Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 31818 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 74 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10454 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелердегі қызмет жарғысында:

      38-тармақ алып тасталсын;

      2) "Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11930 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тасымалдау кестесінің өзгеруі туралы ақпаратты тасымалдаушы өзінің интернет-сайтында және (немесе) теңіз портындағы ақпараттық таблода орналастырады, билеттерді сатып алған жолаушыларды хабарлауды тасымалдаушы осы жолаушылардың ұялы байланыстың абоненттік нөмірлеріне хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырады.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Балаларға арналған және жеңілдетілген билеттер: он алты жасқа толмаған балалар үшiн туу туралы куәлiгi, азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдікті билеттерді сатып алу үшін жеңілдіктерді көздейтін құжаттар болған жағдайда ресімделеді. Көрсетілген құжаттардың болмауы және (немесе) қате ресімделгені көзделген жеңілдіктерді ескере отырып, билетті беруден бас тарту үшін негіз бола алады.";

      21 және 22-тармақтар алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Үй жануарларына багажды ресімдеу кезінде "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес жануарға арналған ветеринарлық паспорт ұсыну қажет. Көру қабілетінен айрылған жолаушыны тасымалдауда ілесіп жетелеуші итті қоспағанда, үй жануарды алып жүруге болатын торға орналастырылады.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Рейстің алдында (кеменiң жүк тиеу портынан шығу сәтiне) тасымалдаушы кеменiң жүзуге техникалық жарамдылығын қамтамасыз етедi, оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10405 болып тіркелген) бекітілген Теңіз кемелерін жабдықтау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес жарақтайды, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен 2011 жылғы 16 мамырдағы № 280 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7000 болып тіркелген) бекітілген Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес экипажбен жасақтайды және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Теңiз порты капитанынан кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат алынғаннан кейiн кеме теңiз портынан жүзiп шығуы жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Рейстің алдында (кеменiң жүк тиеу портынан шығу сәтiне) тасымалдаушы кеменiң жүзуге техникалық жарамдылығын қамтамасыз етедi, оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 92 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10405 болып тіркелген) бекітілген Теңіз кемелерін жабдықтау жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес жарақтайды, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен 2011 жылғы 16 мамырдағы № 280 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7000 болып тіркелген) бекітілген Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес экипажбен жасақтайды және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Теңiз порты капитанынан кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат алынғаннан кейiн кеме теңiз портынан жүзiп шығуы жүзеге асырылады.";

      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Осы Қағидалардың 49, 55, 56, 58, 59, 60, 61, 62, 64 және 65-тармақтарының талаптарына сәйкес, тиісті түрде таңбаланған, қауіптілік белгілерімен және көбейтілген қауіптілік белгілерімен жабдықталған, көліктік құжатта сипатталған және куәландырылуы тиіс және барлық өзге де қатынастарда тасымалдауға дайындалған кезде ҚЖ тасымалдауға ұсынылады.

      53. Осы Қағидалардың 49 және 55-тармақтарының ережелеріне сәйкес тасымалдаушы ҚЖ, егер оған көлік құжатының данасы немесе басқа да ақпарат ұсынылмаса тасымалдауға қабылдамайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі