"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлеке

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 31823 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларында:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес әзірленген, ОРММИК және СДБМИ білім беру мазмұны оқу жұмыс жоспарымен және бағдарламаларымен айқындалады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ОРММИК-ке және СДБМИ-ге құжаттарды қабылдау: 5, 6, 7, 8 және 9-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда; 10 және 11-сыныптарға түсу кезінде жыл сайын 15 маусымнан бастап 15 тамызға дейін қоса алғанда; колледжге түскен кезінде жыл сайын 25 маусымнан 15 тамызға дейін қоса алғанда.

      10. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан- әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.";

      12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Тізбеде және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарына толықтығын және сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілерге жібереді.";

      30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабы 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 30 қаңтардағы
№ 29 Бұйрыққа
1-қосымша
Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат- колледждері және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп-
интернаттары қызметінің
қағидаларына
1-қосымша

"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың 5, 6, 7, 8, 9-сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
2. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың 10 және 11 сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
3. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың бірінші курсына түсуге құжаттарды қабылдау.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат.
Құжаттар топтамасын тапсыруға арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге арналған ең жоғары шекті уақыты – 30 (отыз) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
1. Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың (бұдан әрі - СДБМИ) 5, 6, 7, 8, 9 сыныптарына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
2. ОРММИК және СДБМИ 10 және 11 сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау:
1) ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы;
5) негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (10 және 11 сыныптарға оқуға түсетін кезде);
6) куәліктің немесе мынадай спорттық атақтарды немесе спорттық разрядтарды беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме: "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы, мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе бұйрықтан үзіндінің көшірмесі, 5, 6 және 7-сыныптарға түсу кезінде спорт ұйымынан бастапқы даярлық кезеңінен өткені туралы анықтама;
7) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
8) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда, № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);
9) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда);
10) облыстық ОРММИК-ке және СДБМИ-ға оқуға түсушілер үшін бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері (бар болған жағдайда). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
3. ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау:
1) еркін нысадағы өтініш;
2) оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;
4) Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда);
5) "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" келесі спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың (бұйрықтан үзінді) көшірмесі;
6) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда, № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);
8) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда);
9) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы; порталға: мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша:
1. ОРММИК және СДБМИ 5, 6, 7, 8 және 9 сыныптарына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау.
2. ОРММИК және СДБМИ 10 және 11 сыныптарға оқуға түсуге құжаттарды қабылдау: көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу);
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасының электрондық көшірмесі;
2) құжаттың электрондық нысанындағы негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10 және 11-сыныптарға түскен кезде) немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
3) "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы, мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе бұйрықтың электрондық көшірмесі немесе бұйрықтан үзіндінің электрондық көшірмесі, 5, 6 және 7-сыныптарға түсу кезінде спорт ұйымынан бастапқы даярлық кезеңінен өткені туралы анықтама;
4) 3х4 өлшемдегі алты фотосурет;
5) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының (бар болған жағдайда), облыстық ОРММИК-ке және СДБМИ-ға оқуға түсушілер үшін бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың электрондық көшірмелері (бар болған жағдайда);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттама түпнұсқаның электрондық көшірмелері, атап айтқанда электрондық көшірмелері: № 075/у нысандағы медициналық анықтамасының (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындыларының), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасының (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасының, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтамасының, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындыларының, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысының, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысының (бокс бөліміне түсу кезінде); мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша:
3. ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсуге құжаттарды қабылдау: көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының немесе заңды өкілінің) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу);
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасының электрондық көшірмесі;
2) құжаттың электрондық нысанындағы жалпы орта білім туралы аттестат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
3) Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификатының электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе бұйрықтың (бұйрықтан үзінді) электрондық көшірмесі;
5) 3х4 өлшемдегі электрондық фотосурет;
6) ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының электрондық көшірмелері (бар болған жағдайда);
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттама түпнұсқасының электрондық көшірмелері, атап айтқанда электрондық көшірмелері: № 075/у нысандағы медициналық анықтамасының (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындыларының), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасының (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасының, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтамасының, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындыларының, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысының, сондай-ақ мидың магниттік резонанстық көрінісі туралы қорытындысының (бокс бөліміне түсу кезінде).

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарында және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Құжаттар оқуға түсушілердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қабылданады:
5, 6, 7, 8 және 9 – сыныптарға - ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан бастап 20 тамызға дейін қоса алғанда;
10 және 11-сыныптарға–ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 маусымынан бастап 15 тамызға дейін қоса алғанда;
колледжге - ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап 15 тамызға дейін қоса алғанда.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Бұйрыққа 2-қосымша
Олимпиадалық резервтің
республикалық, облыстық,
республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың
мамандандырылған мектеп-
интернат-колледждері және
спорттағы дарынды балаларға
арналған облыстық,
республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың мектеп
-интернаттары қызметінің
қағидаларына
1-1 қосымша
Нысан
  ____________________________
(Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)
____________________________
не ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-

      бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала

      отырып, олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы

      бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп- интернат-колледждері және

      спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар

      қалалардың, астананың мектеп-интернаттары:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (атауы және заңды мекен-жайы)

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын талаптарында көзделген тізбеге

      сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Олимпиадалық

      резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың,

      астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды

      балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың

      мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас

      тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың

      атауы:

      1)_______________________________________________________________;

      2)_______________________________________________________________;

      3)_______________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:___________________________________ _____________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Байланыс телефонының нөмірі _________________________________________

      Алдым:________________________________________________ _____________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___"_________