Келес ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 19-166-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30924 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. "Келес аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Келес аудандық мәслихат хатшысы А. Тотиков