Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 ақпанда № 31826 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6828 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларында:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.".

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларында:

      12-тармақ алып тасталсын;

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мына жағдайлардың барлығында:

      1) iрi габаритті автокөлік құралының ені 3,5 метрден асатын болса;

      2) iрi габаритті автокөлік құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;

      3) iрi габаритті автокөлiк құралының биіктігі 4,5 метрден асатын болса;

      4) автокөлік құралының жалпы салмағын "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) сәйкес белгіленген рұқсат етілген жалпы салмағынан асатын болса.

      5) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен қозғалуы рұқсат етіледi деп көрсетiлген жағдайда немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда, арнайы рұқсаты бар ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі кезінде барлық жағдайларда бүркемелеу автомобилінің болуы міндетті.

      17. Елді мекендерде:

      1) iрi габаритті автокөлiк құралының енi 5,0 метрден асатын;

      2) iрi габаритті автокөлiк құралының ұзындығы 40,0 метрден асатын;

      3) қозғалыс кезiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс жолағын ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болған жағдайларда ғана арнайы рұқсаты бар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралының жүріп өтуі кезінде ілесіп жүру автомобилінің болуы міндетті.

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының сол жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-20 метр қашықтықта қозғалады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) жазылған.";

      35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметке көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      36. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезде оны тіркеу және онда қамтылған мәліметтерді ұсынылған ақпараттың толықтығы, қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралының жүргізушісін даярлау туралы куәлік тұрғысынан тексеру жүргізіледі.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мынадай нәтижелердің бірі жіберіледі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рұқсат;

      2) құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      4) бұдан бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру;

      5) арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ұзарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптары тізбесінің 9-тармағында көзделген.";

      41-тармақ алып тасталсын;

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №353 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген).

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Отандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары тиісті жылға айырбасталған рұқсаттардың ішінен береді.

      Отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескертілмесе, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.

      Шетелдік рұқсаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес айқындалған.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген, тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады:

      1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;

      2) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;

      3) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттер арасында.

      Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.";

      4. "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      10-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ алып тасталсын;

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер көзделген осы Қағидаларға 6-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі).";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, нысандары, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ "көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетілетілуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі).";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы болған және ол жарамды болған жағдайда, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді тексереді және көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті ресімдейді, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберілетін негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда "Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және
ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру
және оны жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша

"Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Арнайы рұқсат беру;
2) Бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру;
3) Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

Барлық кіші түрлері "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Арнайы рұқсат беру – құжаттарды қарастыру нәтижелері туралы хабарламаны беру:
тасымалдау маршрутын келісу қажет болған жағдайда - 2 (екі) жұмыс күні тасымалдау маршрутын келісу қажет болмаған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні;
автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат) (бес жұмыс күні ішінде алымды төлегенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап) не бас тарту туралы дәлелдi жауап - 1 (бір) жұмыс күні;
2) Бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру- 1 (бір) жұмыс күні;
3) Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту -
1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Барлық кіші түрлері арнайы рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Пайдаланушының кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен мекенжайы көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын порталда тексеруге болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі пайдаланушы кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден өндірілетін төлем мөлшері және оны өндірудің Қазақстан Республикасы заңнамаларымен көзделген тәсілдері

1) Арнайы рұқсат беру:
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі - алым) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабы 3-тармағында белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді.
2) Бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру - тегін түрде.
3) Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту - тегін түрде.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттар, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) келісуші ұйымдардың мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе;
5) тасымалдаушыға хабар берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

1) Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: Министрліктің - www.miіd.gov.kz "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімде;
2) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
3) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ-сы болған шарттарды портал арқылы электрондық нысанда алады

  Бұйрыққа 2-қосымша
Автомобиль көлігімен
қауіпті жүктерді тасымалдау
қағидаларына
6-қосымша

"1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күн.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кейінгі жұмыс күнмен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында - www.mііd.gov.kz, Көлік комитеті бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушінің дайындығы туралы куәлік;

9

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа 3-қосымша
Автомобиль көлігімен
қауіпті жүктерді тасымалдау
қағидаларына
8-қосымша

"Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бір жұмыс күн.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік не бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде беру.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Мемлекеттік корпорация - өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің www.mііd.gov.kz интернет-ресурсында, Көлік комитеті бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде;
Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан;

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінен диагностикалық карта туралы мәліметтерді алады.

9

Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.