Әулиекөл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 162 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30897 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 01.11.2023 № 73 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Койшибаев