Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
3) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
5) тармақша алып тасталсын.
16 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есептің 1, 2, 3, 4, 5-бағандарында көзделген ақпаратты ұсынады.";
18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға (бұдан әрі – қатысушылар) микрокредит беру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға мынадай шарттарда бюджеттік кредит береді:
1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен 7 (жеті) жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларға микрокредит беру;
3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) айдан аспайды;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және бюджеттік кредит ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударылған күннен кейін есептеледі.
Ақшалай қаражат олар микрокредит беру ұйымына аударылған күннен бастап игерілген болып есептеледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға (бұдан әрі – үміткер) ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде микрокредит беру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға мынадай шарттармен бюджеттік кредит береді:
1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру;
3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) ай;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және бюджеттік кредит ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударылған кезден бастап есептеледі.";
3-тарау мынадай мазмұндағы 3-параграфпен толықтырылсын:
"41-1. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Салауатты қоғам" атты жолдауына сәйкес, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредитті мынадай шарттармен беріледі:
1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты-бизнес жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру;
3) 28 (жиырма сегіз) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі ай) айды құрайды және ол бюджеттік кредитті халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударған сәттен бастап есептеледі.
41-2. Жастарға берілетін микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
41-3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит қаражатын сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес береді.
41-4. Жастар қатарындағы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда микрокредиттер беріледі:
1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллион теңгеге дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер.
Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі.
41-5. Микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары, тәсілдері тапсырма шартында белгіленеді.
41-6. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің микрокредит бойынша шарт міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
41-7. Сенім білдірілген өкіл (агент) бұрын берілген микрокредиттер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 41-4-тармағына сәйкес талаптарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.
41-8. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.
41-9. Микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерді сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.
41-10. Сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш тіркелгеннен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде барлық қажетті құжаттармен және олардың микрокредит беру талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді.
Бизнес-жобаны бағалаудан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды және бағалау нәтижелерін конкурс комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) ұсыну үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.
Бизнес-жобаларды іріктеу өлшемшарттары өзектілік, аргументтілік, экономикалық негіздемелік, қоғамдық маңыздылық, бұрын атқарылған жұмыстардың, іс-қимыл жоспарының болуы және бизнес-жобаның өміршеңдігі болып табылады.
Комиссия құрамында кемінде 7 (жеті) адамнан кем емес, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде аудандық (қалалық) деңгейдегі, мәслихат депутаттарының, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, ғылыми-білім беру мекемелерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, салалық сарапшылардың өкілдері, тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады.
Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Комиссия төрағасы Комиссияның бірінші отырысында оның мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланады
Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді.
Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.
41-11. Қаражат болған жағдайда бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы айына бір реттен кем емес өткізіледі.
Микрокредиттер беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Комиссия отырысы бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.
Үміткер өзінің бизнес-жобасын комиссия отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы таныстырады.
Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына байқаушылар шақырылады.
Байқаушылар ретінде Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдерінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуына жол беріледі.
Комиссия отырысы барысында байқаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды, бұл ретте олар Комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, үміткерлердің дербес деректеріне қатысты мәліметтерді жария етуге жол бермейді.
Комиссия осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес бағалау парағында микрокредит беру (бермеу) себептерін көрсете отырып, шешімді көрсетеді.
Комиссияның шешімі негіздемелерге сәйкес микрокредит алушылардың тізімі көрсетіле отырып, комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды.
Үміткерлер шешімге сот тәртібімен шағымдана алады.
41-12. Микрокредит беру жөніндегі үздік бизнес-жобасы бар іріктелген үміткер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) микрокредит беру туралы шартқа, кепіл шартына қол қояды, кепіл шартын уәкілетті органда тіркегеннен кейін сенім білдірілген өкіл (агент) бес жұмыс күні ішінде оның ағымдағы шотына микрокредит сомасын аударады.
41-13. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.
41-14. Микрокредиттің нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қол қойылған қарыз шартының талаптары бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жүзеге асырады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады.
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.";
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакциядағы 6-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі