"Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1086 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қаңтарда № 31663 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 2-тармағына, 162-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
А. Муканова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы Әділет
  министрінің м.а. бұйрығына
  1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2019 жылғы 13 маусымдағы
  № 259 бұйрығына
  1-қосымша

      Нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет- ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz

Алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізулердің орындалуы және борышкерлерді жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Индекс: 1- (Атқарушылық іс жүргізу)

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жеке сот орындаушылардың аумақтық палаталары, аумақтық әділет органдары

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: - есепті кезеңнен кейінгі айдың 4 (төртінші) күнінен кешіктірмей.

      1. Жеке сот орындаушыларының материалдары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған борышкерлердің саны

П. №

Өңір

Әкімшілік аумақтық объектілер сыныптаушының коды

Қазақстан Респаубликасы Қылмыстық кодексінің бабы

Есепті кезеңде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құқық бұзушылықтың саны

Ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істердің саны

Ақтайтын негіздері бойынша тоқтатылған қылмыстық істердің саны

Сотқа жіберілген қылмыстық істердің саны

Қылмыстық істердің қалдығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9




139-бап






430-бап






      2. Сот орындаушыларының алиментті өндіріп алуы туралы атқарушылық құжаттардың орындалуы туралы мәліметтер

П.№

Өңір

Әкімшілік аумақтық объектілер сыныптаушының коды

Есепті кезеңнің соңындағы қалдықтағы атқарушылық іс жүргізудің, оның ішінде 5, 6,7, 8, 10-бағандарды қоса алғанда санын құрайды

Оның ішінде мерзімдік орындалуда атқарушылық құжаттар

Алименттер дербес төленетін атқарушылық құжаттардың саны

Алименттерді өндіріп алу туралы проблемалық атқарушылық құжаттардың саны
олардың ішінде:

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған борышкерлердің саны

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша ішкі істер органдарына жіберілген ұсынымдардың саны

Ағымдағы алименттердің саны

Берешегі бар ағымдағы алименттердің саны

3 айдан астам алимент бойынша берешек ерікті тәртіппен ішінара өтелетін атқарушылық құжаттардың саны

Берешек мүлдем өтелмейтін атқарушылық құжаттардың саны

саны

берешек сомасы
(теңге)

саны

берешек сомасы
(теңге)



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      Кестенің жалғасы

"Бүркіт" борышкерлеріне қатысты шығуға қойылған тыйымдардың саны

Берешек төленбейтін және 10-бағанда мүлік белгіленген құжаттар саны

Мүлікті бағалау және өткізу бойынша шаралар қабылданған атқарушылық өндірістердің саны

14

15

16




      __________________________________________ _____________

      (Аумақтық әділет органы басшысының (қолы)

      (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _________________________________________ _____________

      (Ақпаратты жасауға жауапты қызметкердің (қолы)

      аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

Әкімшілік деректерді жинауға араналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Алимент төлемдерін өндіріп алу және борышкерлерді жауапкершілікке тарту туралы атқарушылық іс жүргізудің орындалуы туралы мәліметтер (Индекс 1-(Атқарушылық іс жүргізу), мерзімділігі тоқсан сайын) 1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсініктеме "Алимент төлемдерін өндіріп алу және борышкерлерді жауапкершілікке тарту туралы атқарушылық іс жүргізудің орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды. .

      2. Нысанға аумақтық әділет органының басшысы және ақпарат жасауға жауапты қызметкер қол қояды және есепті кезеңнен кейінгі айдың 4 (төртінші) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      3. Мәліметтерді жеке сот орындаушылары ағымдағы жылдың тиісті тоқсанында толтырады. 1-бөлімді толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      Нысанның 2-бағанында өңірлердің атауы көрсетіледі;

      Нысанның 3-бағанында әкімшілік аумақтық объект сыныптаушының коды көрсетіледі;

      Нысанның 4 -бағанында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары көрсетіледі;

      Нысанның 5-бағанында есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құқық бұзушылықтардың саны көрсетіледі;

      Нысанның 6-бағанында ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған істердің саны көрсетіледі;

      Нысанның 7-бағанында ақталатын негіздері бойынша тоқтатылған істердің саны көрсетіледі;

      Нысанның 8-бағанында қарау үшін сотқа жіберілген істердің саны көрсетіледі;

      Нысанның 9-бағанында қылмыстық істердің қалдығы көрсетіледі.

      4. 2-бөлімді толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      нысанның 1-бағаны бойынша нөмірлеу көрсетіледі;

      нысанның 2-бағаны бойынша өңірлер көрсетіледі ;

      нысанның 3-бағаны бойынша әкімшілік аумақтық обьектілер сыныптауышының кодтары көрсетіледі;

      нысанның 4-бағаны бойынша есепті кезеңнің соңындағы қалдықтағы атқарушылық өндірістердің, оның ішінде 5,6,7,8, және 10 нысандарды қоса алғанда саны көрсетіледі;

      нысанның 5,6-бағандары бойынша мерзімді орындаудағы атқарушылық құжаттардың саны (ағымдағы алименттер бойынша және берешегі бар) көрсетіледі;

      нысанның 7-бағаны бойынша алимент дербес төленетін атқарушылық құжаттардың саны көрсетіледі;

      нысанның 8-11 бағандары бойынша алимент бойынша берешегі 3 айдан астам ерікті тәртіппен ішінара өтелетін, сондай-ақ берешегі мүлде өтелмейтін атқарушылық құжаттардың саны мен сомасы көрсетіледі;

      нысанның 12-бағаны бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылғын борышкерлердің саны көрсетіледі;

      нысанның 13-бағаны бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша ішкі істер органдарына жіберілген ұсынымдардың саны көрсетіледі;

      нысанның 14-бағаны бойынша "Бүркіт" жүйесіндегі борышкерлерге қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға қойылған тыйымдардың санны көрсетіледі;

      нысанның 15-бағаны бойынша 10-бағаннан берешек төленбейтін және мүлік анықталған атқарушылық құжаттардың саны көрсетіледі;

      нысанның 16-бағаны бойынша мүлікті бағалау және өткізу бойынша шаралар қабылданаған атқарушылық іс жүргізу саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің м.а. бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 13 маусымдағы
№ 259 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат ұсынуы

      1-кесте

      20___жылғы ________ жеке сот орындаушыларының саны

Өңір

Қалаларда

Аудандарда

Қамтылмаған аудандар

1

2

3

4





      2-кесте

      20___ жылғы ________ жеке сот орындаушыларының тізімі

Өңір

Жеке сот орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Заңды мекенжайы

Жұмыс телефоны

Ұялы телефоны

Жеке сот орындаушының көмекшісінің ұялы телефон

Электрондық мекенжайы

Лицензияның нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      3-кесте

      20___ жылғы ________ жеке сот орындаушыларының жауапкершілігі туралы мәліметтер

Өңір

Ескерту

Сөгіс

Қатаң сөгіс

Республикалық палатадан шығару


лицензияны тоқтату не лицензиядан айыру

заңнаманы өрескел не бірнеше рет бұзу

мүшелік жарналарды жүйелі түрде төлемеу

ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысу

өз еркімен

Республикалық палатаның жарғысында көзделген өзге негіздер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескертпе: Жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жиынтық деректерді аумақтық әділет органына және жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасына тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың төртінші күніне ұсынады.