Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31050 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 қарашасындағы № 598 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі Сарытерек ауылының Абай, Жәнібек, Бұланбай палуан, Кендірлік көшелерінің аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28836 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы "Сарытерек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек ауылдық округінің әкімі Н. Сакенов