Байланыс саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 35/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 ақпанда № 31861 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2023 жылғы
31 қаңтардағы № 35/НҚ
Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 19-12) тармағына, 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының жобасын дайындайды және жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды және жоғары жиілікті құрылғылардың (бұдан әрі – ЖЖҚ), сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ-тың электромагниттік үйлесімділігінің (бұдан әрі – ЭМҮ) есебін жүргізу тәртібін белгілейді.

      Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

      Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентінің ережелері ескерілген (International Telecommunication Union, ITU, Женева 2012 жыл).

      Осы Қағидаларға 51-тармақты қоспағанда, осы Қағидалардың қолданысы:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар тізбесінде айқындалған РЭҚ және ЖЖҚ-ға;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 70-ө өкімімен құрылған Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі – РВК) ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуіндегі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ-ға және ЖЖҚ-ға;

      3) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарына таратылмайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) дифференциалды станция – белгілі кеңістіктік координаттары бар пунктте орналасқан радиоэлектрондық және техникалық құралдар кешені, олардың көмегімен ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің сигналдарын қабылдау және өңдеу, дифференциалды түзетулерді есептеу және тұтынушы дифференциалды әрекет ету радиусында болған кезде оның кеңістіктік координаттарын анықтау дәлдігін арттыру үшін оларды байланыс арналары бойынша түзетуші ақпарат құрамында тұтынушыға беру жүзеге асырылады;

      2) жиілік белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасын) беру (тағайындау) – радиожиілік спектрін пайдаланушыға тиісті радиожиілік органы осы рұқсатта көрсетілген жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалануға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;

      3) жиіліктерді ортақ пайдалану – жиіліктерді екі және одан да көп пайдаланушылардың пайдалануы;

      4) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ДЖСНЖ ұлттық операторы) – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      5) жоғары жиілікті құрылғы – телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электромагниттік энергияны генерациялауға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;

      6) жылжымалы радиоэлектрондық құрал – географиялық координаттарға тұрақты байланысы жоқ радиоэлектрондық құрал;

      7) ұялы байланыс – бұл орналасқан жері өзгеруі мүмкін абоненттер арасындағы радиобайланыс;

      8) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі – осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын жеке немесе заңды тұлға;

      9) радиожиілік спектрі (бұдан әрі – РЖС) – 3 килогерцтен (бұдан әрі – кГц) 400 гигагерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;

      10) радиоэлектрондық құрал – қосалқы жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды беруге және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;

      11) ұялы байланыс сигналын күшейткіш (репитер, белсенді ретранслятор) - антенналармен және радиожиілік кәбілдерімен жиынтықта жұмыс істейтін және ұялы байланыс сигналымен жабу аймағын жергілікті кеңейтуге арналған ұялы байланыс сигналын қайталайтын және күшейтетін радиоэлектрондық құрал;

      12) радиорелелік желілер (бұдан әрі – РРЛ) – қабылдау-беру (ретрансляциялық) радиостанцияларының тізбегінен құрылған желі бойынша радиобайланыс, оның ішінде "нүкте-нүкте" топологиясы бар радиомостар;

      13) стационарлық радиоэлектрондық құрал – тұрақты географиялық координаттары бар радиоэлектрондық құрал;

      14) Ұлттық кесте – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10375 болып тіркелген) барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі;

      15) электромагниттік үйлесімділік – техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда берілген сапамен жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті;

      16) VSAT-станция – спутниктік желінің бір бөлігі ретінде жұмыс істейтін (жұлдыз топологиясымен, әрқайсысымен немесе нүкте-нүктемен), желіні басқару орталығының (бұдан әрі – ЖБО) функционалдық құралдарының көмегімен орталықтан басқарылатын және бақыланатын немесе ЖБЛ функцияларын орындайтын VSAT тағайындалған станция антеннаның кіші апертурасы бар спутниктік байланыстың жердегі станциясы;

      17) радиожиілік спектрі саласындағы құжаттарды ресімдеудің оңайлатылған рәсімі – халықаралық үйлестіру рәсімі аяқталғанға дейін РЖС рұқсатты және ЭМҮ қорытындысын ресімдеу;

      18) конкурс (аукцион) (бұдан әрі – сауда-саттық) – қатысушылар тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып электрондық форматта өткізілетін өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны, оның қорытындылары бойынша ұйымдастырушы жеңімпазға жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беруге (радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалану құқығын беруге) міндеттенеді;

      19) РЖС лоты (бұдан әрі – объект) – РЖС жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – РЖВАК) ұсынымы бойынша әрбір лоттың жиілік белдеуі енінің белгілі бір диапазонын, жиілік номиналдарын, пайдалану аумағын, байланыс технологиясын/түрін, елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді көрсете отырып, уәкілетті орган бекітетін жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) және (немесе) бастапқы бағасы конкурс (аукцион) жеңімпазына пайдалану құқығы берілетін аумақтар;

      20) бастапқы баға – осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес айқындалатын лот бағасы;

      21) бастапқы баға – лот бойынша сауда-саттықтың екінші кезеңі басталатын баға;

      22) ағымдағы баға – лот бойынша сауда-саттықтың екінші кезеңі барысында қалыптасатын баға;

      23) аукцион залы – бағаны көтеру аукционы нысанында өткізілетін сауда-саттықтың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

      24) аукциондық нөмір – сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушыға берілетін нөмір;

      25) бағаның арттырылуына байланысты аукцион – бастапқы баға алдын ала жарияланған қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;

      26) жеңімпаз – лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы;

      27) кепілдік жарна – бұл аукцион шеңберінде міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін лоттың бастапқы бағасына тең ақша сомасы;

      28) түпкілікті баға – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың ең жоғары бағасы;

      29) тізілімнің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімін (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері туралы электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналастырылған интернет-ресурс: www.gosreestr.kz;

      30) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

      32) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға, оған мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген;

      33) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;

      34) ұйымдастырушы (уәкілетті орган) – байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      35) конкурстық комиссия – ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізу үшін құратын алқалы орган;

      36) үлестес тұлға – сауда-саттыққа осы әлеуетті қатысушының шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының оған қатысты осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. РЭҚ жиіліктерінің номиналдары және (немесе) техникалық параметрлері өзгерген жағдайда, сондай-ақ РЖС-ға бұрын берілген рұқсатта көрсетілген мәннен асқан кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен РЖС-ға рұқсат алады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мыналар:

      1) Қорғаныс министрлігімен бұрын келісілген, РЖВАК ұсынымдары негізінде көрсетілетін қызметті беруші бөлетін;

      2) Ұлттық кестеде "ГР" санаты ретінде көрсетілген азаматтық пайдаланушылардың РЭҚ басымдықпен пайдалануына арналған;

      3) Халықаралық электробайланыс одағының Радиобайланыс регламентінде белгіленген жиілік иеліктеріне сәйкес теңіз РЭҚ-ға және Апаттық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайлары үшін жаһандық теңіз жүйесіне (бұдан әрі – АҚҚЖЖТЖ) арналған;

      4) Егер РЭҚ және ЖЖҚ-ның техникалық параметрлері, мақсаты және орнату орны өзгермеген жағдайда, сондай-ақ егер техникалық параметрлер РЖС-ға бұрын берілген рұқсатта көрсетілген мәннен аспаса, радиожиіліктердің бұрын келісілген жолақтары (номиналдары) үшін радиожиілік белдеулері (номиналдары) үшін келісу рәсімін жүргізу талап етілмейді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. РЖС-ға рұқсат осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген рәсімдер жүргізілмей, мынадай:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген;

      2) көрсетілетін қызметті алушының байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметке лицензия алған немесе қайта ресімдеген;

      3) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылған;

      4) егер РЭҚ және ЖЖҚ-ның техникалық параметрлері, мақсаты және орнату орны өзгермесе, сондай-ақ егер техникалық параметрлер РЖС-ға бұрын берілген рұқсатта көрсетілген мәннен аспаған;

      5) РЖС рұқсатты электрондық форматқа ауыстырған;

      6) қалалық және ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қол жеткізу жобаларын қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылданған;

      7) халықаралық үйлестірудің оң нәтижелері алынған жағдайларда қайта ресімделеді.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің, көшенің атауы, ғимараттар мен құрылыстардың нөмірленуі өзгерген жағдайда, РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдеу талап етілмейді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. РЖС-ға рұқсаттың қолданылуын көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, аумақтық бөлімшенің өтінішхаты бойынша мынадай:

      1) пайдаланушының РЖС пайдалануға рұқсатты өз еркімен қайтару туралы өтініш берген;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық бөлімше жүргізетін РЖС мониторингінің нәтижелерімен расталатын РЖС бір жыл бойы пайдаланылмаған;

      3) байланыс операторылары РЖС рұқсатында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;

      4) Салық кодексіне сәйкес үш тоқсан үшін РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленбеген;

      5) әрбір елді мекенде және (немесе) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатты алғаннан кейін екі жыл өткен соң пайдалану аумағында халықтың кемінде отыз пайызының байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмаған жағдайларда тоқтатады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді (репитерлерді, активті ретрансляторларды) пайдалану тәртібі

      103. Пассивті ретрансляторларды қоспағанда, ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді (репитерлер, активті ретрансляторлар) қолданғысы келетін ұялы байланыс абоненттері байланыс сапасын жақсарту үшін өзі абоненті болып табылатын ұялы байланыс операторына ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді (репитерлер, активті ретрансляторлар) орнатуға жазбаша келісім алу үшін жүгінеді.

      Ұялы байланыс операторы талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша ұялы байланыс сигналының күшейткіштерін (репитерлер, активті ретрансляторлар) орнату қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

      Ұялы байланыс абонентінің сұранысы қанағаттандырылған кезде, абонент ұялы байланыс сигналының күшейткіштерін (репитерлер, активті ретрансляторлар) орнатуды дербес жүзеге асырады. Ұялы байланыс операторы сондай-ақ ұялы байланыс абонентіне сигналды қабылдау сенімсіз аймақтарда ұсынылатын байланыс қызметтерінің сапасын жақсарту бойынша ықтимал баламалы нұсқаларды ұсынады.

      104. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштер (репитерлер, активті ретрансляторлар) жол берілмейтін кедергілер тудырмайды және кестеге сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде жұмыс істейтін РЭҚ тарапынан кедергілерден қорғауды талап етпейді. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштер тарапынан кедергілер туындаған кезде (репитерлер, активті ретрансляторлар) ұялы байланыс операторлары кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдауы қажет.";

      осы Қағидаларға 10-қосымша Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 15-қосымша Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10999 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс қызметтерін, сондай-ақ олармен технологиялық байланысты қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Абонент ұялы байланыс қызметтерін және (немесе) олармен технологиялық байланысты қызметтерді пайдалану үшін ұялы байланыс Операторының абоненттік қол жеткізу жабдығымен техникалық үйлесімділік талаптарына сәйкес келетін абоненттік құрылғыларды пайдаланады.

      Абоненттік құрылғылар ретінде ұялы телефондар, кіріктірілген модемдері бар смартфондар, планшеттер мен ноутбуктер, сондай-ақ USB-модемдер, мобильді Wi-Fi роутерлер және басқа да байланыс құралдары, оның ішінде ұялы байланыс операторының радиоэлектрондық құралдарының жұмысына кедергі келтірмейтін ұялы байланыс сигналын күшейткіштер пайдаланылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Абонент:

      1) ұялы байланыс операторынан мыналар:

      ұялы байланыс қызметтерін көрсетудің мазмұны мен ерекшеліктері;

      ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу тәртібі;

      тапсырыс берілетін және алынған ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу тәртібі, көрсетілген ұялы байланыс қызметтері үшін есеп айырысу ерекшеліктері;

      ұялы байланыс операторы қызметтерінің жұмыс режимдері туралы өтініштерді, наразылықтарды беру және оларды қарау тәртібі туралы ақпарат алады;

      2) егер тарифтік жоспарды ауыстыру абоненттің өтінішін беру арқылы ұялы байланыс операторы бөлген абоненттік нөмірді ауыстырумен байланысты болмаса, бір тарифтік жоспарды басқасына ауыстыруды тегін жүзеге асырады.

      3) егер тарифтік жоспарды ауыстыру ұялы байланыс операторына тиісті жазбаша өтініш бере отырып, абоненттік нөмірді ауыстырумен байланысты болса, қосымша ақы үшін (егер бұл ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көзделсе) бір тарифтік жоспарды басқасына ауыстыруды жүзеге асырады. Абоненттің қолданыстағы орнына тапсырыс берген тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтері тиісті өтініш берілгеннен кейін келесі күні көрсетіледі;

      4) ұялы байланыс операторының техникалық мүмкіндігіне қарай күнтізбелік отыз күнге тең қызмет көрсету мерзімімен есеп айырысудың аванстық тәртібін және абоненттік төлемді көздейтін тарифтік жоспарлардың бірін қалыптастырады;

      5) ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген талаптарға сәйкес ұялы байланыс операторының желісіндегі абоненттік нөмірді ауыстыруды жүзеге асырады;

      6) ұялы байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін төлемді қайта есептеуді немесе есептік қате болған, ұялы байланыстың ақылы қызметтерін абоненттің өтінішінсіз көрсеткен жағдайда, сондай-ақ қолданыстағы тарифтік жоспардың мерзімі өткенге дейін тарифтік жоспар өзгерген жағдайда осы қызметтерді пайдаланғаны үшін төленген соманы қайтаруды талап етеді;

      7) көрсетілген ұялы байланыс қызметтерінің сапасына, ұялы байланыс операторының қызметтері мен персоналының жұмысындағы кемшіліктерге, есеп айырысу кезіндегі қателіктерге шағым береді;

      8) жазбаша өтініш береді не қосымша ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы қысқа хабарлама жіберу арқылы береді;

      9) белгілі бір аумақта (әуежай, ұшақ және т.б.) қолданылатын талаптарды, сондай-ақ ықтимал кедергілер немесе қауіпті жағдайлар туындаған жағдайларда (медициналық мекемелер, отынды сақтау және қайта тиеу аумақтары, автомобильдер, жарылыс жұмыстарын жүргізу орындары және басқалар) шектеулерді сақтайды;

      10) өтініш бойынша немесе ауызша (кейіннен өтінішті ауызша жүгінген сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей бере отырып) ұялы байланыс операторына абоненттік құрылғының бүлінгені (жойылғаны), оны пайдалануды бұғаттау мақсатында абоненттің сәйкестендіру картасының жоғалғаны (ұрланғаны) туралы хабарлайды. Қажет болған кезде ұялы байланыс операторы абоненттің осы сәйкестендіру картасына абоненттің құқықтарын растайтын қосымша мәліметтерді сұратады. Ұялы байланыс операторы абоненттің жоғалған сәйкестендіру картасын бұғаттағанға дейін абонент өзіне көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлейді;

      11) ұялы байланыс операторынан өз таңдауы бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдау функциясы бар абоненттің сәйкестендіру картасын (SIM карта үшін) алады;

      12) ұялы байланыс сигналының күшейткіштерін (репитер, активті ретранслятор) дербес орнату үшін өзі абоненті болып табылатын ұялы байланыс операторына сұрау салуды жібереді.".

      3. "Байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 327 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 қарашада № 15980 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу рәсімінде қолдануға арналған.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өлшеу бағыты болжамды өлшеу учаскесінде ұялы байланыс желілерімен жабудың болуын ескере отырып жоспарланады. Өлшеу маршруттары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес маршруттарды сипаттау негізінде жасалады.".

      4. "Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16064 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері осы Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
1-қосымша
Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар мен
  жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондақ
құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді жүргізу
қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті





Комитет телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат РЖС N A/BB-CCC/DDDD

      Берілді (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

      Ұйымдастыру үшін: (радиобайланыс түрі)

      Мынадай көрсеткіштері бар радиожиіліктерін пайдалануға рұқсат етіледі:

Р/с

Орнатылу пункті

Жабдық түрі

Тасымалдау жиіліктері

Қуат

Антеннаның іліну биіктігі

Ескертулер

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі: РЖС рұқсат бергені үшін алым төленетін жағдайларды қоспағанда, жыл сайынғы төлем төленген кезде келесі күнтізбелік жылға ұзартылады.

      Берілген күні: 20___жылғы "__" __________________

      Басшы ___________тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).

ӨБЖН


Негіз


Қосымша ақпарат


      Рұқсаттың қолданылу шарттары:

      1. РЖС пайдалану рұқсаты Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемді төлеген жағдайда қолданыста болады.

      2. РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.

      3. Аналогты сигнал арқылы қызметті жүзеге асыратын теле,-радио компаниялары, телерадио хабар тарататын операторлар, мемлекеттік бюджетке РЖС рұқсатын алуға алымды енгізеді және хабарлама негізінде Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджетке төленгенін растайтын құжатты РЖС пайдалану орны бойынша аумақты бөлімшеге ұсынады.

      4. РЖС рұқсаты:

      1) РЭҚ және ЖЖҚ пайдаланудың басталғаны туралы хабарламаның болмаған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аумақтық бөлімшелер жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған;

      2) ұялы байланыс операторы РЖС рұқсатында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған;

      3) әрбір елді мекенде және (немесе) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатты алғаннан кейін екі жыл өткен соң пайдалану аумағында халықтың кемінде отыз пайызының байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмаған жағдайларда қайтарып алынады.

      5. РЭҚ және ЖЖҚ иелері "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-7 бабында көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті.

      Аумақта не қалалық немесе ауылдық елді мекендерде байланыс қызметтерімен, оның ішінде интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.

р/с

Аумақ, немесе қалалық және ауылдық елді мекендер

Мерзімі

1

2

3

1



  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 2-қосымша
Жиіліктер белдеулерін
радиожиіліктерді (радиожиілік
арналарын) иелікке беру,
радиоэлектрондық құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды
пайдалану, сондай-ақ азаматтық
мақсаттағы радиоэлектрондақ
  құралдардың электромагниттік
үйлесімділігін есептеуді жүргізу
қағидаларына
15-қосымша

      Нысан

РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ мен ЖЖҚ тізбесі

Р/с №

Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың түрлері

Пайдаланылатын радиожиіліктер белдеулері (номиналдары)

1

2

3

Телевизиялық және дыбыстық хабар тарату, дыбыстық сигналды таратуға арналған радиотаратушы құралдар

1

Телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратқыш құрылғылар

Ұлттық кестеге* сәйкес бөлінген жиіліктер

2

Эфир-кәбілдік телевизия станциялары

Ұлттық кестеге* сәйкес бөлінген жиіліктер

3

Дыбыстық (радио) хабар таратуға арналған радиотаратқыш құрылғылар

Ұлттық кестеге* сәйкес бөлінген жиіліктер

Жерүсті радиобайланыстарды қабылдап-таратқыш жабдықтары

4

Стационарлық және жылжымалы (алып жүруге болатындарын қоса алғанда) қабылдап-таратқыш радиостанциялары, мыналарға арналған: УҚТ-радио байланыстары Транкингтік радиобайланыс жүйесі

33–48,5 МГц; 57–57,5 МГц; 117,975-137 МГц, 146–174 МГц, 380–385 МГц, 390–470 МГц (Қуаты 2 Вт дейін шағын қуатты алып жүруге болатын РЭҚ-тан басқа (151,625; 159,775; 433.075-434.775; 462,5625; 462,5875; 462,6125; 462,6375; 467,5625; 467,5875; 467,6125; 467,6375; 467,6625; 467,6875; 467,7125 МГц)

5

Пейджингтік байланыстың станциялары, радиотелеметрияға арналған стационарлы (базалық) қабылдап-таратқыш станциялары

117,975-137 МГц, 146–174; 380–385 МГц, 390–470 МГц

6

Ұялы стандарт байланысының стационарлық (базалық) станциялары. Фемтосоттар**

Ұлттық кестеге* сәйкес бөлінген жиіліктер

7

ҰТ, ОТ, ҚТ диапазонды стационарлы және жылжымалы РЭҚ

1,5-30 МГц (ОТ-ауқымдағы портативті және ұтқыр радиостанциялардан басқа (26970-27410; 27410-27860 кГц))

8

Радиорелелі станциялар:

Ұлттық кестеге* сәйкес тіркелген қызметке арналған жиіліктер

9

Стационарлық (базалық) және сымсыз радио қолжетімділік жүйелері (WLL)

Ұлттық кестеге* сәйкес тіркелген қызметке арналған жиіліктер

10

License-Assisted Access технлогоиясын пайдалана отырып интернетке сымсыз радиоқолжетімділік жүйесінің (WLL) стационарлық (базалық) станциясы

5150-5925 МГц

11

DECT стандартты сымсыз байланыстың станционарлы (базалық) станциялары

1880-1920 МГц

12























Телефон арнасының радиоұзартқыштары:












№ 1 радиожиілік тобы


























№ 2 радиожиілік тобы
№ 3 радиожиілік тобы
№ 4 радиожиілік тобы
№ 5 радиожиілік тобы
№ 6 радиожиілік тобы
№ 7 радиожиілік тобы


қабылдау (МГц):

тарату (МГц):

252,9125

379,2625

252,9250

379,2750

253,0375

379,3875

253,0500

379,4000

253,1625

379,5125

253,1750

379,5250

253,2875

379,6375

253,3000

379,6500


253,4125

379,7625

253,4250

379,7750

253,5375

379,8875

253,5500

379,9000

253,6625

380,0125

253,6750

380,0250

253,7875

380,1375

253,8000

380,1500


307,5125

343,5125

307,5250

343,5250

307,5375

343,5375

307,5500

343,5500

307,5625

343,5625

307,5750

343,5750

307,5875

343,5875

307,6000

343,6000


307,6125

343,6125

307,6250

343,6250

307,6375

343,6375

307,6500

343,6500

307,6625

343,6625

307,6750

343,6750

307,6875

343,6875

307,7000

343,7000


307,7125

343,7125

307,7250

343,7250

307,7375

343,7375

307,7500

343,7500

307,7625

343,7625

307,7700

343,7700

307,7875

343,7875

307,8000

343,8000


307,8125

343,8125

307,8250

343,8250

307,8375

343,8375

307,8500

343,8500

307,8625

343,8625

307,8750

343,8750

307,8875

343,8875

307,9000

343,9000


307,9125

343,9125

307,9250

343,9250

307,9375

343,9375

307,9500

343,9500

307,9625

343,9625

307,9750

343,9750

307,9875

343,9875



13

Радиоәуесқойлық радиостанциялар

Ұлттық кестеге* сәйкес тиісті қызметтерге арналған жиіліктер

Серіктік байланыс жүйелері

14

"Thuraya", "Inmarsat", "Globalstar", "Inmarsat Global Xpress", "Iridium" ғаламдық жылжымалы спутниктік байланыс жүйелерінің стационарлық және абоненттік станциялары, Қазақстан Республикасының аумағы орналасуы тиіс желілерді орталықтандырылған басқару жүйесі

1525,0-1559,0 МГц (ғарыш-Жер);
1610,0-1660,5 МГ (Жер-ғарыш);
2483,5-2500,0 МГц (ғарыш-Жер);
19,7–20,2 ГГц (ғарыш-Жер);
29,5–3 0ГГц (Жер-ғарыш);
19,6 ГГц (ғарыш-Жер);
29,1 – 29,3 ГГц (Жер-ғарыш)

15

Стационарлық жер станциялары***, соның ішінде ғарыш аппараттарын басқарудың жер станциялары

Ұлттық кестеге* сәйкес бөлінген жиіліктер

16

Құрамында тарататын құрылғылар бар телевизиялық репортаждық жылжымалы станциялар (радиорелелік спутниктік байланыс станциялары), сондай-ақ спутниктік байланыстың тасымалдау жер станциялары.

Ұлттық кестеге* сәйкес тіркелген және тіркелген спутниктік қызметтерге арналған жиіліктер

Теңіз жылжымалы қызметінің қабылдау-таратқыш құрылғылары

17

Теңіз жағалау қызметі РЭҚ

Ұлттық кестеге* және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес тіркелген қызметке арналған жиіліктер

18

Радионавигациялық құрылғылар: ұшақ жүргізудің және ұшақтың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұшақтық қабылдап-таратқыш радиотехникалық құралдары (радиобиіктікті өлшеу, жылдамдықты және ығуды өлшеу құралдары, соқтығылысты алдын-ала ескерту аппаратурасы)

Ұлттық кестеге* және Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес тіркелген қызметке арналған жиіліктер.

19

Радиобайланыс желісінің жұмысын басатын РЭҚ


      Ескерту: РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ пен ЖЖҚ тізбесінде көрсетілген негізгі қысқартулар:

      * Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10375 болып тіркелген);

      ** фемтосоттарға РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.

      *** VSAT (HUB) желісінің жердегі Орталық спутниктік станциясына арналған радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған жағдайда HUB-технологиясы бойынша жұмыс істейтін VSAT-станциялары үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.

      ЖЖҚ – жоғарыжиілікті құрылғылар;

      ГГц – гигагерц;

      ҰТ – ұзын толқындар;

      ҚТ – қысқа толқындар;

      кГц – килогерц;

      МГц – мегагерц;

      РЭҚ – радиоэлектрондық құрал;

      ОТ – орта толқындар;

      УҚТ – ультра-қысқа толқындар;

      HUB – орталық станция;

      DECT – Digital Enhanced Cordless Telecommunication (цифрлық сымсыз байланыстың жақсартылған технологиясы);

      SCPC – Single Channel per Carrier (тасымалдаушыға бір арна).

      VSAT – Very Small Aperture Terminal (кіші антенна апертурасы бар серіктік байланыстың жердегі станциясы);

      WLL – wireless local loop (сымсыз қолжетімділік жүйесі).

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2017 жылғы
22 қарашадағы № 410
бұйрығымен
бекітілген

Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштері

Ұялы байланыс қызметтерінің сапа көрсеткішінің атауы

Көрсеткіштің мәні

Дауыс байланысы қызметтерінің сапа көрсеткіштері

1

Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі

3%

2

Тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі

2.5%

3

Абоненттің бастамасынсыз орнатылған қосылулардың ажырауымен аяқталған шақырулардың үлесі

3%

4

Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі (MOS POLQA < 2,8)

8%

5

Ұялы байланыс желісінде сол өңірдегі ұялы байланыс желісімен телефон қосылуын орнатуды аяқтаудың орташа уақыты

8 сек

Жылжымалы байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштері

1

HTTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі

95%і

2

"Төмен" бағыты бойынша FTР серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі

95%1

3

HTTP WEB-парақшасын жүктеу сессияларының сәтті әрекеттерінің үлесі

95%іі

4

FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі "төмен" желісі бойынша 2 Мбит/с кем (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес Д0, Д1, Д2, Д3 классы үшін)ііі

10%

5

FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі 3G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 1 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)

10%

6

FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі 4G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 5 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)

10%


Байланысты қамтудың сапа көрсеткіштері

Көрсеткіш

Елді мекеннің типі іv

1

2

3

4

1

RSSІ (Receіved Sіgnal Strength Іndіcator) - 2G технологиясындағы сигнал деңгейінің көрсеткіші, dBm.

Бастапқы мәніv

≤-75

≤-85

≤-95

≤-95

Рұқсат етілген пайызvі, %

5

10

10

10

2

CPІCH RSCP – 3G технологиясындағы сканерлеуші қабылдағышының кіруінде қабылданатын пайдалы сигналдың деңгейі, dBm.

Бастапқы мәні

≤ -80

≤-90

≤-100

≤-105

Рұқсат етілген пайыз, %

10

10

10

10

3

Ec/Іo – 3G технологиясындағы шуға пайдалы сигналдың қатысы, dB

Бастапқы мәні

<15

<15

<15

<15

Рұқсат етілген пайыз, %

10

10

5

15

4

RSRP-4G технологиясының сканерлеуші қабылдағышының кіруіндедегі қабылданған тірек сигналдар күшінің орташа мәні, dBm

Бастапқы мәні

≤ -100

≤ -105

≤ -105

Нормаланбайды

Рұқсат етілген пайыз, %

5

10

15


Тіркелген байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтері сапасының көрсеткіштері

Қосылу түрі

Байланыс арнасының өткізу қабілеті, Мбит/с

ІP-пакеттердің кідіру уақыты, артық емес

ІP-пакеттердің кідіру вариациясы, артық емес

ІP пакеттерін жоғалту, артық емес

ТОБЖ бойынша ұйымдастырылған байланыс арналары бойынша деректерді өлшеу объектісі мен оператордың деректерді беру желісінде орналасқан тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасында беру кезінде

тарифтік жоспарда, шартта белгіленген мәннен кемінде 70%

20 мс

10 мс

0,2%

Оператордың деректерді беру желісінде орналасқан деректерді ТОБЖ+өрілген жұп, РРЖ+өрілген жұп өлшеу объектісі мен тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы байланыстың құрамдас арналары бойынша беру кезінде

150 мс

50 мс

0,3%

Оператордың деректерді беру желісінде орналасқан өлшеу объектісі мен тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы бір жерсеріктік учаскемен байланыстың құрамдас арналары бойынша деректерді беру кезінде

800 мс

100 мс

0,5%

      Аббревиатуралар мен қысқартулар тізімі:

      MOS – сөйлеу анықтығын орташа бағалау

      HTTP – деректерді жіберу хаттамасы

      FTP – желі бойынша файлдарды жіберу хаттамасы

      ІP – желіаралық хаттама

      ТОБЖ – талшықты-оптикалық байланыс желісі

      Ескертпелер:

      _______________________________

      і деректерді (тестілік файлдарды) жүктеудің сәтсіз талаптары санының белгілі уақыт кезеңінде деректерді жүктеу әрекеттерінің жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;

      іі HTTP WEB парақты жүктеудің сәтті талаптары санының белгілі уақыт кезеңінде HTTP WEB-парақты жүктеу әрекеттерінің жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;

      ііі Өлшеулер жүргізілетін орындар классы:

      С1С – әуежайлар, теміржол/сапаржай вокзалдары, бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрмелік алаңдар, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындары

      Д0 – 1 миллионнан астам халқы бар қалалар

      Д1 – республикалық маңызы бар және (немесе) халқы 300 мың адамнан асатын қалалар

      Д2 – қалалық жер (халқы 50000-нан 300000 адамға дейін болатын орта және үлкен қалалар)

      Д3 – 50000 адамға дейінгі халқы бар ауылдық жерлер және шағын қалалар

      О1С – келіп түскен өтініштер негізіндегі өлшемдер

      іv құрылыстардың тығыздығына байланысты елді мекендердің типтері:

      1 – құрылыс тығыздығы жоғары қала (үй-жайлардың сыртынан);

      2 – құрылыс тығыздығы төмен қала, шеттегі аймақтар (үй-жайлардың сыртынан);

      3 – ауылдық жер (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес желімен қамтылған, үй-жайлардың сыртынан);

      4 – автомобиль жолдары (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес желімен қамтылған)

      v әртүрлі елді мекендер типтерінде желінің қолжетімділігі қамтамасыз етілетін бос кеңістіктің қабылдау нүктелеріндегі сигналдың ең төменгі деңгейі сигналдың таралуы кезінде өшуімен (бөгеуілдерді ескере отырып) айқындайды;

      vі бастапқы мәндердің жол берілетін пайызы көрсетілген технологиялардың желісімен қамтылған учаскелерде алынған мәндердің жалпы санынан бастапқы мәннен төмен мәндердің үлесі ретінде есептеледі.