"Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 357 бұйрығына өзге

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31609 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 357 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10238 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Газды дайындау мен қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Аппараттардың, ыдыстардың ішіндегі жұмыстар бастау ауа ортасын күкіртті сутектің және өзге де зиянды және жанатын булар мен газдардың болуына тексергеннен және оң нәтиже алғаннан кейін жүзеге асырылады.";

      36-тармақ алып тасталсын;

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. Аппараттар ішінде отпен жүргізілетін жұмыстар жүргізу кезінде отпен жүргізілетін жұмыстарға және газға қауіпті жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 тіркелген) көрсетілген формасына сай наряд-рұқсат ресімделеді.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Ішін қарау мен тазарту үшін ашылуға жататын аппараттар мен қондырғылар тоқтатылады, өнімнен тазартылады, айырылады және жұмыс жасап тұрған апараттан бітегішпен тұйықталады және буланады немесе инертті газбен үрленеді немесе желдетіледі.";

      118-тармақ алып тасталсын;

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Сепараторлар, аппараттар, ыдыстар, құбыр жолдарын және қондырғыларды үрлеу кезінде мұнай өнімдерінің газ және булары газ жинақтау желісіне және факелді жүйеге шығарылады. Сұйық фаза ыдыстарға, резервуарға және дренажды жүйеге шығарылады. Көрсетілген жұмыстар газдану, ШРК және шекті рұқсат етілген жарылыс концентрациясы тұрақты бақылау кезінде орындалады.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Қондырғылар, аппараттар, құбыр жолдары, сыйымдылықтардың оқшаулау және қорғаныс жабулары жобаға, дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Зақымдану анықталған кезде жұмыс жетекшісімен оны қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылданады.";

      188, 189, 190, 191, 192, 193, 194-тармақтар алып тасталсын;

      196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "196. Жөндеу жұмыстарына арналған жер кен орындары және траншеялар қоршалады, ал жұмыстар аяқталған соң, алаңның жоспарлануымен жабылады.";

      197, 198, 199, 200-тармақтар алып тасталсын;

      202, 203, 204-тармақтар алып тасталсын;

      206-тармақ алып тасталсын;

      208, 209, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218, 219-тармақтар алып тасталсын;

      221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234-тармақтар алып тасталсын;

      236, 237, 238, 239-тармақтар алып тасталсын;

      242-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "242. Ыдыс немесе аппарат ішіндегі жұмыс өндірісі кезінде бақылаушылар сыртта болулары, жұмыс жасаушыны үздіксіз бақылауы, ауа үрлегіштің шлангісінің жағдайын бақылауы, таза ауа аймағындағы патрубканың болуын бақылауы және шлангінің майысуын болдырмауы тиіс.";

      247-тармақ алып тасталсын;

      248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "248. Ашуға дайындық шаралары (булау, жуу мен желдету) біткен соң аппарат ішіндегі ауаның көмірсутек пен оттегіге талдауы жүргізіліп, наряд-рұқсатқа жазылады.";

      249-тармақ алып тасталсын;

      250-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "250. Ашылуы тиіс аппараттар, ыдыстар және жабдықпен байланысты құбырлар бітеуіштер көмегімен кесіледі. Бұл ретте журналда бітеуіштің тіркеу нөмірі көрсетіліп, оларды орнату және алу уақыты туралы белгі қояды.";

      251-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "251. Аппараттарды,және жабдықтарды қарап шығуға және тазалауға дайындау кезінде мұнай өнімдерін өндірістік кәрізге шығаруға рұқсат етілмейді.";

      253, 254, 255, 256-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "253. Қондырғылар, аппараттар, сыйымдылықтар қақпақтары қауіпсіз ашу, фиксациялау және механизациялау құралдарын қолдана отырып, дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес пайдаланылады.

      254. Дайындау процесінде қызған аппараттар оларға адамдар түсер алдында 30 Цельсий градустан аспайтын температураға дейін суытылады.

      255. Аппараттарда 30 – 50 Цельсий градустан (аспайтын) температура жұмыстар жүргізген жағдайда жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауіпсіздіктің қосымша шаралары қарастырылады: таза ауамен үздіксіз үрлеу, асбесттік костюмдер, жылу өткізбейтін аяқ киімдер қолданылуы, қарастырылады.

      256. Биіктіктен төменге аппараттарды тазалау кезінде алынған лас заттарды, қатты заттарды лақтыруға жол берілмейді.

      Бұл мақсат үшін шағын механизация құрылғысы қолданылады.";

      276-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "276. Аппараттар, жабдықтар алдына ала қаралады, тазаланады, техникалық диагностика және ГДӨН техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жөнделеді.";

      286-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "286. Ашық алаңшалардағы сорғы және компрессорлық құрылғыларын, технологиялық құрылғылардың ЖАШҚ қадағаларын аймақтың периметрімен бір-бірінен 20 метрден алшақ емес аралықта орнатады, үш қадағадан кем емес, оның ішінде технологиялық аппараттарды, жабдықтарды жекедара орнату кезінде.

      СКГ құю және ағызу эстакадаларында екі құю тіреушесіне бір ЖАШҚ қадағасын эстакаданың бойымен бір-бірінен 20 метрден артық емес алшақта орнатады. Саңылаулы едені бар екі жақты құю эстакадада – төрт тіреушеге бір дачик орнатылады.

      СКГ газ толтыру станцияларында әрбір газ толтыру торабының жанынан тораптан бастап күтім жасайтын қызметкерлер келетін жағынан 5 метрден алшақ емес аралықтарда бір ЖАШҚ датчигінен орнатады.

      ЖАШҚ қадағаларын технологиялық пештердің ашық алаңшаларында олардың жанындағы жарылыс-өрт-қауіпті құрылғыларынан газдардың ықтимал шоғырлануына қарай орнатады. Пештерден бастап қадағаларды орнату аралығы 15 метрден және бір-бірінен 20 метрден артық емес аралықтарда орнатылады.

      ЖАШҚ дачиктерін ашық алаңдарда жер (еден) бетінен 0,5-1,0 метр биікте орнатады.";

      368-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "368. Сығымдалған газдарды және құбылмалы конденсатты сақтау және тасымалдау, ыдыстарды толтыру мен босату операцияларына технологиялық регламент дайындалады.";

      390-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "390. Аппараттарды, сыйымдылықтарды булау кезінде олардың бетіндегі температура 60 Цельсий градустан төмен болмауы тиіс.";

      392-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "392. Аппараттарды булау, люктер жабық кезінде жүргізіледі.";

      406-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "406. Аппаратты, сиымдылықтарды, құбыр участогын инертті (түтінді) газдармен үрлеу технологиясын пайдаланумен дайындық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде олардағы оттек құрамы 5 пайыз көлемдіктен аспайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі