БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10584 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациалар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2. ДСН-кодтар мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына беріледі.
2-тарау. ДСН-кодтарын беру тәртібі
3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.
4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ДСН-кодтарын беруге арналған мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодын беруге арналған өтінімді:
мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.
6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) өтінімдерді енгізеді және құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің қызмет көрсетудің жұмыс графигінде белгіленген уақыттан кешіктірмей курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодесінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда ДСН-кодты беруден бас тарту кезінде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте, ДСН-кодын беруге арналған өтінімдерді қайтадан береді.
9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында айқындалады.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасағаннан кейін сотқа жүгінеді.
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім
___________________ бойынша (облысы/қаласы) Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына ____________________________ 20___ жылғы "__"___________ |
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Мұнай өнімінің өндіруші ел:
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с № | Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім) | Мұнай өнімінің атауы | Техникалық сипаттама (Мемлекеттік стандарт, Техникалық шарттар) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | |||
2 |
Басшы________________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)
Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларына 2-қосымша |
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | ДСН-кодын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмау; 2) мұнайөнімі түріне берілген ДСН-кодтарының болуы. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде) |
Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
Бірінші фасет – мұнай өнімді өндіруші елдердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
үшінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
төртінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 – авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
бесінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден ∞ реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымына қосымша |
Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің кодтары
Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды | Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің атауы |
1 | Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын елдер |
2 | Беларусь Республикасы |
3 | Қазақстан Республикасы |
4 | Ресей Федерациясы |
5 | Қырғыз Республикасы |
6 | Армения Республикасы |
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды | Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы |
1 | 2 |
Ақмола облысы | |
001 | Көкшетау қаласы |
002 | Ақкөл ауданы |
003 | Астрахан ауданы |
004 | Атбасар ауданы |
005 | Сандықтау ауданы |
006 | Аршалы ауданы |
007 | Ерейментау ауданы |
008 | Егіндікөл ауданы |
009 | Қорғалжын ауданы |
010 | Бұланды ауданы |
011 | Целиноград ауданы |
012 | Шортанды ауданы |
013 | Степногор ауданы |
014 | Жарқайың ауданы |
015 | Есіл ауданы |
016 | Жақсы ауданы |
017 | Зеренді ауданы |
018 | Бурабай ауданы |
019 | Еңбекшілдер ауданы* |
020 | Бурабай АЭА* |
Ақтөбе облысы | |
021 | Ақтөбе қаласы* |
022 | Алға ауданы |
023 | Байғанин ауданы |
024 | Әйтеке би ауданы |
025 | Ырғыз ауданы |
026 | Қарғалы ауданы |
027 | Мәртөк ауданы |
028 | Мұғалжар ауданы |
029 | Темір ауданы |
030 | Ойыл ауданы |
031 | Қобда ауданы |
032 | Хромтау ауданы |
033 | Шалқар ауданы |
Алматы облысы | |
034 | Талдықорған қаласы* |
035 | Балқаш ауданы |
036 | Жамбыл ауданы |
037 | Іле ауданы |
038 | Қарасай ауданы |
039 | Райымбек ауданы |
040 | Талғар ауданы |
041 | Ұйғыр ауданы |
042 | Еңбекшіқазақ ауданы |
043 | Қапшағай қаласы |
044 | Ақсу ауданы* |
045 | Алакөл ауданы* |
046 | Қаратал ауданы* |
047 | Кербұлақ ауданы* |
048 | Көксу ауданы* |
049 | Панфилов ауданы* |
050 | Сарқан ауданы* |
051 | Ескелді ауданы* |
052 | Текелі қаласы* |
Атырау облысы | |
053 | Атырау қаласы |
054 | Құрманғазы ауданы |
055 | Индер ауданы |
056 | Исатай ауданы |
057 | Қызылқоға ауданы |
058 | Мақат ауданы |
059 | Махамбет ауданы |
060 | Жылыой ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы | |
061 | Өскемен қаласы |
062 | Катонқарағай ауданы |
063 | Глубоков ауданы |
064 | Зайсан ауданы |
065 | Күршім ауданы* |
066 | Тарбағатай ауданы |
067 | Ұлан ауданы |
068 | Шемонаиха ауданы |
069 | Зырянов ауданы* |
070 | Риддер қаласы |
071 | Абай ауданы* |
072 | Аякөз ауданы* |
073 | Бесқарағай ауданы* |
074 | Бородулиха ауданы* |
075 | Жарма ауданы* |
076 | Көкпекті ауданы* |
077 | Курчатов қаласы* |
078 | Үржар ауданы* |
079 | Семей қаласы* |
Жамбыл облысы | |
080 | Тараз қаласы |
081 | Жамбыл ауданы |
082 | Жуалы ауданы |
83 | Қордай ауданы |
084 | Тұрар Рысқұлов ауданы |
085 | Мерке ауданы |
086 | Мойынқұм ауданы |
087 | Сарысу ауданы |
088 | Байзақ ауданы |
089 | Талас ауданы |
090 | Шу ауданы |
Батыс Қазақстан облысы | |
091 | Орал қаласы |
092 | Бөрлі ауданы |
093 | Жәнібек ауданы |
094 | Жаңақала ауданы |
95 | Зеленов ауданы* |
096 | Қазталов ауданы |
097 | Қаратөбе ауданы |
098 | Сырым ауданы |
099 | Тасқала ауданы |
100 | Теректі ауданы |
101 | Бөкей ордасы ауданы |
102 | Ақжайық ауданы |
103 | Шыңғырлау ауданы |
Қарағанды облысы | |
104 | Қарағанды қаласы* |
105 | Абай ауданы |
106 | Қарқаралы аданы |
107 | Нұра ауданы |
108 | Осакаров ауданы |
109 | Саран қаласы |
110 | Теміртау қаласы |
111 | Бұхар жырау ауданы |
112 | Шахтинск қаласы |
113 | Қарағанды қаласының Октябрь ауданы |
114 | Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы |
115 | Ақтоғай ауданы |
116 | Жаңаарқа ауданы* |
117 | Ұлытау ауданы* |
118 | Шет ауданы |
119 | Балқаш қаласы |
120 | Жезқазған қаласы* |
121 | Приозерск қаласы |
122 | Қаражал қаласы* |
123 | Сатпаев қаласы* |
Қызылорда облысы | |
124 | Қызылорда қаласы |
125 | Арал ауданы |
126 | Қазалы ауданы |
127 | Қармақшы ауданы |
128 | Жалағаш ауданы |
129 | Сырдария ауданы |
130 | Шиелі ауданы |
131 | Жаңақорған ауданы |
Қостанай облысы | |
132 | Қостанай қаласы |
133 | Алтынсарин ауданы |
134 | Меңдіқара ауданы |
135 | Жітіқара ауданы |
136 | Қамысты ауданы |
137 | Қарасу ауданы |
138 | Қарабалық ауданы |
139 | Қостанай ауданы |
140 | Ұзынкөл ауданы |
141 | Наурызым ауданы |
142 | Денисов ауданы |
143 | Әулиекөл ауданы |
144 | Таран ауданы |
145 | Сарыкөл ауданы |
146 | Федоров ауданы |
147 | Лисаковск қаласы |
148 | Рудный қаласы |
149 | Амангелді ауданы |
150 | Жангелді ауданы |
151 | Арқалық қаласы |
Маңғыстау облысы | |
152 | Мұнайлы ауданы |
153 | Бейнеу ауданы |
154 | Қарақия ауданы |
155 | Маңғыстау ауданы |
156 | Түпқараған ауданы |
157 | Жаңаөзен қаласы |
158 | Ақтау теңіз порты |
Павлодар облысы | |
159 | Павлодар қаласы |
160 | Ақтоғай ауданы |
161 | Баянауыл ауданы |
162 | Железин ауданы |
63 | Ертіс ауданы |
164 | Қашыр ауданы* |
165 | Лебяжі ауданы* |
166 | Май ауданы |
167 | Павлодар ауданы |
168 | Успен ауданы |
169 | Шарбақты ауданы |
170 | Ақсу қаласы |
171 | Екібастұз қаласы |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
172 | Қызылжар ауданы |
173 | М. Жұмабаев ауданы |
174 | Жамбыл ауданы |
175 | Есіл ауданы |
176 | Мамлют ауданы |
177 | Шал ақын ауданы |
178 | Аққайың ауданы |
179 | Тимирязев ауданы |
180 | Айыртау ауданы |
181 | Ақжар ауданы |
182 | Тайынша ауданы |
183 | Уәлиханов ауданы |
184 | Ғабит Мүсірепов атындағы аудан |
Оңтүстік Қазақстан облысы* | |
185 | Шымкент қаласы |
186 | Бәйдібек ауданы |
187 | Оpдабасы ауданы |
188 | Отыpаp ауданы |
189 | Қазығұpт ауданы |
190 | Төлеби ауданы |
191 | Мақтааpал ауданы |
192 | Сайрам ауданы |
193 | Саpыағаш ауданы |
194 | Созақ ауданы |
195 | Түлкібас ауданы |
196 | Шаpдаpа ауданы |
197 | Аpыс қаласы |
18 | Кентау қаласы |
199 | Түpкістан қаласы |
200 | Әл-Фараби ауданы |
201 | Абай ауданы |
202 | Еңбекші ауданы |
Алматы қаласы | |
203 | Алматы қаласы |
204 | Әуезов ауданы |
205 | Бостандық ауданы |
206 | Жетісу ауданы |
207 | Түрксіб ауданы |
208 | Алмалы ауданы |
209 | Медеу ауданы |
210 | Алатауауданы |
Астана қаласы* | |
211 | Астана қаласы |
212 | Алматы ауданы |
213 | Сарыарқа ауданы |
214 | Есіл ауданы |
215 | "Астана-жаңа қала" АЭА |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
216 | Петропавловск қаласы |
Маңғыстау облысы | |
217 | Ақтау қаласы |
Оңтүстік Қазақстан облысы* | |
218 | АЭАОңтүстік |
219 | Қаратау ауданы |
Алматы қаласы | |
220 | Наурызбай ауданы |
Түркістан облысы | |
221 | Кентау қаласы |
222 | Түркестан қаласы |
223 | Бәйдібек ауданы |
224 | Ордабасы ауданы |
225 | Мақтаарал ауданы |
226 | Жетысай ауданы |
227 | Отырар ауданы |
228 | Қазығұрт ауданы |
229 | Төлеби ауданы |
230 | Сайрам ауданы |
231 | Сарыағаш ауданы |
232 | Келес ауданы |
233 | Созақ ауданы |
234 | Түлкібас ауданы |
235 | Шардара ауданы |
Шымкент қаласы | |
236 | Шымкент қаласы* |
237 | Абай ауданы |
238 | Әл-Фараби ауданы |
239 | Еңбекші ауданы |
240 | Оңтүстік |
241 | Қаратау ауданы |
Ақмола облысы | |
242 | Біржан сал ауданы |
Алматы облысы | |
243 | Кеген ауданы |
Павлодар облысы | |
244 | Тереңкөл ауданы |
245 | Аққулы ауданы |
Астана қаласы* | |
246 | Байқоныр ауданы |
Алматы қаласы | |
247 | Ақпараттық технологиялар паркі |
Астана қаласы | |
248 | Астана қаласы |
249 | Алматы ауданы |
250 | Сарыарқа ауданы |
251 | Есіл ауданы |
252 | "Астана-жаңа қала" АЭА |
253 | Байқоныр ауданы |
Ақтөбе облысы | |
254 | Астана ауданы |
255 | Алматы ауданы |
Батыс Қазақстан облысы | |
256 | Бәйтерек ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы | |
257 | Алтай ауданы - Алтай қаласы |
Қостанай облысы | |
258 | Тобыл қаласы |
259 | Бейімбет Майлин атындағы аудан |
Түркістан обласы | |
260 | Арыс қаласы |
261 | Сауран ауданы |
Акмола обласы | |
262 | Қосшы қаласы |
Шығыс Қазақстан облысы | |
263 | Өскемен қаласы |
264 | Катонқарағай ауданы |
265 | Глубоков ауданы |
266 | Зайсан ауданы |
267 | Күршім ауданы |
268 | Тарбағатай ауданы |
269 | Ұлан ауданы |
270 | Шемонаиха ауданы |
271 | Алтай ауданы |
272 | Риддер қаласы |
273 | Самар ауданы |
Абай облысы | |
274 | Ақсуат ауданы |
275 | Абай ауданы |
276 | Аякөз ауданы |
277 | Бесқарағай ауданы |
278 | Бородулиха ауданы |
279 | Жарма ауданы |
280 | Көкпекті ауданы |
281 | Курчатов қаласы |
282 | Үржар ауданы |
283 | Семей қаласы |
Алматы облысы | |
284 | Балқаш ауданы |
285 | Жамбыл ауданы |
286 | Іле ауданы |
287 | Қарасай ауданы |
288 | Райымбек ауданы |
289 | Талғар ауданы |
290 | Ұйғыр ауданы |
291 | Еңбекшіқазақ ауданы |
292 | Қонаев қаласы |
Жетісу облысы | |
293 | Талдықорған қаласы |
294 | Ақсу ауданы |
295 | Алакөл ауданы |
296 | Қаратал ауданы |
297 | Кербұлақ ауданы |
298 | Көксу ауданы |
299 | Панфилов ауданы |
300 | Сарқан ауданы |
301 | Ескелді ауданы |
302 | Текелі қаласы |
Қарағанды облысы | |
303 | Қарағанды қаласы |
304 | Абай ауданы |
305 | Қарқаралы ауданы |
306 | Нұра ауданы |
307 | Осакаров ауданы |
308 | Саран қаласы |
309 | Теміртау қаласы |
310 | Бұхар жырау ауданы |
311 | Шахтинск қаласы |
312 | Қарағанды қаласының Октябрь ауданы |
313 | Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы |
314 | Ақтоғай ауданы |
315 | Балқаш қаласы |
316 | Приозерск қаласы |
317 | Шет ауданы |
Ұлытау облысы | |
318 | Жезқазған қаласы |
319 | Ұлытау ауданы |
320 | Қаражал қаласы |
321 | Сатпаев қаласы |
322 | Жаңаарқа ауданы |
Шымкент қаласы | |
323 | Тұран ауданы |
Ескертпе: * салықтық бақылау жүргізу шеңберінде пайдаланады.