ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 354 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10240 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. МҚ қауіпті өндірістік объектілерді (бұдан әрі - ҚӨО) пайдалануға енгізу кезінде МҚ объектілерін пайдалануға, сондай-ақ авария салдарын оқшаулауға және жоюға әзірлігі тексеріледі.
Барлық ҚӨО үшін пайдаланушы ұйым пайдалануды бастағанға дейін аварияны жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 349 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23684 тіркелген) сәйкес әзірлейді.";
6-тармақ алып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Техникалық қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Технологиялық құбырларды беріктік пен герметикалыққа сынаулары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығымен бекітілген Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754) сәйкес жүргізіледі.";
40, 41, 42, 42-1, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 109 және 110-тармақтар алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Магистральдық құбыр объектілерін және желілік бөлігін жөндеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Салынған МҚ және (немесе) оның бөлігін қабылдау алдында құбыр ішіне арнаулы ұйым диагностика жүргізеді. Құбырішілік диагностика кезінде анықталған ақаулықтарды жою МҚ салуды жүзеге асырған құрылыс-монтаждау ұйымы жүргізеді.
Құбыр ішіне диагностика жүргізуге қойылатын талаптар пайдаланудағы МҚ жөндеуге, желілік бөлігін ауыстыруға қолданылмайды.";
124-тармақ алып тасталсын;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Магистральдық құбырлар объектілерін және желілік бөлігін техникалық диагностикалау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"129. Сұйытылған мұнайлы газдары тасымалданатын МҚ объектілері екі жылда бір реттен жиі емес бұзылмайтын бақылау әдістерімен диагностикалауға ұшырайды. МҚ ЖБ құбырішілік диагностикалау жоспарлы негізде нормативтік–техникалық құжаттамаға сәйкес:
1) магистральдық мұнай құбырларына 5 жылда бір реттен жиі емес;
2) магистральдық газ құбырларына 8 жылда бір реттен жиі емес жүргізіледі.";
130, 131, 132, 133 және 134-тармақтар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі