот қамауға алуға санкция берген, қылмыстың жасалуына айыпты ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды (бұдан әрі – ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар) айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.

      2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін экономикалық тергеп-тексеру қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) төрағасының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен, ал Агенттіктің аумақтық органдарында (бұдан әрі – ЭТД) басшының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен жедел бөлімшелер қызметкерлерінен айдауылмен алып жүру топтары құрылады.

      3. Айдауылшының міндетіне ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды (бұдан әрi - күдіктілер мен айыпталушылар):

      1) уақытша ұстау изоляторларына (бұдан әрі – УҰИ) және тергеу изоляторларына (бұдан әрі – ТИ) айдауылмен алып жүру;

      2) оларды УҰИ-да, ТИ-де жүргізу мүмкін емес тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеу әрекеттерін жасау кезінде күзетуді қамтамасыз ету;

      3) медициналық мекемелерге, стационарлық емдеу кезінде күзетуді қамтамасыз ету;

      4) ҚР ҚПК 150-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір ТИ-дан екінші ТИ-ға айдауылмен алып жүру;

      5) санкциялауға, бұлтартпау шарасын өзгертуге УҰИ-дан, ТИ-дан, соттарға айдауылмен алып жүру және көрсетілген шараларды жүргізу кезінде күзетуді қамтамасыз ету жатады.

      Ішкі істер органдарының УҰИ мен ТИ күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау орындары болып табылады.

      4. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру белгілі бір бағыттар бойынша (негізгі, қосалқы) жүзеге асырылады, оларды Агенттік төрағасының (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) (оны алмастыратын тұлға), ал ЭТД-де оның басшысының (оны алмастыратын тұлға) бұйрығымен бекітеді.

      5. Күдіктілерді, айыпталушыларды алып жүру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен автомобиль, әуе және теміржол көлігімен жүзеге асырылады.

      Күдіктілерді, айыпталушыларды қала маңы пойыздарында, қалааралық және қалалық автобустарда, троллейбустар мен трамвайларда алып жүруге жол берілмейді.

      6. Күдіктілерді, айыпталушыларды жаяу айдауылмен алып жүру тек:

      1) арнайы көлік құралдарынан – соттардың және құқық қорғау органдарының ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, УҰИ-дің, ТИ-дің режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне дейін;

      2) қашқындарды ұсталған жерден бастап, егер көлік құралдарын пайдалану мүмкін болмаса, ішкі істер органдарының жақын маңдағы бөлімшесіне дейін жүргізіледі.

      7. Ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды елдi мекен шегiнде айдауылмен алып жүру арнайы көлiк құралымен жүзеге асырылады.

      Ерекше жағдайларда, арнайы көлік болмаған жағдайда, ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды алып жүру уәкілетті тұлғаның (оны алмастыратын тұлғаның), ЭТД басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша рұқсатымен (баянат) жеңіл қызметтік көліктерде жүзеге асырылады.

      8. Ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған әйелдерді айдауылмен алып жүру кезінде айдауылдың құрамына әйел қызметкерлер енгізіледі.

      9. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды сенімді қорғау мақсатында арнайы көліктер жарқылдағыш маяктармен, Агенттіктің, аумақтық органның кезекші бөлімінің пультіне белгі беретін радиостанциялармен, кабина мен шанақ арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.

      10. Айдауыл қозғалысын бақылауды Агенттіктің, ЭТД-ның кезекші бөлімі орнатылған радио және телефон байланысының арналары бойынша жүзеге асырады.

2-тарау. Айдауылды тағайындау, қаруландыру, қамтамасыз ету

      11. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру үшін құрамында аға айдауылшысы және айдауылшылар бар айдауыл тағайындалады.

      12. Айдауылға күдіктілері, айыпталушыларды айдауылмен алып жүруге және оларды күзетуге байланысты емес міндеттемелерді жүктеуге жол берілмейді.

      13. Айдауылдың құрамын, түрін, санын және қарулануын уәкілетті тұлға (оны алмастыратын тұлға), ЭТҚ бастығы (оны алмастыратын тұлға) айқындайды:

      Айдауылдың қауіпсіздік деңгейлері:

      1) қарапайым айдауыл мынадай есеппен тағайындалады: бірден-екіге дейінгі ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға - екі айдауылшы; үштен-алтыға дейін - үш айдауылшы; жетіден-онға дейін - жеті айдауылшы. Егер айдауыл құрамында бес және одан көп айдауылшы бар болса, аға айдауылшысының көмекшісі тағайындалады;

      2) күшейтілген айдауыл ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың қандай да біреуінің қашуға әрекет жасайтыны, күзетке шабуыл жасауы, өзіне және айналасындағыларға зиян тигізу ниеті бар екендігі туралы мәліметтер бар болғанда, айдауылмен алып жүру бағытының ұзақ болуына байланысты, әуе немесе теміржол көлігімен айдауылмен алып жүру үшін тағайындалады.

      Күшейтілген айдауыл мынадай есеппен тағайындалады: ұсталған және күзетпен қамауға алынған бір адамға - үш айдауылшы, екі-төрт адамға – алты айдауылшы, бес немесе одан көп адамға – сегіз айдауылшы;

      3) ерекше айдауыл:

      ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған, қашуға, айдауылшылар мен қамауда ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім;

      үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру кезінде тағайындалады.

      Ерекше аға айдауылшысы болып аға офицер құрамы қатарынан Агенттіктің, ЭТҚ-ның қызметкері тағайындалады.

      Айдауылдың барлық түрлерінің құрамы қорғаныш кеудешемен жабдықталады, атыс қаруымен қаруланады, өзімен бірге арнайы құралдар – қол-кісендер, резеңке таяқтар (РТ), металліздегіш, сондай-ақ байланыс құралдары (радиостанциялар) болуға тиіс.

      Айдауылға жүктелген міндеттемелерді орындау кезінде айдауылшылардың Заңға сәйкес қару-жарақты, күш қолдану және арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.

      Уәкілетті тұлға (оны алмастыратын тұлға), ЭТҚ бастығы (оны алмастыратын тұлға) айдауылды тағайындау кезінде аға айдауылшысына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау (тапсыру) құқығына берілетін ұйғарымда (бұдан әрі - ұйғарым):

      1) құрамын белгілейді және аға айдауылшысын тағайындайды;

      2) тапсырмалар, тәсілдер және олардың орындалу мерзімдерін айқындайды;

      3) байланыс, қаруландыру тәртібін, айдауылшылардың ерекше міндеттемелерін белгілейді.

      Бұл ретте бағыттық кесте белгіленеді, Әкімшілік департаменттің (басқарманың) (бұдан әрі – ӘД (ӘБ)) және кезекші бөлімнің басшыларына айдауыл үшін арнайы көлік құралын, жанар-жағар май материалдарын, байланыс, дабыл беру құралдарын, қаруландыруды әзірлеуге өкім береді, олардың қызмет өткеру және қойылған міндеттерді орындауын бақылау ұйымдастырылады.

      14. Айдауылдың барлық жеке құрамы табельді қарумен қаруланған болуға тиіс.

      Айдауылды қаруландыру түрін уәкілетті тұлға (оны алмастыратын тұлға), ЭТҚ бастығы (оны алмастыратын тұлға) алға қойылған міндеттерді орындау тәртібі мен түріне, жағдайға қарай белгілейді.

      Арнайы көлік құралдарының камераларын және ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды ұстайтын басқа да үй-жайларды тексеріп қарау кезінде қару аға айдауылшысына өткізіледі.

      15. Әрбір айдауылшыда өзімен бірге полицейлік типтегі ысқырық, жеке таңу пакеті, ал аға айдауылшысына осылармен қоса құжаттарға арналған сөмке, ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың санына қарай қол кісендері болуға тиіс.

      16. Басқа елді мекеннен айдауылмен алып жүру жүргізген кезде айдауыл, ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарға да іссапар құжаттарымен және ақшалай аванспен, тамақтануына, тұрғын үйді жалдауына, белгіленген жерге жетуіне тәуліктік жолақымен қамтамасыз етіледі.

      17. Агенттіктің, ЭТД жедел кезекшісі айдауылға жедел басшылықты қамтамасыз етеді және:

      1) айдауылдың қызметті өткеруін ұйымдастырады, уақтылы дайындықты, нұсқаманы, көлікті, байланысты және басқа да техникалық құралдарды дұрыс пайдалануды және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      2) арнайы көлік құралдарының шығуы мен қайта келуін бақылайды;

      3) қарулардың, оқ-дәрілердің және де басқа мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, қызмет өткеру аяқталған соң нарядтардың қаруларды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнаулы және техникалық құралдарды уақтылы және толық тапсыруын қадағалайды.

      18. Аға айдауылшы ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша берілген тапсырмалардың дәл және уақытылы орындалуын және қарамағындағылардың заңдылықты сақтауын, қызметтік құжаттардың, айдауылданушылардың қару-жарақтардың, арнаулы, техникалық және басқа да айдауылдың пайдалануындағы материалдық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Аға айдауылшысы:

      1) айдауылмен алып жүрудің бағытын және оның ерекшеліктерін, ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар туралы негізгі мәліметтерді зерделейді;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аға айдауылшысына берілетін қызметтік құжаттардың тізбесінде көрсетілген қажетті қызметтік құжаттарды, қару-жарақтарды, айдауылға берілетін арнаулы техникалық құралдарды және басқа да материалдық заттарды алады, олардың дұрыс пайдаланылуын ұйымдастырады;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айдауылдың жол журналын (бұдан әрі – Жол журналы) жүргізеді;

      4) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды белгіленген жерге уақтылы жеткізуі бойынша айдауылдың іс-әрекетін басқарады, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күзетуді қамтамасыз етеді;

      5) оқиға болған жағдайда айдауылдың әрекет ету тәсілдерін айқындайды, айдауылмен алып жүрудің негізгі бағытындағы жағдай асқынғанда, қосалқы бағытқа ауысқанда, қашқан кезде қашып кеткен адамдарды дереу қудалау және ұстауды ұйымдастырады.

      19. Аға айдауылшысына:

      1) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін өзгертуге;

      2) талап етілмейтін жағдайда айдауылды уақытша қалдыруға жол берілмейді.

      20. Айдауылшы аға айдауылшысына бағынады.

      Айдауылшы:

      1) өз міндеттемелерін дәл орындайды;

      2) аға айдауылшысы белгілеген жерде болады және оның рұқсатынсыз кетіп қалмайды;

      3) қаруын ақаусыз және іс-әрекетке үнемі дайын етіп ұстайды;

      4) ұсталғандармен және күзетпен қамауға алынған адамдармен сөйлесу барысында талапты және сыпайы болады және оларды ұдайы қадағалайды;

      5) аға айдауылшысының нұсқауы бойынша ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға тінту жүргізеді, олардан сақтауға тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қояды және аға айдауылшысына береді.

      21. Айдауылшыға:

      1) қызметін атқару кезінде басқа жағдайларға алаңдауға;

      2) айдауылмен алып жүру кезінде мінез-құлық талаптарын сақтау және қозғалыс тәртібі туралы нұсқау беру қажет болған жағдайларды қоспағанда, ұсталғандармен және күзетпен қамауға алынған адамдармен сөйлесуге;

      3) олардан немесе оларға бөтен адамдардан қандай да бір заттарды, хаттарды, тамақ өнімдерін қабылдауға және беруге;

      4) айдауыл қозғалысының бағытын және оның соңғы пунктін жариялауға жол берілмейді.

      22. Арнайы көлік құралының жүргізушісі айдауыл құрамына кіреді және аға айдауылшысына бағынады.

      Арнайы автомобиль жүргізушісі:

      1) айдауылмен алып жүру бағытын және оның ерекшеліктерін зерделейді;

      2) арнайы көлік құралының пайдалануға дайындығын ұдайы қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін (бұдан әрі – ЖҚЕ) қатаң сақтайды;

      3) бағыт бойындағы қозғалыс жылдамдығы туралы аға айдауылшысының нұсқауларын дәл орындайды, оның командасы бойынша немесе мұндай белгіні шанақтағы айдауылшылардан алған кезде дереу арнайы көлік құралын тоқтатады;

      4) арнайы көлік құралын қараусыз қалдырмайды, кабинадан түскен кезде оталдыруды өшіреді, оталдыру құлпының кілтін өзінде сақтайды;

      5) өзімен бірге Қазақстан Республикасының ЖЖЕ-не сәйкес құжаттары болуы тиіс.

      23. Арнайы көлік құралының жүргізушісіне:

      1) өзінің атына бекітілген арнайы көлік құралын қараусыз қалдыруға;

      2) арнайы көлік құралын басқа адамға басқаруға беруге жол берілмейді.

      24. Ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар қашқан жағдайда айдауылдау бөлімшесі оларды қудалау және ұстау, қозғалыстардың ықтимал бағыттары мен олардың жасырынуы ықтимал жерлерді тексеру бойынша тез арада бірінші кезектегі шараларды қабылдайды. Аға айдауылшысы тез арада Агенттіктің және ЭТД-нің кезекші бөлімінің пультіне ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың қашқаны туралы хабарлайды және айдауыл арасынан арнайы топ тағайындайды және ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды ұстау жөнінде нұсқама береді.

3-тарау. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге арналған негіздер

      25. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру:

      1) айдауылмен алып жүру туралы сот қаулысының;

      2) прокурордың, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

      26. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын тұлға 2 данада (1-дана - ҰҰИ немесе ТИ, 2-данасы - айдауыл үшін) ұсынатын ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге берілетін жазбаша өтінімнің (бұдан әрі – өтінім) негізінде жүзеге асырылады.

      27. Өтінімге уәкілетті тұлға (оны алмастыратын тұлға), ЭТД басшысы (оны алмастыратын тұлға) қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

      28. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды алып жүру туралы өтінімнің бірінші данасы тергеу әрекеттері басталғанға дейін бір күн бұрын оларды ұстау орнына (УҰИ, ТИ-де), екіншісі - алып жүру тобына жіберіледі.

4-тарау. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды алып жүруге қабылдау тәртібі

      29. Айдауылдауға тапсырма алған айдауыл ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды қабылдайтын пунктке барады, онда аға айдауылшысы:

      1) УҰИ, ТИ кезекшісіне өтінімді және ұйғарымды көрсетеді;

      2) дайындалған құжаттарды алады және олардың дұрыс ресімделуін тексереді, ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды арнайы көлік құралының камераларына орналастыру тәртібін айқындайды, күшейтілген қадағалауды талап ететін күдіктілер мен айыпталушылар туралы айдауылшыларға хабарлайды;

      3) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды оларды айдауылмен алып жүру үшін қабылдау кезінде жеке тінту мен күзету үшін айдауыл құрамының есебін белгілейді, орналастыруға тінтуді жүргізуге және ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды арнайы көлік құралының камераларына орналастыру үшін бөлінген айдауылшылардың қаруын уақытша сақтауға қабылдайды;

      4) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды қабылдау, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүргізілетін үй-жайды қарайды, қашуға немесе шабуыл жасауға пайдаланылуы мүмкін құралдарды алып тастайды.

      Ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың құжаттары аға айдауылшысына тапсырылады.

      Егер айдауылмен алып жүрілуге тиіс ұсталған және күзетпен қамауға алынған адам қашуға немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім болса, УҰИ, ТИ кезекшісі құжаттарға "қашуға бейім" деген жазба жасайды.

      30. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау жүргізілетін үй-жайларда оларды айдауылмен алып жүру үшін тапсырушы және қабылдап алушы тұлғалар ғана болады.

      Ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың жеке басына қатысты күмән туған жағдайларда аға айдауылшысы тиісті түсініктемелер алу үшін УҰИ, ТИ кезекшісіне жүгінеді және одан әрі алынған түсініктемелерге сәйкес әрекет етеді.

      Науқасы туралы шағым айтқан айдауылмен жүруге тиіс ұсталушыны және күзетпен қамауға алынған адамды дәрігер (фельдшер) қарайды, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №ҚР ДСМ-61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамаға жазба жасайды.

      Туберкулез ауруымен ауыратын ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің барлық жағдайларында ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарға беттеріне тағатын дәке таңғыштар беріледі.

      31. Айдауылмен алып жүруге қабылданатын ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдар олардың қолда бар құжаттарына сәйкес жол журналына тіркеледі.

      32. Айдауылмен алып жүруге қабылдауға жатпайтындар:

      1) құжаттары дұрыс ресімделмеген және құжаттары жоқ ұсталғандар мен қамауға алынған адамдар;

      2) дәрігердің (фельдшердің) қорытындысы бойынша алып жүруге жатпайтын науқастар.

      33. Айдауыл медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі.

      Қажет болған кезде кенеттен науқастанғанда, жарақаттанғанда немесе бақытсыз жағдай болғанда Агенттіктің, ЭТД-ның жедел кезекшісінің рұқсатымен айдауылмен алып жүрілетін ұсталғанды және күзетпен қамауға алынған адамды айдауыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізеді.

      34. Ұсталған әне күзетпен қамауға алынған адам жол үстінде қайтыс болған жағдайда, аға айдауылшысы аталған факті туралы Агенттіктің, ЭТД-нің жедел кезекшісіне хабарлайды, ол арнайы тергеу амалдарын жүргізу үшін жақын маңдағы ішкі істер органының жедел тобын шақырады.

      Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауыл қайтыс болған адамның мәйітін тергеушінің қаулысымен сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жақын арадағы мәйітханаға жеткізеді.

5-тарау. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды арнайы автомобиль көлік құралымен айдауылдау

      35. Аға айдауылшысы айдауылға шығу алдында арнайы көлік құралы шанағының жай-күйін, жарықтың дұрыстығын, сөйлесу құрылғыларын, байланыс құралдарын, желдеткішті, камера мен есіктердің құлыптарын, орындықтар мен басқа да жабдықтар бекіткіштерінің беріктігін тексереді, анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды.

      Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды, ер адамдар мен әйел адамдарды бір-бірінен оқшауламай айдауылмен алып жүруге жол берілмейді. Туберкулездің ашық түрімен, басқа да жұқпалы аурулармен ауыратындар өзара оқшауланып, басқа ұсталғандардан және күзетпен қамауға алынған адамдардан бөлек айдауылданады.

      36. Айдауылмен алып жүру кезінде күзетпен қамауға алынған адамдар санаттары бойынша орналастырылады:

      әйел адамдар – ер адамдардан бөлек;

      топтық іс бойынша өтетін ұсталғандар және қамауға алынған адамдар сот және тергеу органдарының нұсқаулары бар болған жағдайда – бір-бірінен бөлек;

      кәмелетке толмағандар – ересектерден бөлек;

      шетелдің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар – барлық басқа санаттардан бөлек;

      бацилла бөлетін туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар бірге;

      психикалық бұзушылықтардан зардап шегетіндер – барлық басқа санаттардан бөлек;

      құқық қорғау және арнаулы органдардың бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ судьялар – басқа санаттағылардың барлығынан бөлек.

      37. Арнайы көлік құралының камераларындағы айдауылшы ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың тәртібіне үнемі қадағалау жүргізеді. Арнайы көлік құралдарында бақылау торларын іштен көлегейлеуге, шулауға, темекі шегуге, шанақтың жабдықтарын бүлдіруге, сондай-ақ басқа камераларда отырғандармен сөйлесуге немесе тықылмен белгі білдіруге жол берілмейді. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда, айдауылшы аға айдауылшысымен бірге тоқтау туралы дабыл береді және тәртіп бұзушылықтың жолын кесу шараларын қабылдайды, камералар есіктерін ашуға тек аға айдауылшысына рұқсат етіледі.

      38. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды белгіленген түпкілікті орынға түсіру кезінде арнайы көлік құралының жүргізушісі аға айдауылшысының нұсқауы бойынша арнайы көлік құралын алдын ала белгіленген орынға, мүмкіндігінше, бөтен адамдар жіберілмейтін орынға тоқтатады.

      Айдауылмен алып жүрілетін ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдар бір-бірден қатарға тұрғызылады және аға айдауылшысының бұйрығы бойынша үй-жайға қарай жүреді.

      39. Жеңіл қызметтік көлік құралында артқы орындыққа екі айдауылшының ортасына отырғызылатын тек бір ұсталған және күзетпен қамауға алынған адам тасымалданады.

      Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру схемасы (бұдан әрі - схема) бойынша жолда оның қолдарын алдына қаратып немесе айдауылшының (екі) қолдарына біріктіріліп кісен салынады. Жеңіл қызметтік көлік құралының есіктері жабық күйінде бекітіледі, терезелері ашылмайды.

      40. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды жабдықталмаған немесе жүк тиелген көлік құралдарында, сондай-ақ төңкерілетін шанақтары бар көлік құралдары мен мотоциклдерде тасымалдауға жол берілмейді.

      41. Аға айдауылшысы межелі жерге барар жолда Агенттіктің, ЭТД-ның жедел кезекшісімен байланыста болады.

6-тарау. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе жол көлігімен айдауылмен алып жүру

      42. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе кемелерінде тасымалдау айдауылмен алып жүру бағытының қашықтығы 500 км артық болған жағдайда не әуе көлігі жалғыз қатынас құралы болып табылатын кезде рұқсат етіледі.

      Ұсталған адамды немесе күзетпен қамауға алынған адамды әуе кемесінің бортында тасымалдау күшейтілген немесе ерекше айдауыл түрімен жүзеге асырылады.

      43. Әуе компаниясына ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды тасымалдаудың болжамды күні, тасымалдау жоспарланған рейстің нөмірі туралы уәкілетті тұлғаның (оны алмастыратын тұлғаның), ЭТД басшының (оны алмастыратын тұлғаның) қолымен, кемінде бір тәулік бұрын хабардар етіледі.

      44. Әуе компаниясының өкілі әуе кемесі командирінің нұсқауынсыз (не келіспей) қандай да бір әрекеттер қабылдаған жағдайда, олар айдауылшыларға әуе кемелерінің ұшуы үшін ықтимал қатерлер туралы хабарлайды.

      45. Айдауылшылар ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарда өздерімен бірге Қауіпті заттар мен бұйымдардың тізбесінде көрсетілген әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың болмауын қамтамасыз етеді.

      46. Айдауылшыларда ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың іс-әрекеттеріне шектеу қоятын құралдар (қолкісендер) болады.

      47. Айдауылшыларға әуе кемесінің бортына жас ағызғыш газ контейнерлерін немесе ол тектес қатардан шығаратын газ түрлендіретін құрылғыларды алып кіруге болмайды.

      48. Айдауылшылар авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналына, көліктегі ішкі істер органдарының өкілдеріне және борт жолсеріктеріне қызметтік немесе басқа да қажетті құжаттарды ұсынады.

      49. Әуе кемесінің бортында атыс қаруын алып жүруге құқылы басқа да жолаушыларға айдауылдар мен ұсталғандардың немесе күзетпен қамауға алынғандардың тасымалдануы туралы хабарлайды.

      50. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе кемесінің бортына отырғызу, бірінші кезекте, ал түсіру барлық жолаушылар түсіп болғаннан кейін жүргізіледі.

      51. Ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар отырғызылатын орындар жолаушылар салонының артқы жағындағы орындарға орналастырылады.

      52. Ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар тек екі немесе одан да көп орындықтары бар қатарда орналастырылады, бір айдауылшы ұсталушының және күзетпен қамауға алынған адамның ортасында және кез келген өту орнында болады.

      53. Айдауылшылар ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға үнемі ілесіп жүреді, оның ішінде дәретханаға барған уақытта да олардың бақылауында болады.

      54. Әуе кемесінің бортындағы айдауылшылар мен ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға алгоколь сусындары берілмейді.

      55. Айдауылшылардың қалауы бойынша ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға тамақ металл емес бұйымдарсыз және пышақсыз беріледі.

      56. Қашуға немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды тасымалдау кезінде әрбір ұсталған адамға және күзетпен қамауға алынған адамға бір айдауылшы бөлінеді.

      57. Барлық жағдайда ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әуе кемесінде тасымалдау қолкісенде (әйелдер мен кәмелетке толмағандардан басқа) жүзеге асырылады. Бұл ретте олардың қолкісен салынған қолдары схемада көрсетілген жағдайда болуы тиіс.

      58. Айдауылшы әуе кемесінің бортында ұсталушыға және күзетпен қамауға алынған адамға тиісті бақылау жасайды, оған орынынан тұруға, жолаушылармен сөйлесуге, қандай да бір заттарды қабылдауға немесе беруге рұқсат бермейді.

      Аға айдауылшысы салонның артқы бөлігінде (ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға бөлінген орындардың артында) орналасады, сол жерден ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың тәртібін және айдауылдардың әуе кемесінің бортында өз міндеттемелерін орындауларына тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз етеді.

      59. Әуе кемесінің ұшу кідірісі ұзаққа созылған жағдайда (1,5 сағатқа және одан көп уақытқа) ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар әуежай әкімшілігі бөлетін жолаушылардан оқшауланған үй-жайға ауыстырылады. Әуе кемесі аралық әуежайда түнгі уақытта кідірген жағдайда, ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар УҰИ күзетіне тапсырылады.

7-тарау. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды темір жол көлігімен айдауылмен алып жүру

      60. Теміржол көлігімен айдауылмен алып жүру жолаушылар пойыздарының купелік вагондарында жүзеге асырылады.

      Айдауылмен алып жүру тек күшейтілген немесе ерекше айдауыл түрімен жүзеге асырылады.

      Айдауыл және ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдар вагонның соңғы купесіне бөлек орналастырылады.

      Айдауылмен алып жүру бағыты көліктегі полицияның желілік бөлімдерімен келісіледі.

      Ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды плацкарт вагондарда тасымалдауға жол берілмейді.

      Тасымалдау "алдыңғы жағынан" қолдарына кісендер тағу жағдайында ғана жүзеге асырылады, бұл ретте купедегі терезе берік жабылған жағдайда болады.

      Ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды әжетханаға шығаруды ұсталған адам мен күзетпен қамауға алынған адамның алдында және артынан жүріп отыратын аға айдауылшысы мен айдауылшы бір-бірден жүргізеді.

      Ұсталған адам мен күзетпен қамауға алынған адам ішінде болған кезде әжетхана есігі сәл ашық қалады, қолкісендері шешіледі, терезе берік жабылған жағдайда болады.

      61. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды купелік жолаушылар вагонына отырғызудың алдында аға айдауылшысы олар отырғызылатын вагонға және соңғы купеге тексеріс жүргізеді.

      62. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды купелік вагондарға отырғызу жолаушыларды жалпы отырғызуға дейін, ал түсіру - барлық жолаушылардан кейін жүргізіледі.

      63. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды пойызға жеткізу кезінде арнайы көлік құралы вагонның тамбурына тақалып қойылады, ал отырғызу аяқталғаннан кейін поезд жүріп кеткенге дейін тұраққа қойылады. Арнайы көлік құралын қою орны алдын ала теміржол станциясының әкімшілігімен келісіледі.

8-тарау. Айдауылдың оқиғалар кезіндегі іс-әрекеттері

      64. Оқиғалар болған кезде (шабуыл жасау, қашу, ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың бағынбауы, кепілге адам алу, өрт, табиғи апаттар, авариялар) аға айдауылшысы дереу уәкілетті тұлғаға (орнын ауыстыратын адамға), ЭТД басшысына (оны алмастыратын тұлғаға) баяндайды және оқиғалар кезінде айдауылдың әскери іс-қимылына сәйкес әрекет етеді.

      65. Айдауылға шабуыл жасалған жағдайда аға айдауылшысы айдауыл күшімен тойтаруды ұйымдастырады, қарулы шабуыл жасағанда Заңға сәйкес табельді қаруды қолданады.

      66. Айдауылға, айдауыл құрамына немесе ұсталғандарға және күзетпен қамауға алынған адамдарға анық шабуыл жасалғанда, айдауыл "Шабуыл" деген белгі беріп, шабуылды тойтару үшін шаралар қабылдайды.

      Қажет болған жағдайда өзін, айдауылды немесе басқа адамдарды қорғау үшін қоян-қолтық айқасқа шығады.

      Қарулы шабуыл жасағанда өзін, басқа адамдарды немесе айдауылды қорғау, шабуылға тойтарыс беру үшін Заңға сәйкес қызметтік қаруды қолданады.

      67. Айдауылмен жүретін ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар:

      арнайы көлік құралынан қашқан кезде – арнайы көлік құралы тоқтатылып, ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар бұзылған камерадан дұрыс камераға немесе басқа арнайы көлікке ауыстырылады, ондай мүмкіндіктер болмаған жағдайда бөлімшеден дұрыс арнайы көлік құралы шақыртылады.

      сот мекемесінен қашқан жағдайда – айдауылшы тез арада қашушылардың ізіне түседі, аға айдауылшысы уәкілетті тұлғаны (оны алмастыратын тұлғаны), ЭТД басшысын (оны алмастыратын тұлғаны) хабардар етеді, егер қашушылар сот мекемесінің ғимаратынан шықпаса, айдауылдардың күшімен ғимарат ішінде мұқият іздеу ұйымдастырылады.

      68. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аға айдауылшысы қажет болған кезде зардап шеккендерге көмек көрсетуді, қарулар мен мүліктерді сақтауды ұйымдастырады, күзеттегі ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды барынша қауіпсіз жерге орналастырады. Уәкілетті тұлғаның (оны алмастыратын тұлғаның), ЭТД басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) нұсқауы бойынша оларды эвакуациялауды жүзеге асырады, мүліктерді күзетуге және белгіленген режимді сақтауға шаралар қабылдайды.

      69. Арнайы көлік құралы апатқа ұшыраған жағдайда, егер ол өздігінен жүре алмаса, аға айдауылшысы авариялық тоқтау белгілерін қояды, бөлімшеден басқа арнайы көлік құралын шақыртады, оған ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды отырғызуды және одан әрі белгіленген орынға айдауылмен алып жүруді ұйымдастырады.

      Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды ауыстырып отырғызу мүмкін болмаған жағдайда (көліктің қатты қозғалысы, азаматтардың жиналып қалуы және басқасы), аға айдауылшысы сынған көлікті жақын тұрған ішкі істер органының ТИ-ға, УҰИ-ға сүйретіп апаруды ұйымдастырады. Егер апат елді мекеннің сыртында болса және арнайы көлік құралының ақауы елеулі болса, аға айдауылшысы ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды басқа ақаусыз арнайы көлік құралы келгенге дейін күзетуді ұйымдастыру үшін неғұрлым қауіпсіз орынға шығарады.

9-тарау. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды бұлтартпау шарасын санкциялау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сараптамалар жасау, медициналық қызмет көрсету кезінде күзету

      70. Ұсталған адамды және күзетпен қамауға алынған адамды соттың, Агенттіктің, ЭТД-ның ғимараттарында уақытша ұстау бөлмесіне (бұдан әрі – УҰБ) орналастырғаннан кейін айдауылшы оларды үнемі қағалайды, оған басқа тұлғалармен сөйлесуге, қандай да бір заттарды қабылдауға немесе беруге рұқсат етпейді.

      71. Сот бұлтартпау шараларын санкциялау кезінде айдауыл ұсталған адамды және күзетпен қамауға алынған адамды күзетуді қамтамасыз етеді.

      72. Агенттіктің, ЭТД-ның әкімшілік ғимаратына тұлғаны алып келген кезде аға айдауылшысы алып келген айдауылмен жүрген ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды кезекші бөлімде тіркейді, кететін кезінде шыққаны туралы белгі қояды.

      Тергеу әрекеттері басталғанға дейін (үзілістерде) оларды УҰБ-ға орналастырады, онда олардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудырмайтын жағдайларда ұстау жүзеге асырылады.

      УҰБ ғимараттың бірінші қабатында (шатырасты, жертөле қабаттарында орналасуына үзілді-кесілді жол берілмейді) жеке бөлмеде орналастырылады, төбеге дейін қалқандармен қоршалады, есігі соққыға төзімді шыны материалдан, еденге бекітілген орындықпен, желдеткішпен, есіктері құлыптармен, қауіпсіздік жүйелерімен (терезелерінде металл торлары, кезекші бөлімнің мониторына шығарылған бейнебақылау, нарядты шақыратын дабыл тетігі), айдауылдың жұмыс орнымен жабдықталған болуға тиіс.

      Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін айдауыл осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру журналына тіркей отырып, тек ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды, арнайы үй-жайлар – тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинеттерге жеткізе отырып, өтінім жолдаған тергеушіге береді.

      Тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмелер ғимараттың бірінші қабатында (шатырасты, жертөле қабаттарында орналасуына үзілді-кесілді жол берілмейді) орналастырылады, УҰБ ұқсас қауіпсіздік жүйелерімен, сондай-ақ тергеушінің, қорғаушының (қоғам өкілінің) жұмыс орнымен, күдікті, айыпталушы (төбеге дейін соққыға төзімді шыны қалқандармен қоршалған, еденге бекітілген орындықпен, желдеткішпен, есіктері құлыптармен жабдықталған), тергеу әрекетінің басқа да қатысушылары, айдауылшы үшін жеке орындарымен, нарядты шақыратын дабыл тетігімен жабдықталған болуға тиіс.

      Аға айдауылшысы тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмені тексереді, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды.

      Тергеушінің талабы бойынша айдауылшы өзінің қатысуын қамтамасыз етеді, бұл ретте айдауылшылар терезелердің, аға айдауылшысы есіктің жанында тұрады.

      Жергілікті жерде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде аға айдауылшысы тергеу әрекеттерін жүргізу белгіленген жергілікті жерді (үй-жайды) қарап шығады және оны жүргізетін адамның келісуі бойынша ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қорғау тәртібін белгілейді, айдауылшылар ешқайда кетпестен айдауылмен жүрушілердің қасында болады, қолкісендерді қолданады, әрбір ұсталған адамды және күзетпен қамауға алынған адамды тергеу әрекеттеріне байланысты олардың барлық орын ауыстыруларында еріп жүреді, арнайы көлік құралына отырғызу алдында жеке қарауды жүргізеді.

      Тергеу әрекеттерінің аяқталғаны немесе келесі күндері оларды жалғастыру қажеттілігі туралы тергеуші (анықтау жүргізетін тұлға) айдауылмен алып жүруге арналған талаптарға белгі қояды және оған өзі қол қоя отырып бекітеді.

      73. Агенттік,ЭТД ғимаратында тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін аға жолсерігі ұсталған адамды немесе күзетпен қамауға алынған адамды тергеушіден қабылдайды және оны ұстау орнына алып кеткенге дейін УҰБ-ға орналастырады.

      74. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды ТИ-ге, УҰИ-ға айдауылмен алып жүруге дейін 3 сағаттан артық емес мерзімге УҰБ-да орналастыруға жол беріледі.

      75. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды әжетханаға шығаруды ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың алдында және соңында жүріп отыратын аға айдауылшысы мен айдауылшы бір-бірден жүргізеді.

      Ұсталған адам мен күзетпен қамауға алынған адам ішінде болған кезде әжетхана есігі сәл ашық қалады, қолкісендері шешіледі, терезе берік жабылған жағдайда болады.

      76. Жалпы мақсаттағы медициналық мекемелерде медициналық куәландыру, түрлі сараптамалар жүргізу кезінде айдауылмен алып жүруді бір-бірден аға айдауылшысы және айдауылшы жүзеге асырады, сондай-ақ айдауылдың жеке өзінің қатысуы қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда кіреберіс есікте және терезенің алдында тұрады.

      77. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды медициналық мекемелерде стационарлық емдеу үшін орналастыру ТИ-да білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік болмайтын шұғыл жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

      Медициналық мекемелерге стационарлық емдеуге орналастырылған ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды Агенттіктің, ЭТД күшімен қорғауға жол берілмейді.

  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге ______________________
(лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған кезде))
________________________

Баянат

      Сізден қызметтік жеңіл автокөлікпен (моделі, мемлекеттік нөмірлік белгісі) (ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынғандарды) айдауылмен алып жүруге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      ______________________________

      (лауазымы, тегі, қолы)

  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мөртабан

  Кімге___________________
(лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған кезде))
________________________

Аға айдауылшысына ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдауға (тапсыруға) құқық беретiн ұйғарым

      (айдауылдың жеке құрамының тiзiмiмен бiрге)

      Осы ұйғарымды ұсынатын адам _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (соттың, экономикалық тергеп-тексеру қызметі органының атауы)

      ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылдау және

      қабылдау (тапсыру) үшін аға айдауылшысы болып тағайындалды.

      Ұйғарым

      20__жылғы "___" _____________ дейін жарамды.

      М.О.

      экономикалық тергеп-тексеру қызметі органының басшысы

      ___________________________________________________________________

      (тегі, қолы)

  Келесі беті
  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
2-қосымша

Айдауылдың құрамы

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Лауазымы

Қарудың түрі, нөмірі

Көлік құралының түрі (моделі), мем. нөмірлік белгісі

  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
3-қосымша

Аға айдауылшысына берілетін қызметтiк құжаттар тізбесі

      Қала шегінде айдауылдаумен алып жүру кезiнде:

      1) аға айдауылшысына ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдауға (тапсыруға) құқық беретiн ұйғарым (айдауылдың жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);

      2) әрбiр ұсталған адамға және қамауға алынған адамға арналған құжаттар салынып, мөрленген пакеттер;

      3) айдауылдың жол жүру журналы;

      4) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау-тапсыру журналы;

      5) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылдаумен алып жүруге арналған өтінім.

  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Титул парағы

      Айдауылдың жол жүру журналы

      _______________________________________

      (экономикалық тергеп-тексеру органының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (айдауыл бөлімшесі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басталды: 20 __ жылғы "_____" ___________

      Аяқталды: 20 __ жылғы "_____" ___________

  Келесі беті
  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
4-қосымша

р/с №

Кету орны, күні және уақыты

Қозғалыс бағыты

Келу орны, күні және уақыты

Аға айдауылшысының белгісі






  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге арналған өтінім

      Мөртабан

  ____________________________
________________ басшысына
(органның атауы)

      _________________________________________ келесі бетте аталған адамдарды

      (күні, уақыты)

      ________________________________________________________

      мекенжайында

      орналасқан __________________________________________________________

      (сот мекемесінің, тергеу әрекеттері жүргізілетін орынның атауы)

      айдауылдаумен алып жүру үшін айдауыл жiберуiңiздi сұраймын.

      Айдауылдаумен алып жүруге тиіс адамдар ________________________________

      (лауазымын, тегiн көрсету)

      __________________________________________________ қарамағында болады.

      Сот процесiнiң (тергеу әрекетін жүргізудің) басталуы

      ______________________________________,

      (уақыты)

      Болжамды ұзақтығы ____________________

      (уақыты)

      _________________________________

      (тегі, қолы)

  Келесі беті
  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
5-қосымша

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Туған жылы

ҚК-нің қандай бабы бойынша күдікті болып табылады, айыпталады

Ұстау орны, Тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторының атауы






      Кестенің жалғасы

Ішкі оқшаулау жөніндегі талап (бірге қатысушылардан бөлек көрсету)

Айдауылдың түрін көрсету (кәдімгі, күшейтілген,ерекше)

Айдауылдау тәртібі бойынша басқа да ұйғарымдар

Айдауылмен жүрушілерге тінту жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Тергеу изоляторы бастығының, уақытша ұстау изоляторы кезекшісінің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау туралы мөр басылған қолхаты






      Экономикалық тергеп-тексеру қызметі органының басшысы

      _______________________________________________________________

      (тегі, қолы)

  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
6-қосымша

Ұсталғандар мен күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру схемасы



 

"Артқы жағынан" тағылатын қолкісендер



 

"Алдыңғы жағынан" тағылатын қолкісендер



 

Қолкісендер ұсталған адамның және күзетпен қамауға алынған адамның екі қолына және айдауылшының қолына тағылған



 

Қолкісендер ұсталған адамның және күзетпен қамауға алынған адамның екі қолына, айдауылшылардың оң және сол қолына тағылған



 

Иілгіш металл арқанмен жалғанған қолкісендер айдауылшылардың ортасында колоннада тұрған ұсталған адамның және күзетпен қамауға алынған адамның және айдауылшылардың оң қолына - сол қолына тағылған



 

Қолкісендер ұсталған адамның және күзетпен қамауға алынған адамның оң - сол қолдарына тағылған



 

Иілгіш металл арқанмен жалғанған қолкісендер колоннада тұрған ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың және айдауылшылардың оң - сол қолдарына тағылған

Шартты белгіленулер


– аға айдауылшысы

– ұсталған адам және күзетпен камауға алынған адам

– көмекші

– айдауылшы

– үзбесі бар аркан

– қолкісендер

  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Титул парағы

Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау-тапсыру журналы

      _________________________________________________________________

      (органның атауы)

      Басталды: 20 __ жылғы "___" ________

      Аяқталды: 20 __ жылғы "___" _______

  Келесі беті
  Қаржылық мониторинг
органдары
(экономикалық тергеу қызметі)
жедел-тергеу бөлімшелерінің
ұсталғандарды және күзетпен
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
7-қосымша

р/с №

Ұсталған адамның және күзетпен қамауға алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Қабылдап алушы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Қабылдау уақыты

Қабылдаған кезде қоятын қолы

Тапсырған уақыты

Тапсырған кезде қоятын қолы