Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31522 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 761 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:

      49-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тасымалдаушыда әрбір құрамға отырғызу және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары және кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы орындармен, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен вагондардың едәуір көп саны бар;";

      8-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      15-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4. ***

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы негізгі шарттарда көрсетілген құрамы толық көлемде кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға мамандандырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған (тасымалдаушының әрбір құрамында) вагондардың үлесі

Балдар саны

25%-ға дейін

2,5

26-дан 50%-ға дейін

5

51-ден 75%-ға дейін

7,5

76-дан 100%-ға дейін

10

      ";

      16-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4. ***

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырушы негізгі шарттарда көрсетілген құрамы толық көлемде кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға мамандандырылған орындарымен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғылармен жабдықталған (тасымалдаушының әрбір құрамында) вагондардың үлесі

Балдар саны

25%-ға дейін


26-дан 50%-ға дейін


51-ден 75%-ға дейін


76-дан 100%-ға дейін


ЖИЫНЫ:


      ";

      16-1-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. "Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10327 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Теміржол вокзалының билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлары, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына арнайы әлеуметтік жабдықталған үй-жайлары, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт және көліктегі ішкі істер органдары үшін үй-жаймен болуға тиіс.

      7. Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында қосымша қол жүгін сақтау камерасы, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалатын бөлмелері, тамақтану орындары, шаштараз, дүкендер, сауда дүңгіршіктері, пошта бөлімі, ақша айырбастау орны, дәріхана, банкомат, төлем терминалдары, интернет (WI-FI) болуға тиіс.

      Барлық қызмет көрсету орындары тәулік бойы жұмыс істеуге және мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына оңай қолжетімді болуға тиіс.";

      9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сервистің барлық пункттері мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына жеңіл қолжетімді болуы тиіс.

      9-1. Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында:

      1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;

      2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;

      3) есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;

      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;

      5) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;

      6) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтары үшін қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ақпараттық қызмет бойынша ауызша және (немесе) радиотрансляциялық ақпарат арқылы:

      жолаушылар және қала маңы поезының нақты келу, жүру және (немесе) бөгелу уақыты;

      жолаушылар және қала маңы поезының берілетін және жүретін жолы туралы.

      Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайл шрифтін, түйсіну қатынасын, ірі шрифтті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтары үшін де қамтамасыз етіледі.

      16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мүгедектігі бар адамдар мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарын жолаушылар (қала маңы) поездарына отырғызу/шығаруға сүйемелдеу.";

      3. "Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 185 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10656 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын орнату, жолаушыларды кемеге отырғызу және кемеден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау қағидаларында:

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарды отырғызу және түсіруге арналған құрылғылармен;";

      4. "Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 542 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11930 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Егер де мұндай бөлмелер мен құралдар кеме конструкциясында көзделмеген болса, тасымалдаушы кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдарды орналастыру және олардың кеме ішінде жүруі үшін (арнайы есіктер, алаңдар, отыратын жерлер, бекіту және тұрақтандыру құралдары, арнайы тұтқа және басқа құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар мен көліктік арбаларды сақтау үшін багаждық бөлім) қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.";

      5. "Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала сату пойызды құрастыру және айналым станцияларынан жүзеге асырылады:

      жолаушылар пойыздарына – сатылу ерекшелігі осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген ұйымдастырылған жолаушылар топтарының өтінімдерін қоспағанда, кемінде 45 (қырық бес) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейін;

      қала маңы пойыздарына – 10 (он) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейін сатылады.

      Жолаушылар пойызына жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату Астана қаласының уақытымен 7 сағат 00 минутта жүзеге асырылады.

      Аралық станцияда алдын ала сату тасымалдаушы белгілеген сату режиміне байланысты жүргізіледі.

      Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пойыздың жүруіне дейін 10 минут қалғанда тоқтатылады.

      Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жол жүруіне арналған арнайы купедегі орындарға жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассасында:

      қозғалу үшін қосалқы құралдарды (тифлотаяқтар, балдақтар, жетек арбалар, кресло-арбалар) және (немесе) басқа адамдардың, көмегін пайдаланатын, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және мүгедектігі жоқ, бірақ медициналық ұйымға (- дарға), сондай-ақ оларды алып жүретін адамдарға өздігінен жүріп-тұру қабілетін шектей отырып, 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға пойыз жөнелтілгенге дейін алдын ала сату ашылған сәттен бастап;

      мүгедектігі бар адамдардың қалған санаттағы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын жүргізіледі.

