"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларының 48-тармағының екінші бөлігінің және 51-тармағының қолданысын Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясында тіркелген тасымалдаушылар үшін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрық күшіне енгенге және осы бұйрықтың 1-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын кәсіпкерлік субъектілерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуді жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі