Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 шілдеде № 28836 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 08.12.2022 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 321 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі Сарытерек ауылының Абай, Жәнібек, Бұланбай палуан, Кендірлік көшелерінің аумағында ұсақ малдарының бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек аулыдық округінің әкімі Н. Сакенов