      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу осы Қағидалардың 12-тармағына және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды және мүгедектігін растайтын құжатты не құрамында жолаушы ілесіп жүруді қажет ететіні көрсетілген медициналық мекеме берген құжатты көрсеткен кезде жүргізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жеңілдікті немесе тегін жол жүру құжатын (билетін) ресімдеу үшін жеңілдік немесе тегін жол жүру құқығын беретін құжатты ұсыну қажет.

      Барлық мүгедектігі бар топтардағы адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға жол жүру құжаты (билеттің) құнының 50% мөлшерінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша, ал коммерциялық бағыттар бойынша тасымалдаушының қалауы бойынша жол жүруге жеңілдіктер белгіленеді.";

      29-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) купе вагон:

      жатуға арналған орындары қатты 4 орынды купесі бар, ортақ және дербес электр жарығымен, жеке радио нүктемен, желдету жүйесімен, ыстық және салқын ауыз су резервуарымен, дәретханалармен, сондай-ақ ауа баптау жүйесімен (егер вагонның зауыттағы құрылымымен көзделген болса) жабдықталған вагон;

      жатуға арналған орындары қатты 4 орынды купесі мен купе-буфеті бар, ортақ және жеке электр жарығымен, жеке радио нүктемен, желдеткіш жүйесімен, салқын ауыз су резервуарымен, дәретханалармен және ауа баптау жүйесімен (егер вагонның зауыттағы құрылымымен көзделген болса) жабдықталған вагон;

      РИЦ габаритті (Regolamento internazionale per le Carroze):

      ашық және жеке электр жарығымен, жеке радионүктемен, жолсерікті шақыру батырмасымен, ауаны желдету және ауа баптау жүйелерімен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, дәретханалармен жабдықталған жұмсақ дивандары ярус орналасқан 2 орындық купесі бар;

      жатуға арналған 3 орынды купесі бар жұмсақ дивандар ярусты тәрізді орналасқан ортақ және жеке электр жарығымен, желдеткіш, ауаны баптау жүйесімен, әрбір купеде жолаушыларды жууға арналған раковиналармен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, дәретханалармен жабдықталған;

      "Турист" класты 4 жиналмалы жатын сөресі бар вагон (төменгі орындар отыруға арналған төрт креслоларға ауыстырылады), ортақ және жергілікті электр жарығымен, ауаны баптау жүйесімен, экологиялық таза дәретханалармен жабдықталған;

      "Турист" вагоны (туристік) 4 жиналмалы жатын сөремен және 2 жиналмалы жатын сөремен, ортақ және жергілікті электр жарығымен, ауаны баптау жүйесімен, экологиялық таза дәретханамен жабдықталған;

      "Гранд класты PMR – мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған" вагоны (мүгедектігі бар адамға арналған купесі бар бірінші класты жатын бөлмесі) 2 жиналмалы жатын сөрелермен, ортақ және жеке электр жарығымен, ауаны баптау жүйесімен, душпен, экологиялық таза дәретханамен жабдықталған;";

      38-тармақтың 10) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мүгедектігі бар адамдарға, науқастарға, қарттарға, жас балалары бар жолаушыларға төсек-орын жабдықтарын төсеу;

      11) жолаушылар пойызында кедергісіз жүріп-тұру үшін дене мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға мобильді кресло-арба беру.

      "Talgo" фирмасының вагондарынан құралған жолаушылар пойыздарында аталғандардан басқа, жол жүру құнына енгізілген мынадай қосымша қызметтер көрсетіледі:

      қалыптастыру және айналым пункттерінде, жол жүру жолында – жолаушы ауысқан кезде төсекті жинау (жолаушының қалауы бойынша);

      жолаушыларды баспасөз басылымдарымен қамтамасыз ету.

      Жол жүру жолында діни жоралғыларды өткізу үшін вагон жолсерігі 10 (он) минутқа жолсеріктің қызметтік купесін пайдалануға рұқсат етеді.

      Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласында көрсетілетін қызметтерді пайдалануы үшін поезд құрамы кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарды отырғызатын және түсіретін арнаулы көтергіш құрылғылары бар (егер көтергіш құрылғылар вагонның, поезд құрамының зауыттық конструкциясында көзделсе) вагонмен қамтамасыз етіледі, вагонда кресло-арбамен жүріп-тұратын жолаушыларға арналған арнайы орындар болуы тиіс.

      Тасымалдаушының көзқарасы бойынша жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты сұранысқа ие қосымша талап етілетін сервистік қызмет түрлері ұсынылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Теміржол вокзалдарында міндетті қызметтердің көрсетілетін түрлері көрсетіледі, оның ішінде теміржол көлігі саласында қызметтердің мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қызметтер:

      1) билет кассасы бар орындарды ұсыну қызметтері;

      2) тасымалдау процесіне байланысты халыққа ауызша, радиотрансляциялық, көрнекі ақпарат арқылы ұсынылатын анықтамалық-ақпараттық қызметтер;

      3) халыққа ортақ пайдаланылатын үй-жайларға (фойе, күту залдары, касса залдары, вокзал өтпелері, жолаушылар платформаларына) қол жеткізуді ұсыну жөніндегі қызметтер);

      4) медициналық пункттің жұмыс істеуі;

      5) санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды ұсыну жөніндегі қызметтер;

      6) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілерін орната отырып орын бөлу (вокзал маңы алаңы болған жағдайда);

      7) халықтың қауқары аз топтарының қозғалуына арналған ғимараттарды, ғимараттарға кіреберіс жолдарды (ғимаратқа кіреберіс, баспалдақтарды), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарын бейімдеу;

      8) Заңның 17-2-бабына сәйкес есту және көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;

      9) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруына шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаларды ұсыну;

      10) қоғамдық дәретханаларды кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;

      11) кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға мамандандырылған таксофондардың жұмыс істеуі.

      Теміржол көлігі саласындағы мүгедектігі бар адамдар үшін көрсетілетін қызметтер Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Теміржол вокзалдарында жолаушылар жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыты, жолаушылардың жол жүру және багажды (жүк-багажды) тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітабының орналасқан жері, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы қажетті және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

      Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі теміржол вокзалдарының ақпараттық-анықтама таблосында орналастырылады, анықтамаларда және интернетте көрсетіледі.

      Тасымалдаушы жолаушылар поездарының қозғалыс кестесі туралы ақпаратты жолаушылар поездарында орналастырады.

      Ақпарат беру тілдерді, мәтіндерді, Брайльдің бедерлі-нүктелік шрифтін, тактильді қарым-қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етіледі.

      Теміржол көлігі қызметтерін пайдаланушылар үшін барлық ақпарат тасымалдау шарттарының өзгеруіне байланысты уақтылы жаңартылады. Анықтама бюросы жолаушыларға ауызша ақпарат береді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жолаушы жолаушылар пойызына отырғызу кезінде вагон жолсерігіне осы Қағидалардың 43-тармағында ұсынылған жағдайларды қоспағанда, тиісті түрде ресімделген жол жүру құжатын (билетін) және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жолаушы құжаттарының бірін түпнұсқада не электрондық құжат нысанында цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынады.

      Мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызу осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүгедектікті растайтын құжатты не медициналық мекеме берген, оны күтіп ұстауында жолаушы ауыр жағдайда және ілесіп жүруді қажет етеді деп көрсетілген құжатты көрсету бойынша жүзеге асырылады.

      Вагонның жолсерігі жолаушыны вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжатын (билетін) тексереді және оны жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген деректердің (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) сәйкестігіне цифрлық құжаттар сервисі арқылы түпнұсқадағы не электрондық құжат нысанындағы жолаушы құжаттарының бірімен салыстырады.

      Пойыз бастығы, вагондардың жолсеріктері билетсіз жолаушылардың жол жүруіне және осы Қағидалардың 7-тарауында белгіленген нормалардан тыс қол жүгін тасымалдауға жол бермеу шараларын қабылдайды.

      Бас әріптерін қоспағанда атында, тегінде және әкесінің атында екі әріптен аспайтын сәйкессіздік болса, сондай-ақ әкесінің аты бар болса немесе жоқ болса, онда жолаушыны жол жүру құжатымен (билетпен) пойызға отырғызуға рұқсат етіледі.

      Жолаушыларды жайлылығы жоғары электр пойыз вагондарынан басқа қала маңы пойыздарына отырғызу кезінде жолаушыдан құжатын көрсету талап етілмейді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Вагонды (пойызды) жол жүру жолындағы немесе қалыптастыру және айналым пунктінде техникалық ақау бойынша ауыстыру және (немесе) ағыту кезінде тасымалдаушы жолаушыларды басқа пойызға ауыстыру немесе оларды осы пойыздағы бос орындарға, оның ішінде неғұрлым жоғары санаттағы вагондардағы орындарға орналастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

      Жоғары санаттағы вагонға (пойызға) ауысқан кезде балалары бар жолаушыларға, науқасқа, егде жастағы адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға басымдық беріледі. Неғұрлым жоғары санаттағы вагонға (пойызға) ауысқан кезде жолаушыдан қосымша ақы алынбайды, ал жолаушының келісімімен неғұрлым төмен санаттағы вагонға (пойызға) ауысқан кезде осы Қағидалардың 256-тармағында көзделген тәртіппен жол жүру құнындағы айырма төленеді.

      Сол пойызда орналастырылмаған жолаушылар бұрын сатып алынған жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша уақыт бойынша жақын келе жатқан пойызбен жөнелтіледі.

      Тасымалдаушының кінәсінен жолаушылардың басқа вагонға (пойызға) мәжбүрлі ауысуы (ауысуы) әрбір жағдайда пойыз бастығы жасайтын және оның қолы қойылған актімен ресімделеді, сондай-ақ жолаушы мен осы ауысу (ауыстыру) жасалған вокзал қызметкері қол қояды және вокзал (станция) мөрқалыбымен куәландырылады. Актінің бірінші данасы жолаушыға беріледі, ал актінің екінші данасы пойыздың рейсі аяқталғаннан кейін құрамды қалыптастыратын жолсеріктер резервіне беріледі. Сол пойызда белгісіз немесе орналастырылмаған жолаушыға актінің негізінде жүрілмеген қашықтық үшін билет кассасында жол жүрудің толық құнын қайтару жүргізіледі.

      Жол жүру шарттары өзгерген, сондай-ақ пойызды 1 сағаттан артық кідірткен және кешіккен барлық жағдайларда вагон жолсерігі жол жүру құжатының (билеттің) сыртқы жағына жол жүруді тоқтату күнін, уақытын, станциясын (пунктін) көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеге сәйкес белгі қояды.

      Тасымалдаушы рейстер 10 сағатқа және одан да көп кідірген кезде жолаушыларға өз есебінен мейманханада, тиісті кідіріс орындарында орындарды және тамақтануды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждығын ескере отырып ұсынады.

      Жол бойында пойыз аралықта 6 және одан астам сағатқа кідірткен жағдайда жолаушылар тегін тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етіледі.";

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. "Talgo" фирмасының вагондарынан және оларға ұқсас вагондардан (вагон корпусының ең жоғары биіктігі – 3524 мм, вагонның ең жоғары ені - 3200 мм) құралған пойыздарды қоспағанда, жолаушының қол жүгінен басқа:

      үш өлшем сомасы бойынша мөлшері 100 сантиметрден кем болатын ұсақ заттарды;

      пойызда келе жатқан бала немесе мүгедектігі бар адамға арналған жиналмалы балалар арбасын және (немесе) кресло-арбаны жинаулы күйінде;

      мүгедектігі бар адамдар мен халықтың қауқары аз топтары қатарындағы жолаушылар өзімен бірге жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын тегін алып жүре алады.

      Қол жүгін тегін тасымалдау жөніндегі талаптар Заңға сәйкес белгіленеді.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Қала маңындағы пойыздарда, жайлылығы жоғары электр пойыз вагондарынан басқа, қол жүгін алып жүрудің белгіленген нормасының есебіне биіктігі бойынша 180 сантиметрден аспайтын балалар арбалары, өсімдіктер, көшеттер және ұшарбасы байланған және түбір оралған басқа да отырғызу материалдары жіберіледі.

      Аумағында "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен карантиндік аймақтар жарияланған аудандарда көрсетілген тасымалдар өсімдіктер иесі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция берген карантиндік сертификатты ұсынған кезде жасалады.

      Белгіленген нормадан тыс қол жүгі түрінде пойызда келе жатқан балаға арналған жиналмалы балалар арбасын, сондай-ақ пойыздың тамбурында кресло-арбаны, балалар арбасын ашылмаған күйінде алып жүруге жол беріледі.

      Қол жүгін жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындықтар арасындағы жолдарда, дәліздерде және вагон тамбурларында орналастыруға жол берілмейді.

      Жолаушы тасымалдайтын қол жүгін өлшеу үшін станцияларда (вокзалдарда) таразылар орнатылады.";

      6. "Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 219 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13551 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жолаушы тегін алып жүретін белгіленген норма шегіндегі қол жүгін қоспағанда, жолаушының жол жүруіне және оның багажын алып жүруге төлемді тараптар келісімімен немесе жалпыға ортақ пайдаланымдағы көлікпен жолаушының жол жүруі және оның багажын тасымалдау кезінде тасымалдаушы анықтайды.

      Қол жүгі деп алып жүруге жеңiл, басқа жолаушылардың орнын тарылтпайтын ұзындығы 1,8 метрден аспайтын немесе периметрi бойынша жалпы ұзындығы 2,6 метрден аспайтын, жалпы салмағы 36 килограммнан аспайтын және тезжүргіш кемелерде 20 килограммнан аспайтын заттар ұғынылады.

      Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүре алады;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Порттарда:

      1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;

      2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;

      3) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;

      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;

      5) күту залдарында халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға тиісті, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы орындардың бөлінуі;

      6) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;

      7) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы;

      8) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған арнайы билет кассаларының жабдықталуы қамтамасыз етіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Шығыстары бюджет қаражаты
есебінен ұзақ мерзімді
субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық тендер
негізінде конкурс өткізу
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар

Р/с №

Вагон №

Вагон түрі

Құрас-тыру жылы

Жөндеудің соңғы түрі

Техникалық жағдайы

Меншікті, жалға немесе басқа негізде, қолданудың негізі

Ауа желдет-кіш жүйесінің болуы: жоқ – зауыттық құрылысымен қарасты-рылмаған. иә – зауыттық құрылыс-пен қарасты-рылған

Кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға мамандан-дырылған орындары-мен және отырғызып-түсіру үшін көтеретін құрылғы-лардың болуы, иә немесе жоқ

ДЖ

КЖ 1

КЖ 2

ЖҚКЖ

КҚЖ





1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Лот №














Вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі*, жыл бойынша


      *Ескертпе: вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі лот бойынша 4-бағандағы барлық құрастыру жылдарын қосып, оны лот бойынша вагондардар санына бөліп және тендер өткізіліп отырған жылдан азайту жолы арқылы есептеледі.

      Тасымалдаушы:

      Басшы ___________________             Бас есепші ________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты                   Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), қолы             (бар болған жағдайда), қолы

      Мөрдің орны Күні

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Шығыстары бюджет қаражаты
есебінен ұзақ мерзімді
субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша теміржол
жолаушылар тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық тендер
негізінде конкурс өткізу
қағидаларына
16-1-қосымша

"Вагондарды алдын ала зерттеп қарау актісі _____________________________________ (тасымалдаушының атауы)

Р/с №

Вагонның №

Вагон түрі

Құрастыру жылы

Ауа желдеткіш жүйесінің болуы: жоқ – зауыттық құрылысымен көзделмеген. иә – зауыттық құрылысымен көзделген

Кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін мамандандырылған орындардың және мінгізу мен түсіру үшін көтеретін құрылғылардың болуы, иә немесе жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

Сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Лоттың №












Жиыны



 
купе

Вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі**

















плацкарт



















жалпы







      * – Тасымалдаушылармен ұсынылған осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

      ** – вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі лот бойынша 6-бағандағы барлық құрастыру жылдарын қосып, оны лот бойынша вагондардар санына бөліп және тендер өткізіліп отырған жылдан азайту жолы арқылы есептеледі.

      Осы Қағидаларның 21-тармағының 2) тармақшасына сәйкестігі: __________

      Ескерту: _______________________________

      Бақылауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы:

      ________________________________________