Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 197 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 31004 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы А. Бараншина