«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы А. Бектұров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
С.З. Қайырбекова____________
2011 жылғы 25 мамыр
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің м.а.
2011 жылғы 16 мамырда
№ 280 бұйрығымен
бекітілген
Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз
ету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес әзірленген және кеме иесінің теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
2. Теңіз кемелері экипаждарын флот түріне қарамастан кеме иесі осы қағидаға қосымшаға сәйкес тамақ рационымен қамтамасыз етеді.
3. Кеме иесі жүріс уақыты мен портта тұру уақытын қоса, теңіз кемелерін пайдалану кезінде, сондай-ақ кеме экипажы мүшелері өз күштерімен немесе зауыттық жағдайда жүзеге асыратын жөндеу жұмыстары кезінде олардағы экипаждар мүшелеріне тамақ рационын ұсынады.
Тамақ рационы сондай-ақ теңіз кемелері экипажы мүшелеріне олардың кеме бортында ауруы кезінде ұсынылады.
4. Кемелер экипаждарының жұмыс режимін ескере отырып, теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін:
1) үш рет – теңіз кемелері экипажының мүшелері кемеде тәулік ішінде болған кезде;
2) екі рет - теңіз кемелері экипажының мүшелері кемеде 12 сағат шегінде болған кезде;
3) бір рет - теңіз кемелері экипажының мүшелері жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегіңде (8 сағат) болған кезде.
5. Вахталық қызметті және түнгі уақыттағы жұмысты атқарған кезде тәуліктің түнгі уақытында қызмет атқаратын теңізшілер мен қызметкерлер үшін қосымша тамақтану ұйымдастырылады.
6. Камбуз жұмысының кестесі жұмыстың кемелік кестемен үйлестіріледі.
7. Еңбектің ерекше зиянды жағдайымен байланысты адамдар үшін емдік-профилактикалық тамақ көзделеді.
2. Теңіз кеме экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі
8. Кеме иесі теңіз кемелері экипажының бір мүшесіне тамақ рационының тәуліктік құнын, олар белгілеген нормаларды, өнімдер атауларын және олардың нақты бағасын негізге ала отырып белгілейді.
9. Жүзу құрамына тамақ рационынның құны ақшамен өтелмейді.
10. Кеме иесі теңіз кемелері экипаждары мүшелерінің тамағын ұйымдастыруды, сумен, ас үйлік және асханалық жабдықпен, азық-түлікті алу және сақтауға арналған ыдыспен жарақтауды қамтамасыз етеді.
Кеме иесі анық сапасыздық белгісі бар (бүлінген, бұзылған, ластанған) тамақ өнімдерінің қауіпсіз екенін куәландыратын және оның тегін растайтын құжаттар болмаған кезде, белгіленген жарамдылық мерзімдері немесе өткен жарамдылық мерзімдері болмаған кезде, таңбалауы болмаған кезде, ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмеуі кезінде оларды қабылдауға және іске асыруға жол бермейді.
11. Теңіз кемелері экипаждары мүшелерінің тамағын ұйымдастыруды кеме иесі кеме капитаны арқылы қамтамасыз етеді.
12. Кеме иесі теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін тамақ рационымен қамтамасыз ету үшін өнімдерді сатып алуға арналған ақша қаражатын кеме капитанына береді.
13. Өнімдерді ұқсас тамақ өнімдеріне консервіленген түрде ауыстыруға, сондай-ақ теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін шарттарға сәйкес қоғамдық тамақтанудың жағалау ұйымдары арқылы ұжымдық тамақтандыруды ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
Теңіз кемелері экипаждарын
азық-түлікпен қамтамасыз ету
қағидасына қосымша
Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлігінің тегін рационы және нормалары
Азық-түліктердің атауы |
Тәулігіне бір адамға арналған норма (грамм) |
Нан – барлығы |
550 |
соның ішінде: |
|
қара нан |
200 |
бидай нан |
300 |
тәтті нан |
50 |
Ұнға шаққандағы нан |
375 |
Жоғарғы және бірінші сорт бидай ұны фортификацияланған (байытылған) |
10 |
Крахмал |
5 |
Жармалар |
60 |
Бұршақтар |
20 |
Макарон бұйымдары |
40 |
Сары май |
60 |
Майлар басқа да |
10 |
Маргарин |
10 |
Өсімдік майы |
20 |
Сүт және сүт өнімдері - барлығы |
200 |
соның ішінде: |
|
сүт |
125 |
қаймақ |
25 |
ірімшік |
30 |
сыр |
20 |
жұмыртқа (дана) |
1 |
Ет және ет өнімдері - барлығы |
290 |
соның ішінде: |
|
ет |
250 |
шұжық бұйымдары |
30 |
ет консервілері |
10 |
Балық, балық өнімдері және теңіз өнімдері - барлығы |
110 |
соның ішінде: |
|
балық |
60 |
сельдь |
20 |
балық консервілері |
20 |
теңіз өнімдері |
10 |
Қант және кондитерлік бұйымдары |
120 |
Шай |
5 |
Кофе |
3 |
Какао |
2 |
Картоп |
400 |
Көкөністер - барлығы |
500 |
соның ішінде: |
|
пияз |
60 |
көк (ассортименттте) |
80 |
жас қызанақ |
50 |
жас қияр |
50 |
жас қырыққабат |
60 |
сәбіз |
60 |
қызылша |
60 |
сарымсақ |
5 |
қызанақ-паста |
25 |
тұздалған өнімдері |
50 |
Кептірілген жеміс-жидектер |
30 |
Жеміс-жидектер - барлығы |
260 |
соның ішінде лимондар |
10 |
Шырындар |
100 |
Йодталған тұз |
30 |
Дәмдеуіштер және дәм қосарлар |
8 |
Жас ашытқылар |
15 |
Өнеркәсіптік өндірілген тұздықтар |
10 |