"Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31711 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 346 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10274 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Технологиялық процестерді жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Жұмыс істейтіндердің мазут немесе шайыр бактарына кіруіне бактарды құбырлардан ажыратқаннан, босатқаннан, буландырғаннан, желдетуден, зиянды заттардың құрамына ауаны талдаудан және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидалары" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 болып тіркелген) сәйкес наряд-рұқсатты ресімдегеннен кейін ғана жол беріледі.";

      92-тармақ алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Өндірістік алаңдар, ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      143-тармақ алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қоршаулар, алаңдар мен баспалдақтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Технологиялық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қоймалар, эстакадалар, бункерлер және қоректендіргіштерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Технологиялық көлікті пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Аспирациялау, желдету, жылыту және кәріз жүйесін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Электрқондырғыларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Технологиялық процестермен басқару жүйесін, бақылау-өлшеу аспаптарын, өндірістік сигнализация және байланысты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Техникалық құрылғыларға қызмет көрсету және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Домна өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Болат балқыту өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі";

      653 және 709-тармақтар алып тасталсын;

      741-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "741. Технологиялық регламентте белгіленген ерекше жағдайларда екі білікті болат балқыту агрегаттарына шойын құюға жол беріледі.";

      752-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "752. Қожды түсіру алаңында ашық тесік болған кезде екі білікті болат балқыту агрегаттарын құюға жол берілмейді.";

      767-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "767. Екі білікті болат балқыту пешін басқарудың әрбір бекеті Мартен цехының диспетчерімен тікелей байланыспен, цех ішіндегі келіссөздік дауыс зорайтқыш байланыспен жабдықталады.";

      883-тармақ алып тасталсын;

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Құйма өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Илек өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Құбыр өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі";

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Ферроқорытпа өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі";

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Балқыту үшін қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Коксохимия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Глиноземді, алюминийді, магнийді өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Алюминийден, магнийден және олардың негізіндегі қорытпалардан ұнтақтар мен опаларды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-тарау. Никельді, мысты және кобальтты өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-тарау. Кеуек титанды және титан ұнтақтарын өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-тарау. Бағалы металдарды, қорытпаларды және жартылай дайын өнімдерді өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-тарау. Қорғасын мен мырышты өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-тарау. Сүрмені және оның қосылыстарын өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-тарау. Сынапты өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      көрсетілген Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі